Принтерге шығару

Қызмет бағыттары, функциялары мен міндеттері

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Западно-Казахстанской области (город Уральск) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан».
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жангірхан көшесі, 1/5.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бар мөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11. Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3. Мекеменің қызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Батыс Қазақстан облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасында табиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
11) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
12) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.
4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитет төрағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау және үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынған мүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29. Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
34. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылу тарихы

Жасақтың құрылу тарихы
«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы (Орал қ.)» ММ
Жасақ өзінің құрылу тарихын 2001 жылдан бастайды. 2001 жылдың 6 сәуірінде Облыс әкімдігінің № 2 қаулысымен «Облыстық құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Жаңа мекеменің міндеті: облыс орталығымен және оның шалғайда орналасқан аудандарында апатта-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу болды.
Жасақ республика бойынша біріншілердің қатарында ұйымдастырылып, жұмыс жағдайы, жарақтандырылуы, қаржыландырылуы облыстық бюджеттен қамтамасыз етілді.
Жасақ басшылығының алдына қойған бірінші кезектегі міндеті: жасақтың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, арнайы автокөліктердің қатарын, апатта- құтқару құралдарын көбейту, жоғары сыныптық мамандарды таңдап және дайындау, әр құтқарушының кәсіби шеберлігін көтеру және жасақтың шаруашылық-тұрмыстық жағдайын көтеру болды.
2002 жылы жасақ өз базасында ТЖ басқармаларымен барлық жедел-құтқару жасақтарының басшыларының басын біріктірген республикамыздағы құтқару қызметтерінің қызметкерлерінің бірінші әдістемелік жиын-семинарын өткізді. Семинарда құтқару жасақтарының әдістемелік нұсқамаларының шығару мәселелері қаралды, сонымен қатар іс жүзінде құтқару тәсілдері де көрсетілді.
2004 жылы жасақ басшылығының өтінішіне сай және қалалық әкімдіктің қолдауыменен жасақтың аумағын кеңейту және дамыту барысында жасақтың теңгеріміне үш жер телімі берілді. Сол жылы жасаққа сұранысқа сай келетін, апатта-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізетін гидравликалық апатта-құтқару құралдарының алғашқы жиынтығы сатып алынды.
2005 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №53 «ҚР Төтенше жағдайлар министрлгінің кейбір сұрақтары бойынша» қаулысымен қайта ұйымдастыруға байланысты, жасақтың атауы «ҚР ТЖМ Орал қаласының жедел-құтқару жасағы» ММ болып өзгертілді.
ҚР Үкіметінің №273 қаулысының шешімімен республика аумағындағы төтенше жағдайлар кезінде және кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстарды атқаруға қатысып, төтенше жағдайлардан зардап шеккен республика аумағының тұрғындарына көмек көрсету бағытындағы жұмыс ауқымының ұлғаюына байланысты, келесі өзгеріс 2009 жылдың 10 наурызында болды. Жасақтың атауы «ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ-сі болып өзгертілді.
2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару органдары жүйесін реформалау туралы»№ 875 Жарлығымен ҚР ТЖМ-нің басқару жүйесінің функциясы толығымен ҚР Ішкі істер министрлігінің қарауына берілді. 2014 жылдың 11 қарашасында Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жасақ «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Орал қаласы)»ММ-сі болып аталды.
2015 жылдың 25 сәуірінде ҚР Үкіметінің №313 қаулысына сәйкес, судан – құтқару қызметтері және жедел-құтқару жасақтарының қайта ұйымдастырылуында реформаға сәйкес өзгеріс болды.
2015 жылдың шілде айында Облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өткен соң «ҚР ІІМ ТЖК Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел- құтқару жасағы (Орал қаласы)» ММ болып қызмет атқаруға кірісті.
Жасақтың құтқару бөлімшелері төрт орында орналасқан, олар Орал қаласында Гагарин көшесі 25/2, Жәңгірхан көшесі, 1/5, Теректі ауданы Сары-өмір ауылындағы Шалқар құтқару бекеті, және Ақжайық ауданындағы Чапаев селосындағы ауданаралық құтқару бекеттері.
Қазірде жасақтың базалары құтқарушылардың жұмыс жасауына, кезекшілікті атқаруға қолайлы орындар болып табылып отыр. Гагарин көшесі, 25/2 мекен-жайында орналасқан оқу-жаттығу базасында жеке құрамға күнделікті арнайы дайындықты өткізу үшін оқу-жаттығу полигоны, кезекшілікті атқаруға арнайы ғимарат, апатта-құтқару техникаларымен жүзу құралдары тұратын, жылыту жүйесі жүргізілген автомобильдік бокс, сауықтыру орны (медициналық және психологиялық бөлмелері), жаттығу полигонымен кинологиялық қызмет, жасақтың мүлкін сақтайтын қойма орналасқан.
Жәңгір хан 1/5 мекен-жайында орналасқан базада жасақ қызметтері, құтқару бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараты, автокөліктер, жүзу құралдары тұратын орынжай, құтқарушылардың спорттық дайындығына алаң жасақталған. Базалардың аумағы абаттандырылған және бейнебақылау құрылғысы орнатылған.
Шалқар өзеніндегі және Чапаев құтқару бекеттерінде де құтқарушылардың тәуліктік кезекшілік жүргізетін сәйкесті орындары бар.
Құтқарушылардың кәсіби дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу базасында құтқарушылардың апатта-құтқару шараларына тиімді, қауіпсіз және шұғыл жүргізу үшін, дене дайындық сапасын көтеру, кәсіби дағдыларын нықтау мақсатында күнделікті жеке құрамға кәсіби және арнайы дайындық сабақтары жүргізіледі. Сол себепті, шынайы өмірде кездесетін жағдайларға дайын болуы үшін, жасақ құтқарушыларының өз еңбектерімен салған жаттығу базасында «Скала», «ДТП», «ЛЭП», «ПЕРЕПРАВА», «СДЯВ», «ТРУБА», «Лабиринт»,«ФОРД» және т.б. секілді 17 этаптан тұратын жаттығу және спорттық снарядтары орналасқан жаттығатын полигон бар. Жыл сайын құтқарушылар өз беттерімен, аталмыш этаптарды қиындатып, жетілдіріп тұрады.
Тынымсыз дайындықтың арқасында жасақ құтқарушыларының көрсеткіші республикамыздың және оған жақын жатқан шет елдердің құтқару бөлімшелері қатысатын, халықаралық жарыстарда өз нәтижесін беруде.
2003 жылдан бастап жасақ командасы жыл сайын «Қазқұтқару» жиын-семинарының тұрақты қатысушысы болып келеді. 2005-2006 жылдары жасақ командасы үштік жарыста бақ сынасып, үшінші орынды қанжығаларына байлады, 2007 жылы көпсайысқа қатысып 11 орын, 2008 жылы 7 орын, 2009 жылы 5 орын, 2010-2011 жылдары 3 орын, 2011-2014 жылдары 2 орынды иемденіп, 2015 жылы 1 орынды жеңіп алып облыс мәртебесін асқақтатты.
2007 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоспары бойынша, жасақ базасында 1-ші Батыс өңірлік құтқару құрамалары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарыста Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және жасақ атынан қатынасқан 2 команда бақ сынасты. Құтқарушылардың жеңіске деген құлшыныстары сайыс түрлерінде көрінді. Жарыста жақсы көрсеткіштерімен алға шыққан жасағымыздың 2 командасы да 1, 2 орынды иеленді.
2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығында жеке құрам Атырау облысының ТЖД суда құтқару қызметінде сүңгуірлік дайындықтан өтті.
Жасақ жыл сайын Шымкент қаласында өтетін «Лосиные игры» туристік жарыстарына қатысып, 2010-2011 жылдары жүлделі ІІ орынды иеленіп алды.
Жыл сайын құтқарушылар Алматы қаласында өтетін Қазақстандық құтқарушыларды даярлайтын орталықта альпинистік дайындықтан өтеді.
2012 жылдың 22-28 қыркүйек аралығында жасақтың 10 құтқарушысы БҰҰ және Төтенше жағдайларға әрекет ету Еуроатлантикалық жүйелендіру орталығының ұйымдастырған оқу-жаттығуының қатысушысы болды.
2013 жылы 6 құтқарушыдан құралған топ Алматы қаласыының таулы мектебінде ІІІ дәрежелі альпинистік классын иеленді.
2013 жылы 6 құтқарушыдан құралған топ Павлодар облысының Баянауыл таулы мектебінде курстар өтіп, сертификаттар иеленді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген республикамыздың жедел-құтқару жасақтары арасындағы байқауда 2011, 2014 жылдарда жасақ 1 орынды иеленіп «Ең үздік жедел- құтқару жасағы» атанды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында өткізілген байқау қорытындысы бойынша жасағымыз «Ең үздік бөлімше» атағына 2009, 2010, 2012, 2014 жылдары ие болды.
2014 жылдан бастап жасақ судан құтқару қызметі бойынша Қызылорда қаласында өткен төтенше жағдай комитетінің Республикалық бөлімшелер арасында жарыста І жүлделі орын иеленіп, 2015 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүлделі ІІ орын иеленді.
2011 жылы сәуір айының 11 мен 16 аралығында ТЖМ №97 бұйрығына сәйкес жасақта Республикалық ТЖМ апатта – құтқару құрылымдарының кинологиялық есептоптарының сертификациясы өткізілді.
жылы жасақ полигонында облыстық жас құтқарушылар слетінің техногендік апаттар бөлімі бойынша жарыс өткізілді, слетке облысымыздың 8 командасы қатысты.
15 жыл ішінде жасақ 16155-ға жуық апатта – құтқару шұғыл жұмыстарына шықты, олар жол көлік апатынан бастап, түрлі табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою, апатта-құтқару, іздестіру жұмыстары, тұрмыстық шақыртулар, қиын жерде қалып қойған зардап шегушілерді, кішкене балаларды алып шығу, жедел жәрдемге ІІМ, ҰҚК қызметкерлеріне көмек беру секілді түрлі жағдайларға шықты. Нәтижесінде 4019 адам өмірін сақтап, оның ішінде 2165 бала өмірі құтқарылды.
Әр тәулік сайын кезекшілік тобына парамедик, альпинист, сүңгуір, кинолог, парашютист, газбентүтіннен қорғаушы, барлық санаттағы жүргізушілер, шағын кеме жүргізушілері, кескіш, дәнекерлеуіші мамандықтарын игерген кәсіби әмбебап құтқарушылар түседі.
Олар жыл сайын «Облыстық медициналық колледж», БҚО ТЖД «ӨС және АҚҚ»ММ-сі, , «Өрт сөндіруші»АҚ, «НұргазПромСтрой», «Горлифт», «ҚазТрансГазаймақ» ЖШС мекемелерінде дайындықтан өтеді.
Сонымен қатар, 2012 жылы сүңгуірлер тобы РФ-ның Самара қаласындағы «Суда құтқару қоғамында» дайындық курсынан өтті. Жыл сайын таулы және таулы-орманды аймақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге машықтану үшін РЖҚЖ, Шығыс Қазақстан облысының өңірлік жедел құтқару жасағында, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жедел-құтқару жасақтарында дайындықтан өтіп келеді.
2011-2012 жылдарда жасақ құтқарушылары «Облыстық балалармен жасөспірімдердің авиациялық мектебінде» арнайы білім алып, парашотты-десанттық дайындықтан өтіп АН-2 ұшағынан секірді.
Улы хлор, аммияк секілді химиялық заттармен жұмыс жасайтын өнеркәсіп орындарында білімдерін шыңдап, машықтан өтеді («Батыс СуАрнасы» және «Нұржанар»АҚ).
Төтенше жағдайлар министрлігінің дайындық жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап жасақтың 22 құтқарушысы Беларусия Республикасының ТЖМ Біліктілікті арттыру институтында білім алып, сертификатқа ие болды.
2011, 2013 жылдары жасақтың басшылық құрамы Алматы қаласындағы «Азаматтық қорғаныс саласында мамандарды даярлау» курстарынан өтіп келді.
Сонымен қатар, өрт сөндірушілер мен құтқаушылар мамандықтарының беделін көтеру және құтқарушылар қатарына жаңа кадрлардың ынталарының арта түсуі үшін, жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында, жасақтың жоспарына сәйкес Төтенше жағдайлар жүйесінің оң имиджін қалыптастыру үшін әрдайым жұмыстар жүргізіліп, жасақта «Ашық есік күндері», мектептерде «ТЖ күні» өткізіледі.
2013 жылы Орал қаласының №33 ЖОББМ, 2014 жылы Ақжайық ауданының Ақсуат орта мектебінде «Жас құтқарушылар» клубы ашылды. Құтқарушылардың жаңа буыны бүгінде республикалық, облыстық және қалалық мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуда. Үгіт-насихат тобымен бірлесіп, мектептерде, рейдтерде, кезекшіліктерде қауіптің алдын алу жұмыстарын насихаттауменен айналысады.
2015 жылы Ақсуат орта мектебінің жас құтқарушылары Республикалық «Жас құтқарушылар» слетінде 1 орынды иеленді.
Сонымен қатар жасақта жеке құраммен патриоттық рухты көтеретін, әлеуметтік – тәрбие, Қазақстан халқының салт-дәстүрін дәріптейтін жұмыстар қоса жүргізілуде.
Күнделікті өмірде жасақ қызметкерлері түрлі мәдени шараларға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. «Наурыз мерекесі», «1 мамыр Ынтымақ күні», «Жеңіс күні» мерекелерінде, қалалық мәдени-спорттық шаралардың белсенді қатысушылары.

Басшылығы

kilishev
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» ММбасшысы Килишев Асқар Орынбасарұлы
Туған күні: 1961 жылы 29шілде;
Туған жері: Орал облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково ауылы
Білімі: Жоғары
- 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы ауылшаруашылық институтының зооинженер мамандығын бітірген;
- 2008 жылы Орталық Азиялық Университетінің жергілікті мемлекеттік басқару факультетін аяқтаған.
Еңбек жолы
- 1983— 1984 ж.ж. Орал облысы Жанибек ауданы " КПСС XXVI съезі " атындағы совхозының №1бөлімшесінде— зоотехник;
- 1984ж. —Орал облысы Тайпақ ауданы «Красноярский» совхозында— зоотехник;
- 1984— 1986 ж.ж. —Орал облысы Тайпақ аудандық комсомол ұйымының нұсқаушысы;
- 1986ж. —Орал облысы Тайпақ аудандық комсомол ұйымының меңгерушісі;
- 1986-1987 ж.ж. —Орал облысы Тайпақ аудандық комсомол ұйымының екінші хатшысы;
- 1987-1988 ж.ж. —Мәскеу қаласы Бүкіл Одақтық Ленин Комсомолінің жастар одағы, орталық комитетінің комсомолдар жұмысы факулетінің тыңдаушысы;
- 1988ж. —Орал облысы Тайпақ аудандық комсомол ұйымының хатшысының міндетін атқарушы;
- 1988— 1991 ж.ж. —Орал облысыТайпақ аудандық комсомол ұйымының бірінші хатшысы;
- 1991ж. —Орал облысы Тайпақ аудандық партиялық есептеу бөлімінің меңгерушісі;
-1991-1992 ж.ж. —Орал облысы Тайпақ ауданы ауылшаруашылық басқарамасының бас зоотехнигі;
-1992-199 ж.ж.- Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай совхозының бас зоотехнигі;
-1999— 2000 ж.ж. —Орал облысы Тайпақ ауданы «Акжол» шаруа қожалығының төрағасы;
-2001 ж.ж. —Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесінің құтқарушысы;
-2001 ж.ж. —Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімінің бастығы;
- 2001-2002 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары;
- 2002-2003 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы;
- 2003-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
- 2005-2009 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласы жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысы;
- 2009– 2014 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысы-құтқарушы;
- 2014-2015 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысы – құтқарушы;
- 2015 ж.ж. қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысы- құтқарушы
Марапаттары:
1. ҚРПрезидентінің Қаулысымен №649, 25.08.2008 «Астананың 10жылдығы»
2. ҚРТЖМ бұйрық №739ж/қ, 24.08.2009ж. Медаль «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және үздік шыққаны үшін»;
3. ҚРПрезидентінің Қаулысымен №172, 10.12.2011жыл, медаль «Тәуелсіздіктің 20жылдығы»;
4. ҚР ТЖМ 24.04.2011 жылғы №207 ж/қ бұйрығы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
ҚР ТЖМ «ҚР ТЖМ –нің құрметті ардагері» медалі, 27.08.2014 ж.
Nurgalklievvvv
Нұрғалиев Рашид Құмарғалиұлы - «Қазақстан РеспубликасыІшкі істерминистрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары-құтқарушы
Туған күні, жері, елі:
- 12маусым 1980 ж., БҚО, Приуральный ауданы, Чувашенск ауылы
Білімі: Жоғары.
- 1998 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық колледжіне түсіп, 2001 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі— жалпы тәжірибедегі фельдшер.
- 2012-2015 ж.ж. Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» маманыдығын бітірген.
Еңбек жолы:
- 1996-1997 ж.ж. «Рассвет» ауыл шараушылық өндірістік кооперативі— жұмысшы
- 1997-1998 ж.ж. —Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы— моторист
- 1999-2004 ж.ж. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы— моторист (қоса атқарушылық)
- 2001-2004 ж.ж.Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» - құтқарушы
- 2004-2007 ж.ж. Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы— оқытушы (қоса атқарушылық)
- 2004-2008 ж.ж. —Батыс Қазақстан облысы «Облыстық жедел құтқару жасағы Құтқару қызметі 051» құтқару бөлімінің жетекшісі;
- 2008-2009 ж.ж. —«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласы жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары— кезекші іздестіру құтқару бөлімдерінің басшысы— құтқарушы
- 2009 – 2014 ж.ж.— «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысының шұғыл жұмыстары жөніндегі орынбасары— кезекші іздестіру құтқару бөлімдерінің басшысы— құтқарушы
- 2014- 2015 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысының шұғыл жұмыстары жөніндегі орынбасары— кезекші іздестіру құтқару бөлімдерінің басшысы— құтқарушы;
- 2015 жылдың 25 мамырынан бастап «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі— жасақ басшысының орынбасары-құтқарушы;
Марапаттары
1. ҚРТЖМ Алғыс хаты, 13.10.2006ж. №248ж/қ бұйрық
2. «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» III дәрежелі төсбелгісі, ҚРТЖМ 24тамыз 2009ж, №739ж/қ бұйрық
Төсбелгі «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Бұйрық ТЖМ №766 2013ж.22қараша.
amangeldinuly Нұрсұлтан Амангелдіұлы
- «Қазақстан РеспубликасыІшкі істерминистрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары-құтқарушы
Туған күні, жері, елі:
- 26маусым 1965 ж., БҚО, Ақжайық ауданы, Құрайлысай ауылы
Білімі: Жоғары.
- 1992 жылы Жоғары, 1987 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, 1992 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген, диплом № 347108;
1997 жылы ҚР ІІМ Қостанай жоғарғы мектебіне түсіп, 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, диплом № 0123601
Еңбек жолы:
12.1982 Жұмысшы – «Қызыл жар» совхозы БҚО, Тайпақ ауданы
06.1984 Механизатор – Өлеңті совхозы БҚО, Тайпақ ауданы
06.1986 Әскер қатарында Латвия, г.Рига
10.1986 Жүргізуші - Өлеңті совхозы БҚО, Тайпақ ауданы
08.1992 Комсомол ұйымында БҚО, Тайпақ ауданы
02.1996 Бөлім меңгерушісі - аудандық әкімшілік БҚО, Тайпақ ауданы
02.1996-12.2010 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекші іздестіру құтқару бөлімінің жетекшісі – құтқарушы
12.2011 - 25.05.2015 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құтқару бөлімшесінің бөлімше басшысы - құтқарушы
25.05.2015 «Қазақстан РеспубликасыІшкі істерминистрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары-құтқарушы

Құрылымы

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ
Құрылымы

Бөлімше

Басшылық

Кезекші-диспетчерлік қызмет

Сүңгуірлік қызмет

Кинологиялық қызмет

Радиациялық, химия және биологиялық қорғау қызметі

Медициналық-психологиялық қызмет

Автокөліктерге, жүзу құралдарына және жабдықтарына қызмет көрсету қызметі

Кадр жұмысы тобы

Қаржылық қамтамасыз ету тобы

Бөліктерде
№ 1 құтқару бөлімшесі
№ 2 құтқару бөлімшесі
№ 3 құтқару бөлімшесі
№ 4 құтқару бөлімшесі
№ 5 құтқару бөлімшесі (Шалқар)
№ 6 құтқару бөлімшесі (Чапаев)

Жауапкершілік аймағы

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ жауапты аймағы
Республикалық дәрежедегі автокөлік жолдарындағы ҚР ІІМ ТЖК авариялық-құтқару қызметтерінің аймаққа келісілген жауаптылық тізбесі
  1. Орал қаласы, БҚО облысы және аудандары
  2. Орал қ.арқылы өтетін РФ Самар-Шымкент Республикалық тас жолы шекарасы 195-395 км.
  3. Орал-Каменка және РФ шекарасындағы тас жолы 0-31 км.
  4. Подстепное-Федоровка шекарасы тас жолы 0-13 км.
  5. Жалпақтал-Казталовка-Чапаев және РФ шекарасы тас жолы 47-149 км.
  6. Орал-Теплый және РФ шекарасы 0-28 км.

Жабдықталу

Анықтама
«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ
арнайы техникамен жабдықталуы
Барлығы 13 бірлік автокөлік, оның ішінде:
1. Газель, УАЗ, Нива, Санг-енг негізіндегі жоғары өтімділігі бар - 7 бірлік автокөлік
2. КАМАЗ негізінде – 1 бірлік автокөлік
3. «ТРЭКОЛ» негізіндегі жол тандамайтын - 1 бірлік автокөлік
4. Қысқартуға – 1 бірлік техника
Барлық автокөлік «Арнайы техникамен қамтамасыз ету №7.1 нормасы» бойынша 56 пайызды құрайды
Авариялық-құтқару қондырғылары
1. 2 кешен «Холматро» гидравликалық құрылғылары
2. 8 дана 1-5 кВт электр генераторлар
3. 6 дана мотопомпа
4. 11 дана бензопила
5. 3 дана компрессор
6. 12 дана бұрышы тегістелген машиналар (болгарка)
7. 4 дана электр бейтараптағыштар
Бұның барлығы «Авариялық-құтқару қондырғыларымен қамтамасыз ету №7.1 нормасы» бойынша 19 пайызды құрайды.
Жүзу құралдары
1. 3 бірлік металл қайық
2. 7 дана – Резиналық қайық
Барлығы №7.1. Норма бойынша 82 пайызды құрайды.
zko_osnash1 zko_osnash1 zko_osnash1 zko_osnash1
zko_osnash1 zko_osnash6 zko_osnash6 zko_osnash6
zko_osnash6 zko_osnash6 zko_osnash6 zko_osnash6
zko_osnash6 zko_osnash6 zko_osnash6 zko_osnash6

Фотогалерея

zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1
zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1
zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1
zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya1 zko_fotogalereya20
zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20
zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20
zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20
zko_fotogalereya40 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya20 zko_fotogalereya39
{morfeo 21}

Байланыс

Жасақтың мекенжайы :
Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 1/5
Телефон нөмірлері: +7 (7112)23-94-66 (жедел кезекші), +7 (7112) 52-73-36
Орал қаласы, Гагарин көшесі, 25/2
Телефон нөмірлері: +7 (7112)23-94-66 (жедел кезекші), +7 (7112) 52-73-36
Электрондық мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.