40 K4S PVDKi 1 2019 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ.

INA 5805 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков сөз сөйледі.

30 SCK Brifing Ilin 1 Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шараларға арналған брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, «Қазгидромет» беретін апта сайынғы гидрологиялық болжамға сәйкес 1-5 сәуір аралығында Қостанай, СҚО, ШҚО, Ақмола және Қарағанды облыстарында (14-20 мм дейін) жауын-шашын жаууы мүмкін, ол жағдайды қиындатуы ықтимал.

2019 жылы 14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде «Азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Кынатов қатысты.

2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде тұрғын секторда жүргізіліп жатқан өрт-профилактикалық жұмыстың барысы және азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы баспасөз-конференция өтті. Спикер болып ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Р. Беккер сөз сөйледі