32 K4S briffinGG 1 2019 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу, республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы су жүру тіркелген жоқ.
ШҚО-да 3 жеке тұрғын үй (Бесқарағай ауданы), су шайған 2 жол төсемі қалып отыр, атап айтсақ СҚО-да республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолы (795-856 шақырым) және Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Қалқаман-Баянауыл-үміткер-Ульянов» автожолы (101 шақырым).
Ақмола облысы бойынша.
7 сәуірде сағат 09.45-те Астрахан ауданында Колутон өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Старый Колутон ауылының 20 аула маңы аумағын су басты.
32 K4S briffinGG 11 Тұрғын үйлердің кіреберістеріне қаптар төсеу арқылы кедергілерді арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (170 дана қап төселді, қосымша 120 дана толтырылған). Ауыл автомобиль хабарламасынан тыс қалды.
Азық-түлік қоры мен бірінші қажетті заттар алдын ала әкелінді.
ТЖ басқармасынан, «Колутон» ЖШС, ЖАО 17 адам, 7 бірлік техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Бурабай ауданында 5 сәуірде сағат 19.30-да өткен жауын-шашын (жаңбыр) және мол қар еруі салдарынан «Климовская» бөгетінің денесінен асып кету қаупі туындады.
Айналма арналарды салу бойынша жүргізілген іс-шаралар салдарынан «Климовская» бөгетіндегі су деңгейі төмендеп 59 см құрады, сыни белгі - 120 см.
4-ші қосымша айналма арнаны кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді, ені 28 метрді құрады. Тұрақты мониторинг жүргізіледі.
ЖАО мен ТЖД күштері мен құралдарынан 49 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Атбасар ауданында Атбасар қаласын су басу қаупі бар Жабай өзеніндегі су деңгейі бұрынғы деңгейде қалып отыр (нақты - 3,50 м, сыни - 3,45 м). Өзен арнасының бойында тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Сандықтау ауданында Сандықтау ауылын су басу қаупі бар Жабай өзеніндегі судың нақты деңгейі төмендеді және 2,30 м құрады, сыни белгі – 3,20 м.
Целиноград ауданының Қаражар ауылында Лиман бөгетіне жақын орналасқан 15 үйді су басу қаупі бар. Тұрғын үйлерді қорғау үшін ұзындығы 1 500 метр және биіктігі 1-1,5 метр қорғаныш білігі салынды.
ЖАО мен ТЖД күштері мен құралдарынан 8 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
7 сәуірде сағат 19.30-да Бесқарағай ауданында орын алған мұз кептелісінің салдарынан Ертіс өзенінің жайылмасына су құйылады. Кривинки ауылындағы 84 тұрғын үйді су басу қаупі бар.
Ауылда жедел штаб құрылды, эвакуациялық пункт дайындалды, халықты хабардар ету жұмысы жүргізіледі.
2019 жылғы 8 сәуірде «Востоквзрывпром» ЖШС мамандарымен жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтың ұшуы жоспарланған.
ЖАО, АПБ, ТЖД күштері мен құралдарынан 35 адам, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
Павлодар облысы бойынша.
Баянауыл ауданында «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» республикалық маңызы бар автожолының 101 шақырымында су шайған жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Автокөлік үшін қозғалыс бір бағытта ашық. Су ағынының тереңдігі 80 см құрайды.
«Қазақавтожол» РМК, ЖПҚ, ТЖД күштері мен құралдарынан 14 адам, 10 бірлік техника, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 7 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 1 мың адам, 294 бірлік техника, 73 мотопомпа және 24 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынды, 62 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналып, салынды, 1,4 млн.м3 астам су сорылды.
Күштер мен құралдарды топтастыруды күшейту үшін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шымкент қалаларынан, Жамбыл облысынан құрамында 92 адам, 19 бірлік техника, 12 мотопомпа және 15 жүзу құралдары қосымша таратылды. Аталған күштер мен құралдар еріген суды сорып алу, арналарды нығайту, қаптарды салу, шағын өзендердегі су жағдайын мониторингілеу және кептеліс пен қысуды болдырмау үшін мұз кесу жұмыстарына жұмылдырылған.
«Қазгидромет» РМК берген дауылды алдын ала ескертуге сәйкес (2019 жылғы 5 сәуірдегі) 6-8 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерлерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді.
6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болжамына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі.
Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
 
 ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі