Принтерге шығару
INA 5805 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков сөз сөйледі.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында екінші сәуірде сағат 04.50-де Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты алты үй мен 15 ауланы су басты.
Жүргізілген жұмыстардың арқасында барлық үйлер мен 11 ауладан су сорылды.
3 сәуірде сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Көкшетау қаласында 4 аула маңы аумағы су астында қалуда.
Анықтамалық: бірінші сәуірден екінші сәуірге қараған түні Кеңесары бөгетінің жарылуы салдарынан Көкшетау қаласында Қылшақты өзеніндегі су деңгейі көтерілді, тағы бір себебі ауа температурасының жоғары болуына байланысты Бурабай және Зеренді аудандарынан келетін ағындар болды. 31 наурызда 10-15 сантиметр қар түсті.
Жергілікті билік пен ТЖ департаменті Қылшақты өзенінің арнасын нығайту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл қаптарды төсеу (150 дана) және құм себу (80 тонна).
Барлығы 7840 текше метр су сорылды. 16 бірлік мотопомпа, 4 бірлік ассенизаторлық машина, 2 бірлік трактор техникасы, 2 бірлік өрт сөндіру автоцистерна жұмылдырылды.
Зеренді ауданының Ивановка селосының ауданында бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. 40 тонна құм және қиыршық тас төселді (ЖАО 5 бірлік техника, 7 адам, ТЖД 4 бірлік техника 7 адам жұмылдырылды).
Сонымен қатар өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында жолды су шайып кетуіне байланысты «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар тас жолының 795-856 шақырымындағы жол учаскесі жабылды. Автокөліктің қозғалысы Рузаевка ауылы арқылы жүзеге асырылады.
Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына Нұр-Сұлтан (ОӨАЖҚЖ-30 адам, 6 бірлік техника), Шымкент қалаларынан (ЖҚЖ – 21 адам,5 бірлік техника) және Жамбыл облысынан (ЖҚЖ - 30 адам,5 бірлік техника) қосымша күштер мен құралдар таратылды.
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауылында 3 сәуір күні таңғы сағат 6-дағы жағдай бойынша 3 жеке тұрғын үй су астында қалуда.
Бұл үш үй Камышинское, Доман және Куликовское көлдерінің жағалауындағы жазықтық аймақта орналасқан. Қазір суды сору жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 15 наурыз және 3 сәуір аралығында республика бойыншаавтомобиль жолдарының 17 учаскесіндегі жол төсемдерін су шайды (Қарағанды -13, Ақмола – 2, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1).
Қауіпті учаскелерде қосымша 5163 метр уақытша бөгеттер тұрғызылды, 50736 дана қапқа инертті материалдар салынып төселді, Ақмола, Қарағанды облыстарында, СҚО, ШҚО-да 997881 м3 су сорылды.
Ақмола, Қарағанды облыстарында, СҚО, ШҚО-да авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 692 адам, 177 бірлік техника, 63 мотопомпа және 21 жүзу құралы жұмылдырылды.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында ТЖК аумақтық бөлімшелерінің және ЖАО өкілдері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағын әуеден барлау жұмыстарын жүргізді.
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі