Принтерге шығару

Құрылу тарихы

«ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағы
ММ құрылу тарихы
«ҚР ТЖМ Жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы)» ММ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 қаулысымен «051 құтқару қызметі» базасында құрылды.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Құтқару қызметін жаңадан құруға тура келді. Оған қарамастан құтқарушылар адамдарға уақытылы және сауатты түрде көмек көрсету үшін өдерінің ептіліктерімен әрдайым бар күштерін салды. Оған он жылдан кем аз уақыт аралығында құтқарылған жүздеген өмірлер мен мыңдаған азаматтардың алғыстары куә бола алады.
Жасақ кезекшілік атқарады және оқиға орын алған жерлерге көмекке барады. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою үшін түрлі іздестіру-құтқару жұмыстарын орындайды. Облыстың тас жолдарында жол–көлік оқиғаларының нәтижесінде адамдар қаза болады немесе зардап шегеді. Жол полициялары қызметкерлеріне және дәрігерлерге зардап шегуші адамдарды сығылған темірлердің арасынан алып шығу үшін құтқарушылардың көмегі керек. Жасақтың жауапкершілігіне қар құрсауында қалуға бейім республикалық маңызы бар автокөлік жолдары да кіреді. Қыс кезінде Жедел-құтқару жасағы іздестіру-құтқару жұмыстарына және зардап шегушілерді көшіру жұмыстарына шығады.
Жедел-құтқару автокөліктері замануи авариялық-құтқару құрылғыларымен, гидравикалық құрылғы жинақтарымен, химиялық қорғау құралдарымен, сүңгуірлік және алпинистік саймандармен жабдықталған. Құтқарушылар суда, химиялық және радиациялық жұқпалы аймақтарда, биіктіктерде және үймелердің астында қалу жағдайларында кәсіби көмек көрсетулері керек.
Медициналық қызмет жасақ құтқарушыларына медициналық алғашқы көмек көрсету дағдыларын оқытуды тұрақты түрде жүзеге асырып отырады. Жасақтың жеке құрамы жыл сайын кәсіби түрде парамедик курсынан өтіп, куәліктер алады. Жасақ ұжымында қолайлы және жағымды ахуалды ұстану мақсатында, психолог-маман жұмыс жасайды, жұмыстың негізгі бағыттары бойынша зардап шеккендердің және оларды көрген құтқарушылардың дағдарыс, адаптация сәтінде психологиляқ көмек көрсетеді. Бұдан басқа әрбір құтқарушы өздігінен психологиялық көмек көрсете алуы үшін ЖҚЖ жеке құрамына психологиялық дайындық бойынша сабақтар тұрақты түрде жүргізіледі.
Жасақтың кинологиялық қызметін жаңа қызметке жатқызуға болады. Онымен іздестіру-құтқару жұмыстары жағдайларында иттерді бейімдеуге арналған әдістемелер мен әдістерді тұрақты таңдау жүргізіледі. Кинологиялық қызметтің құрамына бір іздестіру-құтқару есебі кіреді. Жеке құраммен тұрақты түрде: алпинистік іс, дене шынықтыру бойынша арнайы дайындығы жүргізіледі, құтқарушылар «Газ түтіннен қорғау» мамандығы бойынша оқудан өтті.
Ағымдағы жыл ішінде кезең бойынша жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге дәрежелерін көтеру үшін «Құтқарушы» мәртебесіне аттестация өткізіледі. Жыл сайын көрсеткіштер бойынша оқу-жаттығулар, көрсетілімдер жүргізіледі. Құтқарушылар шақыртуларда жедел әрекет етуден басқа, тұрақты түрде жауынгерлік дайындықта болады. Өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіреді және шеберлік деңгейлерін арттырады. Бұдан өзге жыл сайын құтқарушылардың халықаралық «Қазқұтқару» құтқару құралымдарының семинар-жиынына қатысады, және жылдан жылға өздерінің нәтижелерін жетілдіреді. Құтқару бөлімшелерінің Халықаралық ҚАЗҚҰТҚАРУ семинар-жиыны жыл сайын «Скальный город «Астана» полигонында (ҚР ІІМ ТЖК полигоны) өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан қалаларының құтқарушы жасақ командаларымен қатар, алыс және жақын шетелдердің құтқару жасақтарының командалары қатысады. Ақтөбе қаласынан 4-5 автокөліктен тұратын автоколонна мың шақырым қашықтыққа шығады. Құтқарушылар шақырайған күннің астында, аптап ыстықта өздерін алпинистік, сүңгуірлік шеберліктерін көрсетеді, жол-көлік оқиғаларының, үйілімдердің, химиялық зақымданулардың салдарын жояды, зардап шегушілерді өзен арқылы, биіктіктер арқылы өткізеді, медициналық жәрдем көрсетеді. «Қазқұтқарудың» негізгі идеясы - құтқарушылардың дайындығын жетілдіру, олардың кәсіби деңгейін арттыру, авариялық-құтқару жұмыстарының дағдыларын шыңдау болып табылады. Ақтөбе облысының Жедел-құқару жасағы бұл жарыстарға 2001 жылдан бері қатысып келеді. Және жылдан жылға өздерінің нәтижелерін көтеруде. Біз әлі жүлдегер болмасақ та, соңғы орынды иеленген емеспіз. Бүгінгі таңда команда қатысушылардың тізімі арасында «бел ортасында» және мұны үлкен жетістік деп есептейді, өйткені жыл сайын команда құрамы жаңартылып отырады.
Құтқарушы жұмысы үлкен батылдықпен орайлас екені жасырын емес. Жүздеген құтқарылған өмірлер, облыс және қала басшыларының мақтау қағаздары, Министрліктің алғыс хаттары мен сыйлықтары құтқарушы мамандығының батыл да, мәртебелі іс екендігін куәландырады.
2015 жылдың шілде айында Ақтөбе облысының ТЖД «Суда-құтқару қызметі» ММ бірігуіне байланысты штат саны 26 адамнан 71 адамға көбейді. Екі қызметтің бірігуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 25 сәуірдегі №313 Қаулысына сәйкес орындалды.
Аталған екі қызмет бұрыннан да төтенше жағдайлар орын алған кезде тығыз байланыста жұмыс атқарып келген болатын, оларға ортақ жалғыз міндеті – адам өмірін құтқару.
 
Аталған екі қызмет бұрыннан да төтенше жағдайлар орын алған кезде тығыз байланыста жұмыс атқарып келген болатын, оларға ортақ жалғыз міндеті – адам өмірін құтқару.

Қызмет бағыты

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым, төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Мекеме кәсіби апатты-құтқару қызметі болып табылады.
3.Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Төрағасының бұйрықтарына, басқа да нормативті актілерге, ондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
5. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
6. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
7. Мекеменің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
8. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области
(город Актобе) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 03000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 101-ші атқыштар бригадасы көшесі, 15б
2. Мекеменің заңды мәртебесі
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
11. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде есепшоттары, мөрлері мен мемлекеттік мекеменің мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөртабандары болады.
12. Мекеменің құрылымы мен штаттық санының шегін Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Төтенше жағдайлар Комитетінің Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (будан әрі - Министр) бекітеді.
13. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды
14. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағында барлық қаржы-қаражаттарға жауап береді.
15. Мемлекеттік мекеменің жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелері (соның ішінде мемлекеттік сатып алулар) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
16. Мекеменің атқаратын қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда басқа кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттарға отыруға мекемеге тиым салынады.
3. Мекеменің қызметі мен мақсаты
17. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, дүлей зілзалалар, авариялар мен апаттардан, заманауи қарулардың қолданылуы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету болып табылады.
19. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
бекітілген аумақта авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік мекемені бекітілген аумақ шегінен тыс жерлерде апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізуге тарту төрағаның шешімі бойынша орындалады;
төтенше жағдайларды жою және зардап шеккендерді құтқару үшін бірінші кезектегі іс-қимылдарды ұйымдастыру мен жүргізу;
дүлей зілзала, авариялар мен апаттардың нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, материалдық-техникалық қамсыздандыру шараларын ұйымдастыру және Мекеме қызметкерлерінің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
кәсіби шеберлікті жетілдіру-жеке құрамға құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігіне, зардап шегушінің өмірін құтқару және көмек көрсету бойынша тиімді іс-қимылдарға тұрақты, жүйелі арнайы дайындықтар өткізу және үйрету;
басқару органдарын, Мемлекеттік мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына баруға және шұғыл -құтқару жүмыстарын жүргізуге тұрақты әзірлігін қолдау, жасаққа білікті кадрларды жинақтау;
халықтан және ұйымдардан кез келген туындау қауіпі бар және туындаған төтенше жағдайлар немесе оның фактілер туралы хабарламалар қабылдау;
Өзінің құзыры шегінде қатысады:
- Терроризммен күрес бойынша қалалық шұғыл штаб жұмысына;
- Қалалық Антитерролық комиссия жұмысына;
Төтенше жағдай кезінде халықтың өмірін қорғау, сақтау бойынша тұрғындарға көпшілік ақпарат құралдары арқылы түсіндірме, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу;
20. Мекеменің қызмет көрсету аясына Ақтөбе облысының аумағы кіреді.
21. Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметтерге сәйкес келмейтін, қызмет мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
22. Мекеменің, өз қызметтеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, шектеулі түріндегі және басшылық құжаттарға қайшы келетін, немесе басшының өз жарғылық құзырын бұза отырып жасаған келісімдері, тиісті сала органының немесе мемлекеттік мүлік бойынша органының, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп табылады.
23. Мекеме басшысының (бұдан әрі – басшы) және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы тұлғаның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді атқаруы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және ол тәртіптік, әкімшілік және де басқа жауапкершілікке тартылады.
 
4. Мекемені басқару
24. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
25.Комитет Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіптеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру бойынша жекелендірілген жоспарды бекітуге жібереді.
Мекеменің мүлігін сақтауды қадағалауды жүзеге асырады;
Мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Мекеменің құрылымын және шекті штаттық санын бекітеді;
Мекеме басшысын лауазымға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының ұсынысы бойынша тағайындайды және қызметінен босатады;
жылдық қаржы есебін бекітеді;
Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен мекеме теңгеріміндегі мүліктің алынуы мен бөлінуін келіседі.
Мекеме басшысының қызметінен босатудың негіздерді анықтайды
Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
26. Мекеменің басшысы Мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық етеді, тікелей Министрге, Министрдің тәлімгер орынбасарына, Комитет төрағасына және Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкешілікте болады.
27. Мекеменің басшысы дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты сұрақтарды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес өз құзіреттілігінің шеңберінде шешеді.
28. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіпте:
сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және де басқа ұйымдарда өз құзіреті шегінде Мекеменің мүдделерін көрсетеді
келісім-шарттар түзеді;
сенімхаттар береді;
іссапарлар, тағылзымдамалар, еңбек демалыстары, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша Мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Қызметкерлердің Ақтөбе облысы және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге іссапарлармен шығуы Министрлікпен келісу арқылы жүзеге асырылады;
өзінің құзыреті шегінде Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
мекеме басшының орынбасары мен қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіпте Мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз орынбасарының және Мекеме бөлімшелерінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін анықтайды;
Мекеме жеке құрамының дайындығын, қайта дайындаудан өтуін және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді;
арнайы және құтқару техникасының, апатты-құтқару құрал-саймандарының және жабдықтарының, жүзу құралдарының, сүңгуір жабдықтары мен саймандарының, байланыс құралдарының, оргтехникаларының және басқа да мүліктердің техникалық жағдайын қадағалайды және есебін жүргізеді, оларды есептен шығаруға арналған құжаттарды даярлайды;
ғимараттар мен құрылыс нысандарының, бокстардың пайдалануы мен қадағалауды, арнайы және құтқару техникасын, апатты-құтқару құрал-саймандарын және жабдықтарын, жүзу құралдарын, сүңгуір жабдықтары мен саймандарын, байланыс құралдарын, оргтехниканы, басқа да мүліктерді жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
материалды құндылықтардың есебінің дұрыс жүргізілуін және анық есебін білу, сақталу және берілу тәртібін тексеру мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізеді;
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және апатты-құтқару жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
Мекеменің ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалды-техникалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етеді;
Мекеменің аттестациялық комиссиясының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады;
Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл қимылдау жоспарларын өңдеп, Департамент басшысына бекітуге ұсынады;
Департаментке уақытылы, бекітілген үлгілерге сәйкес есеп береді;
Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді.
Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;
құрылымдық бөлімшелердегі жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттерге дербес жауапкершілікте болады, өзі басшылық ететін қызметкерлердің жасаған әрбір жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық әрекеттеріне қарсы шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінде қарастылған және осы Жарғыда көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Төмендегілер бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту шараларын;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және апатты-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болуға;
Мекеменің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген тәртіпте және Министр мен Комитет төрағасының тиісті бұйрықтарына сәйкес марапаттауға;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретуге және дайындауға;
жеке оқу – жаттығу базасын құруға;
Қазақстан Республикасыдағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті апатты-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен бірлесуді дамытуға шаралар қабылдайды.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
29. Мекеме жедел басқару құқығындағы мүлікке ие. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен алынған, Мекемеге бекітілген мүлік, республикалық және коммуналдық меншікке жатады.
30.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтеріне жатады, оның құны мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген мүлік есебінен құрылады;
Қазақстан Республикасы заңнамалары тиым салмаған басқа да көздерден;
31.Мекеме оған бекітілген және оған смета арқылы бөлінген қаржыға алып берілген мүлікті дербес оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
32 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
33.Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес есеп береді.
34.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте Министрлік және Комитет жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс тәртібі
35. Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы керек.
7. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
36. Мекеме Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.
37. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
38. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
______________________________

Басшылық

 
Хамзин Жасақ басшысы Хамзин Кұспан Тұрғалиұлы
Туған жылы, күні: «25» шілде 1969 жылы
Туған мекен жайы: Ақтөбе қаласы
Білімі: Жоғары, 1993 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіптік өндірісі инженерлік институтын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы:
06.1986-09ж.1987ж.-«Кайыңды» совхозы – жастар-комсомол бригадасы- шопанның көмекшісі
09.1987ж. - 06.1993ж. – И. Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіптік өндірісі инженерлік институты
08.1993ж.- 08.1997ж.- «Темір құрылыс» ЖШС - мастер
01.08.2000ж.- 11.2000ж.- Казақстан Республикасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар агенттігі мемлекеттік өртке қарсы қызметтің №13 Темір ауданының әскерилендірілген өрт бөлімінің қарауыл бастығы
26.11.2000ж.-11.01.2001ж.- Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар агенттігі мемлекеттік өртке қрсы қызметтің №13 Темір ауданы әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі өрттің алдын алу инспекцисының аға инспекторы
12.01.2001ж.- 25.02.2005ж. – Ақтөбе облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің Темір ауданы әскерилендірілген №13өрт бөлімінің бастығының орынбасары
02.02.2005ж.- 03.03.2007ж. - Ақтөбе облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Темір ауданы №13өрт сөндіру бөлімінің бастығы
11.03.2007 ж.- 17.07.2008ж. – Ақтөбе облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы техника мен байланыс құралдар тобының бас маманы
06.07.2008ж.-19.09.2008ж. – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының қарамағына алу (резервке қою)
01.09.2008ж.- 01.11.2008ж. - Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық –құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді дайындау бөлімінің бастығының міндетін атқарушы
21.11.08ж.- 20.04.2011ж.- Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық –құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді дайындау бөлімінің бастығы
01.04.2011ж.-31.07.2011ж. - Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық –құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді дайындау бөлімі бастығы
01.04.2011ж.-18.07.2011ж.- Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру техникасы және күрделі құрылыс
18.07.2011ж.-15.08.2011ж.- Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қарамағына алынды (резервке қою)
04.08.2011ж.- 05.10.2014ж.- Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының Өрт сөндіру техникасы және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы
10.2014ж.- 22.12.2017ж.- Ақтөбе облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің Өрт сөндіру техникасы мен жабдық бөлімшесінің бастығы
1 класты құтқарушы
Марапаттау:
2010 жылы- « Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен
2015жылы -«Төтенше жагдайлар комитетiне 20 жыл» мерекелік медалімен
2016 жылы- ТЖД Алғыс хатымен
2017 жылы- «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен
Жанұя жағдайы: үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.
 
