2019 жылғы 12 қарашада ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі жедел ахуал туралы» брифинг өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Р. Беккер сөз сөйледі.
Жылыту маусымының басынан бастап (2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 1612 орын алды, соның салдарынан 42 адам көз жұмды, улы газбен уланып (өрт шықпай) 6 адам көз жұмды.
2019-2020 ж. ж. жылыту кезеңі басталғаннан бері өрт салдарынан 49 адам жарақат алды, өрт шықпай улы газбен уланып 45 адам жарақат алды.
Алдын ала, 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңі қарсаңында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарының (қарттар, мүгедектер), көп балалы отбасылардың тұрғын үйлерінде атаулы өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға мүдделі қызметтер мен үкіметтік емес сектор тартылды.
Нәтижесінде аумақтық бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 169 010 тұрғын үйін есепке алды. Оның ішінде а.ж. 7 қарашадағы жағдай бойынша 163 622 үй (91860 үйге ЖАО өкілдерімен аралау жұмыстары жүргізілді) профилактикалық жұмыспен қамтылды, оның барысында 409 мың азаматқа нұсқау берілді.
132 527 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды, оның 23 478-і орнында жойылды.
Бұзушылықтардың 90% - ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылу жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау жұмыстары барысында 4 463-і үйге кіргізген жоқ, 3 391 – үйде болған жоқ.
Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін азайту үшін жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен, демеушілік көмек а.ж. 1 маусымынан бастап 32 294 датчик сатып алынды және орнатылды, оның ішінде табиғи газ – 8 869, улы газ – 23 080, түтін – 342.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйінен басқа, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде профилактикалық жұмыспен дербес жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады.
Мәселен, 542 131 үй (20 090-і үйге кіргізген жоқ, 22 824-і үйде болған жоқ), олардың барысында 1 млн.астам азаматқа нұсқау берілді. 244 576 бұзушылық анықталды, оның 77 338-і орнында жойылды.
Қауіпсіздік ережелерін халыққа жеткізу тікелей байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй секторында 4 712 жиналыс өткізілді, оған жалпы алғанда 102 496 азамат қатысты. Жұмыс орындарында 75 971 азаматтың қатысуымен 5 850 нұсқаулық ұйымдастырылды.
ТЖ комитеті тұрғын үйлерде улы газбен уланудан адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында азаматтарға пешті жылытуды ретке келтірумен қатар, оны пайдалану ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынады:
- пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
- пештің үстінде және оған жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді;
- қатты суықтар кезінде, пештің қарқындылығы мен кезеңі ұлғайған кезде, пештің қызуына жол бермеңіз, пештің жай-күйін және оған жапсарлас құрылыс құрылымдарын мұқият бақылау қажет;
- пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе балаларға бақылау жасамаңыз;
- түтін каналының жабылуы тұрғындардың улы газбен улануына әкеліп соқтыруы мүмкін болғандықтан, тосқауылдың жай-күйіне назар аударыңыз;
- мұржаны міндетті түрде 3 айда бір реттен кем емес және тартым нашарлаған жағдайда дереу тазалаңыз.
Аң аулау және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2019ж. 1 қыркүйектен 11 қарашаға дейінгі аралықта) еліміздің су айдындарында (мұзда) балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан 23 адам көз жұмды.
Адамдардың қаза болуына жол бермеу және қысқы кезеңде су айдындарында (мұзда) төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. Қазіргі уақытта ТЖД мұз өткелдерін және жаяу өткелдерді, мұз астындағы балық аулау орындарын түгендеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп өткелдер мен асуларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. 36 мұзды автомобиль өткелі, 109 жаяу жүргінші асуы және 968 мұз астынан балық аулау орны анықталды. 4681 ескерту белгісі мен көрнекі маңдайша орнатылды. Балықшылармен және мұз өткелдерінің тұрақты қатысушыларымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі, өткелдер мен мұз өткелдерін ұстауға жауапты қызметкерлермен нұсқаулық ұйымдастырылды.
Ел азаматтарының назарын суайдындарында, қыс мезгілінде, бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударамыз:
1) тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпаңыздар;
2) жұқа және бекітілмеген мұз учаскелеріне шықпаңыздар;
3) мұздың жекелеген учаскелерінде топтап жиналмаңыздар;
4) мұздағы шұңқырларға, жарықшаларға, ойықтарға жақындамаңыздар;
5) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыздар.
Балық аулаушыларға балық аулауды жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерде тұратын халыққа метеожағдай нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу серуендеуден бас тартуды ұсынамыз.
Күздің келуімен қысқы кезең жақындап келеді. Еліміздің орталық, батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында үсік ерте келеді, сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысы ерекше назар аударуды талап етеді.
Жазғы резинаны қысқы резеңкеге ауыстыру қажеттілігі жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Ауа температурасының төмендеуі, сондай-ақ жауын-шашынның болуы кезінде жолды мұз жаба бастайды салдарынан жазғы шиналардың жолға іліну күші төмендейді және бұл жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Резина ауыстырмаған жүргізушілер рөлді басқар алмай, соның салдарынан жолда күтпеген оқиғаларға тап болуы мүмкін. Өз басын ғана емес, сондай-ақ басқалардың да өмірін қауіпке тігеді.
Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қадағалап отыруға кеңес береді. Дауылды алдын ала ескерту хабарламасы берілген кезде алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі