Принтерге шығару
2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу, республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы су жүру тіркелген жоқ.
Ақмола облысы бойынша.
Астрахан ауданында Колутон өзеніндегі су деңгейі 3,97 м-ден 3,87 м-ге дейін төмендеді (сыни 3,48 м). Старый Колутон ауылында 18 аула маңы су астында қалуда (715 адам, 240 үй). Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Тұрғын үйлер кіреберістерінде қаптан жасалған барьерлер салынған.
Ауылға алдын ала азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар әкелінді. Халықты Старый Колутон ауылынан сол ауылға апарып-әкелу жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағынан 2 адам, 1 бірлік техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Целиноград ауданында сорғы станциясына су алуды жүзеге асыратын Нұра өзенінің төгілуінің салдарынан 14 ұңғыманы (жаңа, пайдалануға қабылданбаған) су басу бақылауда (Қосшы ауылындағы «Қосшықкоммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрады) (су деңгейі 1 метрге жуық).
Қаражар ауылында Нұра өзенінен салынып жатқан 15 тұрғын емес үйлерді (барлығы 5000 адам, 650 үй) су басу қаупі сақталуда. Тұрғын үйлерді қорғау үшін ұзындығы 1 500 метр және биіктігі 1-1,5 м үйінді вал бар, Қосымша ұзындығы 465 м және биіктігі 1-1,5 м үйінді вал тұрғызылады.Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД күштері мен құралдары: 27 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Бурабай ауданында айналма арналарды салу бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде «Климовская» бөгетіндегі су деңгейі тәулігіне 48 см-ден 28 см-ге дейін төмендеді. Сыни белгі 120 см. Мониторинг жүргізілуде.
ЖАО мен ТЖД күштері мен құралдарынан 49 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Атбасар ауданында Атбасар қ. Жабай өзеніндегі су деңгейі 3,45 м-ден 3,10 м-ге дейін төмендеді (сыни - 3,45 м). Өзен арнасының бойында мониторинг жүргізілуде.
Сандықтау ауданында Сандықтау ауылын су басу қаупі бар, Жабай өзеніндегі су деңгейі 2,20 м-дан 2,05 м-ге дейін төмендеді (сыни - 3,20 м). Балкашино ауылында судың нақты деңгейі 1,15 м-ден 1 м-ге дейін азайды (сыни 2,20 м). Өзен арнасының бойында тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
7 сәуірде Бесқарағай ауданында орын алған мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзенінің жайылмасына су құйылып су елдімекен жағына қарай егістікке кетеді. Ауыл айналасына ұзындығы 900 метр,биіктігі 1-1, 5 метр қорғаныш жер алы тұрғызылды. Кривинки ауылындағы 84 тұрғын үйді су басу қаупі бар (128 үй, 484 адам).
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, эвакуациялау пункті дайындалды, тұрғындар қауіп туралы хабардар етілді. Жер валының периметрі бойынша 7 бекет қойылды.
Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ департаменттерінің және полицияның күштері мен құралдарынан 109 адам, 22 бірлік техника, 17 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында 3 жеке тұрғын үй және 29 аула аумағы су астында қалып отыр. Жерасты суларын сорып шығару жұмыстары күн сайын жүргізілуде, 400 мыңнан астам текше метр су сорып шығарылды.
Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ департаменттерінің және полицияның күштері мен құралдарынанс 45 адам, 3 бірлік техника, 17 мотопомпа жұмылдырылды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 10 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 1 мың адам, 294 бірлік техника, 73 мотопомпа және 24 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынды, 64 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналып, салынды, 1,6 млн.м3 тарта су сорылды.
Анықтамалық:
ағымдағы жылғы 15 наурыз және 10 сәуір аралығында республика бойынша:
- 8 жеке тұрғын үй еріген қар суы астында қалды (Қарағанды облысы-2, Ақмола облысы-6);
- ШҚО-да 5 жеке тұрғын үй жерасты суының астында қалды;
- 10 үйден су шығарылды (сорылды) (Қарағанды облысында-2, ШҚО-2, Ақмола облысында-6);
- автомобиль жолдарының 17 учаскесі жол төсемі арқылы су жүрді (Қарағанды – 13, Ақмола – 2, Павлодар облысында – 1 және СҚО – 1).
– автомобиль жолдарының 2 учаскесі жол төсемін су шайды (Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары).
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі