Принтерге шығару

«Азаматтық қорғау туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында (әрі қарай - Орталық) бүкіл оқу процесі жаңа заң негізінде қайтадан құрылды. Бұл үшін орталықтың оқытушылары орасан зор оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізді. Жаңа оқу жоспарларын, сұрақтарын, слайдыларын жасау, тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған жұмыстар. Атап айтқанда, радиациялық-химиялық барлаудың заманауи аспаптары бойынша.
Барынша сапалы үйрету және жекелеген баптар мен бөлімдерді түсіндіру үшін, барлық оқытушылар уақытының басым бөлігін заңды түсіндіруге арнайды.  Өткізілген жедел-сұрақ сауалдары мен бақылау тест сынақтары көптеген тыңдаушылар жаңа заң туралы ақпаратты мүлде білмейтінін көрсетті. Жаңа заңнаманы үйрету бойынша, тыңдаушылардың өз бетімен жұмыс жасауы мақсатында Орталықта «Азаматтық қорғау туралы»Заң талаптарына сәйкес, әр түрлі түсіндірме және ақпараттық материалдарды, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттерін шығару және тарату жөнінде белсенді жұмыс жүріп жатыр.

dgo2 dgo3


АҚ РОӘО оқытушысы   Кулумбетова Х.А.