Принтерге шығару

Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы (Тараз қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Тараз қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Тараз қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области (город Тараз) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 080004, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Аса шағын ауданы, 32б.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеменің қызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Батыс Қазақстан облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитет төрағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
1. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
2. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.
3. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
4. Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
5. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
6. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
7. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
8. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
9. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
10. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылу тарихы

«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) Жедел-құтқару жасағы»Мемлекеттік мекемесі
Құру тарихы
Жасақ 25.01.2005ж. №53 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір сұрақтары»ҚР Үкіметінің Қаулысының негізінде 2005 жылы «ҚР ТЖМ Тараз қаласының Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құрылған.
Жасақтың жеке құрамы «Жамбыл облысы Әкімінің құтқару қызметі» МҚКМ кәсіби құрамын тарту есебінде құрылған.
2009 жылдың сәуір айында 10.03.2009ж. № 273 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір сұрақтары» ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес мекеме «ҚР ТЖМ Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып атын өзгертті.
№875 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін өзгерту туралы » ҚР Елбасының жарлығына, 2014 жылдың 15 тамызындағы №933 «Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының ведомстволары туралы» және 2014 жылдың 10 қыркүйегіндегі №973 «2008 жылдың 15 сәуіріндегі №339 «Министрліктер мен басқа орталық атқару органдарының, олардың аумақтық органдары мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерін есепке ала отырып, штаттық санының шегін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына өзгертулер енгізу туралы» және ҚР Ішкі Істер министрлігінің №737 «Ұйымдастыру –штаттық сұрақтары туралы» бұйрығына сәйкес мекеме «ҚР ІІМ ТТЖК Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Тараз қаласы) Жедел-құтқару жасағы»Мемлекеттік мекемесі болып атын өзгертті.
ЖҚЖ штаттық саны – 78 адам, оның ішінде 74 құтқарушы. Жауапкершілік аймағы 144мың кв.км – Жамбыл облысының аумағы.
Жамбыл қаласында туып-өскен, жасақ құрылуының бастауында құтқарушылар жасағының басшысы болып, құтқарушылардың, бөлімшелер мен жасақ қызметінің қалыптасуы мен дайындығында тікелей қатысып, мекемені басқарып отырған – Салагаев Юрий Константинович.
Жасақ құтқарушылары құрылған күннен бастап, сауатты қойылған жұмыстарының арқасында бірнеше рет және табыспен қала мен табиғи ортаның түрлі жағдайларында құтқару жұмыстарын орындады, осыған мысал.
25. 04. 2015ж. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің кейбір мәселелері» №313 Қазақстан Республикасы Үкімет Қаулысын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Жамбыл облысы (Тараз қаласы) Суда – құтқару қызметі» , «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Жамбыл облысы Жедел – құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесіне қосылды.
  • Жамбыл облысында 02-15.02.2005ж. аралығында ТЖ кезінде 70-тен астам зардап шегушілер көшіріліп, жолдар тазартылып, азық-түлікті жеткізіп және қамтамасыз етіп, жылулық пунктары ұйымдастырылып, толықмасштабты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді;
  • Іздестіру –құтқару операциясы кезінде 23-24.07.2005ж. аралығында Жамбыл облысының Меркі тауларының 3 мың метрден астам биіктікте апатты жағдайға ұшыраған 11турист құтқарылды;
  • 23.12.2007ж. – 02.01.2008ж. аралығында Жамбыл облысының Жуалы ауданының «Шақпак-Ата» және «Күйік» асуларында ТЖ кезінде 400-ден астам зардап шегушілер көшіріліп, 279 бірлік техникасы босатылып,оның ішінде 132 жеңіл, 61 бірлік автобустар, 86 бірлік жүк көліктері, жылулық пунктары ұйымдастырылып,азық-түлік жеткізіліп, жол қызметімен әрекеттесіп жолдар тазартылып, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіп, толықмасштабты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді;
  • 2008 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы Жуалы ауданында тасқын судың салдарынан болған ТЖ зардаптарын жлюға Жамбыл облысы ТЖД бірлесіп, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру үшін палаталық лагерлер қойылып, кәріз жұмыстарын жүргізуге көмектесті.
  • Жамбыл облысы Жамбыл аумағының таулы аймағында 11-13.07.08ж. өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп, жасақ құтқарушылары табиғи өртті сөндіругге қатысты;
  • 2010ж. Шығыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2011ж. Батыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2012ж. Оңтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2013ж. Шығыс Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға; 2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында табиғи сипатындағы ТЖ салдарын жоюға;
  • 2015 жылдың сәуірінде Қарағанды облысындағы табиғи жағдайдағы ТЖ салдырын жою.
  • 2015 жылдағы желтоқсан айындағы қатты жел соғуы мен қар басу салдарынан пайда болған және күртік қарға байланысты Жамбыл облысы Жуалы ауданында авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізурге қатысу.
  • 2016 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынның қауіп төніп тұрған жағдайына байланысты авариялық - құтқару жұмыстарына қатысу.
  • 2017 жылдың сәуір айында Қостанай облысында су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты, сонымен қатар авариялық – құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуге қатысты.
Барлық жүргізілген іс-шараларда ҚР заңнамасы мен ҚР ІІМ ТЖК нормативті талаптарын, басшылықтың сауатты қойылған жүйесінің арқасында жұмыстарды жүргізу, бөлімшелер мен жасақ қызметтерінің өзара әрекеттесумен қамтамасыз етілген.
Жасақтың құрылған күнінен бастап, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіптік , ерлік , адамдарды құтқаруда өміріне қауіппен жасақтың 4 құтқарушысы Үкімет марапаттарына ұсынылды.

Басшылық

salagaev
«ҚР ІІМ ТЖК Жамыбл облысы ТЖД (тараз қ.) Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы – құтқарушы Салагаев Юрий Константинович
1 сыныпты құтқарушы.
Туған күні: 1964 жылы 8 сәуір
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы.
Білімі: Жоғары, Тараз техникалық институты, арнайы-орта білімінің негізінде «Құрылыс» мамандығы.
Еңбек өтілі:
04.1984ж. 08.1984ж.- Жамбыл қаласындағы жол басқармасының жолда жүру және байланыс бөлімінің инженері.
08.1984ж.- 05.1986ж.- №74102 Забайкал әскери округінде қарулы күштер қатарындағы қызметі, Чита қ.
07.1986ж.- 08.1986ж.- Жамбыл қаласындағы жол басқармасының жолда жүру және байланыс бөлімінің инженері.
08.1986ж.- 05.1987ж.- ДМСУ-12 №3 Жол – құрылыс учаскесінің шебері.
05.1987ж.- 10.1992ж.-«Казэлеватормельмонтаж» СП МК-3 монтажшы.
03.1993ж.- 12.1997ж. -«Виктория» АҚБ, 5 разрядты слесарь, Жамбыл қ.
03.2004ж.-06.2004ж. -«Жамбыл облысы әкімінің құтқару қызметі» Мемлекеттік комуналдық мекемесінің бас құтқарушысы
06. 2004г. - 03. 2005г.- -«Жамбыл облысы әкімінің құтқару қызметі» Мемлекеттік комуналдық мекемесі, құтқару жасағының жетекшісі
03.2005ж.-03.2006ж.- «ҚР ТЖМ Тараз қаласының жедел құтқару жасағы» ММ құтқару бөлімшесінің жетекшісі.
03.2006ж. - 08.2006ж.- «ҚР ТЖМ Тараз қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ бастығының шұғыл жұмыстары жөнінде орынбасарының міндетін атқарушы
08.2006ж. - 03. 2010ж.- «Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ бастығының шұғыл жұмыстары жөнінде орынбасары.
03. 2010ж. - 11. 2014ж. – «ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ бастығы
11. 2014ж. қазіргі уақытта «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД (Тараз қ) Жедел құтқару жасағы» ММ басшысы-құтқарушы.
2013 жылы Беларусь Республикасының ТЖМ кәсіби жоғарылату және қайта жоғарылату институтында курстарын бітірген.
НАГРАДАЛАРЫ:«Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер»ТЖМ кеуде белгісімен (2008ж.), Тараз қаласы әкімінің алғыс хатымен (2010г.), Жамбыл облысы Тараз қаласы Әкімінің алғыс хатымен (2011г.), Медаль «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» (2012ж.), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі (9. 10. 2015).
abilkasymov
Әбіліқасымов Қуаныш Қасымбекұлы- «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД (Тараз қ) Жедел құтқару жасағы» ММ жасақ басшысының орынбасары
1 сыныпты құтқарушы.
Туған күні: 1980 жылы 19 ақпанда
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы.
Білімі: Жоғары. 2006 ж. Орта – Азиялық Университетінің «Қаржы және несие» мамандығын бітірген.
Еңбек өтілі:
1998 жылы ҚР Қарулы күштері қатарына шақырылған.
02.2000ж.- 08.2002ж. ҚР ӘҚ қатарында қызмет істеген.
2004ж. бастап «Жамбыл облысы Әкімінің құтқару қызметі»МКҚМ, бас құтқарушы болып қызмет еткен.
2005жылдан «Жамбыл облысы Әкімінің құтқару қызметі» МКҚМ «ҚР ТЖМ Тараз қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ-сі болып қайта ұйымдастырылуына байланысты 3 сыныпты құтқарушы болып қызмет еткен.
2006жылдан 2 сыныпты бас құтқарушы болды.
2007жылдан құтқару бөлімшесінің басшысы болып қызмет еткен.
2010ж.- 11.2014ж. «ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ бастығының шұғыл жұмыстары жөнінде орынбасары
11. 2014ж.-қазіргі уақытта «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД (Тараз қ) Жедел құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары
2010 жылы Беларусь Республикасының ТЖМ кәсіби жоғарылату және қайта жоғарылату институтында курстарын бітірген.
НАГРАДАЛАРЫ: ҚР ТЖ Министрінің Құрмет грамотасымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен (2010ж.), «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін»кеуде белгісімен (2011ж.), «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» (2014ж.), «Қазқұтқару негізін салушы» (2015ж.), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі (9.10.2015), «Төтенше жағдайлардың алдын алуа және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі (2016г.).
 
Iskakov
Искаков Бақыт Бақтыбайұлы - «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД (Тараз қ) Жедел құтқару жасағы» ММ жасақ басшысының орынбасары
1 сыныпты құтқарушы.
Туған күні: 1973жылы 3 ақпанда
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл қаласы.
Білімі: Жоғары, 1996ж. Жамбыл гидромелиоративті- құрылыс институтты «Автокөлік және автокөлік шаруашылығы» мамандығын бітірген.
Еңбек өтілі:
08.1990ж.-07.1991ж. Жамбыл қаласындағы Джамбулхимстрой СУ«Водоканалстрой» 2 – ші разрядты сыртқы құбыр желісінің монтажнигі.
08.1991-06.1996 – Жамбыл гидромелиоративті- құрылыс институттының күндізгі бөлімінің студенті.
08.1996ж.-10.1999ж. - Жамбыл облысы ішкі істер органдарындағы қызметі.
02.2000ж. - 11.2002ж. - «Банк Тұран Әлем» АҚҚ Жамбыл облысы филиалының күзеті, күзет бөлімінің кезекші инкассаторы.
12.2002ж. - 02.2003ж. - «Әулие- Ата Халықаралық әуежайы» АҚҚ апаттық қауіпсіздік қарауыл қызметінің бастығы.
02.2003ж. - 08.2004ж. - «Әулие – Ата Халықаралық әуежай»ОАО ұшуды қамтамасыз ету іздестіру апаттық – құтқару қызметінің бастығы.
08.2004ж. - 01.2005ж. - «Жамбыл облысы Әкімінің құтқару қызметі»МКҚМ орталық диспетчер қызметінің бастық орынбасары.
01.2005ж.-08.2006ж. «ҚР ТЖМ Тараз қаласының Жедел – құтқару жасағы»ММ диспечерлік – үйлестіру бөлімшесінің жетекшісі.
08.2006ж. – 06.2015ж. - «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағы»ММ әлеуметтік сұрақтар және үйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі бастық орынбасары – құтқарушы.
07.2015 – 06.2016ж - - «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағы»ММ химия-биологиялық және радиациялық қорғау бөлімшесінің басшысы-құтқарушы.
06.2016ж. – қазіргі уақытта «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД (Тараз қ) Жедел құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары
Наградалары: ЖҚЖ бастығының алғыс хатымен (2010ж.), «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» (2013ж.), «ΙΙΙ дәрежелі Құтқарушы» кеуде белгісімен (2012ж.), Тараз қаласының әкімінің алғыс хатымен (2013ж.), ЖҚЖ бастығының алғыс хатымен (2014ж..), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалі (9.10.2015).

