Принтерге шығару

Қызмет бағыты, фунциялары және міндеттері

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-кұтқару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтык нысанында кұрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялык емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылгы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-кұткару жасағы (Қарағанды қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области (город Караганда) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 51 үй.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме кұрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлганын кұрылтайшысы (катысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы- қаражатқа жауап береді
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеменің кызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
13. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Қарағанды облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтін мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындагы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек керсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық- құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс- қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салынатын және ескертетін белгілер орнатуды жүзеге асырады;
11) халықты жүзуге, табиғи жэне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
12) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
13) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды,
Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитет терағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазакстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің кұзыреті шегінде бұйрыктар шығарады және Мекеме кызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан баска мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды камтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдык бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлықка қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық- құтқару және кезек күттірмейтіи жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің акпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық- құкықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құгқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медидиналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен кұралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару жэне кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оку-машықтану базасын кұру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс- қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, онын қүны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
34. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Құрылу тарихы

«ҚР ІІМ ТЖК ҚО ТЖД Жедел – құтқару жасағы» ММ
Қазақстан Республикасының 2015 ж. 25 сәуіріндегі №313 «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің Жарлығына сәйкес, « ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы (Қарағанды қ.) ТЖД Суда-құтқару қызметі» Мемлекеттік мекемесі, «ҚР ІІМ ТЖК ҚО ТЖД Жедел – құтқару жасағы» ММ болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлінінің № 23 16.06.2005 ж. бұйрығына сәйкес жауаптылық аумағы Қарағанды облысы аумағы болып табылады.
Р ІІМ ТЖК ҚО ТЖД Жедел – құтқару жасағы» ММ қызметтің келесі түрін іске асырады:
- авариялық – құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша бекітілген
амақтан тыс жерлерге Төрағаның шешімімен жүзеге асырады.
-мекемені тарту аумағында авариялық – құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша Төрағаның келісімімен іске асырылады.
-Зардап шегушілерді құтқару, төтенше жағдайды локализациялау алғашқы әрекетті ұйымдастыру және жүргізу;
-авария, табиғи апаттар, дағдарыс кездерінде материалдық-техникалық қамту шараларын, сонымен қатар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді;
-мамандық шеберліктің шыңдалуы, арнайы жүйелік дайындық жасау, жеке құрамның авариялық-құтқару жұмыстары кезінде техникалық қауіпсіздік шараларына үйрету;
Қазіргі таңда «ҚР ІІМ ТЖК ҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ 7 (суда) келесі іс-әрекетті жүзеге асыратын құтқару бөлімдерінен тұрады:
1.Құтқару-іздестіру сүңгуірлік іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
2.Құтқару ісі және мамандарды жүзуге үйрету;
3.Қарағанды облысы бойынша «Суда жүру ережелері» тақырыбына үгіт-насихат шаралары;
4.ТЖ болдырмау және ескерту бойынша БАҚ арқылы суда (мұзда) халықты құлақтандыру;
Жалпы алғанда іздеу-құтқару күші мен құралдары ТЖ кез – келген түріне әрекет етеді. Қарағанды облысындағы ең ірі ТЖ әрдайым дайындықты көрсетті;
Жасақтың басты мақсаты – адамдарды табиғи апат жағдайларынан құтқару. Құтқару жұмыстарын кез – келген түрде жасау және табиғи апаттардың кез келген түріне әрекетету;
Оқу –дайындалу базасында жоспарға орай күс сайын жеке құрамның мамандық дайындығы мен арнайы дайындалуы бойынша дайындықтар өткізіледі..
Жасақта сонымен қатар, құтқарушылардың кәсіби дайындығын шыңдау мақсатында жұмыстар өткізіледі;
Арнайы дайындық барысында, жасақта келесі тақырыптарда тәртіп шаралары жүргізіледі:
-Ірі көліктік авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
-Су асты жұмыстары;
-медициналық дайындық жұмыстары;
-психологиялық дайындық сабақтары;
-авариялық-құтқару және құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі тактикаларды оқу-үйрену сабақтары;

Басшылық

13 OSO Kar da Жаналинов Ермек Рамазанович – «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы.

Туылған жылы: 16.08.1960 ж. Ұлты: қазақ.

Игеретін тілдері: орыс тілі.

Туылған жері: Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы.

Білімі: Жоғары, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2008 ж.

Еңбек өтілімі:

26.01.1983 10.02.1986 Киров Шахта құрылыс басқармасының «Қарағандышахтақұрылыс»  комбинаты жер асты үңгуші   
28.02.1986 14.09.1989 Красноярский край разрезоқұрылыс басқармасы Березовский шахтаүңгу учаскесінің тау мастері
15.09.1989 12.06.1990 Красноярский край разрезоқұрылыс басқармасы Березовский шахтаүңгу учаске бастығының орынбасары 
13.06.1990 12.03.1992 Красноярский край разрезоқұрылыс басқармасы    №2құрылыс  участкесінің  4 разрядты бетонщик  
16.03.1992 27.11.1992  Красноярск  НПО «Сибцветавтоматика» автоматизации және байланыс филиалының байланыс  электромонтері
29.11.1992 24.01.1996  «Связь» ЖШС 5 разрядті байланыс монтажнигі
01.02.1996 06.08.1997 Красноярский край АҚ«Березовский разрез-1» 6 разрядты слесарь – жөндеуші   
07.08.1997 29.11.1998   Новокузнецкий дербес әскери таудан құтқару жасағы взвод командирінің көмекшісі    
10.12.1998 13.09.1999 АҚ «Березовский разрез-1» қосымша таудан құтқару қызметінің жер асты механигі
22.11.1999 06.01.2000 АҚ«Корпорация Казахмыс» Оңтүстік -Жезказган руднигінің 65 шахта учаскесінің жер асты мастері
11.01.2000 13.03.2000  Әскери таудан құтқару жасағы  жер асты шахтасын жабдықтау бойынша взвод командирінің көмекшісі    
14.03.2000 01.10.2002  Әскери таудан құтқару жасағы  жер асты шахтасын жабдықтау бойынша взвод командирінің  
09.10.2002 21.07.2003

 Қарағанды қ.Әкімі жанындағы  «Жедел ден қою қызметі» ҚМКМ жасақ басшысы

 

13.11.2003 11.03.2005 Қарағанды қ.Әкімі жанындағы  «Жедел ден қою қызметі» ҚМКМ  директоры міндетін атқарушы
11.03.2005 15.07.2005 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды қ. Жедел құтқару жасағы» ММ басшысы 
16.01.2006 22.05.2006  «ҚР ТЖМ Қарағанды қ. Жедел құтқару жасағы» ММ бас құтқарушысы
22.05.2006 19.04.2009 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды қ. Жедел құтқару жасағы» ММ  бастығы 
20.04.2009 04.11.2010 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағы» ММ  бастығы 
05.11.2010 13.07.2015 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағы» ММ басшысы
14.07.2015 15.10.2017

 «Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағы (Қарағанды қ.)» ММ Автокөлікке, жүзу құралдарына және жабдықтарға қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы –құтқарушы

 

16.10.2017 до настоящего времени Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағы (Қарағанды қ.)» ММ кезекшілік – диспетчерлік бөлімше басшысы- құтқарушы
 
 
 
RakulРакуль Сергей Сергеевич - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел – құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары
Туылған күні: 16.05.1979ж.
Білімі: жоғары, 2004-2007 жж. Қарағанды техникалық мемлекеттік университеті, мамандығы «Төтенше жағдайларда қорғау – төтенше жағдайларда қорғау бойынша инженер».
Сыныптық біліктілік: 1 дәрежелі құтқарушы, ІІІ топты мамандандырылған ІІІ дәрежелі сүңгуір.
Еңбек жолы:

04.10.1996

06.04.1998

«Сакара и компания» ТС ағаш ұстасының оқушысы

24.04.1998

15.05.2000

Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы қызметі, Алматы қ. 61993 ә/б

01.06.2000

30.08.2000

Сакара и компания» ТС 3 дәрежелі ағаш ұстасы

13.12.2003

28.02.2005

«Қарағанды қаласының Әкіміне қарайтын жедел елеу қызметі» ҚМКК құтқарушысы

01.03.2005

02.04.2006

«ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің бас маман құтқарушысы

03.04.2006

23.01.2007

«ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жоғары деңгейдегі маман құтқарушы

24.01.2007

31.12.2009

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бөлімшесінің бас құтқарушысы

01.01.2010

07.11.2010

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бастығының жедел қызметтері бойынша орынбасары – іздестіру – құтқару қызметінің бастығы

08.11.2010

26.10.2014

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары

27.10.2014

осы уақытқа дейін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қарағанды облысы (Қарағанды қ.) Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары - құтқарушы

Наградалары:
- 2011ж. ҚР ТЖМ «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісі;
- 2013ж. «ІІІ дәрежелі құтқарушы» кеуде белгісі.
- 2015 ж. «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК қызметіне 20 жыл» мерейтой медалі.
Отбасы жағдайы: үйленген,2 бала тәрбиелеуде.
Хобби: спорт.
Үй мекенжайы: Қарағанды қ., Кривогуз көшесі, 70а үй, 38 пәтер;
Тіркелген жері: Қарағанды қ., Кривогуз көшесі, 70а үй, 38 пәтер;
Тұратын жері: Қарағанды қ., Кривогуз көшесі, 70а үй, 38 пәтер;
Телефондар: ұялы: 8-701-600-57-98, қызметтік: 8 (7212) 56-19-81, үй : 8 (7212) 43-85-80.
 
clip image002Балжанов Ғабдусалим Есимович – «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының (Қарағанды қаласы) ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары
Туған жылы: 1957 жылы 14 маусым
Білімі: орта мамандандырылған – Талдықорғандық заң техникумы 1979-1981ж.ж., «Әлеуметтік қамтамасыз етуде құқықтану және есепке алу». Жоғары: Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1984-1990 ж.ж., Ресей Ішкі істер министрілігі академиясын 1990-1993 ж.ж.
Сыныптық біліктілік: 1 дәрежелі құтқарушы
Еңбек жолы:
1975ж. - 1976ж. – Қарағанды облысы, Нұра ауданы «17 лет Октября» ауылының көлік жөндеу шеберханасының жұмыскері.
1976-1979ж.ж. – Совет әскери қатарында қызмет
1979ж. – Қарағанды облысы, Нұра ауданы «17 лет Октября» ауылының көлік жөндеу шеберханасының жұмыскері.
1979-1981г.г. – Талдықорған заң техникумымнда оқу
1981-1994г.г. – ішкі істер органдарында қызмет
1994ж.-1995ж. МЧП «Тан» директорының орынбасары.
1995ж.-1999ж. ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
2002ж. Октябрь ауданының Әкім Аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы.
2002ж.-2005ж. Қарағанды қаласының Әкімшілігінің «Шұғыл әрекет ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорынның директор орынбасары.
2005ж. «ҚР ТЖМ Қарағанды қ. Жедел-құтқару жасағы» ММ жетекшісінің орынбасары.
2005ж.-2006ж. «ҚР ТЖМ Қарағанды қ. жедел-құтқару жасағы» ММ орынбасары м.а.
2006ж.-2009ж. «ҚР ТЖМ Қарағанды қ. Жедел-құтқару жасағы» ММ жетекшісінің орынбасары.
2009ж.-2010ж. «ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД жедел- құтқару жасағы» ММ басшысының әлеументтік сұрақтар және қамтамасыз ету бойынша орынбасары.
2010-2014ж.ж. «ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары.
2014 – 2015г.г. – «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы (Қарағанды қаласы) ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары-құтқарушы
2015-2017ж.ж. «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесінің басшысы.
2017 ж. 2 қазанынан бастап «ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары.
Наградалары:
2012 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, 2015 жылғы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2017 жылы ҚР ІІМ мақтау қағазымен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.
Хобби: спорт
Үй мекенжайы: Қарағанды, В. Василевской көшесі 42 үй
Тіркеген жері: Қарағанды, В. Василевской көшесі 42 үй
Тұратын жері: Қарағанды, В. Василевской көшесі 42 үй
Телефондар: ұялы: 8-701-591-44-91, қызметтік: 8 (7212) 56-19-81, үй: 8 (7212) 78-00-93

Құрылым

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар Комитеті Қарағанды облысы ТЖД Жедел –құтқару жасағы " ММ
 
 
 
 
 
Қызмет атауы
лауазымы
саны
Қызм.
жалақысы
Руководство
     
1
Басшы-құтқарушы
басшы
1
G-3
2
Басшы-құтқарушының орынбасары
маман
1
G-4
3
Басшы-құтқарушының орынбасары
бос орын
1
G-4
 
 
 
3
 
Дәрігерлік-психологиялық қызмет
     
4
Басшы-құтқарушы
басшы
1
G-5
5
Бас-құтқарушы-психолог
маман
1
G-6
6
Мед. бике (мед.аға)
маман
3
G-10
 
