АДО БЖ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде қабылданатын басқару шешімдерінің тиімділігі мен сапасын:
1. ведомстволық тиесілігіне тәуелсіз мемлекетте бар барлық ресурстарды, оның ТЖ-дың салдарын жою мәселелеріндегі тығыз өзара іс-әрекеттерді жедел тарту;
2. жедел штабтың барлық мүшелері келіскен басқару шешімдерін қабылдау, қалыптастыру және құжаттау, сондай-ақ басшылық нұсқауды тиісті ведомстволық құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізу;
3. жедел штаб мүшелерін министрліктердің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары және жергілікті атқарушы органдары орындаған берілген басшылық нұсқаулар және қабылданған шешімдерді атқарылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс барысы туралы жедел ақпаратты қамтамасыз ету;
4. оқиғаларды талдаудың себепті-тергеу байланыстарын ашу үшін процестерді модельдеу және ахуалдық талдау, басқару оқиғаларын көрсету арқылы арттыруға арналған.
Жүйені құру мақсаты
АДО БЖ құрудың негізгі мақсаттары:
- еліміздің қауіпсіз тыныс-тіршілігі және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- табиғи және техногендік сипаттағы, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп-қатерлерін азайту проблемаларын шешу кезінде мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстарын шоғырландыру;
- халық қауіпсіздігі мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан аса маңызды объектілердің қорғалуын арттыру;
- заманауи ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды және техникалық бұқаралық ақпараттық құралдарды қолдану негізінде адамдар көп баратын жерлерде халықты ақпараттандыру және хабардар ету мемлекеттік кешенді жүйесін құру;
- мемлекеттік басқару және төтенше жағдайларға шұғыл ден қою жүйесін жетілдіру болып табылады.