Принтерге шығару

Жарғы

 
ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ жарғысы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – қоғамдық бірлестік) ерікті мүліктік жарналардың негізінде құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Қоғамдық бірлестік бастамашы азаматтардың 2008 жылғы 16 тамыздағы құрылтайшы жиынының хаттамасы негізінде құрылған.
1.3. Қоғамдық бірлестік заңды тұлға құқықтарын оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап алады, өз атауы көрсетілген мөрі, дербес теңгерімі, банкте шоттары, фирмалық бланктері болады, шарауашылық дербестік негізінде әрекет етеді.
1.4. Қоғамдық бірлестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырады, оның мүшелерінің еріктілігі, тең құқылылығы, есептілігінің заңдылығы және өз қызметінің жариялылығы негізінде құрылған және әрекет етеді.
1.5. 1.5. Заңды тұлғаның толық атауы:
• қазақ тілінде - «Өрт сөндiрушiлер және құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бiрлестiгi;
• орыс тілінде - общественное объединение «Спортивная федерация пожарных и спасателей».
• Заңды тұлғаның қысқаша атауы:
• қазақ тілінде - «Өрт сөндiрушiлер және құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ;
• орыс тілінде - ОО «Спортивная федерация пожарных и спасателей».
1.7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай Батыр даңғылы, 4-үй.
1.8. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің әрекет ету орны - Қазақстан Республикасы.
2. МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
2.1. Қоғамдық бірлестік қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасындағы өрттік-құтқарушылық спорттың және құтқарушылық көпсайыстың дамуына ықпал ету;
• халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;
• өрттік-құтқарушылық спортты және құтқарушылық көпсайысты насихаттау және жариялау;
• шетелдердің ұлттық федерацияларымен, сонымен қатар, халықаралық федерациялармен және бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту;
• өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында оқыту (жаттықтыру) үрдісін ұйымдастыру;
• өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында халықаралық тәжірибені меңгеру.
2.2. Қоғамдық бірлестік қызметінің мәні келесілер болып табылады:
• барлық жастағы спортшыларды өрттік-құтқарушылық спортқа және құтқарушылық көпсайысқа дайындау;
• Қазақстан Республикасында өрттік-құтқарушылық спортын және құтқарушылық көпсайысты кеңінен насихаттау және жан-жақты дамыту;
• халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарды, сонымен қатар, өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс бойынша басқа іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
• қоғамдық бірлестіктің материалдық базасын құру және нығайту.
2.3. Қоғамдық бірлестік, оның жарғылық мақсаттарға қаншалықты сәйкес келуіне байланысты, соншалықты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстар бірлестіктің құрылтайшылары арасында таратыла алмайды және олар жарғылық мақсаттарға жіберіледі. Қоғамдық бірлестіктің өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына рұқсат етіледі.
2.4. Лицензия алу талап етілетін қызметтерді жүзеге асыруға тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған лицензиялар мен рұқсаттардың болуы барысында ғана рұқсат етіледі.
3. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕСІ.
3.1. Қоғамдық бірлестік Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған уәкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін өзінің басшылық органдары арқылы құқықтарды алады және өзіне міндеттерді қабылдайды.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте Қоғамдық бірлестіктің жарғылық міндеттерді жүзеге асыруы үшін құқығы бар:
• Қазақстан Республикасында да, сол сияқты, оның сыртында да мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасауға;
• соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық, оның ішінде, шетелдік ұйымдарда бірлестіктің және өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік етуге және қорғауға;
• өз қызметіне қажетті ғимараттарды, орынжайларды, сондай-ақ, жылжитын және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, меншігінен шығаруға, құрылысын салуға, жалға алуға және беруге, кепілге алуға және беруге;
• өз қызметін қамтамасыз ету үшін ерікті жарналарды және қайырымдылық жәрдемдерін, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған басқа түсімдерді тартуға;
• қоғамдық бірлестіктің мақсаттарына және қызметінің мәніне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілерді құруға, басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға;
• өз қызметі туралы ақпараттарды таратуға;
• халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
• бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жиындар өткізуге;
• баспа қызметін жүзеге асыруға;
• лекциялар, көрмелер, мейрамдар және басқа іс-шаралар өткізуге;
• орнатылған заңнамалық тәртіпте секциялар, мектептер және өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында басқа да оқыту-білім беру сипатындағы мекемелер құруға;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өз бейнелемесінің болуына;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыруға.
