Құрылу тарихы

«ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағы
ММ құрылу тарихы
«ҚР ТЖМ Жедел-құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы)» ММ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 қаулысымен «051 құтқару қызметі» базасында құрылды.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Құтқару қызметін жаңадан құруға тура келді. Оған қарамастан құтқарушылар адамдарға уақытылы және сауатты түрде көмек көрсету үшін өдерінің ептіліктерімен әрдайым бар күштерін салды. Оған он жылдан кем аз уақыт аралығында құтқарылған жүздеген өмірлер мен мыңдаған азаматтардың алғыстары куә бола алады.
Жасақ кезекшілік атқарады және оқиға орын алған жерлерге көмекке барады. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жою үшін түрлі іздестіру-құтқару жұмыстарын орындайды. Облыстың тас жолдарында жол–көлік оқиғаларының нәтижесінде адамдар қаза болады немесе зардап шегеді. Жол полициялары қызметкерлеріне және дәрігерлерге зардап шегуші адамдарды сығылған темірлердің арасынан алып шығу үшін құтқарушылардың көмегі керек. Жасақтың жауапкершілігіне қар құрсауында қалуға бейім республикалық маңызы бар автокөлік жолдары да кіреді. Қыс кезінде Жедел-құтқару жасағы іздестіру-құтқару жұмыстарына және зардап шегушілерді көшіру жұмыстарына шығады.
Жедел-құтқару автокөліктері замануи авариялық-құтқару құрылғыларымен, гидравикалық құрылғы жинақтарымен, химиялық қорғау құралдарымен, сүңгуірлік және алпинистік саймандармен жабдықталған. Құтқарушылар суда, химиялық және радиациялық жұқпалы аймақтарда, биіктіктерде және үймелердің астында қалу жағдайларында кәсіби көмек көрсетулері керек.
Медициналық қызмет жасақ құтқарушыларына медициналық алғашқы көмек көрсету дағдыларын оқытуды тұрақты түрде жүзеге асырып отырады. Жасақтың жеке құрамы жыл сайын кәсіби түрде парамедик курсынан өтіп, куәліктер алады. Жасақ ұжымында қолайлы және жағымды ахуалды ұстану мақсатында, психолог-маман жұмыс жасайды, жұмыстың негізгі бағыттары бойынша зардап шеккендердің және оларды көрген құтқарушылардың дағдарыс, адаптация сәтінде психологиляқ көмек көрсетеді. Бұдан басқа әрбір құтқарушы өздігінен психологиялық көмек көрсете алуы үшін ЖҚЖ жеке құрамына психологиялық дайындық бойынша сабақтар тұрақты түрде жүргізіледі.
Жасақтың кинологиялық қызметін жаңа қызметке жатқызуға болады. Онымен іздестіру-құтқару жұмыстары жағдайларында иттерді бейімдеуге арналған әдістемелер мен әдістерді тұрақты таңдау жүргізіледі. Кинологиялық қызметтің құрамына бір іздестіру-құтқару есебі кіреді. Жеке құраммен тұрақты түрде: алпинистік іс, дене шынықтыру бойынша арнайы дайындығы жүргізіледі, құтқарушылар «Газ түтіннен қорғау» мамандығы бойынша оқудан өтті.
Ағымдағы жыл ішінде кезең бойынша жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге дәрежелерін көтеру үшін «Құтқарушы» мәртебесіне аттестация өткізіледі. Жыл сайын көрсеткіштер бойынша оқу-жаттығулар, көрсетілімдер жүргізіледі. Құтқарушылар шақыртуларда жедел әрекет етуден басқа, тұрақты түрде жауынгерлік дайындықта болады. Өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіреді және шеберлік деңгейлерін арттырады. Бұдан өзге жыл сайын құтқарушылардың халықаралық «Қазқұтқару» құтқару құралымдарының семинар-жиынына қатысады, және жылдан жылға өздерінің нәтижелерін жетілдіреді. Құтқару бөлімшелерінің Халықаралық ҚАЗҚҰТҚАРУ семинар-жиыны жыл сайын «Скальный город «Астана» полигонында (ҚР ІІМ ТЖК полигоны) өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан қалаларының құтқарушы жасақ командаларымен қатар, алыс және жақын шетелдердің құтқару жасақтарының командалары қатысады. Ақтөбе қаласынан 4-5 автокөліктен тұратын автоколонна мың шақырым қашықтыққа шығады. Құтқарушылар шақырайған күннің астында, аптап ыстықта өздерін алпинистік, сүңгуірлік шеберліктерін көрсетеді, жол-көлік оқиғаларының, үйілімдердің, химиялық зақымданулардың салдарын жояды, зардап шегушілерді өзен арқылы, биіктіктер арқылы өткізеді, медициналық жәрдем көрсетеді. «Қазқұтқарудың» негізгі идеясы - құтқарушылардың дайындығын жетілдіру, олардың кәсіби деңгейін арттыру, авариялық-құтқару жұмыстарының дағдыларын шыңдау болып табылады. Ақтөбе облысының Жедел-құқару жасағы бұл жарыстарға 2001 жылдан бері қатысып келеді. Және жылдан жылға өздерінің нәтижелерін көтеруде. Біз әлі жүлдегер болмасақ та, соңғы орынды иеленген емеспіз. Бүгінгі таңда команда қатысушылардың тізімі арасында «бел ортасында» және мұны үлкен жетістік деп есептейді, өйткені жыл сайын команда құрамы жаңартылып отырады.
Құтқарушы жұмысы үлкен батылдықпен орайлас екені жасырын емес. Жүздеген құтқарылған өмірлер, облыс және қала басшыларының мақтау қағаздары, Министрліктің алғыс хаттары мен сыйлықтары құтқарушы мамандығының батыл да, мәртебелі іс екендігін куәландырады.
2015 жылдың шілде айында Ақтөбе облысының ТЖД «Суда-құтқару қызметі» ММ бірігуіне байланысты штат саны 26 адамнан 71 адамға көбейді. Екі қызметтің бірігуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 25 сәуірдегі №313 Қаулысына сәйкес орындалды.
Аталған екі қызмет бұрыннан да төтенше жағдайлар орын алған кезде тығыз байланыста жұмыс атқарып келген болатын, оларға ортақ жалғыз міндеті – адам өмірін құтқару.
 
Аталған екі қызмет бұрыннан да төтенше жағдайлар орын алған кезде тығыз байланыста жұмыс атқарып келген болатын, оларға ортақ жалғыз міндеті – адам өмірін құтқару.