2019 жылғы 12 шілдеде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» брифинг өтті. Спикер болып Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер сөз сөйледі.
Елімізде халықтың шомылуы, демалуы және балық аулау үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су қоймасы бар, оларда ағымдағы жылы 607 ресми жағажай (107 коммуналдық және 500 жеке жағажай) құрылып, жұмыс істейді.
ТЖК құтқару бөлімшелері 607 жағажайдың тек 27-і (коммуналдық жағажайлар) суда құтқару станциясының есебінен, сондай-ақ 113 қауіпті су айдындарының учаскесі (табиғи жағажайлар) қосымша мобильді құтқару бекеттерін (2-3 құтқарушы және 1 жүзу құралымен 53 бекеті) қою арқылы бақыланады.
Су айдындарын және судағы демалыс орындарын қамтуды арттыру үшін ТЖК аумақтық бөлімшелері жыл сайын құтқарушы-жасақшыларды (объектілік құтқарушылар) ақысыз негізде оқытуды жүзеге асырады. Ағымдағы жылы 880 құтқарушы-жасақшылар дайындықтан өтті, олардың есебінен жеке демалыс аймақтарында 335 объектілік құтқару бекеті құрылды.
Қоғамдық орындарда болу және ортақ су пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар (ТЖД мен ЖП) белсенді жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 1 мамыр мен 10 шілде аралығында 7 мыңнан астам рейд жүргізілді, 753 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 442 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, ӘҚБтК 440-бабы «Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» бойынша және 311 ескерту жасалды (364-бабы бойынша ортақ су пайдалану ережелерін бұзу).
Қабылданған тиімді шаралардың арқасында соңғы жылдары мас күйінде суға батып кеткендердің саны 2 есеге азайғаны байқалады (в 2017г.-26, в 2018г. -15, в 2019г. -14).
Инспекторлық құрам мен құтқарушылар халық арасында және суда демалушылар арасында 170 мыңнан астам үгіт өнімдерін (буклеттер, парақтар) таратты.
Мұнда волонтерлік ұйымдар белсенді түрде тартылады, әсіресе «Жас отан» түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысады. 500 акция өткізуге қатысқан 2 мыңнан астам еріктілер тартылды және 100 мыңнан астам үгіт-насихат өнімдері таратылды.
Сонымен қатар, құтқарушылар 58 балалар лагерінің жағажай акваториясының түбі тексерілді (барлығы 113 лагерь, 55 лагердің түбі сүңгуір жабдықтары бар ұйымдармен тексерілді), 164 ақпараттық стенд орнатылды, 358 лагерь әдіскерлерімен және нұсқаушыларымен әңгіме жүргізді.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері (12 шілдедегі жағдай бойынша) еліміздің су айдындарында 126 адам (2018 жылы-122), оның ішінде 50 бала (2018 жылы – 43 бала) суға батып кетті.
Адамдардың қаза болуының негізгі себептері суға шомылу кезінде өз күштерін жете бағаламау (98 адам, оның ішінде 37 бала), 11 бала су қоймаларына, арықтарға, каналдарға құлау салдарынан қайтыс болды, 15 адам мас күйінде суға батып, 2 бала жүзе алмау салдарынан қайтыс болды.
Өткен жылмен салыстырғанда 3 адамнан артық суға кеткендер санының өсуі Ақмола (+10), Батыс Қазақстан (+10), Қостанай (+3) облыстарында байқалады.
Сонымен қатар, ағымдағы аптада ыстық ауа райына байланысты соңғы 4 күн ішінде суда адамдардың қаза болуының 31 оқиғасы орын алды,оның ішінде 12 бала.
Ақмола облысының су айдындарында 9 адам тіркелді,оның ішінде 3-еуі бала.
Суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК ерекше бақылауында.
Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары:
Қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз!
Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз!
Суға шомылатын балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
ЕМЕС - жол беріңіз балаларды судағы!
- Жалған сигналдар бермеңіз!
- Өтіп бара жатқан катерлерге, пароходтар мен қайықтарға жүзбеңіз!
Көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтардан және катерлерден суға секірмеңіз!
Бейтаныс жерде суға түспеңіз!
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі