2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде тұрғын секторда жүргізіліп жатқан өрт-профилактикалық жұмыстың барысы және азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы баспасөз-конференция өтті. Спикер болып ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Р. Беккер сөз сөйледі
Спикер хабарлағандай, қысқы мерзімге дайындық аясында өткен жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында алдын ала өрт қауіпсіздігі айлықтары өткізілді.
2018 жылғы қарашада, желтоқсанда және ағымдағы жылғы қаңтарда тұрғын үйдегі өрт саны 2% - ға (33987 – 2018-2019жж., 4068 – 2017-2018жж.), адамдардың қаза болу оқиғалары-27%-ға (147 – 2018-2019жж., 200 – 2017-2018 жж.) азайғаны байқалады
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 2 ақпанда өрт кезінде 20 адам, оның ішінде 5 бала қаза болды, 11 адам (4 бала) улы және табиғи газбен уланып көз жұмды.
Жылыту маусымы кезеңінің басынан бастап өрттердің ең көп саны Қарағанды (435), Алматы (339), Қостанай (285) және Ақмола (265) облыстарында тіркелді.
Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй секторындағы өрт жағдайын жақсарту бойынша алдын алу іс-шаралары күшейтілді.
Осы жұмысты үйлестіру үшін барлық өңірлерде, сондай-ақ комитетте 6 ақпанда штабтар құрылды.
Талдау жүргізілді, елді мекендердің ең проблемалық көшелері, орамдары, аудандары анықталды.
Демалыс күндері, көптеген азаматтардың үйде болуын ескере отырып, азаматтық қорғау бөлімшелерінің барлық жеке құрамы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аулаларды аралап шығады.
Тек өткен 2 апта ішінде ғана жеке тұрғын үй секторында жұмыс істеу үшін Комитеттің, Төтенше жағдайлар департаменттерінің, өрт сөндіру қызметтерінің 14511 қызметкері (орта есеппен күніне 3000-нан астам адам), өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін жеке өртке қарсы қызметтердің және ұйымдардың 1715 қызметкері, 2120 волонтер тартылды.
262 мың тұрғын үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, пештерді пайдалану және электр жабдықтау кезінде 138 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды.
Рейдтік іс-шаралар барысында халықпен нұсқаулық жүргізіледі, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, авариялық жағдайдағы ақауы бар электр құралдарын пайдалануға жол бермеу, халықтың отты абайсыз пайдаланбауы туралы жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылады.
Өкінішке орай, 31 мың үйдің иесі тексеру жүргізуден бас тартты.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары туралы көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдарына, әлеуметтік қорғау және білім беру басқармаларына (2177 үй) хабардар етіледі.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер тұратын тұрғын үйлерде автономды өрт хабарлағыштарды, улы газ датчиктері мен табиғи газ сигнализаторларды орнату жұмыстары жалғасуда.
Жыл басынан бері 2 434 датчик сатып алынды, оның ішінде 1 501 әкімдіктер есебінен, 933 жеке меншік компаниялар.
Қауіпті факторларды анықтау құралдары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында белсенді орнатылуда.
Сондай-ақ, газдандырылған Алматы және Атырау облыстарында барлық типтегі датчиктерді сатып алу жағдайлары бірлі-жарымды (14 және 10), ал Жамбыл және Түркістан облыстарында бұл жұмыс мүлдем жүргізілген жоқ.
Сондай-ақ спикер ТЖК көктемгі су тасқыны кезінде жоғары су басу қаупі бар 505 елді мекен анықталғанын атап өтті.
Алматы (75), Шығыс Қазақстан (76), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстарында.
Су тасқыны және еріген сулардың әсерін төмендету мақсатында тұрғындар мен көлік инфрақұрылымына 2017 жылдан бастап тасқын қауіп-қатерлерді болдырмау және жою бойынша Жол картасы (2017-2020 жылдарға) іске асырылуда. 2 жыл ішінде 357 іс-шара жүзеге асырылды. 174 қорғау бөгеті салынды және нығайтылды, 119 гидротехникалық құрылыс, өткізу қабілетін арттыра отырып 64 көпір жөнделді..
ТЖК су тасқыны жағдайының ықтимал күшеюіне жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін барлық бөлімшелер (оның ішінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) қажетті техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етілген және құрал-саймандармен жабдықталған.
26-27 ақпанда өтетін «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу (Петропавл қ.) барысында азаматтық қорғау органдарының басқару органдарының, күштер мен құралдарының іс-қимылдарын практикалық пысықталатын болады.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі