Табиғи төтенше жағдайлар бойынша ақпарат

«2017 жылғы су тасқыны кезеңінің аяқталуы туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өтетін «2017 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы туралы» селекторлық кеңеске АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өтетін «2016 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың дайындығы туралы» селекторлық кеңеске АНЫҚТАМА
ҚАРЛЫ БОРАСЫН КЕЗІНДЕ ҮЙДЕ БОЛСАҢЫЗДАР
Сел – (гидрологияда «саиль» - «лайлы-тасты ағын») – ағын минералды бөлшектер, тастар мен тау жыныстары қалдықтарының өте көп шоғырланумен (ағын көлемі 50-60% дейін), әдетте нөсерлі жаңбырдың немесе қарқынды қардың еруінен кішкентай таулы өзен бассейндерінде және құрғақ апандарда кенеттен туындайды.
Көшкін (нем. Lawin, латын тілінде labina — көшкін) – тау бөктерлерінен құлайтын немесе сырғитын қардың жиынтығы.  
Тік бөктердегі көшкін пайда болу үшін  25—45° жеткілікті, бірақ тік бөктерінен көшкіннің жиыны 15—18° болатыны белгілі. Аса тіп тік бөктерлерде қар көптеп жиналмайды және түсуіне қарай аз мөлшерде дөңгелеп түседі.
Су басу  –  өзен немесе көлге іргелес жатқан жергілікті жерді су басу, ол материалдық залал тигізеді, халықтың денсаулығына шығын немесе адамдардың қаза табуына алып келеді.  Су басулар кезінде төмен орналасқан қала бөліктерінде, елді мекендерде, ауыл шаруашылығы дақылдар егістерінде, автомобиль жолдарында су басады немесе өнеркәсіптік және көлік объектілерінің зақымдануы және т.б болады.
Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.