2019 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу, республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы су жүру тіркелген жоқ.
Ақмола облысы бойынша.
Целиноград ауданында ағымдағы жылғы 7 сәуірде Қосшы ауылындағы сорғы станциясына су алуды жүзеге асыратын Нұра өзенінің төгілуінің салдарынан 14 ұңғыманы су басты.
Қазіргі уақытта барлық 59 абаттандырылған тұрғын үйге (100%) және жеке сектордың 772 үйге (54%) су берілді, қалған 670 жеке тұрғын үйге кезең-кезеңмен қосылатын болады. Жеке тұрғын үй секторын қосу жұмыстарын «Қосшы коммуналдық қызметі»МКК жүргізуде.
Қаражар ауылында жергілікті атқарушы органдар және ТЖД күштері мен құралдары су деңгейіне мониторингті жүзеге асыруда. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша су деңгейі сыни белгіден 25 см-ге (тәулік ішінде 3 см-ге) төмендеді. Сонымен қатар «Алва» лиманды суару жүйесі бөгетінің денелерін осал жерлерден бақылаусыз су ағызу мәніне тексеру жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар және ТЖД күштері мен құралдары: 11 бірлік техника, 57 адам, 2 моторлы қайық жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша:
Шүлбі су қоймасынан Ертіс каскадының су қоймаларын табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кестесіне сәйкес 15 сәуірден 2 мамырға дейін су ағызуды ұлғайту жоспарланған (секундына 2400 текше метрден астам), ең жоғары ағызу 17-23 сәуір аралығында жоспарланған (секундына 3500 текше метр).
Павлодар облысы Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендерді су басуына жол бермеу мақсатында қолда бар қорғаныс құрылыстары мен үйінділерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бақылау бекеттері қойылды, су басуы ықтимал аймаққа кіретін елді мекендер (11) анықталды, тұрғындар хабарландырылды.
Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында 3 жеке тұрғын үй және 23 аула аумағы су астында қалып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ департаменттерінің және полицияның күштері мен құралдарынан 18 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 15 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 754 адам, 215 бірлік техника, 37 мотопомпа және 14 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынды, 65 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналып, салынды, 1,6 млн.м3 тарта су сорылды.
Анықтамалық:
ағымдағы жылғы 15 наурыз және 15 сәуір аралығында республика бойынша:
- 8 жеке тұрғын үй еріген қар суы астында қалды (Қарағанды облысы-2, Ақмола облысы-6);
- ШҚО-да 5 жеке тұрғын үй жерасты суының астында қалды;
- 10 үйден су шығарылды (сорылды) (Қарағанды облысында-2, ШҚО-2, Ақмола облысында-6);
- автомобиль жолдарының 17 учаскесі жол төсемі арқылы су жүрді (Қарағанды – 13, Ақмола – 2, Павлодар облысында – 1 және СҚО – 1).
– автомобиль жолдарының 2 учаскесі жол төсемін су шайды (Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары).
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі