2018 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг болды. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер спикер ретінде сөз сөйледі.
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау өрт туындау қаупі жоғары, адамдар мен материалдық құндылықтарға тигізетін ауыр салдар болуы ықтимал объектілерге бағытталады.

2018 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин спикер ретінде сөз сөйледі.
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау өрт туындау қаупі жоғары, адамдар мен материалдық құндылықтарға тигізетін ауыр салдар болуы ықтимал объектілерге бағытталады.

2018 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы департаментінің директоры Е.Л. Үстеміров спикер ретінде сөз сөйледі.
Азаматтық қорғау органдары 2018 жылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізді (жалпы ауданы 1500-нан астам).

2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде еліміздегі су тасқыны жағдайы, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері бойынша брифинг өтті. Спикер болып ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер сөз сөйледі.
Брифинг барысында спикер Шығыс Қазақстан облысындағы су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда екені туралы ақпарат берді.
Ағымдағы жылғы 22 ақпан мен 5 сәуір аралығында күннің күрт жылынуы, қатты жауған жаңбыр мен қар, сондай-ақ қардың тез еруі, нөсер жаңбыр ағындарының және мұз кептелістері салдарынан республика бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының 50 елді мекенінде, Алматы қаласында 1,5 мыңға жуық үйді су басты.
Жолдардың жалпы 41 учаскесі, соның ішінде 40 автомобиль жол төсемдері және 1 автомобиль көпірі арқылы су тасыды (ШҚО, Алматы, Қарағанды, БҚО, Қызылорда облыстары).
Су басудың бастапқы толқыны Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында болды. Қазіргі уақытта осы өңірлерде жағдай тұрақталды.
Бүгінгі күні су басу салдарларын жою жұмыстары Шығыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатыр.
Су басқан 1346 үйден су сорылды. 12 километр уақытша қорғаныш бөгені тұрғызылды, инертті материалдар салынған 58,9 мың қап төселді, 675,5 мың м3 су сорылды. Тек Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 118,2 мыңнан астам текше метр су сорылды.
Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданында 107 үй су астында қалып отыр.
Тұрғын үйлерден су сору және көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Жалпы 4 мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланды, соның ішінде 3,2 мың адам өз үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында эвакуацияланған 789 адам эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлерінде қалып отыр.
Су тасқыны бойынша жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында, Зыряновск, Аягөз, Глубоковский, Шемонаиханский аудандарында жұмыс істейді.
ТЖД жедел-кезекші қызметтерімен тұрғындарға ұялы операторлар арқылы ақпарат беріледі. Мәтіндік SMS-хабарламалардың таратылуы жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда ІІМ сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғылармен жарақталған мобильді құлақтандыру кешендері мен қызметтік-жедел автокөліктері жұмылдырылады.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-да су басқан аймақта жедел штаб жұмыс істеп жатыр, психологтардың халықпен және қауырт желі телефонымен жұмысы ұйымдастырылған.
Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізуге ҚР ІІМ ТЖК, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінен барлығы 677 адам, 160 бірлік техника, 87 мотопомп және 16 жүзу құралдары жұмылдырылды.
Алматы қ., Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жеткізілген барлық күштер мен құралдар қауіпті аймақтарда су тасқыны салдарларын жою жұмыстарына толықтай жұмылдырылған, сондай-ақ халықты эвакуациялау, еріген қар суын сору мен қаптарды төсеу жұмыстарын жүзеге асыруда.
Тартылған ТЖК Репсубликалық жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдары Шығыс қазақстан облысының Зыряновск мен Қатон Қарағай аудандарында су деңгейіне мониторингті жүзеге асыруда.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ІІМ ТЖК авиациясын тартумен Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Қостанай облыстары мен Астана қаласының аумағын аралап ұшу жұмыстары өткізілуде.
Қостанай облысы Наурызым ауданындағы Үлкен Дәмді, Қамысты ауданындағы Дәмді, Тобыл өзендерінде, Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданы Сенное ауылындағы Бұқтырма өзенінде мұз кептелістерін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайының ушығу қатері сақталуда.
Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны 5 мың адамнан, 800 бірлік техникадан, 180 жүзу құралынан және 60 мотопомпадан тұратын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштер мен құралдар топтамалары жоғары әзірлікте тұр.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың күрделенуіне қарай, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан қосымша құтқару бөлімшелерін жеткізу басталды (жалпы саны 84 адам, 19 бірлік техника, 10 жүзу құралдары, 24 мотопомпа).
2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде брифинг өтті.
Спикер болып ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаев, Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Рүстем Искаков, ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының техникалық нормалау бөлімінің бастығы Рамазан Бейсенгазинов сөз сөйледі.
Брифинг барысында тексеру жүргізу тәртібі, тексеруге жататын объектілердің санаты, өрт қауіпсіздігі талаптарын регламентейтін нормативтік құқықтық актілер, кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары мен міндеттері жеткізілді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру азаматтық қорғау органдарының еліміздегі халықтың тыныс-тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қызметтің осы бағытында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәсілдері жасалды, тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілді, бақылау өрт туындау қаупі жоғары объектілерде және адамдар мен материалдық құндылықтарға келтірілген ауыр салдарға шоғырландырылған.
Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 2) тармағына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі және тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге қатысты ғана жүзеге асырылады.
Өрт қауіпсіздігі саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері ІІМ 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 және ҰЭМ 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 бірлескен бұйрығымен бектілген.
Тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің негізгі санаттары:
- өрт қауіпті өндірісі бар өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
- мұнай базалары және мұнай өнімдері қоймалары;
- элеваторлар (астық қабылдау, өндірістік, базисті, тиеу-түсіру, порттық);
- жалпы құрылыс ауданы 1500-ден астам шаршы метр ауыл шаруашылығы объектілер, мал шаруашылығы объектілері және құс фабрикалары;
- білім беру объектілері;
- бір уақытта 200 және одан да көп адамдар бара алатын мәдени-ағарту, мәдени ғибадат діни объектілер;
- бір уақытта 200 және одан да көп адамдар бара алатын спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері;
- әлеуметтік саладағы объектілер (қарттар және мүгедектер үйлері, балалар үйлері, интернат үйлері, психоневрологиялық орталықтар және басқаралар);
- бір уақытта 100 және одан да көп адамдар бара алатын демалыс үйлері және аймақтары, туристік базалар, жазғы балаларды сауықтыру лагерлері (палаталы қалашықтан басқа) – ауданына тәуелсіз;
- стационарлы көмек көрсететін - ауданына тәуелсіз, амбулаториялы-емханалық көмек көрсететін – құрылыстың жалпы ауданы 1000 және одан да көп шаршы метр денсаулық сақтау объектілері;
- сауда және ойын-сауық кешендері – құрылыстың жалпы ауданы 1500 және одан да көп шаршы метр;
- әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары (станциялары), теңіз порттары, метрополитендер;
- автожанармай құю және газ қоймалары станциялары;
- сыйымдылығы 100 және одан астам адам - жатақханалар мен қонақ үйлер;
- құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
- құрылыстарының жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем (уақытша жазғы алаңшалардың ауданын ескермегенде) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары;
- биіктігі 28 метрден кем көп пәтерлі тұрғын үйлер;
- жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр, сондай-ақ ауданына қарамастан биiктiгi 28 метрден астам - әкiмшiлiк ғимараттар мен көп салалы кешендер;
Тексеріс жүргізудің талаптары
Тексеріс жүргізудің кезеңділігі, ерекше талаппен тексеріліп отыратын субъектілерге қатысты күнтізбелік жылда бір реттен кем емес.
Бүгінгі таңда бақылау мен қадағалау облысындағы заңнаманың ережесі кәсіпкерлер субъектісіне негізсіз және кенеттен жүргізілетін тексерістердің болмауына бейімделген шарттарды жасайды.
Сонымен алдағы болатын тексеріс жөнінде кәсіпкер алдын ала біледі.Тексеріс жүргізу туралы жарты жылдық кесте Бас прокуратура сайтында жарты жылдық басталғанға дейін орналастырылады. Тексеріс жүргізу алдында тексеріліп ортырған субъект 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етіледі.
Тексеріс жүргізу барысында кәсіпкерге тек қана тексеріс парағында бар және көпшілікке қолжетімді келесі тексеріске дейінгі дайындыққа мүмкіндік беретін талаптар ғана қойылады.
Жоғарыда көрсетілген ережелер тексеріп отырған субъектіге алдағы болатын тексеріс жөнінде, тексеріс барысында жүргізілетін талаптар, оған дайындыққа жеткілікті уақыт табу және заң бұзушылықты жоюды білуге мүмкіндік береді және ол өз кезегінде жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша пайда болатын дауларды жоққа шығарады.
«Азаматтық қорғау туралы» Заңының 38-бабының 4) тармағына сәйкес тексеріс қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан заң бұзушылықтарды анықтау мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарымен тексеріліп отырған субъектіге заң бұзушылықтар туралы нұсқама ұсынылады. Заң бұзушылықтар туралы нұсқама тексеріліп отырған субъектіге тексеріс аяқталаған күні беріледі.
Нұсқама орындалмаған жағдайда мемлекеттік инспектор өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарымен («Азаматтық қорғау туралы» Заңының 38-бабының 4) тармағы) пайдаланылып отырған объектіні пайдалануды тоқтату үшін сот органдарына талаптық арыз үшін материалдарды қалыптастыруға міндетті.
Заң бұзушылықтар немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы үшін әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік заң бұзушылық кодексінің 410-бабында қарастырылған. Мемлекеттік инспектордың өрт қауіпсіздігі саласындағы нұсқауын орындамаған жағдайда ӘБК 462-бабы бойынша әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы.
Болмашы деңгейдегі қауіп-қатерге жататын бақыланатын объектілер жоспардан тыс тәртібінде тек қана тексеріледі. Жоспардан тыс тексерістерді өткізу негіздері бақылау және қадағалау саласында ұлттық заңнамасымен реттелінген.
Мысалы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тек қана зиян қауіпі болғанда, немесе адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғаларға, мемлекетке зиян келтіру туралы нақты фактілер болғанда жоспардан тыс тексерістер жүргізуге негіздеме болып табылады.
Тескеру парақтары
Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласында заңнамалығына сәйкес тексерілетін объектінің қызметіне тексеру парақтарда аталған талаптар ғана қойылады.
Мысалы, өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу, оның таралу, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер ету жағдайларын болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысының мәселелерін, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуын және олардың жай-күйін регламенттейтін талаптар.
Едәуір бұзушылықтар – өрттің шығуынан сақтандыру мен алдын алуға және оны ойдағыдай сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптары.
Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптары.
Бұдан басқа, тексеру парақтадың мазмұнында бұзушылықтардың нақты фабулдары жазылған және оларда тексеру барысында тексеру парақтарда көрсетілмеген талаптарды қоюға мүмкіндік беретін құқықтық сілтеме нормалар жоқ.
Анықтама: Барлық тексеру парақтарда 897 өрт қауіпсіздігі талаптары жазылған, олар топтар бойынша келесі түрде бөлінген: өрескел бұзушылықтар – 369 талап немесе 41%, едәуір бұзушылықтар – 429 талап немесе (48%), болмашы бұзушылықтар – 99 талап (11%).
Объектінің әрбір санатына бөлек тексеру парақтардың жұмысында қолдану тәжірибесі, оларға тексерілетін субъектілердің қызметіне өрт қауіпсіздік талаптар толық кестесі қосылады, өрт қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауда 2013 жылдан бері іске асырылады және өзін жақсы жағынан көрсетті.
Осындай тексеру парақтар бақылау субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттырады, оларға қойылатын талаптар бөлігінде және тексеру жүргізетін органнан негізсіз қысымына жол бермейді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде өрт қауіпсіздігі саласында аудит енгізілді.
Балама ол бақылау субъектінің мемлекеттің қатысуынсыз сараптамалық ұйыммен тексерістен өту ерікті шешімі болып қабылданылады, сондықтан өрт қауіпсіздігі саласында аудит объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік бағалау нысаны болып табылады.
Бұдан басқа, осындай тексеру нысаны өзінде адал кәсіпкерлерді мадақтау құралы сияқты, осылайша Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес жоғары деңгейі қауіп-қатерлі бақылау субъектімен сараптамалық ұйымның оң қорытындысын алғанда осы объект 3 жылға тескерістен босатылады, жоспардан тыс тексерістерден басқа.
Рұқсат беру жүйесі
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік субъектілерге өзінің қызметін бастауды іске асыру үшін (мемлекеттің рұқсат беру бөлігінде), Комитеттің аумақтық бөлімшелерге жүгінудің қажеттілігі жоқ.