Принтерге шығару

Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области (город Павлодар) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Никитина көшесі, 106.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеменің қызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Павлодар облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салынатын және ескертетін белгілер орнатуды жүзеге асырады;
11) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
12) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
13) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитет төрағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
34. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Құрылу тарихы

 
Құрылу тарихы
Бүгінгі күні жалтылдаған бұлдырап тұратын көк-сары жолақтары бар қала көшелері бойымен зымырайтын көлікті ешкім көрмейді. "Қазақстан ТЖМ" жазуы бар қара-көк формалы киімдегі жас жігіттер кез келген төтенше жағдайларға қатысатын көзге үйреншікті болып кетті. Бұл қызмет үнемі болған сияқты, Департаменттің авариялық және жедел қызметінде мықтылардың ішінде өз орындарын тапты. Бірақ он жыл бұрын Павлодар өзінің құтқару жасағының болатынына елестете алмады. Павлодар түгіл Қазақстанның кез-келген қаласында осындай қалыптасу бола алмады. Барлығы әдеттегідей құлшыныстан пайда болды.
2000 жылы "Құтқару қызметінің" қалыптасуына Павлодар қаласының әкімі Николай Чмыхке ТЖ қалалық басқармасының бастығы Т.К. Нұрмағамбетов талпынды.
Бұл ойды өзінен қарағанда қияли болды, кіріске барлық қажетті дәлелдер келтірілді: қаланың өсіп келе жатқаны, жуырдағы сынаптың төгілуі, химзауыттың жақындығы, және бұл қала әкімінің қызметі болатыны, ал ең бастысы бұл адамдардың өмірлерін құтқару болып табылды.
Мүмкін, соңғы дәлел бұдан әрі сенімдірек болған шығар, әкімшілік техника бойынша құралдарды іздестірді. Және химзауыттың газ құтқару қызметінде қалалық "Құтқару қызметі - 051" қалыптастырылды. Құтқарушылардың жауынгерлік кезекшілігін Павлодарда 2000 жылдың 1 маусымынан бастады. Құтқару қызметінің бастығына Касьяненко Андрей Викторович тағайындалды.
Есте қаларлығы, осындай жасақтың құрамына ақша үшін емес, ол кезде еңбекақы аздау болғанның өзінде, көп қалаушылар болды. Бірақ ең маңыздысы жасақ пайда болып бірден қалыптасып кетті. Бірінші шақырулар қолайсыз жағдайлардың көбі мегаполистерде және Павлодарда да болып тұрды. Қолда қалып қойған жүзік те, қоқыстағы балалар, және пәтерлерінде жабылып қалғандар да, және әрине жол-көлік апаты мен өрттер де болды. Бірінші жылда қалыптасқаннан бері оттан, апаттардан, авариялар кезінде көлікте қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Содан бері жасақта көптеген өзгерістер болды. 2009 жылдың наурызында құтқару қызметінің нөмірі - 112 ауысты. Онда көп адам, сүңгуірлер және кинологиялық қызметте пайда болды. Техникалық жарақтары дамыды. Бірақ міндет бір болып қалды - ол адам құтқару. Жасақтың пайда болғанынан бастап, 14 мың шақырулар, оның ішінде 9 мың авариялық-құтқару жұмыстары, олардан 3 мың адам оның ішінде 157 бала құтқарылса, 600 қаза болғандар болды.
Жасақта өздерінің ардагерлері бар Ибраев Канат, Неволькин Сергей, Храмова Наталья, Насыр Александр, Овчинников Игорь, Андруцкий Сергей, Заболоцкий Сергей. Бүгін жасаққа жанадан келген жас құтқарушыларға кәсіби тәлімгерлердің барына сенімділікпен айтуға болады. Адамдарды құтқару үшін ауыртпашылықты өзімен бірге кешетін құтқарушылар көңілді, адал, бауырмал. Олар жас құтқаршылармен жас туристермен тығыз байланыста. Құтқарылу кезіндегі өздерінің әрекеттерімен оқушылармен бөліседі, алғашқы медициналық көмекті көрсетуге үйретеді.
Кинологиялық қызмет жедел-құтқару жасағында 2006 жылы құрылды. Оқу семинарларында, кинологиялық есептерде, штабтық және республикалық оқуларда, сонымен қатар халықаралық және қазақстан ішіндегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған кинологиялық есептерге қатысты. Кәсіби іздеу дағдыларын іске асыру, сонымен қатар іздеу иттерін де төзімділікті дамытуда және дайындықтарда үнемі оқу-жаттығу сабақтары жүргізілуде.
Павлодар облысы құтқарушыларының мобильдігі мен жеделдігі 2010 жылы көрші Шығыс Қазақстан облысы өзенінің тасығанында дәлелденді. Күнімен түнімен құтқарушылар бөгеттерді қалап, арық каналдарын қазып, қарқынды қар жауғанына және көк тайғақтан көліктерді шығарып салды, су басып жатқан аудандарда адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді.
Тағы бір шұғыл бөлімше: сүңгуірлер құтқарушылар қызметі де жас болса да, судағы авариялық құтқару жұмыстарды жүргізуде тәжірибелері мол.
Сүңгуір құтқарушылар қызметінің қалыптасуына негіз болған осы күнге дейін болған ОСВОД қызметі болды, материалдық базасы және жеке құрамы жаңадан құрылған сүңгуірлі құтқарушылар қызметіне берілді.
1996 жылы ҚР ТЖ комитетімен сүңгуір құтқарушы қыземті республикалық орталығы ұйымдастырылып, 1996 жылдың 25 қарашасында Павлодар облысының әкімі Д.К. Ахметовтың шешімімен облыстық сүңгуір құтқарушы қызметі қалыптасты. Осы күннен бастап Павлодар облысының сүңгуір-құтқарушы қызметінің есебі басталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жғдайлар комитеті төрағасының 2015 жылдың 16 маусымнан бастап №156 бұйрығымен жедел құтқару жасағы мен сүңгуір-құтқарушы қызметі бір құрылымға енгізілді.
30 1 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодароблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодарқаласы)» мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
30 2 Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық. Жасақ кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар коситеті төрағасының 2015 жылғы 16 маусымдағы №156 бұйрығымен қайта құрылды.
30 3 Жасақтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті болып табылады.
Мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодароблысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области (город Павлодар) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 140000, Павлодароблысы, Павлодар қаласы, Никитина көшесі, 106.
Жасақ қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады, жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады, халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге жасақтың күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды.

Қызмет бағыты

-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою;
- жетуге жолы қиын аудандардағы, күрделі объектілердегі және басқа да дүлей апат аймақтарындағы дүлей зілзала, авариялар және апаттар кезінде шұғыл құтқару, іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
- күйреткіш авариялар, апаттар ошақтарында және дүлей зілзала аймақтарында барлау жүргізу;
- дүлей зілзала, авариялар және апаттар кезінде зардап шегушілерге жедел көмек көрсету ;
- халықаралық шарттарға сәйкес республика аумағында және одан тысқары жерлерде ірі ауқымды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды дереу жоюға жасақтың тұрақты даярлығын қамтамасыз ету.

Басшылық

vlasov Жасақ басшылығы
Жасақ басшысы - Власов Владимир Михайлович, 1955 жылғы 22 сәуірде Павлодар облысының Қашыр ауданы Тихомировка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары: «Инженер-механик» мамандығы бойынша Павлодар индустиралды институтын бітірген. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл, төтенше жағдайлар құрылымындағы жұмыс өтілі 34 жылды құрайды.50 аса адам өмірін сақтап қалған, сүңгуірлік жұмыстардың шебері, су астында 4500 сағаттан аса жұмыс істеген. Келесі марапаттары бар:«Батқандарды құтқарғаны үшін» медалі, «Еңбек Ері» медалі, «Халықаралық азаматтық қорғанысты ұйымдастыру» медалі, «Қазақстан Респуликасының Қарулы Қүштеріне 10 жыл» ҚР СҚ медалі,
«Қазақстан Респуликасының Қарулы Қүштеріне 20 жыл»ҚР СҚ медалі, «Павлодар облысына 75 жыл» облыс әкімінің медалі, «Құтқарудағы ынтамақтастық үшін» Ресей ТЖМ медалі, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР ТЖМ омырау белгісі,
ҚР ТЖМ Құрмет грамотасы, «Нептун-2010» жиынын ұйымдастырғаны мен өткізгені үшін ҚР ТЖМ грамотасы, ҚР ТЖМ алғыс хаты, ҚР ТЖА Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Құрмет грамотасы, Павлодар облыстық маслихаттың Құрмет грамотасы, ТЖМ азаматтық қорғаныс басшысы сертификаты бар.
Үйленген, екі баласы және төрт немересі бар. 1 санаттағы құтқарушы.
 
mnabdЖасақ басшысының орынбасары
Абдуалиев Мухамедканапия Насриденович 1965 жылғы 6 маусымдаПавлодар облысында дүниеге келген, қазақ.
Білімі: жоғары, 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігінің инженері» біліктілігі,«Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы Беларусь Республикасы ТЖМ Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында дайындықты өтті.
Еңбек қызметін 1987 жылдан бастады. М.Н.Абдуалиев жасақтағы жұмысқа дейін 20 жылдан аса өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінде қатардағы өрт сөндірушіден Павлодар облысы Лебяжі ауданын қорғау бойынша №26 өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін қызмет еткен. Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет еткен уақытта М.Н. Абдуалиевте 25 тәртіптік мадақтаулары, 4 алғыс хаттарымен, ІІІ, ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. Үйленген, ұл мен қызды тәрбиелеп жатыр.
 
 
 
 
  serik m Жасақ басшысының орынбасары, Шериязданов Серік Мүбәракұлы
1981 жылғы 17 ақпанда Семей облысында дүниеге келді, қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлеккеттік университетін «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2001 жылғы қаңтар айынан ШҚО-ның Бесқарағай еңбек және әлеуметтік қорғау басқарасының маманы ретінде бастады.
Азаматтық қорғау саласындағы қызметін 2006 жылғы қаңтар айынан Бесқарағай ауданы әкімінің Азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі ретінде бастады, 2017 жылы ШҚО Жұмылдыруды дайындау, азаматтық қорғаныс, аварияларды және табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру департаменті Азаматтық қорғаныс, аварияларды және табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы лауазымына ауыстырылды. 2009 жылғы наурыз айынан ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖ жөніндегі басқармасының, ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы. 2010 жылдың қараша айынан осы бөлімнің бастығы болып қызмет атқарды. 2015 жылғы наурыз айынан Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасында, 2015 жылы қазан айынан Павлодар облысы Төтенше жағдалар департаментінде жұмыс атқарды. 2017 жылғы қазан айынан жасақ басшысының орынбасары лаузымына тағайындалды.
Қызметтік жетістіктеріне жеткені үшін 2012 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен және 2017 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитет төрағасының Алғыс хатымен мараппатталды.
Үйленген, екі ұл бір қыз бала тәрбиелеп жатыр.
 

Құрылымы

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құрылымы

str_oso_kz

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

жедел-құтқару жасағының құрылымы

ТАӘ, лауазымы Байланыс номері Электрондық адрес

Жасақ басшысы

Власов В. М. 

618173

618169

 

Жасақ басшысының орынбасары

Абдуалиев М.Н. 

618-172

703-765

 

Жасақ басшысының орынбасары

Шериязданов С. М.

618-170

703-777

 

Кеңсе

Реверук О.С.

 

618-170 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бас есепші

Құдаспаева Ә.О.

 

618-171 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Экономист

Сытник А.В.

 

618-171 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кадр жұмысы тобының бас инспекторы

Колтакова Е.С.

 

618-169 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кезекшілік диспетчерлік бөлімше басшысы

Гребенкина Н.В. 

618-169 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Кезекшілік диспетчерлік бөлімше 618-172 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 

Жарғы

 
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым, төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Мекеме кәсіби апатты-құтқару қызметі болып табылады.
3.Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Төрағасының бұйрықтарына, басқа да нормативті актілерге, ондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
5. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
6. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
7. Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
8. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы (Павлодар қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области (город Павлодар) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 140004, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Хромзавод көшесі, 10 үй. .
2. Мекеменің заңды мәртебесі
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
11. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде есепшоттары, мөрлері мен мемлекеттік мекеменің мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөртабандары болады.
12. Мекеменің құрылымы мен штаттық санының шегін Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Төтенше жағдайлар Комитетінің Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (будан әрі - Министр) бекітеді.
13. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды
14. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағында барлық қаржы-қаражаттарға жауап береді.
15. Мемлекеттік мекеменің жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелері (соның ішінде мемлекеттік сатып алулар) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
16. Мекеменің атқаратын қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда басқа кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттарға отыруға мекемеге тиым салынады.
3. Мекеменің қызметі мен мақсаты
17. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттардан, заманауи қарулардың қолданылуы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету болып табылады.
19. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
бекітілген аумақта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік мекемені бекітілген аумақ шегінен тыс жерлерде апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізуге тарту төрағаның шешімі бойынша орындалады;
төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерді құтқару үшін бірінші кезектегі іс-қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізу;
дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, материалдық-техникалық қамсыздандыру шараларын ұйымдастыру және Мекеме қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
кәсіби шеберлікті жетілдіру-жеке құрамға құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігіне, зардап шегушінің өмірін құтқару және көмек көрсету бойынша тиімді іс-қимылдарға тұрақты, жүйелі арнайы дайындықтар өткізу және үйрету;
басқару органдарын, Мемлекеттік мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына баруға және шұғыл -құтқару жүмыстарын жүргізуге тұрақты әзірлігін қолдау, жасаққа білікті кадрларды жинақтау;
халықтан және ұйымдардан кез келген туындау қауіпі бар және туындаған төтенше жағдайлар немесе оның фактілер туралы хабарламалар қабылдау;
Өзінің құзыры шегінде қатысады:
- Терроризммен күрес бойынша қалалық шұғыл штаб жұмысына;
- Қалалық Антитерролық комиссия жұмысына;
Төтенше жағдай кезінде халықтың өмірін қорғау, сақтау бойынша тұрғындарға көпшілік ақпарат құралдары арқылы түсіндірме, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
20. Мекеменің қызмет көрсету аясына Павлодар облысының Железин, Качир, Успен, Павлодар, Щарбақты, және Лебяжі аудандары кіреді Павлодар және Аксу қаласы әкімінің құзыретіне кіретін аймағы).
21. Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметтерге сәйкес келмейтін, қызмет мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
22. Мекеменің, өз қызметтеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, шектеулі түріндегі және басшылық құжаттарға қайшы келетін, немесе басшының өз жарғылық құзырын бұза отырып жасаған келісімдері, тиісті сала органының немесе мемлекеттік мүлік бойынша органының, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп табылады.
23. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы тұлғаның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді атқаруы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және ол тәртіптік, әкімшілік және де басқа жауапкершілікке тартылады.
 
