27.01.17 2017 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының төртінші отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқыланды.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы С.Ғ. Әубәкіров, ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
А.М. Жанғожинов қатысты.

2017 жылғы 22 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК-де Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Қазастан Республикасының Үнді Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.С. Сәрсенбаевтың басшылығымен Үнді Республикасының делегациясымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

22.02.17 1 22.02.17 2


2017 жылғы 14-15 наурыз аралығында Минск қаласында ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жанынан жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян қатысты.

2017 жылғы 31 наурызда Душанбе қаласында Орталық Азия елдерінің дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі төтенше жағдайлар ведомствалары басшыларының өңірлік кездесуі өтті.
Конференцияда Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы уәкілетті министрліктерінің мен ведомстваларының басшылары және өкілдері, дипломатиялық миссияларының өкілдері, донорлық ұйымдары және БҰҰ агенттіліктері қатысқан.
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян қатысты.

2017 жылғы 17 сәуірде ҚР ІІМ ТЖК-де Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Қытай Халық Республикасы Су ресурстары министрлігінің делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
17.04.17 1 17.04.17 1   17.04.17 1  

2017 жылғы 19 сәуірде Санкт-Петербург қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің жанындағы консультативтік-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жумысына ҚР ІІМ ТЖК Заң басқармасының басшысы С.М. Жұматов қатысты.

2017 жылғы 24-28 сәуір аралығында Вышков қаласында (Чех Республикасы) Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядерлық (ХБРЯ) қауіпсіздік саласындағы төтенше қызметтерінің нұсқаушылары үшін халықаралық курстарына ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау басқармасы бастығының орынбасары А.Т. Ертаев және ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру басқармасының Өрт сөндіру бөлімінің бас маманы А.М. Кусаинов қатысты.


2017 жылғы 1-4 мамыр аралығында Инчхон қаласында (Корея Республикасы) «Сендай шекті бағдарламасын ұлттық және жергілікті деңгейлерде түсіну бойынша Жаттықтырушылар үшін Жаттығуы: Зілзаларды азайту бойынша жоспарларды және стратегияларды дамыту» семинарында ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
А.М. Жанғожинов қатысты.


20 inchhon 1 20 inchhon 2 20 inchhon 3

2017 жылғы 8 – 9 мамыр аралығында Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Атқарушы кеңесінің 50-ші отырысына ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов қатысты

2017 жылғы 23-25 мамыр аралығында Мәскеу қаласында ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Н. Амрин және ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыстық жағдайлардағы басқару орталығы Жедел ақпарат дайындау бөлімшесінің инженері Н.А. Қайырбеков төтенше жағдайларды мониторингтеу және болжау технологияларын жетілдіру мәселелері бойынша оқыту тренингінде қатысты.

2017 жылғы 22-26 мамыр аралығында Канкун қаласында (Мексика) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин және ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы М.М. Хасенов Зілзалалардың қауіп-қатерін төмендету жөніндегі жаһандық платформаның сессиясына қатысты.

2017 жылғы 30-31 мамыр аралығында Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) «Хазар – 2017» халықаралық кешенді оқу-жаттығуын жоспарлау мақсатында Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретті органдары сарапшыларының кездесуінде ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасы Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Д.Ж. Алдабеков және Маңғыстау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Е.Ж. Мұрзахметов қатысты.

2017 жылғы 6-9 маусымда Мәскеу қаласында қауiпсiздiк қамтамасыз етудiң «Біріктірілген қауіпсіздік - 2017» Х-шы Халықаралық салоны өтті.
Іс-шарасына ҚР ІІМ ТЖК төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер мен ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметінің жұмысын ұйымдастыру басқармасының бастығы А.А. Құдайбергенов қатысты.

2017 жылдың 16 маусымында Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының XIII отырысына қатысты.

2017 жылғы 13-16 маусым аралығында Мәскеу қаласында ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері «Тұрақты қалпына келтіру үшін тәуекелдерді, келтірілген шығындарды және қажеттілікті бағалауы» Дүниежүзілік банкының тренингіне қатысты.

2017 жылғы 22 маусымда Астана қаласында ғарыш мониторингінің және төтенше жағдайларды болжауының бірлескен жүйесіні құру бойынша қазақстан-ресей жұмыс тобының отырысы өтті.

2017 жылғы 23 маусымда Минск қаласында ҚР ІІМ ТЖК-нің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университеті курсантарының салтанаты шығарылымына қатысты.
2017 жылғы 24 маусымда Мәскеу қаласында ҚР ІІМ ТЖК кадр жұмысы басқармасының бастығы С.С. Бекмағамбетов Ресей Федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы және Мемлекттік өртке қарсы қызмет академиясы курсанттарының салтанаты шығарылымына қатысты.

