Принтерге шығару

Құрылу тарихы

ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы
(Көкшетау қаласы) ММ
Тарихи аңықтама
1996 жылдың 3 қазанына дейін Целиноград облыстың суда құтқару қоғамы қенесі өз қызметін іске асырды: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 11 шілдедегі № 890 «Суда құтқару қызметінің республикалық орталығын құру туралы қаулысына және ҚР ТЖ бойынша мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 19, ҚР Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитетінің суда құтқару қызметі республикалық орталығы туралы» сонымен қатар , 1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 25 « Облыстық(қалалық) суда құтқару қызметі туралы» қаулыларға сәйкес, Ақмола облысы әжімінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 102 мемлекеттік суда құтқару қызметін облыстық суда құтқару қоғамы құрамынан шығарып,оның базасында облыстық суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемесін құру шешімі негізінде «Облыстық суда құтқару қызметі » мемлекеттін мекемесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінін 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 114 жарлығына сәйкес, Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді. Осыған орай , «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі де Ақмола облысы Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы құрамында болып Астана қаласынан Көкшетауға бірге көшірілді.
2005 жылы « Суда құтқару қызметі» ММ облыстық төтенше жағдайлар басқармасы құрамынан шығып, Ақмола облысының мобилизациялық даярлық және Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы құрамына енді. 2005 жылғы 11 ақпандағы Ақмола облысы әкімінің № А-2/44 қаулысымен «Ақмола облысының суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының мобилизациялық даярлық және Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының « Суда құтқару қызметі» ММ атауын өзгертті.
ҚР «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттін басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімшілігінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № А -1/5 «ҚР заңнамасына сәйкестіру өткізу мақсатында кейбір мемлекеттін мекемелердің атауын өзгерту туралы» қаулысына сәйкес , Ақмола облысының жұмылдыру даярлығыжәне Төтенше жағдайлар бойынша басқармасының «Суда құтқару қызметі»мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіледі.ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес, Ақмола облысы жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апатттарды ұйымдастыру бойынша басқармасының «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі қайта құрылып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі » мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымына енді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі»мемлекеттік мекемесі коммерциялық ұйым емес, заңды тұлға мәртебесі бар, ұйымдастырушылық- құқықтық нұсқадағы мемлекеттік мекеме азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адамдарды суда құтқару мақсатында суда құтқару жұмыстарын өткізуді және ұйымдастыру үшін құрылған.

Басшылық

shamiganovШамиғанов Дәулет Бахманұлы– «ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы.
Туылған жылы: 28.04.1963 ж. Ұлты: қазақ.
Игеретін тілдері: орыс, қазақ тілдері.
Туылған жері: Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Жылымды ауылы.
Білімі: КСРО ІІМ Алма-Ата өрт-техникалық мектебі, курсант күндізгі бөлімде, 1980 ж.
Еңбек өтілімі:
-1983 ж. Көкшетау РОВД ОГПН инспекторы лауазымына тағайындалды.
- 1986 ж. Ташкент факультеті КСРО ІІМ ВИПТШ тындаушысы.
- 1990ж. Зеренді РОВД ОГПН тексеруші лауазымына тағайындалды.
- 1992 ж. Зеренді РОВД ОГПН аға тексерушісі.
- 1996 ж. Зеренді РОВД ОГПН бастығы.
- 1997 ж. Көкшетау ММ-12 УГПС кезіндегі УВД бастығы.
- 1998 ж. Көкшетау облысы ВПЧТС-6 УГПС бастығы.
28.10.1998 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Көкшетау қаласының СПС техникалық қызмет тұғырының бастығы.
- 1999 ж. Зеренді ауданы ГПС СҚО 17-ӨСБ бастығы.
- 2003 ж. Ақмола облысы Зеренді ауданы 17-ӨСБ бастығы.
- 2006 ж. Ақмола облысы Көкшетау қаласының ТЖ облысындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы.
- 2008 ж. Ақмола облысы ТЖД бастық орынбасары.
- 2009 ж. Ақмола облысы ТЖД ақпараттық-сарапшы бөлімінің бастығы.
- 2013 ж. ҚР ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Суда құтқару қызметінің» ММ басшысы.
- 2014 ж. ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Суда құтқару қызметінің» ММ бастығы.
- 2015 ж. қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы.
Үйленген, екі бала.
burbayevБурбаев Марат Тұралыұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Туған жылы, айы және күні "20" сәуір 1965 жыл
Туған жері Торғай облысы, Жангелді ауданы, Тауш а.
Ұлты қазақ Білімі жоғары
2006 жылы Абай мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтаған
Білімі бойынша мамандығы «Заңтану»-заңгер
Еңбек өтілімі:
20.12.1982 - Алматы облысы Талғар спирт заводының жұмысшысы
24.08.1983 - Жамбыл қаласындағы зооветеринарлық техникум студенті
25.05.1986- СА қатарындағы қызметі
12.12.1988- Алматы қаласының «№7 Алма-Атасельстрой» ХРУ-705 тресінің 2 санатты бетоншысы
10.04.1989- Алматы қаласының «Казагроспецстрой» 4-СПМК 2 санатты бетоншысы
17.09.1990- Торғай кентінің №12 СКТУ өндірістік оқыту шебері
04.10.1991- Жангелді ауданы «Юбилейный» совхозының мал өсіру бригадирі
17.05.1999- Ақмола облысының суда құтқару мекемесінің бас сүңгуірлер маманы, Көкшетау қаласы
01.08.2000- Көкшетау қаласының суда құтқару қызметі бастығы
14.03.2005- Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасының «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадрлар жөніндегі инспекторы
13.04.2009- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары
27.10.2014- қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
- 2015 ж. қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысың орынбасары.
aitpayevАйтпаев Талғат Манатұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Туған жылы, айы және күні "04" ақпан 1976 жыл
Туған жері Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.
Ұлты қазақ Білімі жоғары - 2014 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтаған
Білімі бойынша мамандығы «Заңтану» бакалавры
Еңбек өтілімі:
24.06.1991 г. Кокшетау нан-тоқаш жасау комбинатының еңбектің зиянды түріндегі 2 санаттағы жөндеуші-сантехнигі
10.05.1993 г. «Теплотехника» КБ штатына күрделі құрылыс бөлімінің жұмысшысы болып қабылданды
25.03.1994 г. «ПАК» ЖШС экспедиторы болып қабылданды
30.05.2003 г. Ақмола облыстық суда құтқару қызметінің құтқарушы-матросы
02.09.2003 г. Атбасар суда құтқару станциясының сүңгуірі
02.02.2004 г. Көкшетау қаласы суда құтқару станциясының сүңгуірі
14.03.2005 г. Көкшетау қаласы орталық суда құтқару станциясының 3 класты сүңгуірі
01.09.2005 г. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі сүңгуірлердің апаттан құтқару жасағы басшысы
20.11.2014г. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі сүңгуірлердің апаттан құтқару жасағы басшысы
2105 ж. і қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысың орынбасары.

Құрылымы

Аппараттың және лауазымның атауы

Арнайы атақтары

(персоналдың санаттары)

Лауазымның саны

Лауазымдық жалақы

Кіріс көздері

«ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі

Басшы

Маман

Маман

1

2

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

РБ

Басшылық Кокшетау қаласы

Құтқарушы-жасағының басшысы

Құтқарушы-жасағы басшысының орынбасары

Құтқарушы бөлімшесі

3

Құтқарушы-бөлімшесінің басшысы

Бас құтқарушы

Құтқарушы

Кезекші-диспетчерлік қызмет тобы

1

4

6

Кезекші-диспетчерлік қызметтегі құтқарушы-бас маманы

Сүңгуір қызмет тобы

1

4

Бас құтқарушы-сүңгуір

Кинологиялық қызмет тобы

Бас құтқарушы-кинолог

Радиациялық және химия-биологиялық қорғау бойынша тобы

Радиациялық және химия-биологиялық қорғау бойынша бас маман- құтқарушы

Медициналық-психологиялық қызмет бөлімшесі

1

1

1

1

Құтқарушы бөлімшесінің басшысы

Шұғыл медициналық жәрдем көрсету бойынша маман-бас құтқарушы

Бас құтқарушы-психолог

Басшы

Маман

Маман

1

1

2

1

РБ

РБ

РБ

Автокөліктерді және аввриялық-құтқару құрылғыларын пайдалану бойынша бөлімшесі

Бөлімше басшысы-құтқарушы

Бас механик – құтқарушы

Қаржылық қамтамасыз ету тобы

Басшы

Маман

Маман

1

1

1

РБ

РБ

РБ

Бас есепші

1

1

Сонымен бірге есеп бойынша:

65

Республикалық бюджеттен–

Оның ішінде

Басшылық құрам –

Қатардағы құрам –

Ерікті жалданушы құрам -

Қызмет бағыты, міндеттері және функциялары

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің
жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме)төтенше жағдайларды жою функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3. Мекеме кәсіби авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
4. Мекеме «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына сәйкес құрылған.
5. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мекеме мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
7. Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы)» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде: государственное учреждение «Оперативно-спасательный отряд Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области (город Кокшетау) Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
8. Мекеменің заңды мекен-жайы: индексі 020000, Ақмолаоблысы, Көкшетауқаласы, Абай көшесі, 85.
2. Мекеменің заңды мәртебесі
9. Мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап мекеме құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығын иемденеді.
10. Мекеменің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде есепшоттары, мемлекеттік тілде атауы бармөрлері мен мөртабандары, бекітілген үлгідегі бланкі болады.
11.Мекеме басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. Мекеме өзінің міндеттеріне сәйкес қарамағындағы барлық қаржы-қаражатқа жауап береді.
13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері оларды Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркегеннен күшіне енеді.
3.Мекеменің қызметі мен мақсаты
14. Мекеме қызметінің нысанасы төтенше жағдайларды жою болып табылады.
15. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Ақмола облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамсыз ету болып табылады.
16. Мекеме мақсаттарға жету үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды, суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
2) Комитет төрағасының шешімі бойынша елдің аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органмен, мүдделі мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде су айдындарындағы қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді және іске асырады;
4) халықтың арасындатабиғи және техногендік сипаттағы, оның ішінде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюғабағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді;
6) төтенше жағдайлар туындаған аймаққа жылжытуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Мекеменің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстайды;
7) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдар өмірін құтқару және көмек көрсету іс-қимылдарына жеке құрамды тұрақты жүйелі арнайы даярлықты және оқытуды жүргізеді;
8) сүңгуірлік жұмыстарға мамандану 3-ші тобының сүңгуірлерін, Комитеттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары үшін бағдар ұстаушы шағын кемелердің моторшыларын даярлайды;
9) ерікті құтқарушыларды даярлау бойынша курстарын ұйымдастыру және қоғамдық құтқару бекеттерін құру бойынша шаралар қабылдайды;
10) қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тыйым салынатын және ескертетін белгілер орнатуды жүзеге асырады;
11) халықты жүзуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді құтқару және көмек көрсету тәсілдеріне үйретуге қатысады;
12) материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі және Мекеме қызметкерлерін еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мақсатында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
13) өз құзыреті шегінде:
терроризммен күрес бойынша жедел штабтар жұмысына;
терроризмге қарсы комиссия жұмысына қатысады.
17. Мекемеге осы Жарғыда бекітілген қызметтердің нысанасына және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруғажәне мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
18. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтайшы құжаттарымен анық шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұзып, қызметтер мақсатына қарсы жасаған мәмілесі тиісті сала уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Мекеме басшысының және ол жоқ кезде оның міндетін атқарушы адамның Мекеменің жарғысына қайшы қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылы еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, әкімшілік және өзге де жауапкершілік шаралар қолдануға әкеп соқтырады.

4. Мекемені басқару
20. Мекемені жалпы басқаруды Комитет жүзеге асырады.
21.Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекеме атына мүлікті бекітеді;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жөніндегі жеке жоспарды бекітуге жібереді;
3) Мекеменің мүлігін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) Мекеменің Жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
5) Мекеме басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін айқындайды;
6) Мекеме басшысын және басшысының орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Мекеме теңгеріміндегі мүлікті алып тастау және бөлу мәселелерін келіседі.
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленгенөзге де функцияларды жүзеге асырады.
22. Мекеменің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
23. Мекеме басшысы:
Мекеме жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болады.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына тура бағынысында болады және Комитеттөрағасына тікелей бағынады.
дарабасшылық принципінің негізінде жұмыс істейді және Мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Жарғымен айқындалған өз құзіретіне сәйкес шешеді.
24. Мекеменің басшысы Мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте:
1) сенімхатсыз Мекеменің атынан іс-қимыл жасайды;
2) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және басқа ұйымдарда Мекеменің мүдделерін қорғайды;
3) шарт жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, еңбек демалыстары (қызметкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс іссапарға шығулары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша жүзеге асырылады) жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті нұсқаулар береді;
8) басшының орынбасарларынан басқа мекеменің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптеМекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
10) өз орынбасарларының және Мекеменің өзге басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберлерін айқындайды;
11) Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
12) Мекеменің аттестаттау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
13) Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығына бекітуге Мекеменің жылдық жұмыс жоспары мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ден қоюдың жедел жоспарын бекітуге ұсынады;
14) Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментіне және Комитетке белгіленген нысандарға сәйкес есепті дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Мекеменің құрылымдық бөлімшелердесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
16) Мекеменің өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерін және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде ерекше көзге түскен басқа да азаматтарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсыныстар енгізеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
18) Мекеменің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
20) Мыналар бойынша шаралар қолданады:
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысқан құтқарушыларға медициналық қызмет көрсетуді, медициналық және психологиялық сауықтыруды жақсарту;
кәсіби шеберлігін шыңдауға, Мекеменің күштері мен құралдарын төтенше жағдайлар аумағына шығаруға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге үнемі дайын болу;
қызметкерлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындаужәне үйрету;
жеке оқу-машықтану базасын құру;
Қазақстан Республикасындағы және шет аймақтағы кәсіби, ерікті авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өзара іс-қимылдарын дамыту.
21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
25. Мекеме жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікке ие. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған және жергілікті бюджеттен белгіленген тәртіпте берілген Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26.Мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерін құрайды жатады, оның құны Мекеменің теңгерімінде көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
мемлекет берген және республикалық бюджет есебінен сатып алынғанмүлік;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбағанөзге декөздер есебінен құралады.
27. Мекеме оған бекітілген және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті оқшаулауға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
28 Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
29.Мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есеп береді.
30.Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте белгіленген орган жүзеге асырады.
6. Мекеменің жұмыс режимі
31.Мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаларына қайшы болмауы тиіс.
7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
32. Мекеме Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
33. Мекеме Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мекемені қайта құру және жою шарттары
34. Мекемені қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жабдықтандыру

р/н

Атауы

Ақмола облысының ТЖД ЖҚЖ

1

УАЗ, Газель негізіндегі сүңгуірлік құрылғы жинағымен автокөлігі (тиісті/бар)

1/3

2

УАЗ, Газель негізіндегі медициналық құрылғы жинағымен автокөлігі (тиісті/бар)

1/-

3

УАЗ, Газель негізіндегі радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автокөлігі (тиісті/бар)

1/1

4

УАЗ, Газель негізіндегі кинологиялық қызмет автокөлігі

(тиісті/бар)

1/1

5

УАЗ, Газель негізіндегі арнайы радиобайланыс автокөлігі

(тиісті/бар)

1/1

6

УАЗ, Газель негізіндегі жедел – құтқару автокөлігі

(тиісті/бар)

2/2

7

НИВА негізіндегі ілеспе автокөлігі (тиісті/бар)

2/3

8

КАМАЗ негізіндегі авариялық – құтқару автокөлігі (тиісті/бар)

2/1

9

КАМАЗ негізіндегі жедел – техникалық автокөлігі

(тиісті/бар)

1/-

10

КАМАЗ негізіндегі жедел – қосалқы автокөлігі (тиісті/бар)

1/1

11

Жүк көтергіштігі 18-25 т кран (тиісті/бар)

1/-

12

25 орындық автобус (тиісті/бар)

1/1

13

Қарда жүргіш арнайы автокөлік (Снегоход) (тиісті/бар)

2/1

14

Ауа толтырылған көпшіктегі кеме(тиісті/бар)

2/-

15

Жолсыз, батпақта жүруге арналған автокөлік (Вездеход-болотоход) (тиісті/бар)

2/-

16

Орта сыныпты шынжыр табанды транспортер (тиісті/бар)

3/-

17

Үлкен жүк көлігіне арналған автотіркеме (тиісті/бар)

2/5

18

Шағын автокөлікке арналған автотіркеме (тиісті/бар)

10/-

19

Ssang Yong Actyon Sports

1

БАРЛЫҒЫ:

36/19

Жауапкершілік аймағы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің № 218 31.07.2015 ж. төрағаның бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің жауаптылық аумағы Ақмола облысы аумағы болып табылады.

Байланыс

Ақмола обласы, Көкшетау қаласы
Телефон 8(7172) 25-83-50, 25-53-72
Электрондық пошта: oblspasvod2006 @mail.ru