2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде еліміздегі су тасқыны жағдайы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері бойынша брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер сөз сөйледі.
Брифинг барысында спикер Шығыс Қазақстан облысындағы су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда екені туралы ақпарат берді.
Ағымдағы жылғы 22 ақпан мен 5 сәуір аралығында күннің күрт жылынуы, қатты жауған жаңбыр мен қар, сондай-ақ қардың тез еруі, нөсер жаңбыр ағындарының және мұз кептелістері салдарынан республика бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының 50 елді мекенінде, Алматы қаласында 1,5 мыңға жуық үйді су басты.
Жолдардың жалпы 41 учаскесі, соның ішінде 40 автомобиль жол төсемдері және 1 автомобиль көпірі арқылы су тасыды (ШҚО, Алматы, Қарағанды, БҚО, Қызылорда облыстары).
Су басудың бастапқы толқыны Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында болды. Қазіргі уақытта осы өңірлерде жағдай тұрақталды.
Бүгінгі күні су басу салдарларын жою жұмыстары Шығыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатыр.
Су басқан 1346 үйден су сорылды. 12 километр уақытша қорғаныш бөгені тұрғызылды, инертті материалдар салынған 58,9 мың қап төселді, 675,5 мың м3 су сорылды. Тек Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 118,2 мыңнан астам текше метр су сорылды.
Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданында 107 үй су астында қалып отыр.
Тұрғын үйлерден су сору және көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Жалпы 4 мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланды, соның ішінде 3,2 мың адам өз үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында эвакуацияланған 789 адам эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлерінде қалып отыр.
Су тасқыны бойынша жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында, Зыряновск, Аягөз, Глубоковский, Шемонаиханский аудандарында жұмыс істейді.
ТЖД жедел-кезекші қызметтерімен тұрғындарға ұялы операторлар арқылы ақпарат беріледі. Мәтіндік SMS-хабарламалардың таратылуы жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда ІІМ сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғылармен жарақталған мобильді құлақтандыру кешендері мен қызметтік-жедел автокөліктері жұмылдырылады.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-да су басқан аймақта жедел штаб жұмыс істеп жатыр, психологтардың халықпен және қауырт желі телефонымен жұмысы ұйымдастырылған.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізуге ҚР ІІМ ТЖК, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінен барлығы 677 адам, 160 бірлік техника, 87 мотопомп және 16 жүзу құралдары жұмылдырылды.
Алматы қ., Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жеткізілген барлық күштер мен құралдар қауіпті аймақтарда су тасқыны салдарларын жою жұмыстарына толықтай жұмылдырылған, сондай-ақ халықты эвакуациялау, еріген қар суын сору мен қаптарды төсеу жұмыстарын жүзеге асыруда.
Тартылған ТЖК Репсубликалық жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдары Шығыс қазақстан облысының Зыряновск мен Қатон Қарағай аудандарында су деңгейіне мониторингті жүзеге асыруда.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ІІМ ТЖК авиациясын тартумен Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Қостанай облыстары мен Астана қаласының аумағын аралап ұшу жұмыстары өткізілуде.
Қостанай облысы Наурызым ауданындағы Үлкен Дәмді, Қамысты ауданындағы Дәмді, Тобыл өзендерінде, Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Сенное ауылындағы Бұқтырма өзенінде мұз кептелістерін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайының ушығу қатері сақталуда.
Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны 5 мың адамнан, 800 бірлік техникадан, 180 жүзу құралынан және 60 мотопомпадан тұратын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштер мен құралдар топтамалары жоғары әзірлікте тұр.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың күрделенуіне қарай, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан қосымша құтқару бөлімшелерін жеткізу басталды (жалпы саны 84 адам, 19 бірлік техника, 10 жүзу құралдары, 24 мотопомпа).
2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде брифинг өтті.
Спикер болып ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаев, Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Рүстем Искаков, ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының техникалық нормалау бөлімінің бастығы Рамазан Бейсенгазинов сөз сөйледі.
Брифинг барысында тексеру жүргізу тәртібі, тексеруге жататын объектілердің санаты, өрт қауіпсіздігі талаптарын регламентейтін нормативтік құқықтық актілер, кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары мен міндеттері жеткізілді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру азаматтық қорғау органдарының еліміздегі халықтың тыныс-тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қызметтің осы бағытында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәсілдері жасалды, тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілді, бақылау өрт туындау қаупі жоғары объектілерде және адамдар мен материалдық құндылықтарға келтірілген ауыр салдарға шоғырландырылған.
Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 2) тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі және тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге қатысты ғана жүзеге асырылады.
Өрт қауіпсіздігі саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері ІІМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 және ҰЭМ 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 бірлескен бұйрығымен бектілген.
Тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің негізгі санаттары:
- өрт қауіпті өндірісі бар өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
- мұнай базалары және мұнай өнімдері қоймалары;
- элеваторлар (астық қабылдау, өндірістік, базисті, тиеу-түсіру, порттық);
- жалпы құрылыс ауданы 1500-ден астам шаршы метр ауыл шаруашылығы объектілер, мал шаруашылығы объектілері және құс фабрикалары;
- білім беру объектілері;
- бір уақытта 200 және одан да көп адамдар бара алатын мәдени-ағарту, мәдени ғибадат діни объектілер;
- бір уақытта 200 және одан да көп адамдар бара алатын спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері;
- әлеуметтік саладағы объектілер (қарттар және мүгедектер үйлері, балалар үйлері, интернат үйлері, психоневрологиялық орталықтар және басқаралар);
- бір уақытта 100 және одан да көп адамдар бара алатын демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар, жазғы балаларды сауықтыру лагерлері (палаталы қалашықтан басқа) – ауданына тәуелсіз;
- стационарлы көмек көрсететін - ауданына тәуелсіз, амбулаториялы-емханалық көмек көрсететін – құрылыстың жалпы ауданы 1000 және одан да көп шаршы метр денсаулық сақтау объектілері;
- сауда және ойын-сауық кешендері – құрылыстың жалпы ауданы 1500 және одан да көп шаршы метр;
- әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары (станциялары), теңіз порттары, метрополитендер;
- автожанармай құю және газ қоймалары станциялары;
- сыйымдылығы 100 және одан астам адам - жатақханалар мен қонақ үйлер;
- құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
- құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
- биіктігі 28 метрден кем көп пәтерлі тұрғын үйлер;
- жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр, сондай-ақ ауданына қарамастан биiктiгi 28 метрден астам - әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;
Тексеріс жүргізудің талаптары
Тексеріс жүргізудің кезеңділігі, ерекше талаппен тексеріліп отыратын субъектілерге қатысты күнтізбелік жылда бір реттен кем емес.
Бүгінгі таңда бақылау мен қадағалау облысындағы заңнаманың ережесі кәсіпкерлер субъектісіне негізсіз және кенеттен жүргізілетін тексерістердің болмауына бейімделген шарттарды жасайды.
Сонымен алдағы болатын тексеріс жөнінде кәсіпкер алдын ала біледі.Тексеріс жүргізу туралы жарты жылдық кесте Бас прокуратура сайтында жарты жылдық басталғанға дейін орналастырылады. Тексеріс жүргізу алдында тексеріліп ортырған субъект 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етіледі.
Тексеріс жүргізу барысында кәсіпкерге тек қана тексеріс парағында бар және көпшілікке қолжетімді келесі тексеріске дейінгі дайындыққа мүмкіндік беретін талаптар ғана қойылады.
Жоғарыда көрсетілген ережелер тексеріп отырған субъектіге алдағы болатын тексеріс жөнінде, тексеріс барысында жүргізілетін талаптар, оған дайындыққа жеткілікті уақыт табу және заң бұзушылықты жоюды білуге мүмкіндік береді және ол өз кезегінде жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша пайда болатын дауларды жоққа шығарады.
«Азаматтық қорғау туралы» Заңының 38-бабының 4) тармағына сәйкес тексеріс қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан заң бұзушылықтарды анықтау мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен тексеріліп отырған субъектіге заң бұзушылықтар туралы нұсқама ұсынылады. Заң бұзушылықтар туралы нұсқама тексеріліп отырған субъектіге тексеріс аяқталаған күні беріледі.
Нұсқама орындалмаған жағдайда мемлекеттік инспектор өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарымен («Азаматтық қорғау туралы» Заңының 38-бабының 4) тармағы) пайдаланылып отырған объектіні пайдалануды тоқтату үшін сот органдарына талаптық арыз үшін материалдарды қалыптастыруға міндетті.
Заң бұзушылықтар немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік заң бұзушылық кодексінің 410-бабында қарастырылған. Мемлекеттік инспектордың өрт қауіпсіздігі саласындағы нұсқауын орындамаған жағдайда ӘБК 462-бабы бойынша әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы.
Болмашы деңгейдегі қауіп-қатерге жататын бақыланатын объектілер жоспардан тыс тәртібінде тек қана тексеріледі. Жоспардан тыс тексерістерді өткізу негіздері бақылау және қадағалау саласында ұлттық заңнамасымен реттелінген.
Мысалы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тек қана зиян қауіпі болғанда, немесе адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғаларға, мемлекетке зиян келтіру туралы нақты фактілер болғанда жоспардан тыс тексерістер жүргізуге негіздеме болып табылады.
Тескеру парақтары
Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласында заңнамалығына сәйкес тексерілетін объектінің қызметіне тексеру парақтарда аталған талаптар ғана қойылады.
Мысалы, өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу, оның таралу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету жағдайларын болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысының мәселелерін, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуын және олардың жай-күйін регламенттейтін талаптар.
Едәуір бұзушылықтар – өрттің шығуынан сақтандыру мен алдын алуға және оны ойдағыдай сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары.
Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптары.
Бұдан басқа, тексеру парақтадың мазмұнында бұзушылықтардың нақты фабулдары жазылған және оларда тексеру барысында тексеру парақтарда көрсетілмеген талаптарды қоюға мүмкіндік беретін құқықтық сілтеме нормалар жоқ.
Анықтама: Барлық тексеру парақтарда 897 өрт қауіпсіздігі талаптары жазылған, олар топтар бойынша келесі түрде бөлінген: өрескел бұзушылықтар – 369 талап немесе 41%, едәуір бұзушылықтар – 429 талап немесе (48%), болмашы бұзушылықтар – 99 талап (11%).
Объектінің әрбір санатына бөлек тексеру парақтардың жұмысында қолдану тәжірибесі, оларға тексерілетін субъектілердің қызметіне өрт қауіпсіздік талаптар толық кестесі қосылады, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауда 2013 жылдан бері іске асырылады және өзін жақсы жағынан көрсетті.
Осындай тексеру парақтар бақылау субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттырады, оларға қойылатын талаптар бөлігінде және тексеру жүргізетін органнан негізсіз қысымына жол бермейді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде өрт қауіпсіздігі саласында аудит енгізілді.
Балама ол бақылау субъектінің мемлекеттің қатысуынсыз сараптамалық ұйыммен тексерістен өту ерікті шешімі болып қабылданылады, сондықтан өрт қауіпсіздігі саласында аудит объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік бағалау нысаны болып табылады.
Бұдан басқа, осындай тексеру нысаны өзінде адал кәсіпкерлерді мадақтау құралы сияқты, осылайша Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес жоғары деңгейі қауіп-қатерлі бақылау субъектімен сараптамалық ұйымның оң қорытындысын алғанда осы объект 3 жылға тескерістен босатылады, жоспардан тыс тексерістерден басқа.
Рұқсат беру жүйесі
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік субъектілерге өзінің қызметін бастауды іске асыру үшін (мемлекеттің рұқсат беру бөлігінде), Комитеттің аумақтық бөлімшелерге жүгінудің қажеттілігі жоқ.
«ІІМ қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға байланысты жағдай қиындаған кезге жалпы саны жеке құрамнан 12 мыңнан астам адам және шамамен 2 мың бірлік техникадан тұратын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды», - деген мәліметтерді Юрий Ильин келтірді.
Командалық-штабтық машиналарын, вахтовкаларды, кез-келген жерде жүре алатын машиналарды, авариялық-құтқару және мамандандырылған әскери техниканы қоса алғандағы ІІМ ТЖК өтімділігі жоғары дөңгелекті және шынжыр табанды техникасы қысқы жағдайларда пайдалануға әзірлікке келтірілді.
Жеке құрамды ТЖ аймағына жедел жеткізу және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары кезекшілік режимінде тұр.
«Қыс 2017» оқу-жаттығуы аясында қысқы кезеңдегі ТЖ кезіндегі іс-қимылдар іс жүзінде пысықталды, ағымдағы жылғы 9-10 қарашада оқу-жаттығу барысында қысқы жағдайлардағы іс-қимылдарға құралымдар мен қызметтердің әзірлік деңгейі, құлақтандыру және байланыс жүйесінің, энергия, газ, жылу, сумен жабдықтау және көлік коммуникациялар жүйелерінің жұмысы тексерілді.
«Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда ТЖК 40 күрежолдық медициналық-құтқару пункті жабдықталған, олар шұғыл медициналық көмек көрсетумен, зардап шеккендерді тасымалдаумен қатар жылыту пункттері ретінде де пайдаланылады», - деп Ильин атап өтті.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қар басатын учаскелердің жалпы ұзындығы 23 мың шақырымды, жергілікті маңызы бар жолдарда 12 мың шақырымды құрады. Республикалық автожолдарда қар басатын 964 учаске анықталды, онда 35 мың қардан қорғау қалқаны орнатылды, автомобиль жолдарының көлік магистральдарындағы еңістер мен асуларға 160 мыңнан астам текше көктайғаққа қарсы материалдар төселді.
Жол пайдалану қызметтері 1 088 бірлік инженерлік және қар тазалайтын техника дайындады, сонымен қатар 503 жылу пункті жұмыс жасауда.
Республика бойынша көшкін қауіпті аумақтың ауданы 105 шаршы шақырымды құрайды және 703 көшкін қауіпті учаскені қосады (Алматы қ., Алматы облысы, ШҚО, ОҚО). Еліміздің таулы аудандарында 2 мыңға жуық қар ұстайтын қалқандар бар, оның 35-і жөнделді, 70 қар ұстайтын қалқан қалпына келтірілді.
Бүгінгі күні 76 мұздық автомобиль өткелдері, 77 жаяу жүргінші жолдары және 412 суасты балық аулау орны анықталды. Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірігіп өткелдер мен өтпе жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, оның ішінде ескерту белгілері, өткелдер арқылы өткен кездегі қауіпсіздік шаралары жазылған көрнекі маңдайша, арнайы қалқандар орнатылды. Әлеуметтік тұрмысы нашар халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Аң және балық аулау маусымы басынан бастап (қазан-қараша аралығында) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан 13 адам қаза болды. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері жеке құтқару құралынсыз (12 оқиға) балық аулау және есептен шығарылған, пайдалануға рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдану (1 оқиға) болып табылады.
4 мыңнан астам рейд жүргізілді, жеке тұрғын секторда тұратын халықпен нұсқаулық жүргізілді, жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар, парақшалар таратылды.
Жылыту маусымы басынан бастап (2017 жылғы 15 қазан 17 қараша аралығында) республика бойынша тұрғын сектордағы өрттердің салдарынан 16 адамның көз жұмғаны, сондай-ақ өрт шықпай, улы газбен улану салдарынан 4 адамның қаза болуы фактісі тіркелді. Осы себептер бойынша 79 адам, оның ішінде 20 бала жарақаттанды.
Өрттің негізгі себептеріне отты абайсыз қолдану, пешті салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы, электр жабдықтарын жөндеу және техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.
2017 жылғы 10 ай ішінде автокөліктегі өрттердің саны 11 %-ға өскені байқалады. Автомобильдің техникалық жай-күйі көлік құралының міндетті техникалық қарау процесінде бақыланады. Дегенмен, қарау барысында автомобиль электр жабдығының және оның отын жүйесінің жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтық қорғау органдары тарапынан автокөліктегі өрттердің алдын алу мақсатында белсенді түрде үгіттеу-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
ІІМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірігіп қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау мақсатында алдын алу сипатындағы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Бірақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, азаматтар өздерінің және жақындары мен туыстарының өмірін қауіп-қатерге тігіп, төтежолдарды тауып, өздеріне-өзі төтенше жағдай жасайды. Дегенмен, көп жағдайларда қарапайым сақтық шараларын сақтайтын болса, мұндай жағдай орын алмас еді.
