Принтерге шығару

Азаматтық қорғаныс Республикалық оқу-әдістемелік орталығында наурыз айында оқыған тыңдаушылардың маңызды санаттарының бірі  - өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары (ӨС ж АҚЖ) қызметінің облыстық, қалалық Мемлекеттік мекемелері басшылары және төтенше жағдайлар жөніндегі Басқармалар мен төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің басшылары болып табылады. 

Аталған санаттағы тыңдаушылар өткізілетін сабақтардың сапасының маңызын және олардың кәсіби білімі мен дайындық деңгейлерін түсіне білді, сабақтардың тақырыптарының оқыған топтардың кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес өзгешеліктері бар.  Сабақ кіріспе тест сынағынан басталды. Тест сынақтарының нәтижесі кейбір бағыттар бойынша тыңдаушылардың жеткілікті дайындықсыз екенін көрсетті. Тест сынақтарының нәтижесін талдағаннан кейін  сабақ бағдарламасына, онда тыңдаушыларға қиындық тудырған тақырыптарды қосымша үйренуге бағытталған өзгертулер енгізілді. Семинарға  қатысушыларға тек қана  лекциялар оқылып қойған жоқ, сабақтарға қоса  слайд шоулар және  оқу фильмдері көрсетілді, сондай-ақ тәжірибелік сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарда тыңдаушылар, еліктеу, көз алдына елестету аймақтарында, радиациялық-химиялық зақымдану аймақтарында, жеке қорғаныс құралдарын және РХР аспаптарын пайдаланып тапсырмалар орындады, азимут бойынша жұмыс істеді, зақымдану көздерін іздестірді, алғашқы дәрігерлік көмек және психологиялық көмек көрсетті.
Семинар аяқталғаннан кейінгі сынақ нәтижелері, тыңдаушылардың білім деңгейінің айтарлықтай көтерілгенін және сабаққа кіріспе тест сынағының мәліметтерін ескеретін түзету енгізу, әдістемесінің дұрыс нәтиже беретінін көрсетті.
DSC04152__ DSC04303__

Оқытушы: А.И. Бондарев