Принтерге шығару
1. 2015 жылғы 26-27 қантар аралығыда Вена қаласында (Австрия) «ЕҚЫҰ аймағында су ресурстарын басқару ынтымақтастық негізінде тұрақтлық пен қауіпсіздік арттыру» ЕҚЫҰ-ың 23-ші Экономикалық-экологиялық форумының бірінші дайындық отырысы өтті. Су ресурстары жөңіндегі комитетінің Төрағасының орынбасары Б. Бекнияз басшылығымен ҚР делегация атынан Энергетика министрлігінің (Экологиялық сараптама және рұқсат басқармасының басшысы М.К. Құмарғалиев), ҚР ІІМ (ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы А.М. Жанғожинов) қызметкерлері барды.
2. 2015 жылғы 29-30 қантар аралығында Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы) В. Петров басшылық етуімен ҚР ІІМ ТЖК делегациясы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттік органдардың басшылары өңірлік кездесуге қатысқан.
2.1 2
 
3. 2015 жылғы 9-12 ақпан аралығында Женева қ. (Швейцария) өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Апат бағалау және үйлестіру жөніндегі тобы (ЮНДАК), Іздеу және құтқару мәселелері бойынша халықаралық консультативтік тобының жылдық кездесулеріне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы А.М. Жанғожинов қатысты.
4. 2015 жылғы 17-19 ақпан аралығында Грузияда ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері «Зілзалалар қауіпін азайту жөніндегі ұлттық платформалар үшін әдістемелерді шолу» халықаралық семинарына қатысқан.
 
5. 2015 жылғы 23 акпан – 13 наурыз аралығында АҚШ-та ТЖЖБ, АҚБ, ӨСҚЖҰБ және «ӨАЖҚЖ» ММ-нің 4 қызметкерлері «Төтенше жағдайларына дайындық және жедел басқару» оқу бағларламасына қатысты.
6. 2015 жылғы 26 ақпанда Мәскеуде ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы А.С. Советов құтқару бөлімшелерінің даярлау саласындағы «Жартасты қала – Астана» ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің базалық полигоны, ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы міндет жүктелген күштерінің құрылымдарына арналған базалық оқұ-әдестемелік полигоны (ФКП «НИИ «Геодезия») және әскери-техникалық ынтымақтастықтың мәселелерін зерттеу саласындағы ҰҚШҰ базалық ұйымының басшыларымен отырысына қатысқан.
7. 2015 жылғы 28 акпан – 6 наурыз аралығында Кобе қаласында (Жапония) Жапон іздеу-құтқару жасағын халықаралық біліктілігі бойынша қайта аттестаттау өтті. РЖҚЖ басшысы В.К. Цой және ТЖЖБ бас маманы А.С. Қарағожин бақылаушылар ретінде қайта аттестаттауға қатысты.
8. 2015 жылғы 12 наурызда НАТО Штаб-пәтерінде АҚБ бастығы Н.Б. Абдрахманов Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі форматында Азаматтық қорғау тобының көктем жалпы отырысына қатысты.
9. 2015 жылғы 13-18 наурыз аралығында Сендай қаласында (Жапония) ҚР ІІМ орынбасары В.К. Божко басшылығымен ҚР ІІМ делегациясы Зілзалалар қаупін азайту жөніндегі дүниежүзілік 3-конференциясына қатысқан. Конференциясының бас ұйымдастырушылары – Біріккен Ұлттар Ұйымы және Жапония Үкіметі.
IMG_5036 IMG_5036 IMG_5036 IMG_5036
IMG_5036 IMG_5036 IMG_5036  
 
10. 2015 жылғы 15 наурызда Сендай қаласында апаттар қаупін азайту жөніндегі дүниежүзілік 3-конференциясы шеңберінде Зілзалалар қауіпін азайту азиялық ортылығы Зілзалалар қауіпін азайту азиялық конференциясын және Атқарушы комитетінің отырысын өткізді.
11. 2015 жылғы 16-17 наурыз аралығында Алматы қ. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мүше-мемлекеттерінің Төтенше жағдайлар үйлестіру кеңесі жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарының шақырылған қызметкерлері жұмыс тобының отырысына қатысты.
12. 2015 жылғы 18-20 наурызда Алматы қ. ШЫҰ мүше-мемлекеттердің құтқару қызметтерінің халықаралық жаттығуын дайындау бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесімен айналысатын ведомстволары сарапшыларының кездесуі өтті, оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының өкілдері қатысты.
13. 2015 жылғы 24-27 наурызда Павлодар облысы ТЖД-нің 3 қызметкері бастықтың орынбасарының басшылығымен Ресей ТЖМ Омбы облысының Бас басқармасына сапармен іссапарға жіберілді.
14. 2015 жылғы 7-8 сәуірде БҚО ТЖД-нің 4 қызметкері бастықтың орынбасарының басшылығымен Ресей ТЖМ Саратов облысының Бас басқармасына сапармен іссапарға жіберілді.
14.1 14
15. 2015 жылғы 14-17 сәуірде ӨҚСБПҚБ Халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Р.Ю. Иманқұлов «Ақпараттық мемлекетаралық өзара істестік механизмдерін жетілдіру» тақырыбындағы Қазақстан, Ресей және Беларусь төтенше ведомстволарының семинарына қатысу үшін Мәскеу қаласына іссапарға жіберілді.
16. 2015 жылғы 20-24 сәуірде Вышков қаласында (Чех Республикасы) Химиялық, бактериологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) жағдайларға алғашқы ден қоюшы қызметтердің нұсқаушыларына арналған ХБРЯ апаттардың алдын алу бойынша курс өтті, оған АҚБ Тұрғындар мен аумақтарды қорғау бөлімінің аға офицері Ж.Т. Кәрімбаев қатысты.
17. 2015 жылғы 28-29 сәуірде Брюссель қ. (Бельгия Корольдігі) Ірі қоғамдық шаралар ұйымдастыру кезінде ерікті құтқару қызметтерін (ЕҚҚ) қолданудың халықаралық тәжірибесімен алмасу бойынша жұмыс үстелі өтті, оған ӨҚСБПҚБ Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Р.М. Ысқақов қатысты.
18. 2015 жылғы 4-5 мамырда Брюссель қ. (Бельгия Корольдігі) НАТО Төтенше және азаматтық жоспарлау комитетінің пленарлық отырысы өтті, оған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко қатысты.
19. 2015 жылғы 11-13 мамырда Белград қ. (Сербия) «ЕҚЫҰ өңірінде су ресурстарын басқару – ынтымақтастық негізінде қауіпсіздікті және тұрақтылықты арттыру» ЕҚЫҰ-ның 23-ші Экономикалық-экологиялық форумының (ЭЭФ) 2-ші кездесуі өтті, оған ТЖААБ бас маманының м.а. Б.М. Оспанов қатысты.
20. 2015 жылғы 11-15 мамырда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ЮНИСЕФ-тің шақыруымен ҚР және басқа да Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті органдарының өкілдеріне арналған білім саласында зілзала қаупін азайту тәжірибесімен алмасу бойынша сапар өтті, оған ТЖААБ Табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Б.А. Құсайынов іссапарға жіберілді.
21. 2015 жылғы 19-22 мамырда Мәскеу қаласында «Кешенді
қауіпсіздік – 2015» халықаралық көрмесі өтті, оған ТЖК Төрағаның орынбасары В.Р. Беккер қатысты.
22. 2015 жылғы 20 мамырда Худжанд қ. (Тәжікстан Республикасы) ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко қатысты.
23. 2015 жылғы 30-31 мамырда 2015 жылға арналған ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің өкілетті органдарының өзара істестігін пысықтау бойынша жаттығулар және басқа да бірлескен шаралар жоспарына сәйкес ҚР ІІМ ТЖК «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Орта Азияда жойқын жер сілкінісіне ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында өкілетті органдарының жедел ден қоюы» тақырыбы бойынша ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің құтқару бөлімшелерінің үшінші бірлескен жаттығуы өтті.
24. 2015 жылғы 1-5 маусымда Вашингтон қ. (АҚШ) «Дағдарыс жағдайында басқару» семинары өтті, оған ТЖК құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомствоға қарасты ұйымдардың 10 қызметкері іссапарға жіберілді.
25. 2015 жылғы 2-3 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің арасындағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісімді жүзеге асыру бойынша 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес (8 т.) ҚР ІІМ ТЖК-нің «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында ШЫҰ мүше-мемлекеттері құтқару қызметтерінің халықаралық жаттығуы өтті.
26. 2015 жылға 3-6 маусымда Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік министрінің орынбасары Гу Чаоси бастаған Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік министрлігі делегациясының ресми сапары болды, оның қорытындылары бойынша Қазақстан мен Қытай арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында ары қарайғы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін уағдаластықтарға қол жеткізілді.
27. 2015 жылғы 17-18 маусымда Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өткен «Көші-қон және төтенше жағдайларға дайындық саласындағы халықаралық ынтымақтастық» бойынша өңірлік форумның жұмысына ҚР Ішкі істер Министрінің орынбасары В.К. Божконың қатысуы бойынша іссапар дайындалды.
28. 2015 жылғы 19-21 маусымда Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы және Азаматтық қорғаныс академиясын бітіруші курсанттарға арналған салтанатты рәсімге қатысу үшін ТЖК Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Жұмашев Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілді.
29. 2015 жылғы 22 маусымда Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божконың БҰҰ Зілзала қаупін азайту бюросының директоры Адам Булукоспен кездесуі дайындалды және өткізілді, онда ТЖК және БҰҰ-ның ТЖ саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
30. 2015 жылғы 22 маусым – 1 тамыз аралығында Кобе қ. (Жапония) Жапон халықаралық ынтымақтастық агентігінің (JICA) «Жергілікті деңгейде дүлей зілзала қаупін басқару» тақырыбындағы курс өтті, оған ААБ, ХЫБ және «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 қызметкері қатысты.
31. 2015 жылғы 22 маусым – 1 тамыз аралығында Токио, Кобе қалаларында (Жапония) «Орталық Азия және Кавказ елдері үшін дүлей зілзалалар салдарының алдын алудың кешенді саясаты» тақырыбындағы оқу курсы өтті, оған ТЖААБ Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманының м.а. А.Б. Ахманова іссапарға жіберілді.
32. 2015 жылғы 27-30 шілдеде Мадрид қаласына (Испания Королдігі) «AECID» даму мақсатындағы испан халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қазақстандық сарапшыларға арналған тренингтеріне қатысу үшін Штаб-басқармасының бастығы М.Қ. Мақаева іссапарға жіберілді.
33. 2015 жылғы 27 шілде – 7 тамыз аралығында ХАҚҰ Чолпан-Ата қ. (Кырғыз Республикасы) «Таулы жерде іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу» тақырыбы бойынша практикалық оқу курсын өткізді, оған «РЖҚТ» ММ аға құтқарушысы Д.М. Мүслімов қатысты.
34. 2015 жылғы 10-13 тамызда Барнаул қ. (Ресей Федерациясы) ШҚО ТЖД 4 қызметкері ШҚО ТЖД бастығының орынбасарының басшылығымен Ресей Федерациясымен шекара маңы аумақтарында мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезінде халықаралық қатынасты дамыту және өзара істестікті жетілдіру мақсатында кеңеске қатысты.
35. 2015 жылғы 10-14 тамызда Ереван қ. (Армения Республикасы) Халықаралық дала үйлестіру орталығының (OSOCC) жұмысымен таныстыру бойынша өңірлік семинар өтті, оған РЖҚТ-ның 2 өкілі іссапарға жіберілді.
36. 2015 жылғы 20-21 тамызда Қайраққұм қ. (Тәжікстан Республикасы) ШЫҰ мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесімен айналысатын ведомстволарының аумақтық органдары басшыларының бесінші кездесуі өтті, оған ТЖК Төрағасының орынбасары В.Р. Беккер және Алматы облысы ТЖД бастығы С.К. Битаев қатысты.
37. 2015 жылғы 23-30 тамыз аралығында Вильнюс қ. (Литва Республикасы) өткен НАТО Еуроатланттық апат пен зілзалаға ден қою үйлестіру орталығының шақыруы бойынша Химиялық, биологиялық, радиологиялық заттардың жайылып кетуіне қатысты инциндеттерге жедел қызметінің ден қою нұсқаушыларына арналған халықаралық курстарына Төтенше жағдайлар комитеті «Қарағанды облысы ТЖД Жедел және құтқару жасағы» ММ Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау қызметінің басшысы – құтқарушы М.Т. Рахимов қатысты.
38. 2015 жылғы 24-27 тамыз аралығында трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерінде Ресей Федерациясының іргелес өңірлерінің төтенше жағдайлары бойынша аумақтық органдарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында, төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы жаңа тәсілдерді енгізу және қолдану бойынша тәжірибемен алмасу мәселесі бойынша кеңеске қатысу үшін ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарының басшылығымен 4 қызметкері Новосібір қ. (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілді.
