Принтерге шығару
Суға шомылу – бұл демалыстың жағымды түрі ғана емес, біздің өміріміздің бөлінбес бір бөлігі ретінде адамның денсаулығын нығайтуға арналған пайдалы істің түрі, өкінішке орай ол кері қайтарылмайтын салдардың себептері болуы да ықтимал.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті еліміздің су айдындарында азаматтардың қауіпсіздік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Тиісті ұйымдастырылған шараларды қабылдау үшін осы мәселе Үкімет деңгейінде қаралғанын, онда еліміздің су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 2 кеңес өткізілгенін атап өткен жөн. Бұл мәселе Министрлік деңгейінде де қаралды және Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың жеке бақылауында.
Су айдындарында, әсіресе суға шомылу кезеңінде адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, еліміздің өңірлерінде 2015 жылы құрылған жедел-құтқару жасақтарының әлеуеті барынша пайдаланылады. Бұрын жедел-құтқару жасақтары мен суда құтқару жасақтары Комитеттің екі бірінен-бірі бөлек құрылымдық бөлімшесі ретінде болды. 2015 жылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барынша тиімділікке қолжеткізу үшін біз аталған бөлімшелерді біріктірген болатынбыз, ол туралы осы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен біздің брифингте бірнеше мәрте айтылған.
Бүгін, еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті жедел-құтқару жасақтарының шамамен алғанда 1300 құтқарушысы қамтамасыз етеді, 250-тен астам бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 550 бірлік жүзу құралы, 1650 бірлік сүңгуір жабдықтары мен жарақтары жоғары әзірлікке келтірілген.
Су айдындарында профилактикалық іс-шараларды күшейту үшін мереке және демалыс күндері өрт сөндіру қызметтерінің қызметкерлерін қосымша тарту ұйымдастырылды, олар құтқарушылармен бірігіп адамдардың су маңында демалатын орындарда патрульдеу мен профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.
Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі негізгі міндеттер халық пен су маңында демалып жатқан әр адамның назарына негізгі қарапайым жүріс-тұрыс, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсету қағидаларын, судағы оқыс оқиғалардың себептерін жеткізу болып табылады.
Су айдындарының жабдықталмаған жекелеген учаскелерінде қосымша 10 мобильді құтқару бекеті (Астана қаласында (1), Ақмола (1), Ақтөбе (1), Қарағанды (2), Қызылорда (1), Павлодар (2) және Оңтүстік Қазақстан (2) облыстарында) орнатылды, су маңындағы демалыс орындарында жедел-құтқару жасақтарында оқытудан өткен 310 қоғамдық жасақшының жұмысы ұйымдастырылды.
Осы жерде Ақмола облысының оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мәселен, қолданыстағы 4 құтқару станциясына (Бурабай, Зеренді, Қопа, Щучье көлдерінде 58 құтқарушы жұмылдырылған) Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жаз мезгілінде қосымша 25 құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылды (100-ден артық жасақшы-құтқарушы жұмылдырылды).
Дәл осындай жұмыс Ақтөбе облысында да жүргізілді, онда жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп қосымша 12 бекет орнатылды және 73 жасақшы-құтқарушы жұмылдырылды.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті профилактикалық жұмыстарға, оның ішінде БАҚ арқылы жүргізілген жұмыстарға аса үлкен көңіл бөледі. Өңірлерде теледидар, радио, баспа басылымдары арқылы, қалада жүргіншілер жүретін жолдарда биллбордтарды орнату арқылы белсенді жұмыстар жүргізіледі.
Судағы демалыс аймақтарын жабдықтау жөніндегі жағажайлар иелерімен жеке жұмыс жүргізілді.
Күн сайын суға шомылу маусымы және оған дайындық кезеңінде демалыс аймақтарында рейдтер жүргізілді, олардың барысында біздің қызметкерлер жағажайларды қауіпсіздік нормалары мен қағидаларына сәйкес жабдықтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Су маңындағы әрбір демалыс аймағы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес:
1) құтқарушылармен жасақталған құтқару бекеттерімен, қажетті жабдықтармен және жарақтармен;
2) балалардың шомылуына арналған тереңдігі 1,2 метрден аспайтын учаскемен, ол арқандарға бекітілген қалтқы желісімен белгіленеді;
3) дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен;
4) кезекші медициналық персоналмен, қажетті мүкәмаллдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталуы тиіс екенін атап өткен жөн:
Суға шомылу маусымы кезеңінде демалыс және мереке күндері Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері 840 профилактикалық рейд және 2000-нан астам патрульдеу жұмыстарын жүргізді, олардың қорытындысы бойынша 3000-нан астам қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын бұзушылық (су айдындарының маңында спирттік ішімдіктерді ішу) тіркелді.
Жылдың басынан бастап өткізілген рейд іс-шаралары мен патрульдеу барысында 200000-нан астам адам халықты қамту арқылы 10000-нан артық әңгімелесу өткізілді, демалып жатқан адамдарға «Суда абай болу шаралары және жүріс-тұрыс қағидалары» тақырыбында 100 мыңнан астам жаднама мен буклеттер таратылды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп жұмыс атқаруды бастағаннан бері профилактикалық жұмыстарды жүргізуде оң нәтижелерге қолжеткізілді, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде суға батып кеткен адамдар саны азайды.
Мәселен, «Мас күйінде суға шомылу» себебі бойынша суға батып кеткен адамдардың саны 38%-ға азайды (2015 ж. – 125 адам, 2016 ж. – 78 адам).
Біздің бөлімшелер балалар лагерлерінде балаларға жүзуді үйретуге бағытталған жұмыстарды алдын ала жүргізді. Балаларға жүзуді үйретті және судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша интерактивтік сабақтар өткізілді. Жалпы 100-ден астам интерактивтік сабақ өткізілді. Құтқарушылар суға шомылу маусымы кезеңінде шамамен 10 мың балаға жүзуді үйретті.
Жалпы алғанда, жоғарыда аталған қабылданған шаралар жыл басынан бері суға кеткен адамдардың санын 16%-ға, ал суға шомылу маусымы кезеңінде 19%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жығлғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының су айдындарында аса көп адамдардың көз жұму фактісі тіркелді.
Жыл басынан бері 836 адам, оның ішінде 173 бала және жеткіншек құтқарылды.
Бұл ретте, суға шомылу маусымы кезеңінде адамдардың қаза болуының негізгі себептері:
- жабдықталмаған су айдындарында суға шомылу;
- балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру;
- судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын бұзу: өз күшін асыра бағалау, жүзе
алмау, мас күйінде суға шомылу болып табылады.