30 SCK Brifing Ilin 1 Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шараларға арналған брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин атап өткендей, «Қазгидромет» беретін апта сайынғы гидрологиялық болжамға сәйкес 1-5 сәуір аралығында Қостанай, СҚО, ШҚО, Ақмола және Қарағанды облыстарында (14-20 мм дейін) жауын-шашын жаууы мүмкін, ол жағдайды қиындатуы ықтимал.
24-29 наурыз аралығында 190,6 шақырым арықтар мен арналар тазартылды (Ақмола – 96, ШҚО-18,1, Қарағанды - 7,6, СҚО - 68,9), 492 мың текше метр қар шығарылды, автомобиль жолдарында 7 410 ғимарат және темір жол жолдарында 834 ғимарат тазартылды (Ақмола – 1921/166, ШҚО– 3676/417, БҚО – 413/0,Қарағанды – 559/5, СҚО – 841/246).
Жазықтық өзендерде мұз өткелінің өтуін қамтамасыз ету және мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, СҚО-да 26 жару жасалды. БҚО-да жалпы ауданы 215 мың шаршы метр мұзды кесу жұмыстары аяқталды.
30 SCK Brifing Ilin 2 Жалпы ШҚО, БҚО және Қарағанды облыстарының өзендері бойынша мұз жүру жұмыстары мұз кептелісінсіз өтуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында ағымдағы жылғы 30 наурыз - 5 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынның көп түсуі себебінен, қардың тез еруі, кіші өзендер, арықтардағы, сайлардағы су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Су тасқыны суларын қабылдау үшін су қоймаларында бос көлемдер құру және толтыру деңгейі тұрақты бақылауда.
30 наурызда сағат 19.00-де қалың қардың еруі салдарынан Ақмола облысының Кенесары бөгетінде су деңгейінің көтерілуі орын алды, кейін жота арқылы құйылды.
Бөгеттің бұзылуына жол бермеу мақсатында ІІМ күштері (ТЖД-нің 130 қызметкері және 3 бірлік техникасы, ІІД-нің 9 қызметкері және 3 бірлік техникасы) ЖАО-мен (40 қызметкер және 5 бірлік техника) бөгетті инертті материалдармен нығайту жүргізілді (3000 дана қапты төсеу).
Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, 31 наурызда сағат 04.25-те Ақмола облысында бөгет жарылды (ені 30 метр, тереңдігі 4 метр).
Су Ивановка ауылы жағынан (өзен арнасының бойымен төмен қарай), «Ханское» (Қопа) көлінің жайылмасын толтыра отырып өтті. Ивановский бөгетіндегі су деңгейі қазіргі уақытта 80 см құрайды (сыни деңгей 180 см). Жақын жатқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Бөгеттің жарылу орнында күштер мен құралдар топтастырылып, 3 бақылау бекеті қойылды (Кенесары, Ивановка және Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінің сағасында), күштер мен құралдар резерві дайындалды (120 адам және 6 бірлік техника). 25-31 наурыз аралығында Ақмола, ШҚО, БҚО, СҚО және Нұр-Сұлтан елді мекендерінде 440 мың текше метр қар суы сорылды, өзен деңгейінің көтерілуі салдарынан елді мекендерді су басу фактілері тіркелген жоқ.
Полиция қызметкерлері Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда кезекшілік ұйымдастырды. ЖАО жол төсемдерін шайып кетуден (инертті материалдармен себу) қорғау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Өткен аптада қардың мол еруі және су өткізгіш құбырлардың өткізу қабілетінің төмен болуы нәтижесінде республикалық және облыстық маңызы бар Қарағанды (5), Ақмола (2) және Павлодар (1) облыстарының жол төсемдері (автожолдары) арқылы судың құйылуының 8 фактісі орын алды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
01.04.2019 жылғы сағат 11.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша су астында қалды:
- ШҚО (Бесқарағай ауданы) жер асты суларымен 2 жеке тұрғын үй);
- республикалық маңызы бар автожолдар арқылы Қарағанды облысында 3 құлама («Астана-Киевка-Теміртау» а/ж 103-104 шақырым, «Ақшатау-Қызылорда-Павлодар» а/ж 166 шақырым, «Қызылорда-Павлодар» а/ж 771 шақырым) және Ақмола облысында 2 құлама («Макинск-Ақсу-Торғай» а/ж 97 шақырым, «Нұр-сұлтан-Қорғалжын» а/ж 56 шақырым).
Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтарды күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан (ОАҚО-30 адам, 6 бірлік тех.), Шымкент (ОАҚО – 21 адам,5 бірлік тех.) және Жамбыл (ОАҚО - 30 адам,5 бірлік тех.) қалаларының қосымша күштері мен құралдары жіберілді.