БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №613 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
Министр
полиция генерал-майоры Е. Тургумбаев
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;

2018 жылы 3 Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өткізілді. Мына мәселелер қаралды:
1. «Су тасқыны кезеңіне азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігі туралы» (2018 жылғы 15.03.);
2. «2018 жылғы суға шомылу маусымын өткізуге орталық және жергілікті органдарының дайындығы мен әзірлігі туралы » (2018 жылғы 15.05.);
3. «2018 жылдың өрт қауіпті кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы» (2018 жылғы 15.05.);
4. «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы» (2018 жылғы 13.11.).
Барлығы Қазақстан Республикасында 2018 жылы 1268 комиссия отырыстары өткізілді, соның ішінде:
- облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының – 115 (жоспар бойынша – 71, жоспардан тыс - 44);
- қалалық – 212;
- аудандық – 941.
Комиссия отырыстарында жұмыс жоспарларына сәйкес мына мәселелер «Тасқынға қарсы іс-шараларға дайындық және өткізу туралы», «Жазғы шомылу маусымы кезінде су айдындарында адамдардың өлімін болдырмау туралы», «Алыс орналасқан елді мекендер және орман дала алаптарында өртке қарсы қауіпсіздікті арттыру туралы», «Мүмкін жер сілкінісі шығындарын азайту бойынша және ғимарат пен имараттарды сейсмонығайту бойынша қабылданған шаралар», «Жылыту маусымына объектілердің дайындығы туралы», «Метеорологиялық құбылыстарға ден қою» және т.б. қаралды.
Отырыстардың ең көп саны 3 тақырыпқа өткізілді. Бұл азаматтық қорғау күштері мен құралдарының тасқынға қарсы және қыс кезеңіне дайындығы, табиғи сипаттағы өрттердің алдын алу.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру мақсатында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның 3 отырысы ұйымдастырылды және өткізілді, олардың барысында 3 мәселе қаралды. (2 отырыс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ. Маминнің төрағалығымен өтті). Отырыстар нәтижесінде ТЖ туындауының қауіп-қатерін азайту бойынша іс-шаралармен хаттамаларға қол қойылды.
2017 жылғы 14 ақпанда «Су тасқынына мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарының, күштер мен құралдарының әзірлігі туралы»;
2017 жылғы 30 мамырда «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасының жобасын қарау туралы»;
2017 жылғы 15 маусымда «2017 жылғы суға шомылу маусымына орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы және әзірлігі туралы».
1-жартыжылдықта аумақтық бөлімшелер 779 төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша комиссия отырысын өткізді.
2016 жылы 6 ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өткізілді, олардың барысында 10 мәселе қаралды. 6 отырыстан 1 жоспардан тыс өткізілді.
9 ақпан:
- «Қар басу кезінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі қабылданатын іс-шаралар және ведомствоаралық өзара іс-қимыл»;