Принтерге шығару

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғын үй секторында өрт профилактикасы жөніндегі бірқатар кешенді іс-шараларды жүргізіп келеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маусымдық алдын алу шараларының бірі - өрт қауіпсіздігі айлығының, әртүрлі өрт қауіпсіздігі науқандарының, сенбіліктердің шеңберінде жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар болып табылады.

Жылыту кезеңінің басынан бері ТЖК аумақтық бөлімшелері «  «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлықтары», Улы газдан сақтаныңыз», «Қауіпсіз жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік» тақырыптарында «Өрт қауіпсіздігі саласындағы үгіт пен насихаттың үздік нысаны» науқандары ұйымдастырылып, өткізгенін атап өту қажет.

«Өрт қауіпсіздігінің айлығы» жеке қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өртке қарсы іс-шаралардың жаппай үгіттеуге арналған. Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде елдің тұрғын үй секторында халықты өрт қауіпсіздігінің талаптарына түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу үшін инженерлік-инспекторлық құрам ішкі істер органдарымен бірлесіп өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарымен тұрғылықты жер бойынша рейдтер өткізілді. Сондай-ақ, ТЖК-ның аумақтық бөлімшелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен әлеуметтік тәуекел тобындағы адамдармен жұмыс жүргізіп жатыр. Құрамына мүгедектер, жалғызбасты және кәрі кісілер кіретін халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тізімі жасалуда.

Мәселен, жылыту кезеңінің басынан бастап ТЖД қызметкерлері 2 млн. 408 мыңнан астам адамды қамтыған 979 739 тұрғын үйді аралау барысында профилактикалық жұмыстарды қамтыды. Халықтың тұрмысы қолайсыз, аз қамтылған және жүріп-тұруы шектеулі топтарының арасында 31 568 адамды қамти отырып, ЖПҚ қызметкерлерін тартумен 5 851 рейд шаралары жүргізілген.

Баса назар оқытуға бөлінуде. Бұдан басқа, оқу орындарында оқытушылар құрамын қатыса отырып, мектеп оқушыларымен әңгімелесулер, дәрістер, интербелсенді сабақтар өткізіліп жатыр. Әлеуметтік роликтер таныстырылып, өрт сөндіру бөлімдеріне бару ұйымдастырылып жатыр. Балаларды өрт қаіпсіздігі шараларына оқыту, патриотизмге, ержүректілікке, дене шынықтыруға тәрбиелеу, өрт сөндіру-құтқару спортының жағымды имиджін наисхаттау жүйесін жетілдіру мақсатында, оқу орындарында жас құтқарушылар жасақтарының арасында жарыстар ұйымдастырылып жатыр.

Ел өңірлерінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы әрбір азаматқа ақпарат жеткізу үшін түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Профилактиканың жаңа формалары мен әдістері үнемі қолданылуда. Профилактикалық іс-шаралар мен қабылданған шараларға қарамастан, тұрғын үйде адамдар өлімінің статистикасы қайғылы жағдайда қалып отыр.

2016-2017 жж. жылыту кезінен бастап тұрғын үй секторында  3 683 өрт болды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 472 адамды және 6,9 млрд. теңге сомасына материалдық құндылықтарды құтқарды. Тұрғын үй секторындағы өрт нәтижесінде 190 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алды. Улы газбен улану нәтижесінде 29 адам қаза тауып, 363 адам жарақаттанды.

Өрттің негізгі себептеріне отты абайсыз қолдану – 1335 жағдай (36%), пешті құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы –  966 (27%), электр жабдықтарын жөндеу және техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы – 466 жағдай (13%), балалардың отпен ойнауы – 178 жағдай (5%), электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы – 108 жағдай (3%).

Өрт кезінде адамдар өлімін тудырған негізгі жағдайлар мыналар:  ұйықтау халінде болу – 42% қайтыс болған адам,  мас жағдайында болу – 33% қаза тапқан адам, қараусыз қалған балалар – 6% өлім жағдайы, үрей, өрт кезінде қате іс-қимыл – 6% қаза тапқандар.

Бұл ретте пешті құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсізді қағидаларының негізгі бұзушылықтары: өртке қарсы аралық пен аралықты сақтамау заттар мен дымқыл ағаштарды кептіру, оттық алдындағы металл табақтың болмауы, ұшқын өсндіретін құрылғының болмауы, пешті жанатын және тез тұтанатын сұйықтықтармен жағу, түтіндіктерді пайда болған ыстан дер кезінде тазаламау, пешті ақтты қыздыру, данған пешті қараусыз қалдыру.

Электр жабдығын жөндеу мен техникалық пайдалану қағидаларының негізгі бұзушылықтары мыналар: қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдалану (жылытқыштар, электр плиталары), бұзылуы бар электр желілері мен олардың құрылғыларын қолдану, яғни электр өткізгіштерді бұрау әдісімен қосу, оқшаулаудың қорғаныш қасиеттері зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан электр өткізгіштері мен кәбілдерін пайдалану,  асыра жүктеу және қысқа тұйықталу тоқтарынан қорғаудың қолдан жасалған құрылғыларын пайдалану, жанатын заттардың жанында (төсек-орын, жиһаз, шымылдық және т.б.) электр жылыту жабдықтарын орнату.

Өрт туындамастан тұрғын үй секторында адамдардың улы газдан қайтыс болған және жарақаттанған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының негізгі себептеріне пеш конструкциясының күюі мен жарықшақтануы, түтіндіктің болып кетуі, ақаулы пеш құрылғысын пайдалану, түтін каналдары ретінде желдеткіш жүйесінің ауа өткізгіштерін пайдалану, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.

Тұрғын үй секторында өрт кезінде және улы газбен уланудан адамдар өлімінің барлық фактілері тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаланың сақтамаумен, азаматтардың жылыту құрылғыларына және электр жабдықтарына салғырт қараумен (өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеу және дұрыс емес пайдалану) байланысты екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, көп жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары, сондай-ақ ұйқы және мас болу жағдайындағы азаматтар қаза табуда.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды тұрғын үйдің (пәтердің) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігінің қағидаларын мүлтіксіз сақтауға және орындауға шақырады.