ТЖК көлік құралдары жүргізушілерінің назарына: жолдарды қар басқан және көктайғақ болған жағдайда мейлінше жолға шығудан бас тарту; жолдың көрінуі шектелген кезде жылдамдықты азайтып, жарықтандыру құралдарын пайдалану керек екендігін жеткіземіз.
«Еліміздің азаматтарының назарын қыс кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келеді, бірінші кезекте: түнгі уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұз үстіне шығуға болмайды; мұздың жұқа және бекімеген учаскелеріне шығуға болмайды; мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды; мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға болмайды; автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шығуға болмайды,- деп Ильин атап өтті.
Балық аулаушыларға жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын халыққа метеожағдайлар нашарлаған кезде алыс жолға жаяу шығуға болмайды.
«Қазгидромет» берген алдын ала болжам бойынша ағымдағы жылғы жаз мезгілінде еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде анамальды ыстық, кей жерлерде 40оС-ге дейін ыстық болады, оның нәтижесінде суға шомылу маусымы кезеңінде адамдар су айдындарына жаппай баратыны белгілі.
Суға шомылу маусымы кезеңіне жедел-құтқару жасақтарының құтқару бөлімшелері жеке құрамынан 1 343 құтқарушы, 254 бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 451 бірлік жүзу құралы, 1 406 бірлік сүңгуір жабдықтары мен жарақтары жоғары әзірлікке келтірілді.
Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін Төтенше жағдайлар комитеті қазіргі уақытта азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені өткізілуде.
Су айдындарының қауіпті учаскелерінде «Суға шомылуға тыйым салынады» атты 965 белгі орнатылды, судағы жүріс-тұрыс және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету қағидалары жазылған 3000-нан астам плакаттар, буклеттер мен жадынамалар таратылды.
«Жыл сайын еліміздің су айдындарында 1,5 мыңнан астам адам апатқа ұшырайды, соның ішінде бес жүзге жуық адам көз жұмады, бұл пайыздық көрсеткіште табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көз жұмғандардың жалпы санының 70-80%-ын құрайды»,- деп Р.Н. Амрин атап өтті.
Суға батып кеткендердің 90%-ы суға шомылу үшін жабдықталмаған су айдындарында, учаскелерде тіркелген.
Ағымдағы жылғы өткен төрт жарым айда еліміздің су айдындарында суға батып кеткен адамдардың саны қазірдің өзінде 33 адамды, соның ішінде 17 баланы құрады.
Бұл ретте суға шомылу маусымы басталмағанына қарамастан тек ағымдағы жылғы 1-15 мамыр аралығында 16 адам батып кетті, ол ағымдағы жылғы суға кеткендердің санының 49%-ын құрайды.
Алматы және Жамбыл облыстарында екі және одан көп балалардың бір мезетте қаза болуы фактілері бар. Айтылған оқиғалар су айдындарының маңында балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру салдарынан орын алды.
Көбінесе, судағы оқиғалар адамдардың өзіне-өзі сенуі, өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауы, судағы қарапайым жүріс-тұрыс қағдаларын сақтамауы салдарынан орын алып жатады.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғым келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға:
- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;
- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;
- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;
- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;
- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тиым салынады.
Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.
Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.
Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері бұл:
- су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;
- су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минут;
- су температурасы +200, суға шомылу уақыты 15 минутке дейін.
Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.
Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады.
Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.
Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңазуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.
Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:
1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;
2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;
3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;
4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.
Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жартыиірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Қазіргі уақытта ТЖ комитеті Әкімшілік полиция комитетімен бірігіп «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 364-бабын қосымша қолдану мәселесі бойынша жұмысты бастады (Ортақ су пайдалану қағидаларын: тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу; жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады), онда тыйым салынған жерлерде шомылу ортақ су пайдалану қағидасын бұзуғаны үшін айыппұл көзделген.
Орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны 11 сәуірден бастап белең алатынын атап өтті. Бірқатар өңірлерде жауын-шашын болды, соның салдарынан өзендер толып, суы арнасынан асты, елді мекендерді су басу қаупі туды, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдарды су шайды.