Принтерге шығару

Қызметтердің бағыттары, міндеттері, функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)»
мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавлқаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме)төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области (город Петропавловск) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 150007, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Горький көшесі, 162.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бармөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11.Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3.Мекеменің қызмет мәні мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Солтүстік Қазақстаноблысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруғажәне мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21.Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленгенөзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитеттөрағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптеМекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелердесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойыншаСолтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындаужәне үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынғанмүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбағанөзге декөздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29.Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
31. Мекеме мүлігі қайта құру және жоюдан кейін қайта бөлінеді, Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңнамасына сәйкес.
6. Мекеменің жұмыс режимі
32. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
33. Мемлекеттік дүние-мүлік бойынша салаға сәйкес Мекеме және уәкіл органмен қарым-қатынас, Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңнамасына сәйкес еңбек ұжыммен анықталады және жөнге салынады.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
34. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
35. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
36. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 

Жасақтың құрылу тарихы және әрекет түрлері

Құрылу тарихы
 
Солтүстік Қазақстан облысы СҚҚ құрылу тарихы төрт он жылдықтан артық уақытты қамтиды. СҚО СҚҚ кеңесі 1970 жылы құрылған, оны СҚО облыстық атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Спицын басқарды. СҚҚ төрағасының бірінші орынбасары болып, 1970 жылдан 1979 жылдар аралығында қызмет еткен, Иван Божко тағайындалды. СҚҚ облыстық кеңесінің құрамында Анатолий Мандрыгин басқарған құтқару қызметі болды. СҚО әр ауданында СҚҚ аудандық кеңесі тағайындалды. Оны аудандық атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасры басқарды.
Суда құтқару қоғамының негізгі жұмысы құтқару қызметін басқару, адамдардың судағы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған жағажайдың және адамдардың судағы қауіпсіздігі бойынша БАҚ қызметкерлерінің жұмысын қадағалау, сондай-ақ мектептерде, техникумдарда, қалалық кәсіби техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында алғашқы суда құтқару қоғамын ұйымдастыру болды. Мекеме өз-өзін өтегендіктен, суда құтқару қоғамының тағы бір жұмысы ол мүшелік жарна жинау болды. Мемлекеттен құтқару қызметінің қызметкерлеріне және техникалық жабдықтау, оқытуға қажет қаражаттың 50 пайызы ғана берілді. Облыстық СҚҚ Кеңесінің құрамында 1979 жылдың 01 желтоқсанына 2 құтқару бекеті болды. Оның бірі Есіл өзенінде, екіншісі «Вороньий остров» аумағында пионерлер лагерьлерінің аймағы еді.
Суда құтқару қызметінің ардагері Олег Шагимарданов, 1979 жылы облыстық суда құтқару қоғамының төрағасының орынбасары болып тағайындалды, кейін суда құтқару қызметін басқарды. Оның құтқару қызметін бсқарған уақыт қызмет үшін тарихи оқиғалармен есте қалды. СҚҚ қарқындау кезеңі 1985 пен 1991 жылдар аралығында байқалды. Бұл уақытта суда батқан адамдардың саны біршама азайып, белсенді түрде адамдардың судағы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Суда құтқару қоғамына белсенді көмекті жергілікті атқарушы органдар көрсетті. Жыл сайын судағы қауіпсіздік сұрақтары аудандық атқарушы комитеттің отырыстарында, кәсіпорын және ұйымдардың, кеңшар мен ұжымшардың бірінші басшылары дем алыс орындарын және жағажайларды, ведомстволық құтқару бекеттерін ұйымдастыру бойынша есеп беретін. Осы кезде суда құтқару қоғамының табандылығының нәтижесінде облыстағы әр пионер лагерінде жүзу бассейндері құрылды. Бұл балалардың судағы төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.
Облыстық СҚҚ үшін қиын кезең КСРО-ның ыдырауында болды. Бұл кезде қаржымен қамтамасыз ету мүлдем болмады, 6-7 айлап еңбек ақысы төленбеді, бірақ жақын арада жағдай біріңғайланды. 1996 жылы Суда құтқару орталығы құрылды. Осы кезден Суда құтқару қызметінің жаһандану кезеңі басталады, қызмет Суда құтқару кеңесінен бөлініп мемлекеттік қаржыландырумен жеке ұйым болады.
1999 жылы Алматы қаласының «Первомайские пруды» бекетінде өткізілген судағы көп сатылы жарыста Шагимарданова Олега Гареевичтің басшылығымен СҚО Суда құтқару ызметі 1 орын алып, диплом және құнды силықтармен марапатталды. 2007 жылы Қазақстан Республикасының үздік құтқарушысы сайысы өткізілді. «Алтын жүрек» номинациясында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы үздік құтқарушысы болып СҚО Суда құтқару қызметінің бастығы, 1 сынып құтқарушысы Олег Шагимарданов болып, «Алтын жүрек» жүлдесін жеңіп алды, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды және ақшалай сыйлықақы берілді. Қазақстан Республикасының құтқару қызметтері арасында өткізілетін «Нептун» жарысына қатысушылар арасында СҚО Суда-құтқару қызметі 15 командадан 5-6 орыннан төмен түспеді. Бұл құтқарушылардың физикалық, техникалық және кәсіби дайындығының жоғарылығын көрсетті. Олега Гареевичтің 30-жылдық тәжірибесінде сүңгуірлердің 5 ұрпағы ауысты. Шагимарданов біліктілік комиссиясының төрағасы бола отыра, адамдарға теориялық және практикалық оқыту өткізді. Ол 3 сынып сүңгуірлеріне емтихан қабылдап, құтқарушылардың жұмысымен байланысты психологиялық қиындықтарға дайындаған еді. Әр түрлі жылдары қызметтің басшылары болып, бірінші сынып құтқарушылары Георгий Остапчук, Сергей Висаев, Евгений Болдырев, Андрей Савельев, Анатолий Чопоров. Сонымен қатар ТЖ жоюға белсенді үлес қосқан сүңгуірлер Антон Коптяев, Сергей Черкасов, Александр Воронцов, Александр Шмидт, Олег Колобов, Влад Фалько, Сергей Баранов, Александр Белов.
2009 жылы СҚО ТЖ Департаментінің құрамына еніп, осы ұйымның құрам бөлігі болды. Бұл қызметтің дамуына жаңа дем беріп, адамдарды судағы төтенше жағдайлардан қорғау және СҚО қауіпті су айдындарында ТЖ жоюға әрекет ететін мекеме болды. Соңғы жылдары материалдық-техникалық жабдықталу жақсарып, жаңа арнайы техника мен құрал-жабдықтар алынды: жоғары өткізгіштікке ие автокөліктер, катерлер мен қайықтар, гидрокостюмдер, акваланг, әр түрлі қосымша аспаптар. Соның нәтижесінде судағы ТЖ жою бойынша жедел және ұтқыр әрекет ететуге мүмкіндік берді, қызметкерлердің ТЖ орнына жету уақыты да кеміді.
Құрылу тарихы: «ҚР ІІМ ТЖК СҚО (Петропавл қаласы) ТЖД Суда құтқару қызметі» ММ Қазақстан республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес «ҚР ІІМ ТЖК СҚО (Петропавл қаласы) ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ болып қайта аталды. Мекемені кәсіби құтқарушы, бұған дейін ШҚО ТЖ Департаментінің «Суда құтқару қызметі» ММ басшысы - Тезекпаев Алтай Чкалович басқаруда. Қазір бұл мекеме халықты қорғау, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
 
 

Жасақ басшылығы

Tezekpaev «ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ басшысы-құтқарушы

2015 жылғы 25 мамырдан бастап  – Тезекпаев Алтай Чкалұлы

Туған күні  8 шілде 1968 ж.

 Шығыс Қазақстан облысы Күршім а.

Ұлты: қазақ

Шет тілдерін меңгеруі және меңгеру деңгейі

Қазақ тілін – еркін

Орыс тілін  - еркін меңгерген.

Білімі:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық медициналық училищесі,

Біліктілігі  – санитарлық фельдшер;

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,  

Біліктілігі  – биология бакалавры.

ТЖ саласындағы еңбек өтілі  –  14 жыл, 1 сынып құтқарушысы.

Қызмет жолы:

19.12.1997 ж. 29.01.1998 ж. Саниэпидемиологиялық станцияның защита бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің көмекшісі
01.06.2002 ж. 15.04.2011 ж. «Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ 5-бөлімшесінің басшысы
16.04.2011 ж. 24.05.2015 ж. «Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» ММ басшысы
25.05.2015 ж. қазірге дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы-құтқарушы

Марапаттары:

2008 ж.  «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңірген қызметкер» ІІІ дәрежелі төс белгісімен марапатталды

2009 ж. «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды

Отбасы жағдайы: үйленген. 4 бала тәрбиелеуде.
 

Derzhanskii «ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ басшы-құтқарушының орынбасары.

2015 жылғы 25 мамырдан бастап - Держанский Виктор Николаевич

Туған күні: 1981 жыл 17 қыркүйек Петропавл қаласы.

Бiлiмi: Жоғарғы, 2003 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Өндiрiстiк және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тамамдаған, бiлiктiлiгi «Инженер-құрылысшы».

Ұлты: неміс

Шет тілдерін меңгеруі және меңгеру деңгейі

Қазақ тілін – сөздікпен

Орыс тілін  - еркін меңгерген.

ТЖ еңбек өтілі – 13 жыл, 2 сынып құтқарушысы.

Қызмет жолы:

06.02.2004 31.05.2005 3 топтың 3 класты  мамандырылған сүңгуiрі
31.05.2005 01.07.2005 Маневрлiк iздестiру тобының басшысы м.а
01.07.2005 25.05.2010 Маневрлiк iздестiру тобының басшысы
25.05.2010 31.01.2011 Бас сүңгуір маманы
31.01.2011 29.04.2011 Маневрлiк iздестiру тобының жетекшiсi
29.04.2011 16.10.2012 (3 классты) 2 дәрежелi сүңгуiр құтқарушысы
16.10.2012 01.11.2014 Суда құтқару қызметiнiң басшысы
01.11.2014 24.05.2015 Суда құтқару қызметiнiң басшысы м.а.
25.05.2015 Қазірге дейін

«ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ басшы-құтқарушының орынбасары.

 

Марапаттары: 2011 жылы Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Жанұя жағдайы: үйленген, қыз тәрбиелеуде.
 
koptyaev

«ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ басшы-құтқарушының орынбасары.

2015 жылғы 25 мамырдан бастап – Коптяев Антон Алексанрович

Туған күні: 22 сәуір 1984ж. СҚО Петропавл қ.

Ұлты: орыс

Шет тілдерін меңгеруі және меңгеру деңгейі

Қазақ тілін – сөздікпен

Орыс тілін  - еркін меңгерген.

Білімі:

Петропавл теміржол көлік колледжі

ТЖ еңбек өтілі – 15 жыл, 1 сынып құтқарушысы.

Мамандығы – техникалық қызмет жөндеу және жылжымалы құрамды пайдалану.

Қызмет жолы:

07.2001 жыл 01.2002 жыл Солтүстік Қазақстан облысы суда құтқару қызметінің матрос-құтқарушысы  
01.2002 жыл 05.2004 жыл Облыстық суда құтқару қызметінің сүңгуірі
05.2004 жыл 09.2009 жыл Облыстық суда құтқару қызметінің бас сүңгуір маманы
09.2009 жыл 05.2010 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметі» ММ басшысы м.а.
05.2010 жыл 11.2010 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметі» ММ жедел-құтқару жұмысы бойынша басшы орынбасары
11.2010 жыл 01.2011 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметі» ММ 1-ші дәрежелі сүңгуір құтқарушысы
01.2011 жыл 03.2012 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметінің» бас (сүңгуір) маманы
03.2012 жыл 05.2012 жыл  «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметінің» басшысы 
05.2012 жыл 07.2012 жыл Өз қалауы бойынша жұмыстан шықты
07.2012 жыл 07.2012 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметінің» бас (сүңгуір) маманы
07.2012 жыл 10.2012 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметі» ММ басшысы м.а.
10.2012 жыл 11.2014 жыл «ҚР ТЖК СҚО ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметінің» бас (сүңгуір) маманы
11.2014 жыл 05.2015 жыл «ҚР ТЖК СҚО (Петропавл қаласы) ТЖ Департаментінің суда-құтқару қызметінің» 3-ші санат құтқару станциясының басшысы-құтқарушы
05.2015 жыл Қазірге дейін

«ҚР ТЖК СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ басшы-құтқарушының орынбасары.

 

 Марапаттары:

2011 жылы ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР ТЖК СҚО ТЖД басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды 

2015 жылы Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында СҚО әкімі Е.Сұлтановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жанұя жағдайы: үйленген, 2 ұл тәрбиелеуде.
 

Жасақтың байланыс телефондары

Жасақтың байланыс телефондары:   индекс 150007, Қазақстан Республикасы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қ., Горький к., 162.

Жедел кезекші: +7(7152)551092, +7(7152)395309

Жасақ басшысы: +7(7152)551093

Бухгалтерия: +7(7152) 377966 (факс)

Кадр жұмысы тобы: +7(7152) 399790

Электронды мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Жасақ құрылымы

Жасақ құрылымы

 

