99 2018 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының бесінші отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқыланды.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы А.М. Жанғожинов қатысты.

2018 жылғы 9 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК-де Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Азиялық дүлей зілзалаларға әзірлік орталығының атқарушы директоры Ханс Гуттманмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
mero2018 1 mero2018 1 mero2018 1

2018 жылғы 21 қаңтар 10 ақпан аралығында Токио қаласында өткен «Жер сілкінісінен қорғау және сейсмотұрақты технологиялары» Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігімен (JICA) ұйымдастырылған оқу курсына ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының орынбасары А.С. Мырзабаев және Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е.Ә. Әлібеков қатысты

2018 жылғы 12 – 13 ақпан аралығында Душанбе қаласында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы А.М. Жанғожинов қатысты.

2018 жылғы 15-16 наурыз аралығында Астана қаласында Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының мүше мемлекеттері Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті.

2018 жылғы 16 наурызда ҚР ІІМ ТЖК-де ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары орынбасары М.М. Күлдіковтің ДДСҰ қоршаған орта мен денсаулық сақтау бойынша Еуропалық орталығының сапаршы Ирина Застенскаямен кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2018 жылғы 26 – 28 наурыз аралығында Доха қаласында (Қатар Мемлекеті) өткен Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Атқарушы кеңесінің 51-ші және Бас Ассамблеясының 23-ші отырыстарына ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Г.М. Қайсанова қатысты.

2018 жылғы 28-29 наурызда Санкт-Петербург қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің жанындағы консультативтік-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жумысына ҚР ІІМ ТЖК Заң басқармасының басшысы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің жанындағы консультативтік-сараптамалық кеңесінің мүшесі С.М. Жұматов қатысты.

2018 жылғы 29-30 наурызда Ақтау қаласында «TENIZ-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығуын жоспарлау мақсатында Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Түрікменстан, Ресей Федерациясы) құзыретті органдары сарапшыларының кездесуі өтті.

2018 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар ведомствалары басшыларының аймақтық форумы өтті.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин қатысты.

2018 жылғы 4-5 мамыр аралығында ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы М.М. Хасенов Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі/БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және Қазақстандағы өкілдігінің Еуропалық Одығы Ынтымақтастық департаментінің басшысы Йоханнес Стэнбэк мырзаларымен бірге Ақтобе облысына жұмыс сапарына қатысты.

2018 жылғы 15-16 мамырда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Н. Амрин және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян қатысты.

2018 жылғы 18 мамырда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ және Қырғыз Республикасы ТЖМ Алқасының бірлескен отырысы өтті
Казақстан делегациясын Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин басқарды

2018 жылғы 24-25 мамырда Ақтау қаласында «TENIZ-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығуын жоспарлау мақсатында Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретті органдары сарапшыларының кезекті кездесуі өтті.

2018 жылғы 6-9 маусымда Мәскеу қаласында қауiпсiздiк қамтамасыз етудiң «Кешенді қауіпсіздік - 2018» ХI-ші Халықаралық салоны өтті.
Іс-шарасына ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары С.К. Битаев мен ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру басқармасы өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары бөлімінің бастығы Р.А. Назуров қатысты.

2018 жылғы 20-22 маусым аралығында Исламабад қаласында (Пәкістан) ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары полковник Т.К. Нұрмағамбетов және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Р.Е. Күдербаев Стамбул процесі шеңберіндегі Төтенше жағдайлар саласындағы сенім шаралары бойынша өңірлік техникалық тобының 6-шы отырысына және «Төтенше жағдайларды басқару саласындағы Пәкістанның тәжіребесін қолдану» Халықаралық конференциясына қатысты.
0mezh 1 0mezh 1 0mezh 1

2018 жылғы 26-27 маусымда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер, ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.М. Хасенов және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдері үшін Зілзала қаупін азайту бойынша Екінші Субаймақтық платформасына қатысты.

2018 жылғы 3-6 шілде аралығында Ұланбатыр қ. (Моңғолия) Ішкі істер министрдің орынбасары Ю.В. Ильиннің басшылығымен «Зілзала қаупін алдын алу: орнықты дамуды қорғау» тақырыбы бойынша Зілзала қаупін азайту жөніндегі Азия елдерінің министрлер конференциясына ҚР ІІМ делагациясы қатысты.

2018 жылғы 19-21 шілде аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XXXI отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер қатысты.

2018 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин Ресей Федерациясы ТЖМ Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекттік өртке қарсы қызмет университеті курсанттарының салтанаты бірінші шығарылымына қатысты.

2018 жылғы 2-3 тамызда Маңғыстау облысында Каспий маңы мемлекеттерінің «TENIZ-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығуда Қазақстан ІІМ, Ресей ТЖМ, Әзірбайжан ТЖМ, Түрікменстан қорғаныс министрлігінің (бақылаушы ретінде), Қатар ІІМ (бақылаушы ретінде) делегациялары қатысты.

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерінің қатысуымен «Жартас-2018» ІІІ бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

2018 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бірінші отырысы өтті. Іс-шара төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің қорытынды құжаттарына қол қойылды. Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі он бірінші отырысының хаттамасы қабылданды, онда барлық қабылданған шешімдер жазылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2018 жылғы 17-21 қыркүйекте Бейжің қаласында (ҚХР) өткен Ауғанстан жөніндегі Ыстанбұл үдерісі шеңберіндегі Төтенше жағдайлар саласындағы сенім шараларын іске асыру мақсатында «Төтенше жағдайларды жоюға арналған материалдық резерві» халықаралық семинарына ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының орынбасары ЖС Асқаров мен ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы РЕ Кудербаев қатысты.

2018 жылғы 25 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында Беларусь Республикасы ТЖМ, Казақстан Республикасы ІІМ, Ресей Федерациясы ТЖМ бірлескен VI Алқасының отырысы және Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы құтқару ведомстваларының IV біріккен ғылыми-техникалық кеңес өтті.

2018 жылғы 9-10 қазан аралығында Ашхабад қаласында (Түркменстан) ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары полковник Т.К. Нұрмағамбетов ОАӨЭЫ Бағдарламасы Ұлттық үйлестірушілерінің консультациялық кеңесіне қатысты.

2018 жылғы 11 қазанда ҚР ІІМ ТЖК-те ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Р. Беккердің Апат қаупін азайту мәлелелері бойынша БҰҰ Басқармасы Еуропа бөлімінің басшысы Паола Албрито ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2018 жылғы 12 қазанда Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының 6-шы отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқыланды.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин қатысты.

2018 жылғы 29-31 қазан аралығында Доха қаласында (Қатар) ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары полковник Т.К. Нұрмағамбетов «Milipol Qatar 2018» қауіпсіздік көрмесіне қатысты.

2018 жылғы 21-23 қараша аралығында Рим қ. (Италия Республикасы) ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майоры В.Беккер және ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Хасенов БҰҰ Апат тәуекелдерін қысқарту бойынша Еуропалық форумына қатысты.
30 Vizit v iTaliu 1 30 Vizit v iTaliu 1 30 Vizit v iTaliu 1

2018 жылғы 27-30 қараша аралығында Амстердам қаласында ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.Н. Амрин ұшқышсыз ұшақтардың көрмесіне қатысты. amrin

2018 жылғы 10 желтоқсанда ІІМ ТЖК-де ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Беккердің және БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары В.Времиштін кездесуі өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.