Принтерге шығару

Қызмет бағыттары, міндеттері мен функциялар

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым, төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Мекеме кәсіби апатты-құтқару қызметі болып табылады.
3.Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Төрағасының бұйрықтарына, басқа да нормативті актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
5. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
6. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
7. Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
8. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Южно-Казахстанской области (город Шымкент) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 160009, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ж. Алдияров-34А.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
11. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде есепшоттары, мөрлері мен мемлекеттік мекеменің мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөртабандары болады.
12. Мекеменің құрылымы мен штаттық санының шегін Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Төтенше жағдайлар Комитетінің Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
13. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды
14. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағында барлық қаржы-қаражаттарға жауап береді.
15. Мемлекеттік мекеменің жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелері (соның ішінде мемлекеттік сатып алулар) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
16. Мекеменің атқаратын қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда басқа кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттарға отыруға мекемеге тиым салынады.
3.Мекеменің қызметі мен мақсаты
17. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттардан, заманауи қарулардың қолданылуы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету болып табылады.
19. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
бекітілген аумақта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік мекемені бекітілген аумақ шегінен тыс жерлерде апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізуге тарту төрағаның шешімі бойынша орындалады;
төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерді құтқару үшін бірінші кезектегі іс-қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізу;
дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, материалдық-техникалық қамсыздандыру шараларын ұйымдастыру және мекеме қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
кәсіби шеберлікті жетілдіру жеке құрамға құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігіне, зардап шегушінің өмірін құтқару және көмек көрсету бойынша тиімді іс-қимылдарға тұрақты, жүйелі арнайы дайындықтар өткізу және үйрету;
басқару органдарын, Мемлекеттік мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына баруға және шұғыл -құтқару жүмыстарын жүргізуге тұрақты әзірлігін қолдау, жасаққа білікті кадрларды жинақтау;
халықтан және ұйымдардан кез келген туындау қауіпі бар және туындаған төтенше жағдайлар немесе оның фактілер туралы хабарламалар қабылдау;
Өзінің құзыры шегінде қатысады:
-Терроризммен күрес бойынша қалалық шұғыл штаб жұмысына;
-Қалалық Антитерролық комиссия жұмысына;
Төтенше жағдай кезінде халықтың өмірін қорғау, сақтау бойынша тұрғындарға көпшілік ақпарат құралдары арқылы түсіндірме, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
20. Мекеменің қызмет көрсету аясына Оңтүстік-Қазақстан облысының аумағы кіреді.
21.Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметтерге сәйкес келмейтін, қызмет мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
22. Мекеменің, өз қызметтеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, шектеулі түріндегі және басшылық құжаттарға қайшы келетін, немесе басшының өз жарғылық құзырын бұза отырып жасаған келісімдері, тиісті сала органының немесе мемлекеттік мүлік бойынша органының, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп табылады.
23. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы тұлғаның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді атқаруы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және ол тәртіптік, әкімшілік және де басқа жауапкершілікке тартылады.
 
4. Мекемені басқару
24. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
25.Комитет Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіптеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жекелендірілген жоспарды бекітуге жібереді.
Мекеменің мүлігін сақтауды қадағалауды жүзеге асырады;
Мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;
Мекеме басшысын лауазымға Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының ұсынысы бойынша тағайындайды және қызметінен босатады;
жылдық қаржы есебін бекітеді;
Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен мекеме теңгеріміндегі мүліктің алынуы мен бөлінуін келіседі.
Мекеме басшысының қызметінен босатудың негіздерді анықтайды
Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген басқа да функцияларды жүзегеасырады;
26. Мекеменің басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық етеді, тікелей Министрге, Министрдің тәлімгер орынбасарына, Комитет төрағасына және Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкешілікте болады.
27. Мекеменің басшысы дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес өз құзіреттілігінің шеңберінде шешеді.
28. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіпте:
сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және де басқа ұйымдарда өз құзіреті шегінде Мекеменің мүдделерін көрсетеді
келісім-шарттар түзеді;
сенімхаттар береді;
іссапарлар, тағылзымдамалар, еңбек демалыстары, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша Мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қызметкерлердің Оңтүстік-Қазақстан облысы және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге іссапарлармен шығуы Министрлікпен келісу арқылы жүзеге асырылады;
өзінің құзыреті шегінде Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
мекеме басшының орынбасары мен қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіпте Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз орынбасарының және Мекеме бөлімшелерінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін анықтайды;
Мекеме жеке құрамының дайындығын, қайта дайындаудан өтуін және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді;
арнайы және құтқару техникасының, апатты-құтқару құрал-саймандарының және жабдықтарының, жүзу құралдарының, сүңгуір жабдықтары мен саймандарының, байланыс құралдарының, оргтехникаларының және басқа да мүліктердің техникалық жағдайын қадағалайды және есебін жүргізеді, оларды есептен шығаруға арналған құжаттарды даярлайды;
ғимараттар мен құрылыс нысандарының, бокстардың пайдалануы мен қадағалауды, арнайы және құтқару техникасын, апатты-құтқару құрал-саймандарын және жабдықтарын, жүзу құралдарын, сүңгуір жабдықтары мен саймандарын, байланыс құралдарын, оргтехниканы, басқа да мүліктерді жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
материалды құндылықтардың есебінің дұрыс жүргізілуін және анық есебін білу, сақталу және берілу тәртібін тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізеді;
Оңтүстік-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және апатты-құтқару жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
Мекеменің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалды-техникалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етеді;
Мекеменің аттестациялық комиссиясының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады;
Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл қимылдау жоспарларын өңдеп, Департамент басшысына бекітуге ұсынады;
Департаментке уақытылы, бекітілген үлгілерге сәйкес есеп береді;
Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді.
Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
құрылымдық бөлімшелердегі жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттерге дербес жауапкершілікте болады, өзі басшылық ететін қызметкерлердің жасаған әрбір жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінде қарастылған және осы Жарғыда көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Төмендегілер бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту шараларын;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және апатты-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуға;
Мекеменің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіпте және Министр мен Комитет төрағасының тиісті бұйрықтарына сәйкес марапаттауға;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуге және дайындауға;
жеке оқу – жаттығу базасын құруға;
Қазақстан Республикасыдағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті апатты-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен бірлесуді дамытуға шаралар қабылдайды.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
 
29. Мекеме жедел басқару құқығындағы мүлікке ие. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен алынған, Мекемеге бекітілген мүлік, республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
30.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтеріне жатады, оның құны мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген мүлік есебінен құрылады;
Қазақстан Республикасы заңнамалары тиым салмаған басқа дакөздерден;
31.Мекеме оған бекітілген және оған смета арқылы бөлінген қаржыға алып берілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
32 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
33.Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп береді.
34.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте Министрлік және Комитет жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс тәртібі
 
35.Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы керек.
 
7. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
36. Мекеме Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.
37. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
 
38. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылу тарихы

«ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ
ТАРИХЫ
Құрылған күннен бастап мекемені басқарған басшылар
1994 жылғы қыркүйек айынан 1996 жылғы қазан айына дейін Демченко ОЖҚЖ бірінші басшысы қызметін атқарды.
1997 жылғы 02 наурыз бен 2004 жылғы 25 қараша айына дейін Ишанов Умирхожа Асилханович басқарды.
2004 жылдан 2014 жылдар аралығында Тукманбетов Малик Хасанович басқарды.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытта дейін Бексеитов Мұхтарбек Турғанович «ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ басқаруда..
Оңтүстік Қазақстан облысының жедел-құтқару жасағы Оңтүстік Қазақтан облысының әкімшілік басшысының 1994 жылдың 12 қыркүйектегі №199 қаулысымен құрамында штаттық саны 22 адаммен құрылған.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылдың 18 желтоқсандағы №445 шешімімен облыстық «Құтқару орталығы» құрылып, штаттық саны көбейтілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №53 қаулысымен облыстық жедел құтқару жасағы мен облыстық «Құтқару орталығы» қайта ұйымдастыру нәтижесінде «ҚР ТЖМ Шымкент қаласының жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып құрамында штаттық саны 59 адамымен құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 15 тамызындағы № 938 Қаулысымен «ҚР ІІМ ТЖК ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы (Шымкент қ.)» ММ штаттық саны 45 адаммен қайта құрылды.
Құрылған жылдан бастап жасақтың қызметі дамып, материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа құрал-жабдықтар мен мүліктер алынды, сондай-ақ іс жүзінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесі де дами бастады. Жылдар бойы атқарған қызметі барысында жасақтың құтқарушылары өз кәсіби шеберлігін көрсете білді.
Жасақтың жеке құрамы республикалық және облыстық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырады: 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы, Темірлан елді мекенінде және Арыс өзенінде Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты жыл сайын өткізілетін ән байқауы, 2005 жылы Шымкент-Алматы бағытында өткен Бейбітшілік шеруі. Сондай-ақ, түрлі фестивальдар мен жарыстар кезінде және облыстың таулы аудандарында өткізілетін тау туристерінің тауға шығулары кезінде. Аталған іс-шаралар барысында іздестіру-құтқару жұмыстарын да бірнеше рет жүргізген, мысалы 2005 жылы маусым айында Біргүлік шатқалында тауға шыққан жас өспірімдер мен студенттер жоғалып, таудағы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 20 маусым күні табылып, ата-аналарына тапсырылды.
Жедел-құтқару жасағының бес қызметкері құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өз қызметтік міндеттерін атқару барысында ерлік пен шыдамдылықты көрсеткені үшін мемлекеттік наградаларға-«Ерлігі үшін» медаліне ие болған. Олар: шұғыл жұмыстары бойынша басшының орынбасары Г.Б.Дюсенбаев, құтқарушылар М.У.Құдайбергенов, М.П.Мейірбеков, С.Аширов, А.Р.Ташев, ал байланыс қызметінің басшысы В.М.Ищудченко «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медаліне ие болған.
Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ерлігі мен өжеттілігі үшін 2008 жылы жедел-құтқару жасақтың басшысы М.Х.Тукманбетов «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» 3 дәрежелі медалімен, Т.Е.Байсариев «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» кеуде белгісімен, Қ.А.Нұсқабаев «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» 111 дәрежелі белгісімен марапатталды. Арыс қаласында 2009 жылы «Казарсенал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде орын алған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын жүргізу барысында, ТЖ Министрі В.К.Божко кинологиялық қызметінің басшысы А.В.Низамаеева мен А.У.Избасаровты құрмет грамотасымен марапаттады. Ресей Федерациясында 2009 жылы өткізілген Богородск-ШОС «Кешенді қауіпсіздік» халықаралық оқу-жаттығу кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін М.П.Тасполатовты РФ ТЖ Министрі С.К.Шойгу «За содружество во имя спасения» медалімен марапаттады.
Мемлекеттік мекеменің ТЖ зардаптарын жою үшін атқарған негізігі жұмыстары:
- 1997 ж. - гидролиз зауытында аммиак суының шығуымен авария салдарын жоюда;
- 1998 ж. - Қазығұрат ауданындағы су тасқыны салдарын жою;
- 1999 ж. - көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылу салдарын жою;
- 2000 ж. - көпқабатты тұрғын үйде орын алған өрт кезінде тұрғындары және мүлікті көшіру жұмыстары, Сырдария өзенінде суда-құтқару қызметінің сүңгуірлерімен бірлесіп суға кеткен балықшыларды іздестіру жұмыстары.
- 2001 ж. 264 шұғыл құтқару жұмыстары іске асырылған, сондай-ақ 5 мүгедек қарт әйелдерін құтқарған, өзіне өзі қол жұмсаудан 2 оқиғаны болдырмаған, қаладағы оқу орындарында жарылғыш құрылғыны іздестіру жұмысында 1100 адам көшірілген.
- 2002 ж. 334 шұғыл құтқару жұмыстары іске асырылған, Түркістан ауданындағы Ащысай ауылының жоғалған қойшысына іздестіру операциясы сәтті жүргізілген.
- Алматы-Термез тас жолындағы қар борасында қалғандарға құтқару жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 287 адам құтқарылған, 65 бірл.техникалары босатылған, оның ішінде 20 автобус жолаушыларымен;
- 2003 ж. 789 шұғыл жұмыстары іске асырылған, 204 адам құтқарылған, оның ішінде 77-сі балалар;
- 2004 ж. 622 шұғыл жұмыстары іске асырылған, 154 адам құтқарылған, оның ішінде 85-сі балалар; Таусамалы тау шаңғы базасында ЖҚЖ жеке құрамымен 12 демалушыларға бірінші медициналық көмек көрсетілген.
- 2005 ж. Құтқарушыларға қатты сынақ 2005 жылғы қыс және көктем мезгілдері болды. Бәйдібек ауданында жасақтың күшімен қар борасында қалғандары авариялық-құтқару жұмыстары жүргізу кезінде 62 бірл.техникалары босатылды, 430 адам көшірілді, оның ішінде 17-сі ауыр қәлде ауырғандар. Төтенше жағдайлардын салдарын жою кезеңінде келесі іс шаралар атқарылған, ГТТБ шынжырлы тартқышпен ауыл тұрғындарына медицина қызметкерлері мен азық-түліктер жеткізіліп тұрды.
- 2005 ж. көктем мезгілінде Отырар ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген кездерінде, су басудан жәбір көрген 37 адам көшірілді, КРС 16 бастары, 25 тұрғын үйлерінен және 1 мектептен заттар шығарылды, 7 бірлік техникалары судан шығарылды, дамбы және канал жиектерін көтеруге, 12000 құмды қаптар мен сазды балшықтар жұмсалды.
- 2005 ж. ЖҚЖ жеке құрамы 944 шұғыл құтқару жұмыстарын іске асырды, соның ішінде 20-сы ЖКО, оған гидравликалық авариялық-құтқару құралдары қолданылды, 17 жәбірленушілерді босатып оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді, деформацияланған автокөліктерге тосқауыл койды, 12 қаза тапқандардың денесін шығарды. Таусамалы тау шаңғы базасында ЖҚЖ жеке құрамымен 20 демалушыларға бірінші медициналық көмек көрсетілген.
2007 жылдың 24-і мен 27-ші желтоқсан аралығында ЖҚЖ жеке құрамы Шақпақ-Баба асуында қар борасында қалған 1978 адамдарды көшірді және 183 бірл.техникалары босатылды. Соның ішінде 39 жәбірленушілерге бірінші медициналық көмек көрсетілді.
2010ж.-2011ж. аралығында ЖҚЖ жүргізген авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстары.
 
2010 жылы
ШҚО жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары
2010 жылғы 19.03. ЖҚЖ жеке құрамынан 15 адам және 2 бірлік техникалары үнемі орналасқан жерінен авариялық-құтқару және тағы басқада ТЖ болған кезде кейінге қалдырылмайтын жұмыстарын атқарған, ШҚО Ұржар ауданында келесі іс-шаралар жүргізілді:
· Су алды деген жерлердің жиектерін ұзындығы 750 метр, жоғары биіктігі 1 метрге дейін көтерді.
· Қаракөл өзеніндегі мұздың кептелісін ұзындығы 3050 метрге жайғаған.
· Бөгетті күшейтуге және қауіпті бөгет жарылу орындарына қосымша 1200 құмды қаптар дайындалды.
· Елді мекендердің жағдайын тексеру жұмыстары іске асырылды: Шолпан ауылында - Қаракөл өзенінің өз асығымен жүру үшін бөгеттерін тазалау жұмыстары жүргізілді, Ұшбұлақ ауылында- тұрғын үйлерде ТЖ болмау үшін қардан тазалады, ОҚО СҚҚ бірлесіп 2 үйді қардан тазалады.
· Қатарлас Алматы-Семей тас жолында құтқару жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 32 адам құтқарылды және 11 бірл.техникалары қар борасынан босатылды.
· ЖҚЖ медицина қызметкерлеріне дәрі-дәрмек алып жүру үшін көмек көрсетті, 21 жәбірленушілерге емделуге жолдама беріліп, инъекция жасалған.
· Таскескен ауылында үйлердің жағасынан қатты ағынды еріген сулардың бағытын басқа бағытқа бұрып жіберген. Қаракөл тоғанының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкімет комиссия мүшелерімен ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілді:
- мұз басқан алаңдарды қарап тазалады;
- мұз бұғатының қараудағы алаңын жару;
- тоғанға қауіпсіз судың құюлуын жасау;
- тікұшаққа арналған алаңдарын тазалау және де тиісті белгілерді орналастыру;
ЖҚЖ жұмыстары туралы ШҚО теледидарларынан 2 мәрте көрсетілді, «Рудный Алтай» және «Пульс времени» газеттерінде жағымды мақалалар басылып шығарылды.
ЖҚЖ жеке құрамының осынша ұзақ уақыт жұмыстарда өздерін мамандырылған жауапкершілікті талап ететін және қауіпті аймақтарда ауыр климаттық жағдайларында -төмен температура, жел, жаңбыр, мұздай суларда белдерімен (өзендегі мұзды жарған кезде), Ұржар ауданының және Қоңыршаулын елді мекенінің басшылықтарымен бірнеше рет жақсы жұмыстарымен белгіленген.
ОҚО бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілуі
Сарыағаш ауданы, Дастан ауылы
2010 ж. 28.05. 09.00-де ОҚО ТЖ Департаментінің бастығы У.М.Ереповтың нұсқаулығымен ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ құтқарушылар тобының құрамы 13 адам және 2 бірлік техникаларымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Дастан ауылына авариялық-құтқару және тағы басқа да кейінге қалдырылмайтын жұмыстарын жүргізуге жіберілді.
2010 ж. 27.05 23-тен 38 минут өткен уақытта Сарыағаш ауданы әкімі М.Мырзабаевтың нөсерлі жауынның салдарынан үйлерді, аулаларды және тұрғын үйлердің жертөлелерін су басқандығын хабарлады.
Осы ауылда ЖҚЖ ж/қ оқиға болған жерге келе салысымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Құтқарушылар қираған үйлерді үйінделерін реттеп, жәбірленушілердің заттарын шығарды. Авариялық-қауіпті төрт үйлерден бұйымдары мен жиһаздарын көшірді және оларды туысқандарының үйлеріне тасыды. Медициналық көмек мұқтаждығы ауылдың бес тұрғынына керек болған, оларға медициналық көмек көрсетілді. Ауылдың әкімі Ж.Мұсатаев құтқарушылардың атқарған жұмыстары мен көмек көрсеткендеріне лебізін білдірді.
Ордабасы ауданы, Аманкелді ауылы
2010 ж. 03.06. 02-ден 20 минут өткен уақытта Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының нұсқаулығымен құтқару тобынан 21 адам және 2 бірлік техникаларымен Темірлан аймағы, Аманкелді ауылына жіберілді.
03-тен 30 минут өткен уақытта Аманкелді ауылында ө.қ.қ. подполковнигі Д.Е.Байсариевтің бұйрығымен осы ауылда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуін бастап кетті. Жәбірленушінің үйлерінен және үй ауласынан су сорғышпен суларды сорып алды. Жауын-шашын сулары арықтың төрт жерінен су шайып кеткен жерлерді, құмды қаптардың көмегімен дамбының жиектерін нығайтты. Медициналық көмекке мұқтаждығы бар ауылдың екі тұрғынына медициналық қажетті көмек көрсетілді.
12-ден 40 минут өткен уақытта ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығы полковник У.М.Ережеповтың ресми рұқсатымен ұдайы орналасқан жерлерінен кетті. Жүргізілген жұмыстарға ескертулер болмаған. Ауыл әкімшілігі мен көмек көрсетілген тұрғындары құтқарушылардың жұмыстарына лебіздерін білдірді.
Сарыағаш ауданы, Жылға ауылында
2010 ж. 14.06 Департамент бастығының нұсқаулығы және дабыл бойынша ЖҚЖ жеке құрамының 25 қызметкері тұрғызылды және 2 бірлік техникалары, ЖҚЖ қызмет жетекшісі Қаратай Нұсқабаевтың басшылығымен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға Сарыағаш ауданы, Жылға ауылына жіберілді. Осы ауылда жойқынды жауын-шашын болуына байланысты, 50 тұрғын үйлердің көбісін су алған.
2010 ж. 14.06. мен 2010 ж. 15.06. кезеңінде ЖҚЖ жеке құрамымен келесі жұмыстар жүргізілді:
- 7 тұрғын үйлерден мүліктері көшірілді;
- жәбірленушілер тұратын 11 шатыр тігілді;
- жергілікті мектептің спортзалында уақытша жәбірленушілер тұратын 30 төсек-орындары орнатылды.
2010 ж. 15.06. 17-ден 10 минут өткен уақытта ТЖ зардаптарын жою жұмыстарын аяқтаған кезде аудан әкімі атынан орындалған жұмыстары және үнемі орналасқан орындарына қайтуға рұқсат беріліп, ауызша лебізін білдірді.
Жұмыстарда құтқару бөлімінің жетекшісі Ильяс Мейрбеков және құтқарушы Ерболат Шалабаевтар ерекшеленді.
2011 жыл.
Іздестіру-құтқару жұмыстары
2011 жылы 10 сәуірдегі «Біргүлік» шатқалында 00:40 минут өткен уақытта құтқарушылар бірінші әйелді тапты, жартастан аман-есен түсірді. 57 жастағы Б.Ольга қаза тапқаннын денесін құтқарушылар 05:57 өткен уақытта 15 метр шұңғыр тереңдіктен тапты.
2011 жылы 21 мамырда 6 жасөспірімдер жартастың төбесіне шығып түсе алмаған, құтқарушылар сақтандыру қанатын ұйымдастырып, соның көмегімен барлығын төменге түсірді.
2011 жылы 07 маусымда «Біргүлік» шатқалында жартастың төбесінен 2 жасөспірімдерді түсірді.
2011 жылы 18 маусымда Созақ ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
БҚО авариялық-құтқару жұмыстары
2011 жылы сәуір айының 12-сі мен 14 аралығында ЖҚЖ ж/қ 8 адам және 2 жүзу құралдарымен Батыс Қазақстан облысында ОҚО СҚҚ бірлесіп су басқан жерлердің зардаптарын жоюға қатысты. Құтқарушылар тұрғындарды көшіру жұмыстарын жүргізді, мүліктерді және су алған аумақтарда азаматтардың техникаларын көшірді, тәулік бойы су деңгейін бақылап отырды. ТЖ зардаптарын жою уақытысында ЖҚЖ қызметкерлерімен 290 адам құтқарылды. 1 бірлік техникасы шығарылды. 52 жанұяға мүліктерін көшіру көмектері көрсетілді. 1980 гараждарды, 599 саяжай үйлерін қарап шықты.
«Жас құтқарушылар» жарыстары
Шымкентте бірінші мәрте «ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ қызметкерлерінің тікелей жәрдемдесумен 2011 жылы 10 наурыздағы Комсомольская өзенінің аумағында «Жас құтқарушылар» жарыстары өткізіліп, 13 қала мектептерінің он бірінші-бесінші сынып оқушы балалары қатысты. Көп баллдарды жинаған №38 орта мектебінің жас құтқарушылары. Екінші орынды №9 мектептің балалары алды, үшінші орынды №28 мектептері жас құтқарушылары иеленді. №42 орта мектебінің 11 жастағы оқушысы Б.Бердимуратовқа ең жас құтқарушыға грамота берілді.
ЖҚЖ жеке құрамына сабақ өткізу
 
