20 K4S Briffing PVDK 1 2019 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.
Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу тіркелген жоқ. Павлодар облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1 жол төсемін су шайды.
Павлодар облысы бойынша:
20 K4S Briffing PVDK 2 Жолды су шайып кетуіне байланысты Павлодар облысында «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» республикалық маңызы бар жолдың 101 шақырымдағы учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Жолды одан әрі су шайып кетудің алдын алу үшін жол төсемінің жиектерін шойтаспен нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті полиция және жол қызметтері осы автожол учаскесінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
Одан әрі су шайып кетудің алдын алу үшін жол төсемінің жиектерін шойтаспен нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қазақавтожол» ЖШС (18 қызметкер мен 14 бірлік техника), жергілікті полиция қызметі (8 қызметкер мен 4 бірлік техника), ТЖД (7 қызметкер мен 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы органдар (2 қызметкер мен 2 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ақмола облысы бойынша:
Атбасар ауданында Атбасар қ. № 1 Индустриалды-техникалық колледжі, түзету мектебі аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде (қаптарды төсеу).
Темір жол көпірі ауданында және Жабай өзенінің басқа да учаскелерінде мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілуде, барлығы 4 мұз кептелісі жойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Сілеті су қоймасынан Изобильное а. гидропостына су ағызудың азаюына байланысты Құлыкөл және Қаратал (Солтүстік Қазақстан облысы) бекеттерінде Сілеті өзеніндегі су деңгейінің 1 метрге айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Қаратал және Құлыкөл ауылдары елді мекендерінде жағдай тұрақталды. Эвакуацияланған халық өз үйлеріне оралды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 5 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 1 мың адам, 268 бірлік техника, 47 мотопомпа және 24 жүзу құралы жұмылдырылды.
Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мың метр уақытша бөгеттер салынды, 54 мыңға жуық қапқа инертті материалдары салынып, төселді, 912 мың м3 су сорылды.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі