2019 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі өрт ахуалы туралы» брифинг өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер сөз сөйледі.
23 қыркүйекте сағат 15:48-де өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының "Қойтас" учаскесінде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің аумағы шамамен 45 га. Сонымен қатар өрт дайындалған орамдағы шөпті (40 тонна) жойды. Сағат 20:20-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт орнына ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан 18 қызметкер және 5 бірлік техника барды.
23 қыркүйекте сағат 18:20-да өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Көкбуха" учаскесінде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт аумағы шамамен 300 га. Өрт оқшауланбаған және жойылған жоқ. Құрбан болғандар, зардап шеккендер жоқ және елді мекендерге қауіп те жоқ. Өртті жоюға ТЖД, ЖАО, "Орман шаруашылығы" КММ, "Авиа орман қорғау" ММ 90 қызметкер және 14 бірлік техника жұмылдырылды. «Қазгидромет» РМК метеожағдайы сыртқы ауа температурасы +12оС солтүстік-бастыстан соққан жел секундына 10 метр.
22 қыркүйекте сағат 10:25-те өртке қарсы қызмет пультіне Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Үшарал ауылынан 25 шақырым жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қабылданған шаралармен өрт 23 қыркүйекте 06: 30-да жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД, ерікті өртке қарсы қызметтен 24 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.
23 қыркүйекте сағат 00:30-да ДЖБО-на ақпарат келіп түсті: 22 қыркүйекте сағат 07:36-да Қарағанды облысы Осакаров ауданының Құтұмсық ауылынан 6 шақырым жерде ашық аумақта 147 га алқапта құрғақ шөп және 3 га алқапта "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Теміртау шаруашылығы" КММ орман ағаштары өртенді.Қабылданған шаралардың арқасында өрт 23 қыркүйекте сағат 03.05-те жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД, "Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша Теміртау шаруашылығы" КММ, "Бұйратау" ҰКП және ЕӨҚ 38 қызметкер мен 12 бірлік техника жұмылдырылды.
23 қыркүйекте сағат 15:40-та Павлодар облысы Аққұлы ауданы, Майқарағай ауылынан 30 шақырым жерде, "Ертіс орманы" МОТР ММ (майқарағай орманшылығы 189 орам, өрт қауіптілігінің 3 сыныбы) орман алқабында 0,02 га аумақта құрғақ шөп жанды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге "Ертіс орманы" МОТР ММ 10 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.
 
Қазақстан облысы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
баспасөз қызметі