Нурсейтов Жасақ басшысының орынбасары Нұрсейтов Мақсат Аманжанұлы
Туған жылы, күні: «12» сәуір1986 жыл
Туған мекенжайы: Туркменстан. Балкан ауданы
Бекдаш ауылы
Білімі: 2003 жылы К. Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университетіне түсіп, 2008 жылы
автомобиль және и автомобиль шаруашылығы
жоғары кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты, «инженер» біліктілігі берілді.
Еңбек жолы:
06.10. 2006- 20.05.2008 ж.ж. - «Актобе электроник» ЖШС технигі
15.08. 2008- 29.10.2008 ж.ж.- «МАЭК-Казатомпром» автокөліктер басқармасы- автокөліктерді жөндеу слесарі
18.09. 2009- 21.09.2011 ж.ж – ҚР қарулы күштер қызметі
15.11.2011- 10.02.2012 ж.ж. – «Экология технологиясы ХХІ»-
қауіпсіздік қызметінің аға қызметкері
15.02. 2012-27.10.2014ж.ж. - «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы»ММ автокөліктерге және авариялық-құтқару құрал-жабдықтарына қызмет ету бөлімінің жетекшісі міндетін атқарушы-құтқарушы
27.10.2014-01.07.2015 ж.ж. - «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы»ММ автокөліктерге және авариялық-құтқару құрал-жабдықтарына қызмет ету бөлімінің жетекшісі-құтқарушы
04.01.2017-23.08.2017 ж.ж.- «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД
жедел-құтқару жасағы»ММ құтқарушысы
23.08.2017ж.ж.- 01.06.2018ж.- «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы-құтқарушы
01.06.2018ж.- «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары – құтқарушы.
2 класты құтқарушы
Марапаттау:
2012 жылы - Ақтөбе қаласның Әкімінің Алғыс хаты
2016 жылы- ҚР ІІМ ТЖК Алғыс хатымен.
Жанұя жағдайы: отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.
 
Жумагалиев Басшы орынбасары Жұмағалиев Нұрболат Әбілбекұлы
Туған жылы, күні: «06» шілде 1972 жылы
Туған мекен жайы: Ақтөбе қаласы
Білімі: Жоғары, 2015 жылы Қазақ қатынас жолдары университеті автоматтандыру және басқару техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолы:
01.09.87ж.- 26.06.90ж.- Карғалы №1кәсіби-техникалық училищесі
26.06.90ж.-11.11.90ж.- «КССР 40 жыл»совхозының механизаторы
12.11.90ж.- 25.12.92ж. – Әскери қызметі
02.04.93ж.- 03.01.94ж. - «КССР 40 жыл» совхозының 3 класты механизаторы
11.08.94 ж.- 17.02.97ж. - «Целинаға 40 жыл» совхозының 3 класты механизаторы
06.09.01ж.-19.09.03ж. - «Компания Гео-Сервис» ЖШС күзетшісі
01.01.04ж.- 01.04.04ж. - «Адал-жол» ЖШС күзетшісі
21.04.04ж.- 20.06.05ж.- «Спарта»ЖШС күзетшісі
01.12.05ж.-31.01.06ж.-«Агзам Секьюрити» ЖШС кезекші контролер
01.02.06ж.-18.09.06ж.- .-«Агзам Секьюрити» ЖШС кезекші контролер
18.09.06ж.-15.05.07ж.- Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының қауіпсіздік қызметкері
04.07.07ж.- 05.11.07ж.- .-«Агзам Секьюрити» ЖШС кезекші контролер
16.11.07ж.- 26.05.08ж.- «Рубин С»ЖШС күзетшісі
16.06.08ж.- 11.10.09ж. - «Ақтөбе облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» ММ құтқарушысы
11.10.09ж.-01.06.11ж. – «ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы суда-құтқару қызметі» ММ құтқарушысы-сүңгуір
01.06.11ж.- 05.06.12ж. - «ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы суда-құтқару қызметі» ММ САҚО бригадирі
05.06.12ж.- 03.11.14ж. – «ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы суда-құтқару қызметі» ММ сүңгуірлер- авариялық құтқару отрядының бастығы
03.11.14ж.- 01.07.15ж. - «ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы суда-құтқару қызметі» ММ САҚО бригадирі
01.07.15ж.- 02.05.17ж.- «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы»ММ бас құтқарушысы
02.05.17ж.- 01.06.18ж. – «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы»ММ құтқару бөлімшесінің басшысы - құтқарушы.
1 класты құтқарушы, Ш топты1 класты сүңгуір.
Марапаттар:
2010 жылы- ҚР ТЖМ Мақтау грамотасымен
2011 жылы- «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен
2014 жылы- Ш дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен
2015 жылы- «Төтенше жагдайлар комитетiне 20 жыл» мерейтойлық медалімен
2016 жылы- П дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен
Жанұя жағдайы: ажырасқан, 2 баласы бар.
 
 

Құрылымы

«ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы)» ММ штаттық құрылымы
 
Т.А.Ә. Лауазымы Телефон нөмірлері Электрондық почта
 Басшылық
1

Хамзин

Куспан Тургалиевич

Жасақ басшысы -құтқарушы

51-13-40 (ж.т.)

90-77-94 (ү.т.)

8777-781-83-57:

8-701-684-35-13

oso-aktobe @mail.ru

 

2  Жумагалиев Нурболат Абилбекович  Басшының орынбасары -құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

8-707-835-07-72

8-702-632-13-35

77-96-23 (ү.т.)

oso-aktobe @mail.ru

 

3

Нурсейтов Максат

Аманжанович 

Басшының орынбасары -құтқарушы

70-47-36 (р.т.)

8-701-152-62-94

8-707-415-27-97

oso-aktobe @mail.ru

 

Жасақ бөлімшелерінің басшылары
4

Шауенов

Шокан Каскырбаевич

Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-705-157-36-69

57-37-29

oso-aktobe @mail.ru

 

5 Бердигалиев Сагадат Елтаевич Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-707-835-01-87

98-52-11(ү.т.)

oso-aktobe @mail.ru

 

6 Махметханов Ербол Талгатович  Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

24-41-17 (ж.т.)

8-707-835-13-73

8-705-382-09-70

oso-aktobe @mail.ru

 

7

Бозшин

Нурбол Сергеевич

Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

21-35-46 (ү.т.)

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-705-838-93-27

oso-aktobe @mail.ru

 

8

Косовец

Виктор

Сергеевич 

Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-707-879-55-99

95-75-03

oso-aktobe @mail.ru

 

9

Кротов

Павел

Юрьевич

Құтқару бөлімшесінің жетекшісі-құтқарушы

24-41-18 (ж.т.)

8-707-835-06-94

8-701-142-89-18

51-73-28

oso-aktobe @mail.ru

 

10

Бланов

Данияр Жанымгереевич 

Сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің жетекшісі – құтқарушы

 

74-47-57 (ж.т.)

8-747-207-99-03

oso-aktobe @mail.ru

 

11 Кичигина Оксана Николаевна  Кезекші-диспетчерлік бөлімше басшысы – құтқарушы 

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-702-940-72-01

8-747-207-99-06

51-67-93

oso-aktobe @mail.ru

 

12 Турсынбаев Булатбек Кишкенбаевич Химия-биологиялық,  радиациялық қорғау бөлімшесінің жетекшісі - құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-702-893-91-09

8-701-874-07-01

57-08-24

oso-aktobe @mail.ru

 

13

Усенов Куттымурат

Бисенгалиевич

Кинологиялық бөлімше жетекшісі -құтқарушы

74-47-57 (ж.т.)