39. 2015 жылғы 25 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қырғызстан ТЖМ Мемлекеттік сүңгуірлер даярлау және су асты техникалық жұмыстары орталығында «Сүңгуірлік іс» тақырыбында ХАҚҰ практикалық оқу курсын өткізді, оған «Орталық өңірлік аэромобилді жедел-құтқару тобы» ММ-нің құтқарушысы Д.Б. Қайыров қатысты.
40. 2015 жылғы 2 қыркүйекте американдық тараптың өтініші бойынша Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Дж. Кролдың министрдің орынбасары В. Божкомен кездесуі өтіп, қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың болашақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту туралы уағдаластыққа қол жетілді.
41. 2015 жылғы 3-23 қыркүйек аралығында Соннам қ. (Корея) KOICA-JICA бірлескен «әлеуетті даму бойынша бағдарлама: баурайда көшкіндердің және қауіптіліктің алдын алу» ұйымдастырылды. Оған қатысқандар ТЖААБ бас сарапшысы К. Тасыбаева мен «Казселденқорғау» ММ бас инженер-гидротехнигі Б.Ж. Әбішев.
42. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
В. Божконың Өрт сөндіру және құтқару спорт бойынша XI Әлем чемпионаты (2015 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Санкт-Петербург қаласында) және
9-12 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) 2-ші өрт сөндірушілер және құтқарушылардың 2-ші Халықаралық форумына қатысу бойынша іссапары дайындалды.
43. 2015 жылғы 7-8 қыркүйек аралығында Астана қ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XXVIII отырысы өтті (ТЖ бойынша МАК). ТЖ бойынша МАК XXVIII отырысының жұмысына Атқару комитетінің төрағасының орынбасары – ТМД Атқару хатшысы, соңдай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің төтенше ведомстволарының делегациялары қатысты. Отырыстың барысында қатысушылар Кеңестің 2014-2015 жылдардағы қызметінің нәтижелерін жинақтап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықтың келешектегі жетілдіру мәселелерін талқылады. Әсіресе төтенше жағдайлар туралы өзара хабарландыру, ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы кадрларды дайындау мен оқыту мәселелері, сондай-ақ 2015-2016 жж. арналған МАК негізгі ісшараларының жоспары бекітілді. Сонымен қатар ісшараның шеңберінде жоғары технологиялар мен ғылым саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымының ғылыми үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
44. 2015 жылғы 8 қыркүйек аралығында Исламабад қ. (Пәкістан Ислам Республикасы) Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі Төтенше жағдайлар саласындағы сенім шаралары бойынша өңірлік техникалық топтың 4-ші отырысына Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары В.Р. Беккер қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты – Қазақстан және Пәкәістанмен әзірленген Азиялық дүлей зілзалаларға дайындық бойынша орталықтың (АДЗДО) техникалық жәрдемі арқасында Дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен басқару бойынша жол картасын келісу мен бекіту болды, оны 2015 жылғы желтоқсан айында 5-ші Министрлік конференциясында ұсыну мақсатында. Отырыс «Азия жүрегі» елдерінің барлық аумақтық техникалық үйлестірушілерімен бір ауыздан келісілген тиісті мәлімдеменің қабылдауымен аяқталды.
45. 2015 жылғы 13-20 қыркүйек аралығында Бад-Нойенар-Арвейлер қ. (Германия Федеративтік Республикасы) өткен НАТО Химиялық, биологиялық, радиологиялық заттардың жайылып кетуіне қатысты инциндеттерге жедел қызметінің ден қою нұсқаушыларына арналған халықаралық курстарына Төтенше жағдайлар комитеті «Орталық өңірлік аэрооңтайлы жедел және құтқару жасағы» ММ Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау қызметінің басшысы – құтқарушы Ж.Б. Кәмерденов қатысты.
46. 2015 жылғы 14-15 қыркүйекте Алматы қ. «Көші-қон және төтенше жағдайларға дайындық» тақырыбы бойынша өңірлік тренинг өтті. Өңірлік тренингтің мақсаты – төтенше жағдайларға дайындық және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту саласындағы халықаралық озық тәжірибемен алмасу және осы салада халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты болашақта нығайту үшін жолдарын табу. Осы іс-шараға қатысушыларға Көші-қон дағдарыстарын басқару бойынша ХКҰ негіздемелік механизмі, сондай-ақ осы механизм шеңберінде үйлестірушілер желісін құру мүмкіндігі таныстырылды. Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және халықты оқыту бөлімінің бастығы А.Т. Ертаев пен Төтенше жағдайларды жою басқармасының Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қ.О. Тұрысбаев қатысты.