Жауапкершілік аймағы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлар Комитетінің Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің
құрылымы
struct_kz
Жасақ бойынша барлығы – 78, оның ішінде
құтқарушы - 74

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы

Басшылығы Контакт Электронды пошта
Жасақ басшысы-құтқарушы         Салагаев Юрий Константинович

31-02-23

 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Жасақ басшысының орынбасары-құтқарушы

Абилкасымов К.К.

31-37-73

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Жасақ басшысының орынбасары-құтқарушы

Искаков Б.Б.

31-37-73

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құрылым бөлімшелері

Құтқару бөлімшелері

Басшылары Амиров Н.Ж., Архабаев Е.Е., Мамыров Б.К.

56-51-55

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құтқару бөлімшелері

Басшылары Иванов С.В., Дадабаев А.М., Сахариев С.

31-38-24

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құтқару бөлімшесі

Басшы Есентаев М.Т

5-16-95

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Құтқару бөлімшесі

Басшы Нурмаханбетов Б.Ж.

5-05-39

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кезекші-диспетчерлік бөлімше

Басшы Жданов А.Д.

31-37-73

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Сүңгуірлік-құтқару бөлімшесі

Басшы  Нуржанов М.М.

56-51-55

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кинологиялық бөлімшесі

Басшы Юдин Ю.В.

31-38-24

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Химия-биологиялық және радиациялық қорғау бөлімшесі

Басшы Мамыров Б.К.

56-51-55

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Медициналық-психологиялық бөлімше

Басшы Каримбаева Д.М.

31-37-73

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Автокөлікке, жүзу құралдарына және жабдықтарына қызмет көрсету бөлімшесі

Басшы Ашуров С.К.

31-37-68

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кадр жұмысы тобы

 

31-37-73

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қаржымен қамтамасыз ету тобы

 

31-37-68

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 
 

Жауапкершілік аймағы

 
АУДАНЫ -144264 ш.ш
 
zona
 

Жабдықталуы

Автотехниканың жалпы саны, оның қызметі:

19дана автотехника, оның ішінде:

-Газ-2705 «ГАЗель»–жедел-құтқару автокөлігі – 1 дана;

- УАЗ-39099 – ТЖ болған орнына жеке құрамды жеткізу – 4 дана;

- УАЗ-220602 – ТЖ болған орнына жеке құрамды жеткізу–1дана.;

-ВАЗ - «Нива» - алып жүру автокөлігі – 4 дана.;

-ГАЗ-66 - «Кунг»

-ГАЗ-2705-14 «ГАЗель»- авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз ету үшін;

-ГАЗель 322132 – 2 а/к -ТЖ болған орнына жеке құрамды жеткізу;

-КАМАЗ - 43114 «Вахтовка автобусы» (32 орын) –жетуі қиын аумақтарға жеке құрамды ТЖ жою және зардап шеккендерді эвакуациялау үшін– 1 дана.;

-«Трэкол-39292»-транспорттық-барлық жерде жүретін автокөлік- жетуі қиын аумақтарға жеке құрамды ТЖ жою және зардап шеккендерді эвакуациялау үшін– 1 дана.;

- ГАЗ-3110 – «Волга» - 1 дана.;

- Тасымалдауға арналған тіркемелі қарда жүргіш – 2 дана.

Жүзу құралдары
- «Терхи» кішкене кеме – 1дана.;
- «Обь» қайығы– 3 дана.;
- «Казанка» қайығы – 2 дана.;
- «Южанка» қайығы – 1дана.;
- «WINDBOAT қайығы – 47»-4 дана.;
- үрлемелі қайық – 9 дана.

Аспалы моторлар

- «Ветерок» - 8 жылқы күші- 1 дана.;

- «Ямаха» - 20 ж/қ - 1 дана.;

- «Ямаха» - 25 ж/қ- 3 дана.;

- «Вихрь» - 25 ж/қ – 1 дана;

- «Вихрь» - 30 ж/қ -1 дана.;

- «Ямаха» - 40 ж/қ – 1дана.;

- «Ямаха» - 55 ж/қ -1 дана.;

- «Меркурий» - 40 ж/қ - 2 дана,

Сүңгуірлік жабдығы

- Құрғақ 1 түрдегі гидрокостюм – 25 жиынтық.;

- Сулы 1 түрдегі гидрокостюм – 25 жиынтық ;

- Жүннен жасалған сүңгуір костюмі – 9 жиынтық

- сүңгуірлік маска - 13 дана.;

- тереңдік өлшегіш - 13 дана.;

- су асты компасы - 13 дана.;

- тыныс алу аппараты – 27 жиынтық;

- компрессор – 8 жиынтық.

