Принтерге шығару

Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1.Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызмет болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агентігінің мемлекетік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысына сәйкес құрылды.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: Государственное учреждение «Западный региональный аэромобильный оперативно-спасательный отряд (город Атырау) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің орналасқан жері: пошта индексі 060015, Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік ауылы, Западно-Казахстанская көшесі 40а үй.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, бекітілген үлгідегі бланкілері болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
14. Мекеме қызметінің мәні төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсатқа жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізеді;
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша еліміздің аумағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еліміздің аумағынан тыс жерлерде төтенше жағдайларды жоюға қатысады.
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға маманданудың 3-тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
Терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Комитет төрағасына тура бағынысында болады және Министрге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзыретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа Мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Комитет төрағасына бекітуге бекітуге ұсынады;
14) Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Комитетке ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға және Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығару
және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуын қолдау;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Өзара қатынас және жұмыс тәртібі
34. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқаушы органның), мемлекеттік мекеме мен құрылтайшы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады. Мемлекеттік мекеме мен Еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас, жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
9. Мекемені қайта құру және тарату шарттары
35. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тарихи құрылымы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің құрылу тарихы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - БӨАЖҚЖ) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Жасақ кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
БӨАЖҚЖ 2000 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 400 Қаулысының негізінде құрылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №313 «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Қаулысының негізінде «Батыс өңірлік аэроұшқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне қосылу арқылы қайта құрылды.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 060015 индексі, Атырау қаласы, Бірлік поселкісі, Батыс Қазақстан көшесі, 40 «а».

Құрылым

Құрылымдық бөлiмше атауы және лауазымдары

Бірлік саны

1. Жасақ басшылығы

Жасақ жетекшісі - құтқарушы

1

Жасақ жетекшісінің орынбасары - құтқарушы

2

Барлығы:

3

2. Қызымет жетекшісі

Бас механик - құтқарушы

2

Бас құтқарушы – кезекшілік – диспетчерлик қызметинің маманы

1

Бас құтқарушы - дәрігер

1

Барлығы:

4

3. Құтқару бөлімшелері

Басшы - құтқарушы

6

Бас құтқарушы

10

Құтқарушы

3

Барлығы:

19

4. Бухгалтерия

Бас бухгалтер

1

Барлығы БӨАЖҚЖ:

27

 

Басшылық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің басшысы

photorik Ершат Исатайұлы Қибашев
Қибашев Ершат Исатайұлы Атырау облысында 1975 жылдың 21 шілдесінде дүниеге келді, ұлты қазақ.
Білімі: техникалық 1990-1994 ж.ж. Атырау қ. Теміржол транспорты техникумын «техник-путеец» мамандығы бойынша бітірген.
Жоғары білімі: 1999-2003 ж.ж.Атырау қ. Құқық және экономика институтының «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1996ж.01.08.- 1996ж.18.10. Атырау облысының Суда құтқару қызметінде бас маман болып жұмыс жасады.
1996ж.18.10.-2003ж.23.01. Атырау облысының Суда құтқару қызметі бастығының орынбасары болып жұмыс жасады.
1998-2003 жылдары Экономика және құқық Қазақстандық институтының «Құқықтану» факультетінде «заңгер» мамандығы бойынша оқыды.
2003ж.23.01.-2009ж.27.03. жылдары Атырау облысының Суда құтқару қызметінің бастығы болып жұмыс жасады.
2009ж.27.03.-2015ж.25.05. жылдары «Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.
2015ж.19.06.–2016ж.02.03. жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.
2017 жылдың 30 мауысымнан – осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» ММ басшысы болып жұмыс атқаруда.
Авариялық-құтқару жұмыстарын басшылыққа алу бойынша бірталай тәжірибесі бар. Бірнеше рет судағы ірі және қиын төтенше жағдайларды жоюға қатысты.
2007 жылы Каспий теңізі акваториясында батып кеткен «Баку» кемесін іздестіру – құтқару жұмыстарына белсене араласты, батып кеткен «Баку» кемесін іздестіру кезінде сүңгуірлер 2 күн бойы 4 сағаттан су астында болды.
2008 жылы Каспий теңізінде жоғалып кеткен 10 балықшыны іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.
2009 жылы Атырау қаласының Баймұханов-Мечниковте салынып жатырған көпірі құлаған кезде авариялық-құтқару жұмыстарына белсене қатысты.
ҚР ТЖМ 11.01.2011 жылғы №225 Өкіміне сай Орал облысында көктемгі су тасқыны кезінде авариялық – құтқару жұмыстарын басқарды. Су басқан тұрғындарға көмек көрсетіліп, олардың 12 құтқарылды, 170 адам көшірілді.
Өзінің мамандығын шебер меңгеруіне және міндеттерін жауапкершілікпен атқаруына байланысты, сонымен қатар Суда құтқару қызметінде адал қызмет еткені үшін бірнеше рет Төтенше жағдайлар департаменті және Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаттарына ие болды. Қызметтік міндетін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен «Төтенше жағдайларды алдын –алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Үйленген, үш баласы бар.
 
aitekenov Айтекенов Асқар Ыбырайұлы
Операциялар үшін Қазақстан ЗРАОСО КЧС Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік бастығының орынбасары
Білімі - жоғары.
1990-1993. Кәсіптік мектеп №7 Атырау; 05.05.1993ж бастап «дәнекерлеуші ММА» №394433. 2000-2006. Үздіксіз білім беру бөлімінің Атырау мұнай және газ институты «Технологиялық машиналар және жабдықтар» № 0731698
01.07.2006ж.оқыту курсынан «Атырау мел.колледжде Бірінші көмек».
12.12.11-14.12.11ж. 26.03.12.-06.04.2012ж. ТЖМ«қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты»;
10.09-21.09.2012жж. «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы».
01.04-28.06.2013жж. ЖШС «Оқу орталығы Ғасыр»
2.12.13.-13.12.2013жж. ҚР БҒМ Р.Б. GUO «қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты»; G-4 санаты; Құтқарушы Class 2; дайвер 3 kl.3 топ spets.rabot кеуде ҚР БҒМ «Tөтенше жагдайлар aғдaylar жүyeсіne еңбегі сіңгeн қызмeткeр» үшінші дәрежелі 24.08.2009ж бастап №739 л \ с. «Құтқарушы» 12.10.2012ж үшінші дәрежелі №584.
 
zhumaliev Жұмалиев Әділхан Сайханұлы
Жұмалиев Әділхан Сайханұлы 1984 жылы 1 маусымда Атырау облысы Индер ауданы Кулагино селосында дүниеге келген.
Еңбек жолы:
08.2004-10.2005 жж. - Атырау облыстық онкологиялық диспансері.
08.2005-05.2016 жж. - ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ – нің құтқарушысынан құтқару бөлімшесінің басшысы лауазымына дейін.
30.05.2016 ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ – нің басшысының орынбасары
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесі құтқару бөлімшесінің басшысы-құтқарушы, 2005 жылдың 5 тамыз айынан бастап қызмет етеді.
Өзінің еңбек жолын құтқарушы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған уақытында өзін жақсы жағынан көрсете білді. Жыл сайын «Қазкұтқару» халықаралық жиын - семинарына қатысқан, жұмыс бабына байланысты әр түрлі құтқарушылар дайындығынан өткен.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда мемлекеттік жұмыс бабында жоғары саясатты берік ұстанады.
2006 жылы қаңтар айында Каспий теңізінде МИ-8 тікұшағымен жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына қатысқан.
2007 жылы қырқүйек айында Атырау облысының Каспий теңізінде батып кеткен «БАКУ» кемесінің экипажын іздеу жұмыстарына қатысқан.
2009 жылы қаңтар айында Маңғыстау облысы бойынша күртік қар басып қалу салдарынан болған төтенше жағдайлардың зардабын жоюға белсенді қатысты.
2009 жылы қыркүйек айында Атырау қаласында қираған көпір астынан қаза тапқандардың денелерін шығару және адамдарды құтқаруға белсенді қатысты.
2011 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны салдарынан орын алған апаттың зардабын жою шараларына және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан.
2012-2015 жылдары Каспий теңізі жағалауында жоғалған балықшылар мен аңшыларды іздестіру шараларына және қыс мезгілінде адасқан азаматтарды құтқару жұмыстарына қатысты.
2016 жылы сәуір айында А.С.Жумалиевтың басшылығымен Ақтөбе облысында су тасқыны аумағында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен су тартылып шығарылып, жағаларды бекіту үшін бірнеше тонна инертті материалдар салынды.
А.Жумалиев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотосымен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгілерімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, сонымен қатар Атырау облысының әкімі және Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің грамоталарымен марапатталды.
 

Жабдықталуы

Жедел-құтқарушы бөлімшесінің арнаулы техникамен жабдықталуы

р/с

Атауы

БӨАЖҚЖ

1

2

3

2

Автокөлiк сүңгуiр жабдықтары жинағымен УАЗ, Газель

1

3

Автокөлiк медициналық жабдықтардың жинағымен, УАЗ, Газель

1

4

Жедел-құтқару автокөлігі УАЗ, Газель

2

5

НИВА автокөлігі

2

6

КАМАЗ жедел-құтқару автокөлігі

1

7

25 орынды автобус КАМАЗ

1

8

Жол талғамайтын,батпақта жүретін көлік

2

9

Шынжыр табанды көлік

1

10

Жеңіл көліктер тіркемесі

2

Барлығы:

13

 
Суда жүзетін құралдармен жабдықталу

№ р/с

Атауы

БӨАЖҚЖ

1

2

3

2

6 орынды үрмелі қайық

4

3

8 орынды үрмелі қайық

1

4

30 орынды үрмелі қайық

1

5

Ілмелі қайық қозғалтқышы , (тиісті / нақты)

17

Барлығы:

13

 
Құрал-саймандармен жабдықталу

№ р/с

Атауы

БӨАЖҚЖ

1

2

3

2

Көшірмелі электрлі жылу желдеткіші.

2

3

Суық мезгілдегі қозғалтқышты қосу электржелдеткіш, бірлік

1

4

5-30 кВт электростанция, бірлік

3

5

3-10 кВт электростанция, бірлі

3

6

1-7 кВт электростанция, бірлік

1

7

Ауамен зарядтайтын тұрақты баллон компресоры , бірлік

1

8

Электроперфоратор (с энергией единичного удара не менее 18 Дж), бірлік

9

9

Электроотбойник (с энергией единичного удара не менее 25 Дж), бірлік

2

10

Бұрыш тегістеу машинкасы (мощность не менее 2,5 кВт), бірлік

6

11

Гидравлиқалық насос (2x720 бар), шт.

3

12

Катушка с гидравлическим шлангом, бірлік

7

13

Гидравликалық пышақты кеспе, бірлік

5

14

Шынжырлы кеңейткіш (14,5 т), бірлік

3

15

Шынжырлы аралас кескіш ( 35 т), жинақ

4

16

Кескіш (40 т), жинақ

3

17

Гидравликалық цилиндр (22 т), жинақ

3

18

Гидравликалық көтергіш жинағы, бірлік

2

19

Дисккескіш, бірлік

4

20

Жоғары қысымды пневмотикалық аппарат (5 т, 29 т, 67 т) бірлік

8

21

Сығылған ауа балоны, бірлік

3

22

Жылжымалы баллон зарядтау компрессоры ( 300 атм), бірлік

3

23

Бензин арасы, бірлік

8

24

Шынжырлы кеңейткіш (22 т), бірлік

1

25

Гидравликалық цилиндр (10 т), бірлік

2

26

Есікті гидравликалық көтергіш (5 т), бірлік

1

27

Есікті гидравликалық көтергіш (10 т), бірлік

1

28

Көтергіш (10 т), бірлік

1

29

Көтергіш (52 т), бірлік

1

30

Шағын кескіш ( 8 т), бірлік

2

31

Әйнек кескіш

2

32

Клиньдер және блоктар

1

33

Гидравликалықкөтергіш тірегі, бірлік

3

34

Ағымдарды бекіту жабдықтары ( 8 бар), бірлік

1

35

Герметикалық резервуарлар жиынтығы, бірлік

1

36

Шектеулер жиынтығы (5 түрі), жинақ

1

37

Телескопиялық көтергіш (50 т), бірлік

2

38

Электродәнекерлеу тасымал агрегаты (автокөлікті), бірлік

2

39

Газдық кескіш тасымалды, бірлік

1

40

Шынжыр және арматур кескіш, бірлік (тиісті / нақты)