47. 2015 жылғы 21-22 қыркүйекте Сочи қ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божконың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше-мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің сегізінші отырысы мен ҚР ІІМ, Беларусь Республикасы ТЖМ және Ресей ТЖМ Бірлескен алқасының отырысы болды.
Үйлестіру кеңесі отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы генерал-полковник Н.Н. Бордюжа, Армян Республикасы Төтенше жағдайлар және аумақтық басқарма министрі генерал-майор А.Г. Ерицян, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант В.А. Ващенко, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор К.А. Боронов, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар салдарын жою істері министрінің орынбасары генерал-полковник А.П. Чуприян, Тәжікстан Республикасы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы генерал-полковник Х.С. Абдурахимов қатысты.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шараларға ТЖК төрағасының орынбасары С. Әубәкіров, Штаб-бақармасының бастығы М. Макаева, ХЫБ басшысы А. Григорян және ХЫБ бас сарапшысы А. Жанғожинов қатысты.
48. 2015 жылғы 12-16 қазан аралығында Пхенчан қ. (Корея Республикасы) Корея Республикасының Орман шаруашылығының қызметі аталуы «Өткенің оты, келешектің оты» орман өрттер бойынша 6-шы Халықаралық конференциясын өткізді, оған ӨСҚЖҰБ бастығы Р.Ф. Камалов қатысты.
49. 2015 жылғы 16 қазанда ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінің отырысы шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.
50. 2015 жылғы 21 қазанда министрдің орынбасары В. Божконың БҰҰ Гуманитарлық мәселелер бойынша басқармасының (ГМБ) директоры Рашид Халиков және БҰҰ ГМБ Орталық Азия мен Кавказдағы Өңірлік кеңсенің басшысы Марсель Вассенмен кездесуі өтті. Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерінің бастамасымен өтті.
51. 2015 жылғы 26-30 қазан аралығында Бейжің қ. (ҚХР) ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасы А.С. Григорян Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі шеңберінде «Азия жүрегі» өңірінде төтенше жағдайлар саласындағы сенім шараларын жүзеге асыру мақсатында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды басқару бойынша семинарға қатысты.
Семинардың негізгі аспектілерінің бірі төтенше жағдайларды жою кезінде үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Қытай Азаматтық әкімшілік министрлігімен, сондай-ақ Қытайдың құтқару қызметтерімен әрекеттестікте Қытайдың мемлекеттік органдарының қызметімен, сонымен қатар Қытайдың құтқарушы қызметтерімен танысу болып табылды.
52. 2015 жылғы 27-28 қазан аралығында Бангкок қ. (Таиланд Корольдігі) Азия және Тынық мұхит мемлекеттері үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссияның Зілзалалар қауіпін азайту комитетінің Төртінші сессия өтті, оның жұмысына ХЫБ бас сарапшысы А.Ж. Сейітбаева қатысты.
53. 2015 жылғы 30 қазанда Душанбе қ. (Тәжікстан) ТМД Үкіметі басшылары кеңесінің отырысы шеңберінде 1993 жылғы 22 қаңтардағы Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара іс-қимыл туралы ТМД қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
54. 2015 жылғы 2-7 қараша аралығында Бангкок қ. (Таиланд Корольдігі) БҰҰ Босқын істері Жоғарғы Комиссары Басқармасы (UNHCR) мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) ұйымдастырылған «Қауіпсіздік қауіптерін басқару» атты тренингке қатысу үшін Төтенше жағдайлар комитеті Ақпараттық талдамалық басқармасының бас сарапшысы Ж. Бейсембин іссапарға жіберілді.
Осы курстың мақсаты жалғасып жатқан әскери қақтығыстар, тұрақсыз саяси және шиеленіскен криминалдық жағдайдағы елдерде гуманитарлық бағдарламалар және даму бағдарламалары басшыларын және менеджерлерді қауіпсіздік тәуекелдерін басқару әдістерімен және құралдарымен таныстыру болып табылады.
55. 2015 жылғы 4-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасында БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) дамуға ресми көмек саласында қызметімен танысу мақсатында қазақстандық делегация құрамында ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Э.Қ. Төребекова аталған мемлекеттері Бішкек қ. және Душанбе қ. өңірлік кеңселеріне сапар жасады.