4. Мекемені басқару
24. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
25.Комитет Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіптеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жекелендірілген жоспарды бекітуге жібереді.
Мекеменің мүлігін сақтауды қадағалауды жүзеге асырады;
Мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;
Мекеме басшысын лауазымға Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының ұсынысы бойынша тағайындайды және қызметінен босатады;
жылдық қаржы есебін бекітеді;
Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен мекеме теңгеріміндегі мүліктің алынуы мен бөлінуін келіседі.
Мекеме басшысының қызметінен босатудың негіздерді анықтайды
Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
26. Мекеменің басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық етеді, тікелей Министрге, Министрдің тәлімгер орынбасарына, Комитет төрағасына және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкешілікте болады.
27. Мекеменің басшысы дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес өз құзіреттілігінің шеңберінде шешеді.
28. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіпте:
сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және де басқа ұйымдарда өз құзіреті шегінде Мекеменің мүдделерін көрсетеді
келісім-шарттар түзеді;
сенімхаттар береді;
іссапарлар, тағылзымдамалар, еңбек демалыстары, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша Мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қызметкерлердің Павлодар облысы және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге іссапарлармен шығуы Министрлікпен келісу арқылы жүзеге асырылады;
өзінің құзыреті шегінде Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
мекеме басшының орынбасары мен қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіпте Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз орынбасарының және Мекеме бөлімшелерінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін анықтайды;
Мекеме жеке құрамының дайындығын, қайта дайындаудан өтуін және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді;
арнайы және құтқару техникасының, апатты-құтқару құрал-саймандарының және жабдықтарының, жүзу құралдарының, сүңгуір жабдықтары мен саймандарының, байланыс құралдарының, оргтехникаларының және басқа да мүліктердің техникалық жағдайын қадағалайды және есебін жүргізеді, оларды есептен шығаруға арналған құжаттарды даярлайды;
ғимараттар мен құрылыс нысандарының, бокстардың пайдалануы мен қадағалауды, арнайы және құтқару техникасын, апатты-құтқару құрал-саймандарын және жабдықтарын, жүзу құралдарын, сүңгуір жабдықтары мен саймандарын, байланыс құралдарын, оргтехниканы, басқа да мүліктерді жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
материалды құндылықтардың есебінің дұрыс жүргізілуін және анық есебін білу, сақталу және берілу тәртібін тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізеді;
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және апатты-құтқару жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
Мекеменің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалды-техникалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етеді;
Мекеменің аттестациялық комиссиясының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады;
Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл қимылдау жоспарларын өңдеп, Департамент басшысына бекітуге ұсынады;
Департаментке уақытылы, бекітілген үлгілерге сәйкес есеп береді;
Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді.
Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
құрылымдық бөлімшелердегі жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттерге дербес жауапкершілікте болады, өзі басшылық ететін қызметкерлердің жасаған әрбір жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінде қарастылған және осы Жарғыда көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Төмендегілер бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту шараларын;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және апатты-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуға;
Мекеменің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіпте және Министр мен Комитет төрағасының тиісті бұйрықтарына сәйкес марапаттауға;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуге және дайындауға;
жеке оқу – жаттығу базасын құруға;
Қазақстан Республикасыдағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті апатты-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен бірлесуді дамытуға шаралар қабылдайды.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
29. Мекеме жедел басқару құқығындағы мүлікке ие. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен алынған, Мекемеге бекітілген мүлік, республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
30.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтеріне жатады, оның құны мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген мүлік есебінен құрылады;
Қазақстан Республикасы заңнамалары тиым салмаған басқа да көздерден;
31.Мекеме оған бекітілген және оған смета арқылы бөлінген қаржыға алып берілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
32 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
33.Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп береді.
34.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте Министрлік және Комитет жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс тәртібі
35. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы керек.
7. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
36. Мекеме Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.
37. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
38. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жауапкершілік аймағы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысы (Павлодар қаласы) Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы» ММ-сінің жауапты аймағы болып бүкіл Павлодар облысы (Павлодар қаласы әкіміне бағынышты аумақтар, Екібастұз қаласы әкіміне бағынышты аумақтар, Ақсу қаласы әкіміне бағынышты аумақтар, Ақтоғай ауданы, Баянаул ауданы, Железинка ауданы, Ертіс ауданы, Қашыр ауданы, Лебяжі ауданы, Май ауданы, Успен ауданы, Шарбақты ауданы) болып табылады.

Жабдықтандыру

Материалдық-техникалық қамтылуы
Қамтылуы түрлері, саны, қажеттілік нормасынан қамтылу пайызы
Авариялық-құтқару техникасы
Авариялық-құтқару құрал-саймандары
Жүзу құралдары
Сүңгір құралдарымен жарақтар
Кіші механизщация құрал-жабдықтары
Автомобильдер, кар кешкіштер, мүдірмейтін автомашиналар – 32 дана.
Гидравликалық көтергіш жиынтығы, пневматикалықжастықтар, жақтық кеңейткіш, гидравликалық цилиндр және т.б.– 119 дана
Қайықтар кішкене кемелер – 39 дана
Құрғақ түрі гидрокостюмдер, дымұыл түрі гидрокостюмдер және т.б. - 94 дана
Генераторлар, темір пісіретін аппараттар, балгаркалар, перфараторлары және т.б. – 89 дана

Фотогалерея

pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01
pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01
pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01 pvl_fotolar01  
 

Байланыс

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Никитина к-сі, 106-үй, т. +7 (7182) 61-81-72 (оперативік кезекші), 81-61-70 (факс), 61-81-73 (басшысы), 70-37-77 (басшысының орынбасары), 70-37-65 (басшысының орынбасары), электронндықмекен жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.