1

Барлығы:

108

 
Байланыс құралдарымен жабдықталу

№ р/с

Атауы

БӨАЖҚЖ

1

2

3

2

Ултра қысқа толқынды мобильдік радиостанция қабылдағыш, жинақ

12

3

Қысқа толқынды станционарлық радиоқабылдағышРадиостанция стационарная КB, жинақ

2

4

Қысқа толқынды радиоқабылдағышқа арналған антендік тюнер

1

5

УҚТ тасымалды радиоқабылдағыш, жинақ

3

6

Мобильдік радиоқабылдағыш, бірлік

42

7

Нөмір анықтауышы бар телефон аппараты, бірлік

2

8

Нөмір анықтауышы жоқ телефон аппараты, бірлік

2

9

Бағыт-бағдар құралы, бірлік

4

10

Спутниктік терминал, бірлік

1

Барлығы:

74

 

Жауапкершілік аймақтары


Жасақтың жауапкершілік аймақтары Атырау, Батыс-Қазақстан, Манғыстау облыстары және Ақтөбе облысының 6 ауданы (Мәртөк, Қобда, Алға, Ойыл, Темір, Мұғалжар ауданы.)

Қызмет бағыты, міндеттері мен функциялары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің қызмет бағыты, міндеттері және функциялары
Жасақ қызметінің мәні төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою болып табылады.
1. Жасақ қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, соның ішінде аса ауыр және жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жасақ мақсатқа жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Суға шомылу және жаппай демалу орындарында судағы қауіпсіздік шараларын сақтауда, оның ішінде су басу және тасқындар кезінде облыс және қала тұрғындарын қорғау үшін мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындармен перспективалық және жедел жоспарларды дайындап, жүзеге асырады;
2) іздеу-құтқару, сүңгу-іздеу және суда (мұзда) төтенше жағдай болған кезде қауіпсіз жерге көшіру қызметін атқарады;
3) суда (мұзда) апат болып жарақат алғандарға жедел көмек көрсетеді;
4) суда (мұзда) төтенше жағдайды болдыртпау жөнінде алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырады;
5) мемлекеттік мекеменің судан құтқару жұмысына әрқашан дайындықта болуын қамтамасыз етеді;
6) халықты жүзуге , құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсетуге оқытып үйретеді;
7) судан құтқару кезінде заңмен бекітілген ұйымның байланыс құралдарын, транспорттық, мүліктік және басқа да материалдық құралдарын қолданады;
8) азаматтарға судағы төтенше жағдайларды болдыртпау мақсатында және болған жағдайда қаупісіздік шараларыныңіс-әрекет тәртібін түсіндіреді;
9) Ірі көлемді табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жаңа технологияларды қолдана отырып жою;
10) Күрделі және жеткізілуі қиын аймақтарда,табиғи апат кезеңінде жедел құтқару, іздеу-құтқару және апатта құтқару жұмыстарын жүргізу;
11) Табиғи апат аймақтарында және басқа да апаттар орын алған аудандарда барлау жұмыстарын жүргізу;
12) Төтенше жағдайлардың алдын алу, зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
13) Табиғи және басқа да апат салдарынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;
14) «БӨАЖҚЖ» ММ-нің жеке құрамы республика аумағында орын алатын ірі көлемдегі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға әр қашан дайын;
15) Қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын жүргізу.
16) Сүңгуір жұмысының мамандануы 3-ші топтық сүңгуірлерді, кіші көлемді қайықтардың моторист-рулевойы, кәсіптік авариялық-құтқару қызметінің және Министрлік құрылымы үшін құтқарушы-матростарды дайындайды.

Фотогалерея

foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1
foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1
foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1
foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1 foto_zraosos_1
foto_zraosos_1
 

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)»
мемлекеттік мекемесі
060015
Қазақстан Республикасы
Атырау облысы
Атырау қаласы
Бірлік поселкісі
Батыс Қазақстан көшесі, 40 «а»
Тел:
Жедел кезекші - +7 (7122) 39-43-13
Жасақ басшысы - +7 (7122) 30-52-38
Тел/факс - +7 (7122) 30-52-36
Электронды мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.