Инженерлік жабдықтар

- гидравликалық авариялық-құтқару сайманы – 3 жиынтық

(«Простор», өндіруші «Ресей», «Holmatro» өндіруші Голландия, АҚ LAIALLIVE–RESCUEGROUP).

- автономды электрбекеті - 5 дана (дәнекерлеуіш генераторы бар-1 жиынтық);

- абразивті-кескіш құралы TS-800 – 3 жиынтық.;

- мотоара MS600-Н -5 жиынтық.;

- электроперфоратор (25Дж бір реттік соққының энергиясымен) «Bosh»- 1 жиынтық;

- электрлі балға (25Дж бір реттік соққының энергиясымен) «Bosh»-2жиынтық.;

- электрлі ара – 2 жиынтық.;

- «тепловая пушка» - 1 дана.

 

Химиялық қорғаудан жабдығы

-«Holmatro» жоғары қысымды пневматикалық домкраттары бар резервуарды қымтау жиынтығы (пневматикалық жастықтар 10т, 20т) – 1жиынтық.;

- жоғары уытты химиялық заттардан қорғауға арналған костюм -5 жиынтық.;

- «Drager» қыспалы ауадағы тыныс алу аппараты -5 жиынтық.;

 

КВ-диапазонды радиостанция

- стационарлы «Vertex» - 1компл.;

- автомобильді - «Vertex» -1 компл.;

- тасымалы «Vertex» - 2компл.;

 

УКВ-диапазонды радиостанция

- ретранслятор - 2компл.;

- стационарлы 45Вт - 4компл.;

- автомобильді – 45Вт -14компл.;

- тасымалы– 5Вт – 60компл.

 

Альпинист жабдығы -жиынтық

Жедел-құтқару жасағының арнайы техникалық жабдықталуы

№ р/с

Атауы

Жамбыл облысыТЖД «Жедел құтқару жасағы»

1

2

11

1.

УАЗ, Газель базасындағысүнгуір жабдығы жинағымен автокөлігі (тиісті /бар)

1/1

2.

УАЗ, Газель базасындағы медициналық жабдығы жинағымен автокөлігі (тиісті /бар)

1/1

3.

УАЗ, Газель базасындағы биологиялық, химиялық,радиациялық барлау автокөлігі (тиісті /бар)

1/-

4.

УАЗ, Газель базасындағы кинология қызметінің автокөлігі (тиісті/бар)

1/1

5.

УАЗ, Газель базасындағы арнайы радиобайланыс автокөлігі (тиісті/бар)

1/-

6.

УАЗ, Газель базасындағы жедел-құтқару автокөлігі(тиісті/бар)

2/2

7.

НИВА базасында алып жүру автокөлігі (тиісті/бар)

3/3

8.

КАМАЗ базадағы авалиялық-құтқару көлігі (тиісті /бар)

2/1

9.

КАМАЗ базасындағы жедел-техникалық көлігі (тиісті / бар)

1/-

10.

КАМАЗ базасындағы жедел-көмекші автокөлігі (тиісті/бар)

1/1

11.

18-25 т жүк көтергіш краны (тиісті/бар)

1/-

12.

25 орынды автобус(тиісті/бар)

1/2

13.

Қарда жүргіш көлігі(тиісті/бар)

2/1

14.

Ауалы жұмсақ кемесі(тиісті / бар)

2/-

15.

Жер талғамайтын және батпақта жүргіш автокөлік(тиісті /бар)

2/1

16.

Орта сыныпты шынжыр табанды тасымалдағыш(тиісті/бар)

3/-

17.

Үлкен жүк автокөлігіне арналған автотіркеме (тиісті/бар)

2/-

18.

Шағын автокөліктерге арналған автотіркеме (тиісті/бар)

10/1

БАРЛЫҒЫ:

37/15

Сүнгуір құралдарымен жабдықтау

№ п/п

Атауы

Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы»

1

2

11

1.

Алты орынды үрмелі қайық, (тиісті/бар)

7/1

2.

Сегіз орынды үрмелі қайық (тиісті/бар)

4/3

3.

30 орынды үрмелі қайық (тиісті/бар)

1/-

4.

Катамаран "Рафтинговый", (тиісті/бар)

3/-

5.

Үрмелі құтқару сал (тиісті/бар)

5/-

6.

Аспалы қайық моторы (тиісті/бар)

15/3

БАРЛЫҒЫ:

35/7

Құрал-саймандармен жабдықтау

№ п/п

Атауы

Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы»

1

2

11

1.

УҚТ мобильдік радиостанция жинағы (тиісті/бар)

35/15

2.

Стационарлы ҚТ радиостанция жинағы (тиісті/бар)

5/1

3.

ҚТ радиостанцияға арналған антенналық тюнер жабдық жинағы (тиісті/бар)

6/1

4.

Антеналық дипол жинағы(тиісті/бар)

6/2

5.

Мачта 12 метрлік,жабдық жинағы (тиісті/бар)

8/2

6.

Сілтілі аккумуляторы (тиісті/бар)

4/1

7.

УҚТ тасымалы радиостанция жинағы (тиісті/бар)

4/35

8.

КСВ-метр SX-400 УҚТ диапазонына арналған (тиісті/бар)

4/-

9.

КСВ-метр SX-400 диапазоны қысқа толқынға арналған (тиісті/бар)

4/-

10.

Радиостанцияға арналған программатор жинағы (тиісті/бар)

12/2

11.

Мобилдік радиостанция(тиісті/бар)

6/1

12.

Байланыс желілік дауыс ұлғайтқыш 15 абонентке селекторы (тиісті/бар)

4/-

13.

Кіші автоматандырылған 15 абонентке телефон байланыс жинағы (тиісті/бар)

50/1

14.

Нөмір анықтағышымен телефон аппараты (тиісті/бар)

10/8

15.

Нөмір анықтағышсыз телефон аппараты (тиісті/бар)

16/4

16.

Аумаққа команда беруге күшейткіші жинағы(тиісті/бар)

30/-

17.

Навигациялық құралы (тиісті/бар)

1/4

18.

Спутниктік терминалы, (тиісті/бар)

1/-

19

Жеке авариялық жүйесі/ радиомаяк (тиісті/баря)

1/-

20

Құтқарушының қимыл белсенділігін бақылайтын сигналды құрылғы(тиісті/бар)

2/-

БАРЛЫҒЫ:

199/139

Байланыс құралдарымен жабдықтау

№ п/п

Атауы

Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы»

1

2

11

1.

Тарату электр жылыжелдеткіш (тиісті/бар).

1/1

2.

Тасымалды дизельді, жылыжелдеткіш (тиісті/бар)

1/-

3.

Суык кезде қозғағышты қосуға арналған жылытқыш (тиісті/бар)

1/-

4.

Аккумуляторды зарядтауға арналған далалық зарядтау құрылғысы (тиісті/бар)

1/-

5.

Дербесті компрессор жетекті жабдық жинағымен (тиісті/бар)

1/-

6.

10 кВт электрстанция жарық жүйесімен және кабел желісі жабдық жинағы (тиісті/бар)

2/-

7.

5-30 кВт электрстанциясы,. (положено/имеется)

16/-

8.

3-10 кВт электрстанциясы, (тиісті/бар)

6/-

9.

1-7 кВт электрстанциясы, (тиісті/бар)

9/5

10.

Автономды жетегімендөңгелекті сорғы станциясы (тиісті/бар)

1/-

11.

Құрылыстық тапанша (тиісті/бар)

1/1

12.

Жоғары қысымды компрессор (тиісті/бар)

1/-

13.

Баллондарды аумен зарядтау үшін стационарлық компрессоры (тиісті/бар)

1/-

14.

Электрліпрефоратор (жеке соққы күші 18 Дж кем емес), (тиісті/бар).

16/2

15.

Электрлішойбалға(жеке соққы күші 25 Дж кем емес), (тиісті/бар)

16/1

16.

Қыртегістегіш машина (қуаты 2,5 кВт кем емес), (тиісті/бар)

16/1

17.

Гидравликалық сорғы (2x720 бар), (тиісті/бар).

16/4

18.

Орауыш гидравликалық шлангісімен (тиісті/бар).

16/3

19

Аяқты гидравликалық сорғы, (тиісті/бар).

16/1

20

Жақты кеңейткіш шынжырымен (14,5 т), шт. (тиісті/бар).

9/2

21

Жақты құрама кескіш шынжырымен (кескіштің күші 35 т кем емес), (тиісті/бар)

16/-

22

Жақты кескіш (кескіштің күші 40 т кем емес), (тиісті/бар)

16/-

23

Гидравликалық цилиндр (күші 22 т кем емес), (тиісті/бар)

9/-

24

Гидравликалық домкрат жинағы (тиісті/бар)

9/-

25

Кескіштабақ (тиісті/бар)

9/3

26

Пультпен басқарылатын жоғарғы қысымды пневмо жастықшалары

9/2

27

Сығылған ауа баллондары, дана

16/11

28

Боллон толтыруға арналған жылжымалы компрессор ( 300атм. дейін),(тиісті/бар)

9/2

29

Бензиндікара, (тиісті/бар)

16/5

30

Тросты тартқышы, (тиісті/бар)

16/1

31

Мотоперфоратор (тиісті/бар)

2/-

32

Аккумуляторлы электрліоперфоратор қосмша аккумулятормен (тиісті/бар)

9/-

33

Жақты кеңейткіш шынжырымен (кеңейту күші 22 т), (тиісті/бар)

9/-

34

Гидравликалық цилиндр (кеңейту күші 22 т,) (тиісті/бар)

9/-

35

Гидравликалық цилиндр (кеңейту куші 10 т), (тиісті/бар)

9/3

36

Есікті гидравликалық домкрат (кеңейту күші 5 т) (тиісті/бар)

9/-

37

Есікті гидравликалық домкрат (кеңейту күші 10 т) (тиісті/бар)

9/-

38

Домкрат (10 ),дана (тиісті/бар)

9/-

39

Домкрат (52 т)дана (тиісті/бар)

9/-

40

Механикалық домкрат (25 т), дана (тиісті/бар)

9/-

41

Шағын кескіш (кескіш күші 8 т),(тиісті/бар)

9/4

42

Шыны кескіш,жабдық жинағы (тиісті/бар)

9/-

43

Блок және сына жабдық жинағы (тиісті/бар)

16/-

44

Гидравликалық домкрат сүеніші (тиісті/бар)

32/-

45

Тесік тамшыларды жабатын қондырғы(вакуумды сорғыш,қысымы 8 бар) (тиісті/бар)

12/-

46

Резервуарларды герметизациялауға арналған жинағы (тиісті/бар)

12/1

47

Ағынды шектеу жинағы ( 5 түрінен кем емес),(тиісті/бар)

9/-

48

Телескопиялық домкрат (50 т),дана. (тиісті/бар)

9/-

49

Табанды домкрат (12 т), дана (тиісті/бар)

9/-

50

Жылжымалы электрлі дәнекерлеу агрегаты (автокөліктік). (тиісті/бар)

5/1

51

Домкрат (100 т/30 см), (тиісті/бар)

9/-

52

Домкрат (100 т/15 см), (тиісті/бар)

9/-

53

Домкрат (100 т),(тиісті/бар)

9/-

54

Жылжымалы газ кескіші(тиісті/бар)

9/-

55

Трос және арматура кескіші(тиісті/бар)

9/-

БАРЛЫҒЫ:

506/54

 

Қызметтің бағыты, міндеттері мен функциялары

1. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
2. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Жамбыл облысының су айдындарында кауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық - құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды,суда құтқару және сүңгуірлік - іздестіру жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3)жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасындағы табиғи және техногендік сипаттағы,оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық –құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8)сүңгуір жұмыстарға маманданудың 3 – тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен құрылымдары үшін бағдар ұсатушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастырады және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризмммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.

Фотогалерея

11 11 11 11 11
11 11 11 11 11
11 11 11 11 11
11 11 11 11 11

Байланыс

080004, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,Тараз қаласы, 10-шы («Аса») мөлтек ауданы, №32-б үй.
Тел./ fax: 8 (7262) 31-38-24 (кезекші диспетчері), 56-94-13 (жасақ жетекшісі), 31-37-73 (жасақ жетекшісінің орынбасарлары), 31-37-68 (есеп бөлімі).
Электронды мекенжай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.