Принтерге шығару
2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Ағымдағы жылғы 9 сәуірде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу, республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы су жүру тіркелген жоқ.
8 сәуірде сағат 20:30-да республикалық маңызы бар «Қалқаман-Баянауыл-үміткер-Ульянов» автожолының 101 шақырымында шайылған жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жол учаскесі толығымен қалпына келтірілді. Автокөлік үшін қозғалыс ашық.
ШҚО-да 3 жеке тұрғын үй (Бесқарағай ауданы), СҚО-да республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының су шайған 1 жол төсемі (795-856 шақырым) қалып отыр.
Мына өңірлердің су тасқыны қаупі бар учаскелері бақылауда.
Ақмола облысы бойынша.
Астрахан ауданында Старый Колутон ауылының 20 аула маңы аумағын су басты (715 адам, 240 үй). Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Тұрғын үйлер кіреберістерінде қаптан жасалған барьерлер салынған.
Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағынан 2 адамы, 1 бірлік техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Целиноград ауданында Нұра өзенінен Қаражар ауылындағы 15 үйді (барлығы 5000 адам, 650 үй) су басу қаупі сақталуда. Тұрғын үйлерді қорғау үшін ұзындығы 1 500 метр және биіктігі 1-1,5 метр үйінді вал салынды.
Су өткізу орындарына қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД күштері мен құралдарынан 27 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Бурабай ауданында айналма арналарды салу бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде «Климовская» бөгетіндегі су деңгейі тәулігіне 59 см-ден 35 см-ге дейін төмендеді.
ЖАО мен ТЖД күштері мен құралдарынан 49 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Атбасар ауданында Атбасар қ. Жабай өзеніндегі су деңгейі 3,5 м-ден 3,3 м-ге дейін төмендеді (сыни - 3,45 м). Өзен арнасының бойында мониторинг жүргізілуде.
Сандықтау ауданында Сандықтау ауылын су басу қаупі бар, Жабай өзеніндегі су деңгейі 2,40 м-ден 2,10 м-ге дейін төмендеді (сыни - 3,20 м). Балкашино ауылында судың нақты деңгейі 1,40 м-ден 1,10 м-ге дейін азайды (сыни 2,20 м). Өзен арнасының бойында тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Бесқарағай ауданында орын алған мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзенінің жайылмасына су құйылып су елдімекен жағына қарай егістікке кетеді. Ауыл айналасына ұзындығы 900 метр,биіктігі 1-1, 5 метр қорғаныш жер алы тұрғызылды. Кривинки ауылындағы 84 тұрғын үйді су басу қаупі бар (128 үй, 484 адам).
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, эвакуациялау пункті дайындалды, тұрғындар қауіп туралы хабардар етілді. Жер валының периметрі бойынша 7 бекет қойылды.
Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ департаменттерінің және полицияның күштері мен құралдарынан 90 адам, 17 бірлік техника, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 8 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 1 мың адам, 294 бірлік техника, 73 мотопомпа және 24 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынды, 64 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналып, салынды, 1,6 млн.м3 тарта су сорылды.
Анықтамалық:
ағымдағы жылғы 15 наурыз және 9 сәуір аралығында республика бойынша:
- 8 жеке тұрғын үй еріген қар суы астында қалды (Қарағанды облысы-2, Ақмола облысы-6);
- ШҚО-да 5 жеке тұрғын үй жерасты суының астында қалды;
- 10 үйден су шығарылды (сорылды) (Қарағанды облысында-2, ШҚО-2, Ақмола облысында-6);
- автомобиль жолдарының 17 учаскесі жол төсемі арқылы су жүрді (Қарағанды – 13, Ақмола – 2, Павлодар облысында – 1 және СҚО – 1).
– автомобиль жолдарының 2 учаскесі жол төсемін су шайды (Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары).
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі