Өртті мемлекеттік бақылау

Статистика тексеру

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүзеге асыру шеңберінде 23382 тексеру (-12%, 2016 жылы – 26656 тексерулер) бақылау жүзеге асырылды, қорытындылары бойынша 70 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталған.
Жол берілген бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке 11180 жеке және заңды тұлғалар тартылды (-19%), салынған ақшалай сомасы жаза-ды құрады 387 млн. 442 мың теңге (-4%).
Сот органдарына өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан объектілерін 1444 әкімшілік материалдар бойынша тоқтата тұру қозғалған.
 
 
 
Кодекс Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050 Стратегиясы»: құрылған мемлекеттің жаңа саясаттық бағыты» атты Жолдауын орындау үшін әзірленген.
Кодекс 920 баптан тұратын 52 тараудан тұрады. Оның ішінде 4 жаңа тарау, 62 жаңа бап.
Кодекс:
- ескертуді әкімшілік жазаның түрі ретінде қолдануды кеңейтудегі, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін санкция мөлшерін екі есеге азайту және жеке тұлғалар үшін айыппұлдардың кейбір құрамын азайтудағы ізгілендіру;
- ведомстволық бағыныстылықты қайта қарау есебінен қамтамасыз етілген соттарға салмақты төмендету;
- әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімін жаңғырту жолымен әкімшілік заңнаманы реформалауға бағытталған.
Ол Жалпы, Ерекше және Рәсімдеу бөліктерге бөлінген қолданыстағы құрылымын сақтап қалды. Бұл ретте әр бөлігі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Жалпы бөлігіндегі негізгі өзгерістер
1. Лауазымды адамдар ретінде жауапты болатын тұлғалардың шеңбері қайта қаралған (30-бап). Бұл ең алдымен:
әкімшілік жауаптылық субъектісін айқындау кезінде сыбайлас жемқорлықтың көрінісі үшін жағдайды болдырмау қажеттілігімен;
және бірдей құқық бұзушылық үшін лауазымды және заңды адамдарды бірдей тарту мәселелерін жоюмен шартталған.
Бұдан басқа Кодекстің 30-бабымен лауазымды адамға жаңа түсінік берілген.
2. Құқық бұзушылықтың маңыздылығының шамалылығы кезінде, әрекетті өкінуіне, ахуалдың өзгеруіне және ауруына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату тәртібін регламенттеуші нормалары (67, 68, 71-баптар) алынып тасталған.
Ерекше бөлігіндегі негізгі өзгерістер
1. Коррупциогенді факторды жою үшін айыппұлдың белгілі мөлшері көзделді.
Қолданыстағы Кодексте айыппұл мөлшерлерінің «бекітілген» санының ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселен, қазіргі уақытта Кодексте 1383 құрамның 716-ы айыппұлдың абсолютті айқындалған мөлшерін көздейді (бұл 50 %-дан көп).
Осылайша, заң шығарушының біршама айқын санкциялардан (ашадан) бас тарту үрдісі қаралады.
Жоғарыда көрсетілген түзетулер қаралуы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзыретіне кіретін барлық баптарға қатысты болды.
2. Мемлекет басшысының заңдарды мүлтіксіз орындауға, оларды бизнеске қысым ету ретінде қолдануға жол бермеуге қол жеткізу қажеттілігі туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дифференцияланған жауаптылығы көзделді.
Мысалы, орта кәсіпкерлік субектілерінде активтердің бағасы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қарағанда бес еседен аса артық, ал айыппұл санкциялары бірдей болған.
3. Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 272-V Заңын енгізуге байланысты Кодекстің «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган» 686-бабына мемлекеттік инспекторлар бойынша ақшалай айыппұл салу құзыреттілігін арттыру бөлігінде өзгерістер енгізілген. Мұнымен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әкімшілік жазаларды салу кезінде құқық қолдану практикасындағы мәселе шешілген.
Мәселен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы осы Кодекске сәйкес өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өздігінен шешім қабылдауға құқылы.
Рәсімдеу бөлігіндегі негізгі өзгерістер
1.Тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартудың дифференцияланған рәсімі енгізілді (қысқартылған және жалпы тәртіп) (42-тарау).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қысқартылған өндіріс тұлға әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бірге алатын белгіленген үлгі түбіртегі бойынша (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы №373 бұйрығы) айыппұлды төлеген жағдайда жүзеге асырылады (тұлға жасалған құқық бұзушылық фактісіне сәйкес өз кінәсін мойындайды және айыппұлды еркін түрде төлеуге дайын және қарсылығы жоқ).
Бұл ретте қысқартылған тәртіп үшін тұлғаға хаттаманы тапсырған сәттен бастап жеті күн мерзімінде айыппұлдың жалпы сомасынан 50 % төлеу мүмкіндік түрінде ынталандырушы механизм көзделген.
Тұлға жасалған құқық бұзушылық фактісімен келіспеген жағдайда іс жалпы тәртіпте қаралады.
2.Кодекстің маңызды жаңалықтарының бірі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының 30%-нан аспайтындай етіп қысқартуға мүмкіндік беретін механизмді енгізу болып табылады (819-бап).
Жеңілдетілген мән-жайлар Кодекстің 56-бабында келтірілген.