Аппараттың және лауазымның атауы Арнаулы атағы (персонал санаты) Лауазымдар саны
Басшылық
Жасақ басшысы-құтқарушы басшы 1
Жасақ басшысының орынбасары-құтқарушы басшы 2
    3
Құтқарушы бөлімшелері (бөлім құқығында)
Басшы-құтқарушы басшы 6
Бас құтқарушы маман 9
Құтқарушы маман 17
    32
Кезекшілік-диспетчерлік бөлімшесі
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Құтқарушы маман 4
    5
Сүңгуірлік-құтқару бөлімшесі
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Құтқарушы маман 2
    3
Кинологиялық бөлімше
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Бас құтқарушы маман 2
    3
Радиациялық және химия-биологиялық қорғау бөлімшесі
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Бас құтқарушы маман 2
    3
Медициналық-психологиялық бөлімшесі
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Бас құтқарушы-психолог маман 1
Құтқарушы-медбике (мейіргер) маман 2
    4
Автокөлікке, жүзу құралдарына және жабдықтарына қызмет көрсету бөлімшесі
Бөлімше басшысы-құтқарушы басшы 1
Бас құтқарушы маман 2
Қойма меңгерушісі маман 1
    4
Кадр жұмысы тобы
Бас инспектор маман 1
    1
Қаржымен қамтамасыз ету тобы
Бас бухгалтер басшы 1
Экономист маман 1
    2
Барлығы: 60
 

Материалды-техникалық жабдықталу

Материалды-техникалық жабдықталу

Аварийно-спасательная техника Апаттық-құтқарушы құралдар және    жабдықталу Жүзу құралдары Сүңгуірлік жабдықталу және құралдар

1. ВАЗ-232900-1 б.

2.УАЗ- 390995-310-1б.

3. ВАЗ-21214-195-1б.

4.УАЗ- 22069-033 – 1б.(есептен шығарылуда)

5. УАЗ-315195-051-1б.

6.ВАЗ-21213-1б. (есептен шығарылуда)

7. Ssang yong actyes sports-1б.

8. Қарда жүргіш  FWDA SKANDIC WT 550 EU 2013-1б.

9. Камаз 43114-1б.

10. Кез-келген жерде жүргіш мүдірмейтін көлік ТРЭКОЛ-39292-1б.

11.Камаз 43118-1б.

Барлығы: 11бірлік.(2б. есептен шығарылуда)

Жақты кескіш S180-1б.

СР 40 жоғары қысымды кеңіткіш -1б.

VARIO SPS-400 біріктірілген агрегаты-1б.

Телескопиялық домкрат RZT-2-2750-1 б.

Қос сатылы қол сорғыш -1б.

Телескопиялық домкрат ұзартқышы -1б.

Жоғары қысымды гидравликалық шланг жиынтығы -1б.

Гидравликалық құбіршекті катушка -1б.

Бензинді жетектегі сорғы станциясы – 1 б.

Қол комби құрылғысы-2ед.

Домкрат-2б.

Телескопиялық домкрат -2б.

Біріктірілген құрылғы-2ед.

Тістеуік-2 б.

Қол сорғысы-1б.

Босатқыш-2б.

Сорғы станциясы V 50 ECO-2ед.

Гидравликалық құбіршек-2б.

Барлығы-26бірлік

 

 

1. Катер – 2 б.

2. Металл қайық -9б.

3. Резеңке қайық – 6б.

4. Ескек қайық – 16 б .

Барлығы: 33б.

1. Дем алдыратын аппарат -16б.(4б. есептен шығарылуда)

2. Құрғақ типті гидрокостюм – 18 б. (3 б. есептен шығарылуда)

3. Сулы типті гидрокостюм – 18 б.

4. Конденсатты синтепонды костюм -8б.

5. Сүңгуірлік пышақ-8б.

6.суасты шамы-8б.

7.сүңгуірлік-жүнді костюм -4 б.

8.толықбетті маска -1 б.

9.құтқару дөңгелегі-5б.

10. жүкті пояс-11б.

11.белгі жібі-3б.

12. александров жібі -2б.

13. компенсатор кеудешесі -3ед.

Барлығы: 105 бірлік(7бірлік есептен шығарылуда)

 

 

Жасақтың жауапты аймағы

Жасақтың жауапты аймағы: Солтүстік Қазақстан облысы (Айыртау ауданы, Ақжар ауданы, Аққайың ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Есiл ауданы, Жамбыл ауданы, Қызылжар ауданы, Мамлют ауданы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Тайынша ауданы, Тимирязев ауданы, Уәлиханов ауданы, Шал ақын ауданы, Петропавл  қ.).

Фотогалерея

galereya galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_9
galereya_1 galereya_11 galereya_1 galereya_13 galereya_1
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_19
galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1 galereya_1
galereya_1 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01
sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya08 sko_fotogalereya01
sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 sko_fotogalereya01 5 OSO SKO 1 5 OSO SKO 2
5 OSO SKO 3 5 OSO SKO 4 5 OSO SKO 5 5 OSO SKO 6 25 galery 1
25 galery 1 25 galery 1 25 galery 1 25 galery 1 25 galery 1