Жоспардағыдай арнайы жүйелі дайындықтарының жүргізілуіне көп көңіл жалпылама физикалық дайындықтарына бөлінеді. Аптасайын жаттығу залында жаттығу жұмыстары жүргізіледі, ойлы-қырлы жерлердің ортасында кросстар, әсіресе турникте жаттығу жиынтықтарын орындайды.
Жаттығулардан бөлек, дайындық бағдарламасының жүргізілуіне сәйкес, ЖҚЖ құтқарушыларының біліктілігін арттыру үшін оларды Республикалық мектептер мен курстарға жіберіліп тұрады.
Кәсіби және шұғыл жұмыстарының жақсару мақсатында, авариялық-құтқару жабдықтары мен құралдарының ТЖ аймағында қалай қолданылатындарына жаттығу жұмыстары практикалық және теориялық сабақтары үнемі жүргізілуде.
Күнделікті жасақ жетекшілерінің құрамы жеке құрамға өздерінің тәртіптерімен, бірінші медициналық көмекті қалай көрсету керектігін, радиобайланыс құралдарымен, арнайы құтқару жабдықтарымен, авариялық-құтқару құралдарымен (АҚҚ), сүңгуірлердің дайындықтарымен, химикалық дайындықтарымен, іздестіру-құтқару жұмыстарында әр-түрлі көлемдегі бедерлер бойынша сабақтар жүргізіледі.
Жасақта құтқарушылардың жетілдіріп оқыту жұмыстары жүргізіледі. Қыс мезгілінде жеке құрамының дайындықтарын көтермелеу және бейімдендіру үшін тауларға шығып тұрады.
Біргүлік шатқалындағы жас туристер базасында-техникалық және тақтикалық тәсілдерінің дұрыс орындау мақсатында, тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Авариялық-құтқару құралдарымен жұмыс жасағанда олардың техникалық қауіпсіздік талаптарын білулерін және авариялық-құтқару құралдарымен дұрыс қолдануларын тексеріледі. Жеке құрамның жәбірленушілермен араласу дағдысы, зембілге дұрыс жатқызулары, тасымалдау құралын таңдап алуы, тасымалдау жағдайынан нәтиже шығарулары, дәрігерге дейінгі көмек көрсетулері тексеріледі. Байланыс құралдарымен жұмыс жасауы және физикалық дайындықтары тексеріледі.
2012 жылғы
Шұғыл жұмыстар.
 
2012 жылы 2 ай ішінде ЖҚЖ жеке құрамымен 123 шұғыл жұмыстары іске асырылды, соның ішінде:
- тұрғындарға көмек көрсету бойынша-74, оның ішінде:
- 51-жәбірленушілер құтқарылды, оның ішінде балалар-30;
- 49-АҚЖ, соның ішінде;
- 7-ЖКО зардаптарын жоюға (1-жәбірленуші, 4-қаза тапқандар шығарылды);
- Бәйдібек ауданында адамдарды іздестіру-2 (құтқарылған-2);
- қар борасында және су басудан жоюға-40, (353 адам көшірілді, 21 бірл.техникалары босатылды)
- Забадам, Қарабастау, Жанаталап ауылдарында су басудан жоюға-дамбының жиектерін көтеруге 7900 құмды қаптар жұмсалды.
Үйлестіру-диспетчерлік бөліміне 3462 хабарламалар түсті, осыларға тиісті шаралар қолданылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары
 
2011ж. 29.12.-2012ж.01.01. аралығында Түркістан ауданындағы Ащысай ауылы мен Бәйдібек ауданының «Одаман-бұлақ» асуында АҚЖ жүргізу барысында-75 адам көшіріліп, 10 бірл.техникалары босатылды.
2012ж. 01 ақпан мен 05 ақпан аралығында Бәйдібек ауданында Шаян-Шолаққорған тас жолындағы «Одаман-бұлақ» асуында АҚЖ жүргізу барысында қар борасында қалған 243 адам мен 30 бірл.тех. көшірілді.
2012ж. 09 ақпан мен 14 ақпан аралығында Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылындағы тұрғын үйлерді және шаруашылық құрылыстарын қардан тазалау жұмыстарын ЖҚЖ жеке құрамының 15 адамы, 2 бірл.техникаларымен басқада кідіртуге болмайтын құтқару жұмыстарын жүргізді. 2012 ж. 11.02. Шаян-Шолаққорған асуында ЖҚЖ ж/қ 4 адамымен 1 бірл.техникасы құтқару жұмыстарын жүргізді 114 адам және 15 бірл.техникаларына құтқару жұмыстары жүргізілді.
2012 ж. 17 ақпан мен 18 ақпан аралығында ЖҚЖ ж/қ 17 адам және 3 бірл.техникалары - Монтайтас е/м тұрғын үйлерді су басудан жоюға шықты.
2012 ж. 19 ақпан мен 21 ақпан аралығында ЖҚЖ ж/қ 29 адамы мен 3 бірлік техникалары және Тараз қаласының ЖҚЖ - 10 адамы мен 2 бірлік техникаларымен тұрғын үйлерді су басудан жоюға және дамбы жиектерін көтеруге және су соруға жіберілді (Шымкент қ., Забадам а., Қарабастау а., 3400 құмды қаптар төселді).
2012 ж. 27 ақпан мен 29 ақпан аралығында ЖҚЖ ж/қ 29 адамы мен 3 бірлік техникаларымен тұрғын үйлерді су басудан жоюға, көшіруге және дамбы жиектерін көтеруге және су соруға жіберілді (Шымкент қ., Забадам а., Қарабастау а., Жанаталап – 17 адам көшірілді, 4500 құмды қаптар төселді).
2013 жыл
Атқарылған шұғыл жұмыстар
 
ЖҚЖ жеке құрамы 805 шұғыл жұмыстарға шықты, оның ішінде:
623-тұрғындарға көмек көрсету;
182-АҚЖ (270-адам құтқарылды, оның ішінде 159-бала);
54-рет жол-көлік оқиғалары (13-адам қысылғын автокөліктен шығарылды, оның ішінде 13-бала; 17-адамның мәйіті).
Диспетчерлік-үйлестіру бөліміне 24984 хабарлама түсіп, қажетті жұмыстар атқарылды.
Апатты-құтқару жұмыстары
Қаңтар айының 3 мен 16 аралығында ОҚО елді мекендерінде қар басу кезінде 103 адам эвакуация жасалынып, 23 техника бұғаудан босатылды.
12 қаңтар күні Сарыағаш ауданында жүргізілген АҚЖ кезінде тасыған судың бұғауында қалған 7 адам қауіпсіз жерге эвакуация жасалынды, оның ішінде 2 бала, бір жеңіл көлік шығарылды.
19 мамыр күні 17 мөлтек ауданда және 29 қарашада Асқаров көшесі №49 үйде күшті желдің салдарын жою іс-шаралары жүргізілді. ЖҚЖ 27 адамнан тұратын тобы альпинистік және апатты-құтқару құралдарының көмегімен төтенше жағдайдың салдарларын жойды.
ШҚО жүргізілген мониторинг
ШҚО су тасу қаупінің туындана байланысты, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен құтқару және басқада кезек күттірмейтін шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін «ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ 12 адамнан тұратын тобы, 2 автокөлікте 3 жүзу құралдарымен жабдықталып, Күршім ауданына жіберілді, ол жерде Теректі су қоймасындағы су деңгейіне бақылау жасалынды.
Шет мемлекеттерде қызметкерлердің кәсіптік біліктіліктерін жетілдіру
Апатты-құтқару жүргізу кезіндегі кәсіби тәжірбиелерді жетілдіру мақсатында, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының ТЖМ-нің Қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру институттарының курстарында 9 адам дайындықтан өтті.
2014 год
Атқарылған шұғыл жұмыстар
 
2014 жылы құтқару бөлімшелері 965 рет шұғыл жұмыстарға шықты, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 16 % көп болды (805), апатты-құтқару жұмыстарына 282 рет шығып, 2013 жылмен салыстырғанда 35 %-ға артық көрсеткіш жасады (182). Оның ішінде 8-рет Бәйдібек және Созақ аудандарындағы автокөлік жолдарында қар басу салдарынан пайда болған кептелістердің зардаптарын жою жұмыстары жасалынды, атқарылған жұмыстар кезінде 128 адам эвакуация жасалынып, 26 техника кептелсітен шығарылды. 339 адам құтқарылды, 2013 жылмен салыстырғанда 24 % көп (270).
Апатты-құтқару жұмыстары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрінің бұйрығымен 2014 жылдың 30 наурызы мен 19 сәуірі аралығында ОҚО ТЖД ЖҚЖ 10 адамнан тұратын тобы, жүру өтімділігі жоғары 2 автокөлікте, су басу қаупі туындауына байланысты орын алған жағдайға сәйкес апатты-құтқару және де басқада кезек күттірмейтін жұмыстарды атқару үшін Қостанай және Ақмола облыстарына іс-сапарға жіберілді. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Екі дін поселкасынан Сарытоғай өзені арқылы жүзу құралдарымен 21 адам өткізіліп, 2 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Атбасар поселкасының 9 үйінің мүліктері эвакуация жасалынып, 1 құлаған үйдің үйінділері арасынан мүліктері шығарылды.
2014 жылдың мамыр айының 10 мен 13 аралығында Оңтүстік Қазақстан аумағында орын алған қатты желдің салдарынан болған төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарына ОҚО ТЖД ЖҚЖ жеке құрамы да қатысты. Желдің жылдамдығы 20-25 м/сек. жетті. Орын алған жағдайдың салдарын жою үшін жеке құрам қажетті құрал-саймандармен жабдықталып жедел әрекет жасайтын үш топқа бөлінді. ТЖ зардаптарын жоюға мемлекеттік мекеменің 23 қызметкері 4 техникада тартылып, 38 рет шығарылым жасады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары
16 наурыз күні ОҚО ТЖД ЖҚЖ қызмет басшыларынан тұратын қызметкерлері: Ж.Е. Рахимов., П.В. Вишенин., Б.М. Алиев Наурыз мейрамына қарсы жасалынған Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт шыңына (1720 м) шығатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жасады. Шыңға 150 адам шықты.
2015 жыл
Қарағанды облысында атқарылған АҚЖ
Қарағанды облысында орын алған табиғи ТЖ зардаптарын жою жұмыстары кезінде жасақтың жеке құрамы: –17адамды құтқарды, эвакуацияланған адамдар саны-838,соның ішінде-104бала; алғашқы көмек көрсетілген адамдар саны-8; шығырылған техника –5бірлік, эвакуацияланған малдар –169 бас, құммен толтырылған қаптар –720 дана, соғылған дамбылар ұзындығы–230м., 12тұрғын үй тексеріліп2-мәйіттің денесі шығырылды).
 
Табиғи және техногенді ТЖ жою жөніндегі іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында ЖҚЖ жеке құрамы «Коктем-2015», «Жер-2015» РКШЖ қатысты, «Антитеррор-2015» терроризмге қарсы операцияға -2 рет және 3 рет ІІМ тарапынан өткізілген жаттығуларға қатысты.
Кәсіби деңгейді шыңдау мен іс жүзінде жүргізу тиімділігін көтеру үшін, өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірге 17 өрт-тактикалық жаттығуларына қатысты.
2015 жылдың 18 мамыры мен 28 мамыры аралығында шатқалды қала «Астана» полигонында ЖҚЖ жеке құрамы құтқару бөлімдері арасында өткізілетін Халықаралық «КАЗСПАС-2015» семинар-жиынына қатысты. ОҚО ТЖД ЖҚЖ (Шымкент қ.) ММ командасы жалпы есепте 4 орынға ие болды, және сол жиында өткізілген кинологиялық есепке де қатысып 3 орын алды.
2015 жылдың 25 мен 28 тамызында Приозерск қаласы базасындағы құтқару стансасында ОҚО Жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы «Нептун-2015» кәсіптік апатты құтқару қызметтері арасында суда өткізілген оқу-жаттығу жиынына қатысып, 18 команда арасынан 6 орынды иеленді.
14 қыркүйекте 7 құтқарушы мен 1 дана техника Шығыс қазақстан облысы Риддер қаласына «Тайга -2015» оқу жаттығу жиынына жіберілді.
 
Жедел-құтқару жасағының мерзімді аттестациясы
ОҚО ТЖД 26.10.2015жылғы №.226 бұйрығына сәйкес 26 қазанмен 4 қараша аралығында ОҚО ТЖД аттестациялық комиссиясы Жедел-құтқару жасағын аттестациядан өткізді. Аттестация қорытындысы бойынша ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен «ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ» ММ-не апатты құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізуге куәлік берілді.
 

Басшылық

Туртбаев О
«ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы Төртбаев Орынбасар Құлманбетұлы
Туылған жылы: 1973 жылы
Туылған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Білімі: 1992 жылы Шымкент медицина училищесін тазалық-фельдшері мамандығы бойынша   бітірді. 2001 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді.
Төртбаев Орынбасар Құлманбетұлы 1997 жылдың наурыз айында «Оңтүстік Қазақстан облысы Судан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесіне мейіраға лауазымына жұмысқа қабылданып, 2003 жылы кәсіби дағдыларының жоғары болуына байланысты Сүңгуірлердің апатты- құтқару жасағының басшысы қызметіне тағайындалды.
Басшы-құтқарушы ретінде 200 аса іздестіру құтқару жұмыстарына қатысып, 20 аса адамды ажал аузынан арашалап қалды және 1200 аса адамды жүзу тәсілдеріне үйретті. Сонымен қатар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының аймақтарында орын алған  төтенше жағдайлардың зардаптарын жүргізу жұмыстары кезінде жасақты басқарып, өзін батыл да тапқыр басшы ретінде көрсете білді. 2014 жылы су тасқыны салдарынан Сырдария өзені бойына жақын орналасқан елді мекендерді су басу қауіпінен алдын алу  мақсатындағы мұз жару жұмыстарын жүргізу кезінде, Сүңгуірлердің апатты-құтқару жасағын басқарды. О. Төртбаев Сүңгуірлердің апатты-құтқару жасағын қиын жағдайларда басқарып, жедел-құтқару тобының құрамында  Шардара су қоймасы, Сырдария, Арыс және басқа да ірі өзен-көлдерде жүргізілген құтқару жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырды.
Алдына қойылған тапсырмаларды орындау кезінде басты бағыттарды дұрыс айқындап, жұмыстарды сапалы түрде іске асырады. Құтқарушыларға тән қасиетке ие.
О.Төртбаев өзінің білімінің, іс тәжірбиесі мен еңбек сүйгіштігінің арқасында құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болып жетілуіне және құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа жұмыс тәсілдерін қолдануға тұрақты түрде өзінің үлкен үлесін қосып келеді. Үйленген, төрт ұл-қыздың әкесі.
01.08.2015 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы (Шымкент қ.)» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының 2016 жылдың 20 қыркүйегіндегі №43 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес Төртбаев Орынбасар Құлманбетұлы «ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Шымкент қ.)» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

baisariev Аты-жөні, тегі, жеке нөмірі Байсариев Талгат Есалиевич
Атқарып отырған лауазымы ҚР ІІМ ТЖК   Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» ММ орынбасары
Тағайындау мерзімі және бұйрық нөмірі «09» қараша 2016 жыл
Туылған жылы, айы және күні "19"сәуір 1976 жыл
Туылған жері ОҚО, Бәйдібек ауданы
Ұлты қазақ Білімі жоғары;
1993 жылы Қазақ химия-технологиялық институты бітірген;
Мамандығы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
Меңгерген тілдері қазақ және орыс тілдері
Қарулы күштер қатарындағы қызметі 1986 жылғы "05" шілдеден 1988жылғы "25"маусымға дейін
Соңғы аттестацияның қорытындысы 2010 жылғы «29» желтоқсан-1 класс құтқарушысының біліктілігі

Атқарған жұмыстары
01.09.1985ж. 01.07.1993ж. Қазақ химия-технологиялық институттың студенті
05.07.1986ж. 25.06.1988ж. Қарулы күштер қатарындағы қызметі
27.01.1992ж. 04.08.1992ж. Шымкент қорғасын зауытының техник-құрылысшысы
6.08. 1992ж. 24.01.1995ж. «Какпан» кіші кәсіпорнының мергені
26.01.1995ж. 13.10.1995ж. «Достар» ПКФ аға күзетшісі
13.10.1995ж. 19.04.1996ж. Облыстық су каналының слесарь-сантехнигі
2.04.1996ж. 14.12.1997ж. ОҚО, Бәйдібек ауданы Г. Муратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі 
1.02.1999ж. 1.01.2005ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» құтқарушы-санитары
1.01.2005ж. 11.04.2005ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» ММ құтқару бөлімшесінің басшысы
11.04.2005ж. 31.12.2009ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» ММ сүңгу қызметінің басшысы
31.12.2009ж. 08.11.2010ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» ММ басшысының орынбасары
08.11.2010ж. 29.03.2012ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» ММ химия-биологиялық және радиациялық қорғау қызметінің басшысы-құтқарушы
29.03.2012г. 15.08.2014г. Спасатель высшей категорий-спасатель ГУ «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Южно-Казахстанской области Министерства  по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
15.08.2014ж.   Өз еркімен жұмыстан шығарылды 15.08.2017 жылғы №61 л/с бұйрығы. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағы» ММ
09.11.2016ж Қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы Шымкент қ.» ММ басшының орынбасары-құтқарушы
 
dyusenbekov Аты-жөні, тегі, жеке нөмірі Дуйсенбеков Рауан Раушанович
Атқарып отырған лауазымы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» ММ  орынбасары
Туылған жылы, айы және күні "13"мамыр 1976 жыл
Туылған жері ОҚО, Бәйдібек ауданы
Ұлты қазақ Білімі орта-арнайы;
1995 жылы Шымкент экономика және құқық колледжін бітірген;
Мамандығы менеджмент, менеджер
Қарулы күштер қатарындағы қызметі 1995 жылғы "26" мамырдан 1996жылғы "01"қазанға дейін
Атқарған жұмыстары
12.02.1999ж. 07.06.2001ж.  «Технополис» ғылыми-өндірістік кәсіпорны
08.01.2002ж. 31.05.2002ж.  «Южполиметалл» АҚ темір ұстасы
24.12.2002ж. 01.01.2005ж.  Шымкент қ. жедел-құтқару жасағының құтқарушысы
01.01.2005ж. 13.04.2005ж.  ҚР ТЖМ Шымкент қ. жедел-құтқару жасағы ММ жоғары дәрежелі құтқарушысы
13.04.2005ж.   Өз еркімен жұмыстан шығарылған 13.04.2015 ж.  №25 л/с бұйрығы
22.01.2006ж. 02.05.2006ж. 1 дәрежелі маман-ҚР ТЖМ Шымкент қ. жедел-құтқару жасағы ММ құтқарушысы
02.05.2006ж. 01.08.2006ж. ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы Шымкент қ. ММ бас құтқарушысы
01.08.2006ж. 25.11.2014ж. ҚР ТЖМ ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ құтқару бөлімшесінің басшысы
25.11.2014ж. 30.05.2015ж. ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ автокөлікті және авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын пайдалану бойынша бөлімінің басшысы
30.05.2015ж. 01.06.2016ж. ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ автокөліктерге, жүзу құралдарына және құрал-жабдықтарға қызмет көрсету қызметінің басшысы
01.06.2016ж. 11.10.2016ж. ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ радиациялық және химия-биологиялық қорғау қызметінің бас маманы
11.10.2016ж. 14.02.2017ж. ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ құтқару бөлімшесінің басшысы
14.02.2017ж Қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ басшының орынбасары-құтқарушы

Құрылымы

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қ.)» мемлекеттік мекемесі

Лауазымдар мен аппараттың аталуы

Арнайы шеңі
(Персоналдың санаты)

Лауазымдардың саны

«Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Шымкент қ.)» мемлекеттік мекемесі

 

Басшылық
Жасақтың басшысы – құтқарушы

Басшының орынбасары - құтқарушы

 

 

Құтқару бөліністері
Басшы-құтқарушы

Бас құтқарушы

Құтқарушы

 

Кезекшілік-диспетчерлік қызмет (бөлімше құқығында)

Бөлімше басшысы –құтқарушы

Бас құтқарушы

 

Сүңгуір-құтқару қызметі

Бөлімше басшысы –құтқарушы

құтқарушы

 

Кинологиялық қызмет
(бөлімше құқығында)

Бөлімше басшысы –құтқарушы

Бас құтқарушы

 

 

 

Радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау қызметі
(бөлімше құқығында)

 

Бөлімше басшысы –құтқарушы

Бас құтқарушы

 

 

 

Медико-психологиялық қызмет
(бөлімше құқығында)

Бөлімше басшысы-құтқарушы

Бас құтқарушы-психолог

Медициналық бике (медаға) – құтқарушы

 

Су құралдары мен жабдықтардың автокөлігіне қызмет көрсету бойынша қызмет (бөлімше құқығында)

Бөлімше басшысы-құтқарушы

Бас құтқарушы

Қойма меңгерушісі

 

Кадр жұмыстары тобы

Бас инспектор

 

Қаржылық қамтамасыз ету тобы

Бас бухгалтер

экономист

 

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен ұсталатындар

 

Басқарушы құрам -
Қатардағы құрам -
Ерікті құрам -

 

 

 

 

басшы

басшы

 

 

басшы

басшы

маман

 

 

 

басшы

маман

 

 

басшы

маман

 

 

 

басшы

маман

 

 

 

 

 

басшы

маман

 

 

 

 

басшы

маман

маман

 

 

 

 

басшы

маман

маман

 

 

маман

 

 

басшы

маман

 

98

 

 

98

 

 

 

 

1

2

3

 

8

12

44

64

 

 

1

4

5

 

1

4
5

 

1

2

3

 

 

 

1

 

 

 

1

3

4

 

 

 

1

2

3
6

 

 

 

1

3

1
5

 

 

1
1

 

1

2
3

 

Жауапты аумағы

zona

Жабдықтау

Мекеменің материалды-техникалық жабдықталуы

ОҚО ТЖД ЖҚЖ ММ арнайы техникамен және көлікпен қамтамасыз етілуі -67,2%; құрал-саймандармен 13,7%; құтқару саймандарымен- 9,2%; сүңгуір құралдарымен – 84,3%; керекті құрал-жабдықтармен– 30 %; байланыс құралдары мен оргтехникамен – 44,3 %, радиация және химиялық қорғаныс құралдарымен – 37 %, жүзу құралдарымен– 89% жабдықталған.  Қазақсан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Кәсіби апатты-құтқару қызметтері мен кинологиялық қызметтерді қамтамасыз етудің тиісті нормасы туралы» № 259 бұйрығына сәйкес мекеменің Материалдық-техникалық қамсыздануы 66,3 % құрайды.

Байланыс

ЖҚЖ басшысы М.Т. Бексеитов:
жұмыс тел:54-57-28;ұялы тел: 87011647505;
 
Басшының орынбасары Ғ.Б. Дюсенбаев:
жұмыс тел:55-84-96;ұялы тел:87011918588;
электронный адрес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
Басшының орынбасары О.К. Туртбаев:
жұмыс тел:55-84-96;ұялы тел:87752616909
электронный адрес This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
Кезекші бөлімі тел/факс: 8-7252-54-93-04 тәулік бойы