56. 2015 жылғы 10-13 қараша аралығында Прага қ. (Чех Республикасы) ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасы азаматтық қорғаныс және халықты оқыту шараларын жоспарлау бөлімінің бастығы капитан Аян Талғатбекұлы Ертаев химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық инциденттерге кезек күттірмейтін ден қою қызметтерінің нұсқаушылары үшін НАТО ХБРЯ апатты болдырмау халықаралық курстарға қатысты.
57. 2015 жылғы 11-12 қараша аралығында Тбилиси (Грузия) және Степанаван (Армения) қалаларында БҰҰ Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерде зілзалалар қауіпін азайту бюросы кеңсесімен ұйымдастырылған «Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ мемлекеттердегі қалалардың төзімділігі» атты жобаның ұлттық үйлестіруші ретінде Төтенше жағдайлар комитеті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Марат Майданұлы Хасенов аталған жобаның жинақты семинарына қатысты.
58. 2015 жылғы 11-12 қараша аралығында ҚР ІІМ делегациясы Қытай Халық Республикасы Сычуань провинциясы Чэнду қаласында Қытай Азаматтық әкімшілік министрі Ли Лиго басшылығымен ШЫҰ мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесімен айналысатын ведомстволары басшыларының сегізінші кеңесіне қатысты.
Қазақстандық тарапынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божко, ТЖК Төрағасының Орынбасары В. Беккер, ХЫБ басшысы А. Григорян және ХЫБ бас сарапшысы А. Жанғожинов кеңеске қатысты.
59. 2015 жылғы 16-18 қараша аралығында ТЖК Төрағасының орынбасары Жұмашевтің басшылығымен ТЖК делегациясы Брюссель қаласындағы (Бельгия Корольдігі) Еуропа Одағы Төтенше ден қою үйлестіру орталығына барды. Сапар мақсаты орталықтың қызметін ұйымдастыру және оны жабдықтаумен танысу болды.
60. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою министрлігі Бірлескен алқасының үшінші отырысының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі (Сочи қ., Ресей) хаттамасының 3-тармағын жүзеге асыру үшін Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Беккер В.Р. (қазақстандық тарапының төрағасы) басшылығымен ТЖК делегациясы Біріккен ғылыми-техникалық кеңестің отырысына (2015 жылғы 18-19 қараша, Гомель қ., Беларусь Республикасы) қатысты.
61. 2015 жылғы 19-20 қараша аралығында Алматы қаласында «Сейсмикалық қауіптерге Оңтүстік Шығыс Қазақстанның қала және ауыл қоғамдастықтарының төзімділігін күшейту» ҚР Үкіметі/ҚР БҰҰДБ DIPECHO VIII бірлескен жоба шеңберінде Сейсмикалық қауіптерді басқару өзекті проблемалары бойынша өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. ТЖК Төрағасы В. Петров және ХЫБ бас сарапшысы А. Жанғожинов конференцияға қатысты.
62. 2015 года 20 қарашада Қазақстан Республикасына Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті М. Ганидің ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
63. 2015 жылғы 24-25 қараша аралығында Ашхабад қ. (Түрікменстан) Орталық Азия мемлекеттерінің ТЖ және дүлей зілзалалардың алдын алу және оларға ден қою мәселелері бойынша өңірлік министрлік конференция өтті.
ТЖК Төрағасы Орынбасары Ж. Жұмашев және ХЫБ бас сарапшысы А. Жанғожинов конференцияға қатысты.
64. 2015 жылғы 29 қараша – 4 желтоқсан аралығында Швецияның «SIDA» халықаралық даму агенттігімен дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ынтымақтастықты орнату мақсатында екіжақты консультациялар өткізілді. Консультациялар мақсаты – ДРК саласында Швецияның тәжірибесін зерттеу, ҚР мемлекеттік органдары өкілдерінің ДРК саласында хабардылықты арттыру және сарапшылық әлеуетін дамыту. ҚР ІІМ ТЖК-нан Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян қатысты.
65. 2015 жылғы 30 қарашада Елбасы «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.
66. 2015 жылғы 23 желтоқсанда Министрдің орынбасары В. Божко Ресейдің ТЖМ-не 25-жылдығы және Ресей Федерациясының Құтқарушысы Күніне арналған салтанатты шараларға (Мәскеу қ.) қатысты.