БАРЛЫҒЫ: 3
 
5
 
Кадрлік жұмыс бөлімі
     
7
Бас инспектор
 
1
G-6
 
Барлығы:
 
1
 
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі
     
8
Бас бухгалтер
Басшы
1
G-5
9
экономист
Маман
1
G-10
 
Барлығы:
 
2
 
Құтқару бөлімдері
     
10
Басшы-құтқарушы
Басшы
9
G-5
11
Құтқарушы
Маман
56
G-10
12
Бас құтқарушы
Маман
20
G-6
 
Барлығы:
 
85
 
Кезекшілік – диспетчерлік қызмет
     
13
Басшы-құтқарушы
Басшы
1
G-5
14
Спасатель
Басшы
4
G-10
 
БАРЛЫҒЫ:
 
5
 
Сүңгіуірлік –құтқару қызметі
     
15
Басшы-құтқарушы
Басшы
1
G-5
16
Бас құтқарушы
Маман
5
G-6
 
БАРЛЫҒЫ:
 
6
 
 
Кинологиялық қызмет
     
17
Басшы-құтқарушы
Басшы
1
G-5
18
Бас құтқарушы
Маман
2
G-6
 
БАРЛЫҒЫ:
 
3
 
Радиациялық және химия-биологиялық қорғаныс қызметі
     
19
Басшы-құтқарушы
Басшы
1
G-5
20
Бас құтқарушы
Маман
2
G-6
 
БАРЛЫҒЫ:
 
3
 
 
Автокөлік және жүзу құралдарына қызмет ету қызметі
     
21
Басшы-құтқарушы
Басшы
1
G-5
22
Бас құтқарушы
Маман
3
G-6
23
Қойма маманы
Маман
1
G-8
 
БАРЛЫҒЫ:
 
5
 
 
Іс жүзінде:
 
118
 
         

Жауапты аймақтар

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлінінің № 23 16.06.2005 ж. бұйрығына сәйкес жауаптылық аумағы Қарағанды облысы аумағы болып табылады.

Материалдық жабдықталуы

«ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Қарағанды қаласы) » ММ
kar_osnash_1 kar_osnash_2 Жасақ жарақтануында Батпақ кешкіш - Мүдірмейтін көлік бар.аталынған автокөлік авариялық- құтқару жұмыстарын жүргізуге дер кезінде құтқару бөлімшелерін жеткізу үшін қажет. Қықы мерзімде құтқару операцияларын жүргізу кезінде бірнеше рет қолданды. Онымен қарлы кептелістерде қалған тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді. Сондай-ақ, бұл техника су тасқыны кезінде және зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберу кезінде құтқару жұмыстарына қолданылды.
«HOLMATRO» гидравликалық авариялық – құтқару құралы жиынтығы. Бұл құрал жол-көлік оқиғалары кезінде, үйінділерді жинақтау және т.б жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылды.
Сонымен қатар жасақты жабдықтауда оқшаулағыш костюмі"Треллкем Супер" бар. Авариялық – құтқару және газбен қауіпті жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндіру жеке құрамын, газдан құтқару қызметін және технологиялық бөлімшелерді АХҚЗ(авариялық-химиялық қауіпті заттар) сұйық және газ тәріздес нысаннан қорғау үшін арналған.
Суда құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жасақ жабдықтауында ауа жастығы катері «Хивус» бар.Ол Балхаш көлінде балықшыларды құтқару кезінде бірнеше рет қолданылды.
Акваторида іздеу- құтқару жұмыстарын және құтқарушыларға жаттығу сабақтарын жүргізуге арналған Сүңгуір жабдықт ары жиынтығы.
kar_osnash_3 kar_osnash_4

Фотогалерея

foto_kar01 foto_kar01 foto_kar03 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01
foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01
foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01 foto_kar01  
 
{morfeo 32}

Басшылықтың байланыс нөмірлері

Қарағанды қаласы
т. +7(7212) 35-90 -13 (шұғыл кезекші),
56-19-81 (басшының орынбасары)
Электронды мекенжай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Жасақ басшысы Сойко Руслан Анатольевич
Жұмыс телефоны 87212-56-32-82, 8-775-962-06-21
Басшының орынбасары Ракуль Сергей Сергеевич
ұялы телефон 8-701-600-57-98