8-776-640-00-04

oso-aktobe @mail.ru

 

14

Дарибаев Дастан

Базарбаевич

Автокөлік, жүзу құралдары және құрылғылар бөлімшесінің жетекшісі – құтқарушы

55-67-06  (ж.т)

70-47-36 (ж.т.)

8-705-330-06-06

oso-aktobe @mail.ru

 

 

Жабдықталу

"ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы" ММ жабдықталуы туралы
Жасақта ТЖ аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 2 жиынтық авариялық-құтқару жабдығы бар. Құтқарушылардың қарауында "Холматро", "Бош", "Макита" сияқты фирмалардың 97 бірлік авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары және 15 бірлік инженерлік жабдықтары бар. Олардың арасында: түрлі кескіштер, кеңейткіштер, гидравликалық және пневматикалық домкраттар, түрлі сорғыштар бар. Жер бетіне мониторинг жасайтын 1 кешен бар (БПЛА).
ЖҚЖ автокөлік қызметі 23 бірлік өтімділігі жоғары техникадан тұрады, оның ішінде 3 бірлік төмен қысымды дөңгелектердегі "ВЕЯ" және "ТРЭКОЛ" өтімділігі өте жоғары техникалары және жолсызда, батпақты және қар басқан жерлерде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін қарда жүргіш техникалар бар.
Жасақта 3 құтқару станциясы және сүңгуір қызметі бар. Жасақтың құтқарушылары 1-3 сынып сүңгуірлерін дайындау бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен. Қызмет кешенді іздестіру-құтқару, су астындағы техникалық жұмыстарды жүргізу үшін заманауи шетелдік жабдықтармен жабдықталған. Өзендерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған 6, 8, 20 орынды моторлы қайықтар (33 бірлік) су тасқыны аймағында жұмыс істеуге де мүмкіндік береді. Сүңгуірлер қызметі болса су асты бейнебақылау және бейне түсіру аппаратымен, сондай-ақ сымсыз сүңгуір байланысымен жарақтандырылған.
 

«ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД ЖҚЖ (Ақтөбе қаласы)» ММ 2016 жылға жарақтандырылуы

Тиісті нормаға қатысты пайыздық қаммтамасыз ету көрсеткішнің саны және түрлері

Авариялық - құтқару техникасы

Жүзу құралдары

Суда және су асты жумыстарын жүргізуге арналған құрал жабдықтары

 

Норма бойынша тиісті

Қолданыста бары

 

Норма бойынша тиісті

Қолданыста бары

 

Норма бойынша тиісті

Қолданыста бары

УАЗ, Газель негізіндегі сүңгуірлік жабдығымен жабдықталған автокөлік, бірлік

5

5

Құтқару катері, дана.

2

1

Тыныс алу аппараты, компл.

1

19

УАЗ, Газель негізіндегі медициналық жабдықтармен жабдықталған автокөлік, бірлік

1

1

Моторлы қайық, дана.

3

3

Құрғақ типті гидрокостюм, жинақ

1

25

УАЗ, Газель негізіндегі радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автокөлігі, бірлік

1

1

Аспалы қозғалтқыш, дана.

3

-

Синтепонды, конденсатты костюм, жинақ

1

-

УАЗ, Газель негізіндегі кинологиялық қызмет автокөлігі, бірлік

1

1

Қайықтарды тасуға арналған тіркеме

2

1

Тереңдік өлшегіш, жинақ

1

15

УАЗ, Газель негізіндегі арнайы радиобайланыс автокөлігі, бірлік

1

1

Компрессорлы, стационарлы орнатқыш

1

-

Су асты компасы, дана.

1

13

УАЗ, Газель негізіндегі жедел - құтқарушы автокөлігі, бірлік

4

4

Транспорттық баллон сыйымдылық 40 л, дана.

8

-

Сүңгуір пышағы, дана.

1

10

НИВА негізіндегі ілесе жүру автокөлігі, бірлік

8

8

Су асты дәнекерлеу жинағы, дана.

2

-

Су асты шамы, жинақ

1

-

КАМАЗ негізіндегі апаттан құтқару автокөлігі, бірлік

2

-

Базалық жинақты, қуаттаушы үлкен шам, дана.

10

-

Сүңгуірлерге арналған жүннен тоқылған костюмы, жинақ

1

5

КАМАЗ негізіндегі жедел-техникалық автокөлігі, бірлік

1

-

Декомпрессиондық камера, дана.

1

-

Ескекаяқ , жұп

1

13

КАМАЗ негізіндегі жедел-қосымша автокөлік, бірлік

2

2

Рекомпрессиондық камера, дана.

1

-

Сүңгуірлердің жеке компьютері, дана.

1

1

Жүк көтергіштігі 18-25т. кран, бірлік

1

-

6 орындық үрмелі қайық, дана.

9

9

Жартыбеттік тыныс алу трубкасы мен су асты бетпердесі, дана.

1

33

25 орынды автобус, бірлік

2

2

8 орындық үрмелі қайық, дана.

5

5

Үрмелі құтқару жилеті, дана.

1

37

Қарда жүргіш, бірлік

2

1

30 орындық үрмелі қайық, дана.

2

 

Құтқару дөңгелегі, дана.

1

1

Ауа көпшігіндегі кеме, бірлік

2

-

Катамаран «Рафтинговый», дана.

5

2

Тасымалы құрал жабдыққа арналған герметическалық кофр, дана.

1

-

Жол талғамайтын - батпақта жүруге арналған автокөлік, бірлік

2

2

Үрмелі құтқару салы, дана.

5

1

Сүңгуір каскасы, дана.

1

-

Орташа класс шынжыр табанды транспортер,бірлік

3

-

Дюралюминдік құрастырмалы ескек

50

20

Сулы типті гидрокостюм, жинақ

1

33

Ауыр жүкті автокөліктерге автотіркеме, бірлік

2

-

Аспалы мотролы қайық, дана.

24

22

Сүңгуірлер аяқ киімі, жұп

1

17

Кіші автомашиналарға автотіркеме, бірлік

10

-

Маркировочный буй, дана.

20

-

Неопренды сүңгуірлер аяқ киімі, пар

1

7

Пайыздық арақатынасы

 

73,69 %

«Кошка» типті үштісті ілмек, дана.

24

1

Салмақты белдемше, дана.

1

38

     

Жылжымалы, ауалы компрессор сүзгіш баллон қуаттағыш

8

7

Кеуделік жүк, дана.

1

15

     

Ультрадыбысты су асты жүйесі

10

-

Дыбыстық шет, м.

1

30

     

Су асты жарық түсіргіш құрылғысы

2

1

Түсу шеті, м.

1

30

     

Арнайы құрал жабдық жинағы, (компл).

5

-

"Александр" шеті, м.

1

30

     

Дыбыстық жалаулар, жинақ.

8

8

Құтқару кеуделігі, дана.

1

4

     

Пайыздық арақатынасы

 

59,23

Сомын кілт жинағы компл.

1

1

           

Пайыздық арақатынасы

 

72,84%

Жасақтың жалпы жарақтандырылу пайызы 68,58%

 

Фотогалерея

10 10 10 10 10 10
10 10 10 10 10 10
10 10 10 10 10 10
10 10 10 10 10 10
10 10 10 10 10 10
10 10 10 10 10 10
10 10 10 5 1 5 1 5 1
5 1 5 1 5 1 5 1 5 1 5 1
5 1 5 1 5 1 5 1 5 1 5 1
5 1 5 1 5 1 5 1 5 1 5 1

Байланыс

Ақтөбе қаласы
Байланыс телефондары:
8 (7132) 55-67-06 (жедел кезекші)
8 (7132) 55-67-06 (факс)
8 (7132)
51-13-40 (қабылдау бөлмесі)
Электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сенім телефоны: 8 (7132) 70-47-36