2019 жылғы 4 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде жылыту кезеңде тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
2019 жылдың 3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні Астанақ. «Көктал» тұрғын алабында жеке тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метрді құрайтын жеке тұрған уақытша тұрғын үй құрылысының өртенгенін анықтады. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015, 2018 жылы дүниеге келген 5 қыздың денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда, оқиға орнында Өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

2019 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолда метеожағдайдың нашарлауына және автокөліктің кептелуіне байланысты қалыптасқан жағдай туралы брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Н.М. Нұрахметов сөз сөйледі.

2018 жылғы 24 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымының аяқталуына, өрт қауіпті кезеңнің өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз конференциясы болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізді.

2018 жылғы 24 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның құтқару авиациясының қызметіне арналған брифинг өтті. Іс-шараға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Андрей Игоревич Косолапов қатысты.
Андрей Косолапов атап өткендей, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің авиациялық бөлімшесі болып табылып, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-шараларда авиациялық қолдауды жүзеге асырады.

2018 жылғы 15 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылғы шомылу маусымының өтуіне арналған брифинг болды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.