Hohhot July 2017 жылғы 12 шілдеде Хух-хото қаласында (ҚХР) ҚР ІІМ ТЖК қызеткерлері Шанхай ынтамақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерімен айналысатын аумақтық органдар басшыларының 6-кездесуіне қатысты.

23 2017 жылғы 13 шілдеде ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер Шверцария «Connectic» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттер төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесімен айналысатын ведомстволары басшыларының 9-ші Кеңесі өтті
Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы
А.М. Жанғожинов қатысты.

2017 жылғы 14-26 тамыз аралығында Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымымен ұйымдастырылған суасты құтқару жұмыстары бойынша сүңгуірлеріне арналған оқыту курстарына қатысты.

2017 жылғы 22-25 тамыз аралығында Харбин қаласында (КХР) ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары А.Т. Ертаев «Қоғамда табиғат апатын болдырмау және азайту әлеуетін арттыру» тақырыбы бойынша ХАҚҰ-ның семинарына қатысты.

2017 жылғы 13 қыркүйекте Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одағының «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламенті әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобынының отырысына ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бастығы Р.А. Бейсенгазинов қатысты.

2017 жылғы 13 қыркүйекте ҚР ІІМ ТЖК-де Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2017 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында Санкт-Петербург қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің консультативтік-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жумысына ҚР ІІМ ТЖК Заң басқармасының басшысы
С.М. Жұматов қатысты

2017 жылғы 29 қыркүйекте Астана қаласында Беларусь Республикасы ТЖМ, Казақстан Республикасы ІІМ, Ресей Федерациясы ТЖМ бірлескен
V Алқасының отырысы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттері құтқару ведомстваларының III біріккен ғылыми-техникалық кеңес өтті.
11 2 SK 3 11 3

MGS 1 2017 жылғы 2-3 қазан аралығында Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлары бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XXX отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы генерал-майор В.Р. Беккер мен ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы
Э.К. Төребекова қатысты.

2017 жылғы 18 қыркүйек - 6 қазан аралығында АҚШ-та өткен «Апаттық жағдайлардың салдарын жоюға дайындық – апатты жағдайларында басқару» семинарына ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары А.Т. Ертаев қатысты.

2017 жылғы 11–13 қазан аралығында Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен «Тұрақты дамыту үшін тiршiлiкті арттыру» конференциясына ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов қатысты.

ODKB 1 2017 жылғы 17 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) беларус тарабының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің тоғызыншы отырысы өтті.
ODKB 2 Қазақстандық тарапынан аталған іс-шарасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин, ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян және ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы А.М. Жанғожинов қатысты.

2017 жылғы 23 қазанда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде ҚР ІІМ ТЖК Төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов БҰҰ-ның Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

2017 жылғы 2-3 қараша аралығында Баку қаласында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары М.М. Күлдіковтің басшылығымен ҚР ІІМ ТЖК делегациясы «Хазар-2017» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуына қатысты.

2017 жылғы 6-11 қараша аралығында ҚР ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян Душанбе қаласында өткен Жапония халықаралық ынтымақтастағы жөніндегі агенттігінің (JICA) Тәжікстандағы жобалық қызметімен танысуға бағытталған тренингіне қатысты.

2017 жылғы 7-9 қараша аралығында Тбилиси қаласында (Грузия) ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы М.М. Хасенов Азиялық даму банкімен ұйымдастырылған «Дамуды жоспарлау және инвестициялау кезінде ауа райының өзгеруін және зілзала тәуекелін басқару» тақырыбы бойынша оқу семинарына қатысты.

2017 жылғы 28 қазан - 18 қараша аралығында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары С.К. Битаевтың басшылығымен ҚР ІІМ ТЖК делегациясы АҚШ-та өткен «Төтенше жағдайларға жауап қатуға дайындық және апаттарды басқару» тақырыбы бойынша оқу курсына қатысты.

2017 жылғы 28 қараша – 1 желтоқсан аралығында Нанкин қаласында (ҚХР) ҚР ІІМ ТЖК қызметкерлері «Командир» дағдарыс жағдайларында басқару жөніндегі семинарына қатысты.

2017 жылғы 6-8 желтоқсан аралығында Бонн қаласында (Германия) ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы М.М. Хасенов «2015-2030 жылдарға арналған апаттар тәуекелін азайту бойынша Сендай шеңберлік бағдарламасына мониторинг жасау процесі» тақырыбы бойынша семинарына қатысты.