Принтерге шығару

Өрт сөндіру депосы

Өрт сөндіру деполарын салу және күрделі жөндеу

 Бүгінгі күні еліміздің аумағын өртке қарсы қорғауды 422 өрт сөндіру бөлімшелері жүзеге асырады, оның ішінде 113 (27%) – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 79 (19%) – облыстық маңызы бар қалаларда және 230 (54%) – республиканың ауылдық елді мекендерінде орналасқан.

 депо каз

 

 

Қаржыландырудың өтуімен соңғы 13 жыл (2005-2017 жылдар) республикалық бюджетке, республикада өрт сөндіру депосының 18 кешені салынды, оның ішінде Астана қаласы мен Ақмола облысында – 4-тен, Алматы қаласында – 2, Тараз, Жаңаөзен, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Арал қалаларында – 1–ден, сондай-ақ Атырау облысының Ганюшкино және Алматы облысының Достық кенттерінде – 1–ден.

 Бөлінген қаражат және өрт сөндіру депосы құрылысының динамикасы (млн.тг.)

2

2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қызылорда облысы Арал қаласына 6 шығуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. Бұл кешен Арал ауданы 3-ӨСБ (1980 ж. т.) бейімделген авариялық ғимараттарының орнына салынды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жергілікті атқарушы органдар есебінен салынған 4 шығуға арналған өрт сөндіру депосының кешенін коммуналдық меншіктен Алматы қаласының өрт сөндіру қызметінің балансына беру бойынша рәсімдер жүргізілуде.

 

3

Алматы қ.

4

 Аральск қ.

 

Өткен жылдың желтоқсанында құрылыс құнының өсуіне әкеп соққан анықталған барлық бұзушылықтарды жою нәтижелері бойынша 2016 жылы салынған Көкшетау қаласына 6 шығу жолы бар өрт сөндіру депосының ғимараты пайдалануға қабылданды (қабылдау актісі 28.12.2017 ж.).

Бұдан басқа, өртке қарсы қызмет объектілерінің инфрақұрылымын кеңейту мақсатында 2017 жылы жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен Астана және Атырау қалаларында жалпы сомасы 2 млрд.83 млн. теңге болатын 6 шығуға арналған өрт сөндіру депосының 2 кешенін салуға 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңдерді іске асыру мерзімімен шарт жасалды.

Сонымен қатар, өткен жылы жергілікті бюджеттен өрт сөндіру депосының құрылысына жалпы сомасы 184 млн.теңгеге 6 жобалау-сметалық құжат әзірлеу үшін қаражат бөлінді.

Жыл сайын ТЖК бюджеттік өтінімін қалыптастыру шеңберінде бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік сараптаманың қорытындыларымен өрт сөндіру деполарын салуға арналған қолда бар жобалық-сметалық құжаттарды іске асыруға қаражат мәлімделеді.

 

 

Айта кету керек, бүгінгі күні барлық қалалар мен ірі елді мекендер толық өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етілмеген, ол үшін кемінде 130 өрт сөндіру деполарының кешенін кезең-кезеңмен салу талап етіледі (авариялық деполарды есепке алмағанда), оның ішінде қалалық жерлерде 98 депо, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімшелерінен 20 км-ден астам қашықтықта орналасқан бес мың және одан да көп халқы бар елді мекендерде 32 депо.

Бүгінгі күні өрт сөндіру депосының жеткіліксіз санымен қатар 233 (55%) ғимараттар өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған бейімделген болып табылады және құрылыс нормаларының талаптарына жауап бермейді. Өрт сөндіру депосының жалпы санынан 23 ғимарат жалға алынатын болып табылады (11 типтік және 12 бейімделген).

Күрделі құрылыстың типтік жобалары бойынша өрт сөндіру депосының құрылысы едәуір шығындарды талап ететінін назарға ала отырып, тез тұрғызылатын қабырғалық сэндвич-панельдер мен блок-контейнерлердің көмегімен модульдік өрт сөндіру депосының құрылысын іске асыру бойынша мәселе пысықталуда.

6 7

 

Жұмыс қорытындысы бойынша аналитикалық іс-шаралар

 
2018 жылдың облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері Өрт сөндіру қызметтерінің жедел-қызметтік жұмысын талдау
Қазақстан Республикасында елді мекендердің, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекет меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өртке қарсы қорғауын 422 өрт сөндіру бөлімшелері, соның ішінде 114 (27%) – республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында, 78 (18%) – облыстық маңызы бар қалаларда және 230 (55%) – республиканың ауылдық елді мекендерінде жүзеге асырады.Күнделікті жауынгерлік кезекшілікте тәулік бойғы режимде шамамен 2880 өрт сөндіруші қызмет атқарады.Жарағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы 2770 бірлік техникадан тұрады, соның ішінде 1863 бірлік негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасы.
2018 жылы республиканың өртке қарсы қызмет бөлімшелері дабыл бойынша 55 102 шығу жасады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,8 %-ға кеміді.
Шығулар барысында кезекші қарауылдар 14 052 өрт жойды (2017 жылға қарағанда - 4,4 %), 5 057 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді (-1,2%), 34 259 жану сөндірілді (- 9,4 %) және 114 көрінеу жалған шақыртулар тіркелді.
Өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 4 301 адам құтқарылды және 22 567 адам.
Мәселен, 2018 жылы республика аумағында 67 ірі (көлемі 300 м2 және одан астам) және резонансты өрттер тіркелді, соның Астана, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 3-ден, Алматы облысында – 12, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында – 1-ден, Шығыс Қазақстан облысында – 13, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында – 4-ден, Шымкент қаласында, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 2 өрттен.
23 UODSP 1 23 UODSP 2
 
28 қаңтар Шымкент қаласындағы «Тойхана» объектісіндегі өрт
 
23 UODSP 3 23 UODSP 4
4 қараша Ақтөбе қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өрт
 
23 UODSP 5 23 UODSP 6
4 желтоқсан Алматы облысындағы «Ашыбұлақ» құрылыс базары аумағындағы өрт
 
Өрттің қауіпті факторларынан 412 (464) адам жарақат алды, қаза болғандар саны 434 (352) адам, оның ішінде 36 (48) балалар.
Өрттерді сөндіру бойынша кәсіби дағдыларды арттыру мақсатында 2018 жылы 1 143 өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді және ірі объектілерде және адамдар көп жиналатын объектілерде өрт-тактикалық сабақтарын өткізу үшін 12 171 шығу жүзеге асырылды. Өрт қауіпті кезеңге дайындалу барысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді жедел шешу мақсатында республика өңірлерінде жедел мобильді топтар құрылды.
Трансшекаралық сипаттағы ірі масштабты ТЖ туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды пысықтау үшін 2018 жылы Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарының ТЖ Департаменттерімен Челябинск, Тюмень, Орынбор, Новосибирск облыстары және Алтай аймағы бойынша Ресей ТЖМ аумақтық кіші жүйелерімен бірге табиғи өрттерге ден қою бойынша жаттығу жүргізілді.
Жаттығуды өткізу шеңберінде шекаралас аумақтарда туындайтын табиғи өрттерді сөндіру бойынша басқару органдарының өзара іс-қимылдары, сондай-ақ тараптардың алдын ала келісуі бойынша тартылған күш және құралдардың тізімін түзете отырып өткізу пункттарында қатысатын өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін мемлекеттік шекаралардан оңайлатылған өту тәртібі пысықталды.
 
2017 жылдың облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері
Өрт сөндіру қызметтерінің жедел-қызметтік жұмысын талдау
Қазақстан Республикасында елді мекендердің, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекет меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өртке қарсы қорғауын 422 өрт сөндіру бөлімшелері, соның ішінде 113 (27%) – республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында, 79 (19%) – облыстық маңызы бар қалаларда және 230 (54%) – республиканың ауылдық елді мекендерінде жүзеге асырады.
Күнделікті жауынгерлік кезекшілікте тәулік бойғы режимде шамамен 2600 өрт сөндіруші қызмет атқарады.
Жарағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы 2722 бірлік техникадан тұрады, соның ішінде 1832 бірлік негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасы.
2017 жылдың 6 айында республиканың өртке қарсы қызмет бөлімшелері дабыл бойынша 23456 шығу жасады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға артқан.
Шығулар барысында кезекші қарауылдар 6221 өрт жойды
(2016 жылға қарағанда +8,9 %), 2864 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді (-11,6%), 13 717 жану сөндірілді (+ 17,2 %) және 113 көрінеу жалған шақыртулар тіркелді.
Өртті сөндіру және авариялық-құтқару жмыстарын жүргізу барысында 3112 адам құтқарылды және 13025 адам, 1,1 млрд. теңге сомасына тауарлық-материалдық құндылықтар эвакуацияланды.
Мәселен, 2017 жылдың 6 айында республика аумағында 26 ірі
(көлемі 300 м2 астам) және резонансты өрттер тіркелді, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 6 өрт, Алматы қаласы, Алматы Қарағанды облыстарында 3 өрттен, Жамбыл облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2 өрттен, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір өрттен.
16 2
2017 жыл 17 мамыр. Қарағанды қ. Аяқ киім фабрикасы
16 1
2017 жыл 20 мамыр Қарағанды қ. Күнгей автокешені.
16 7
2017 жыл 23 маусым Шымкент қ. «Шымкент Мұнай өнімдері» АҚ мұнай базасы
Халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесі шеңберінде өткізілетін азаматтық қорғау іс-шараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кешенді шешілген.
16 6
Ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін Комитет 1218 адам жеке құрамнан, 118 бірлік техника мен 5 тікұшақтан тұратын күштер мен құралдардың топтамаларын қалыптастырды.
Негізгі міндет - ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларға уақтылы ден қою және өрт қауіпсіздігін сапалы қамтамасыз теу.
Бүгінгі күнге ЭКСПО-2017 барлық объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тұрақты бақылауды жүзеге асыруда. Комитеттің барлық жеке құрамы көрменің жабылауына дейін күшейтілген қызмет түрінде жұмыс атқаруда.
Топтамалар үш шеңберлі аймақтарда кезекшілікті көздейді, біріншісі – ЭКСПО аумағында, екіншісі - көрменің айналасында және үшіншісі – астана периметрі бойынша. Күнделікті кезекшілікке 469 адам жеке құрам және азаматтық қорғау бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің кең ауқымын кешенді түрде шешуге қабілетті әртүрлі 81 бірлік өрт сөндіру техникалары, авариялық-құтқару, медициналық және авиациялық техникалар тұрады.\
16 5
бірінші аймақ –ЭКСПО аумағында:
Күнделікті кезекшілікке 92 адам жеке құрам және 12 бірлік техника;
16 4
екінші аймақ – көрме айналасында:
Күнделікті кезекшілікке 317 адам жеке құрам, 43 бірлік техника, 7 жүзу құралдары және 5 тікұшақ;
16 4
үшінші аймақ – астана аумағында:
Күнделікті кезекшілікте 60 адам жеке құрам және 14 бірлік техника.
Бұдан басқа көрмені өткізу уақытында диспетчерлік пунктте ағылшын тілін еркін меңгерген волонтерлердің кезекшілігі ұйымдастырылған.
Тартылған жеке құрам ағылшын тілі курсын оқытудан өткен. "ЭКСПО-2017" дайындық шеңберінде ТЖК Көкшетау техникалық институты халықаралық көрме шеңберінде іс-шараларға тартылған қызметкерлер үшін қазақша-орысша-ағылшынша сөздік әзірленген. Барлығы сөдіктің 1000 данасы шығарылған және ТЖК, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері арасында таратылды.
 
2017 жылы республиканың өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен дабыл бойынша 59 103 шығу жүзеге асырылды, ол былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21% көп.
Шығулар барысында кезекші қарауылдармен 14 697 өрт жойылды (2016 жылға қарағанда + 5,4%), 5 119 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді (- 11,6%) және 37 813 жанулар сөндірілді (+ 37%). Өрттерді жою барысында 69 млрд. Теңгеден астам сомаға тауарлық-материалдық құндылықтар құтқарылды.
Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 4 808 (2016 жылы 3280) адам құтқарылды және 21 174 (28799) эвакуацияланды, қар құрсауынан техниканың 702 (1240) бірлігі босатылды.
Өрттің қауіпті факторларынан 464 (566) адам жарақат алды, қаза болғандар саны 352 (371) адам, оның ішінде 48 (50) балалар.
Өрттерді сөндіру бойынша кәсіби дағдыларды арттыру мақсатында 2017 жылы 1 141 өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді және ірі объектілерде және адамдар көп жиналатын объектілерде өрт-тактикалық сабақтарын өткізу үшін 11 197 шығу жүзеге асырылды.
Өрт қауіпті кезеңге дайындалу барысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді жедел шешу мақсатында республика өңірлерінде жедел мобильді топтар құрылды.
Трансшекаралық сипаттағы ірі масштабты ТЖ туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды пысықтау үшін 2017 жылы Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарының ТЖ Департаменттерімен Орынбор, Астрахань, Волгоград, Челябі, Омск, Қорған және Тюмень облыстары бойынша Ресей ТЖМ аумақтық кіші жүйелерімен бірге табиғи өрттерге ден қою бойынша жаттығу жүргізілді.
Жаттығуды өткізу шеңберінде шекаралас аумақтарда туындайтын табиғи өрттерді сөндіру бойынша басқару органдарының өзара іс-қимылдары, сондай-ақ тараптардың алдын ала келісуі бойынша тартылған күш және құралдардың тізімін түзете отырып өткізу пункттарында қатысатын өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін мемлекеттік шекаралардан оңайлатылған өту тәртібі пысықталды.
 

Газ түтінінен қорғау қызметі

Газтүтіннен қорғау қызметін 4 сағаттық қорғаныш жарамдылық мерзімі бар тыныс алу аппараттарымен жарақтау бойынша ақпарат

30 gaz 1 Газтүтіннен қорғау қызметін 4 сағаттық қорғаныш жарамдылық мерзімі бар тыныс алу аппараттарымен жарақтау бойынша ақпарат
Газтүтіннен қорғау қызметі бүгінгі таңда тыныс алуға жарамсыз ортада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгенде және өртке жедел ден қойған жағдайда ең тиімді буын болып табылады.
30 gaz 2 Оның бір жетілдірілген бағытының бірі неғұрлым ұзақ қорғаныш жарамдылық уақытымен қазіргі заманғы тыныс алу аппаратын сатып алу және жарақтарға қою, сондай-ақ өрт сөндіру, жеке құрамның көп уақыт болуын қажет ететін, күрделі конструктивті жоспары бар ғимараттар мен құрылыстарда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қойылған газтүтіннен қорғаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті болып табылады.
MSA AirElite 4h тыныс алу аппараты - регенерациясы бар тыныс алу қоспасы тұйық циклді аппарат, ұзақ уақыт бойы тыныс алуға жарамсыз ортада авариялық-құтқару іс-қимылдары мен өрт сөндіру бойынша жұмыстарын атқаруға мүмкіндік береді. Жұмыс уақыты 4 сағатты құрайды.
Калий тотығының көмегімен тыныс алу қоспасының регенерациясы орындалады.
30 gaz 4 Пайдалану уақытында химиялық канистраларға калий тотығымен шығарған ауа түседі. Біруақытта оттегі және жылу шығарумен, калий тотығы су буымен және көмірқышқыл газымен химиялық реакцияға түседі.
Оттегінің алу мөлшерінің қарқындылығы алынатын тынысқа байланысты.
Жиі тыныс алу кезінде (көмірқышқыл газының көп және артық ылғалдылық бөліну кезінде) түзілетін оттегінің көлемі артады және керісінше.
Шығарған ауаның температурасы тыныс алатын ауа қаптарының алдында орналасқан салқындатқыш есебінен төмендейді.
30 gaz 6 Аппарат ерекшелігі KO2 пайдалану кезінде мұз өндіру үшін оттегі баллондар, компрессорлар мен мұздатқыштар талап етілмейді.
Өрт сөндіру бөлімшелері жауынгерлік міндеттерін ойдағыдай орындау үшін жеке қорғану құралдарының деңгейіне, сондай-ақ оны сауатты және тиімді қолдануға байланысты ұдайы әзірлікте және жоғары жауынгерлік қабілетті болуға тиіс.
Газтүтіннен қорғаушыларды даярлаудың негізгі міндеті жеке құрамды өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдер мен амалдарына епті және тиімді оқыту болып табылады. Биік психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру. ТОЖҚҚ қолдану дағдыларын жетілдіру.
Сабақ тыныс алу аппаратының, бақылау аспаптарының, байланыс құралдарының, басқа да арнайы жабдық түрлерінің, оның ішінде қауіпсіздік құралдарының материалдық бөлігін практикалық игеруден басталады.
30 gaz 7 Өртті сөндіру іс-қимылдарының практикалық дағдыларын бекіту мақсатында, адамдарды құтқару кезінде өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ кез келген жағдайларға жоғары психологиялық төзімділік қалыптастыру, тікелей жаттығулар өткізіледі.
Жаттығуларды, нормативтер мен тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердің үй-жайлары, оқу мұнаралары, спорттық алаңдары, жылу - түтін камералары қолданылады.
30 gaz 8 Жаттығуларда, өртте және тыныс алуға жарамсыз ортада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын есепке алу, жылу - түтін камерасында жаттығуларды орындауда газтүтіннен қорғаушының жеке карточкасында көрсетіледі.
Газтүтіннен қорғау қызметін дамытудың басым бағыттары:
- газтүтіннен қорғау қызметі жұмысын ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
- жақсартылған тактикалық-техникалық параметрлерімен ТОЖҚҚ құру және жаңа түрлерін енгізу;
30 gaz 9 - газтүтіннен қорғау қызметін құру және материалдық-техникалық базасын дамыту;
- газтүтіннен қорғаушылар мен лауазымды тұлғалардың даярлау, кәсіби оқу сапасын арттыру, оны өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкестікке келтіру;
- ТОЖҚҚ пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша жауынгерлік
іс-қимылдарды ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
- басқару және бақылау қызметін жетілдіру;
- газтүтіннен қорғау қызметінің техникалық құралдарының қауіпсіз және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.
Газтүтіннен қорғау қызметін әрі қарай дамыту үшін, әлі күш салу қажет, сондықтан осы проблемаларды шешу таяу жылдарда газтүтіннен қорғау қызметін ұйымдастырудағы негізгі міндет болып табылады.
30 gaz 10 30 gaz 10 30 gaz 10 30 gaz 10