3.3. Қоғамдық бірлестік:
• Қазақстан Республикасының заңнамасын, сонымен қатар, Жарғымен қарастырылған нормалар мен ережелерді сақтауы;
• өз мүшелерін олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуі;
• өз мүшелеріне ақша қаражаттарының түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруі;
• тіркеуші органға үнемі әрекет ететін басшы органның орналасқан жерінің және басшылар туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бірыңғай мемлекеттік регистрге енгізілетін мәліметтер көлемін мәлімдеуі қажет.
3.4. Қоғамдық бірлестік мемлекеттік органдармен ынтымақтаса және өзара әрекеттесе алады, олармен келісімдер жасай алады. Қоғамдық бірлестіктің істеріне мемлекеттің, мемлекеттің істеріне қоғамдық бірлестіктің заңсыз кірісуіне рұқсат етілмейді.
4. БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ.
4.1. Қоғамдық бірлестіктің органдары мыналар болып табылады:
Жоғарғы орган – Құрылтайшы жиын;
Өкілдік орган – Президент;
Атқарушы орган – Атқарушы комитеттің директоры;
Бақылаушы орган – 3 адам құрамындағы ревизиялық комиссия.
4.2. Құрылтайшы жиынның айрықша құзыретіне мыналар кіреді:
• қоғамдық бірлестіктің басқару органдарының уәкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату, олардың уәкілеттік мерзімдерін белгілеу, олардың қызметтері туралы есептерді тыңдау;
• бірлестіктің Жарғысын бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• атқарушы органның қаржылық есептілігін тапсыру тәртібі мен кезеңділігін, сонымен қатар, бақылаушы органның тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін белгілеу;
• атқарушы орган қызметіндегі жарғылық мақсаттардың орындалу тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
• қоғамдық бірлестіктің мүшелерін қабылдау және шығару;
• бірлестіктің қаржылық есептілігін бекіту;
• бірлестіктің ерікті таратылуы және жойылуы туралы шешім қабылдау, жою комиссиясының төрағасын және мүшелерін сайлау, әрі жою теңгерімін бекіту;
• Құрылтайшылар құрамын өзгерту;
• бірлестіктің Президентін және Атқарушы комитетінің директорын сайлау;
• қоғамдық бірлестіктің бейнелемесін бекіту;
• орнатылған заңнамалық актілер шеңберінде басқа заңды тұлғалардың құрылуына, сондай-ақ, өз филиалдары мен өкілдіктерінің құрылуына және қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау.
• заңнамамен орнатылған басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
4.3. Құрылтайшы жиында құрылтайшылардың 2/3 дауысынан кем емес білікті көпшілігімен (қарапайым көпшілігімен) шешімдер қабылданған болып саналады.
4.4. Президент 5 жыл мерзімге сайланады.
4.5. Президенттікке сайланушы тұлғаның тек қана бірлестіктің құрылтайшысы болуы міндетті емес.
4.6. Президент мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сенімхатсыз Қоғамдық бірлестіктің мүдделерін қорғайды, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спортын насихаттайды.
4.7. Президент қатысушы елдерді өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты бойынша халықаралық жарыстарға шақырады.
4.8. Атқарушы комитеттің директоры бес жыл мерзімге сайланады.
4.9. Атқарушы комитеттің директоры қоғамдық бірлестіктің келесі қызметтерін орындайды:
• Қоғамдық бірлестіктің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, қоғамдық бірлестікті құру мақсаттарына қол жеткізуге байланысты барлық өндірістік және техникалық мәселелерді шешеді; тікелей Құрылтайшы жиынға бағынады, заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық бірлестікке жүктелген міндеттерді орындау және оның өз мақсаттарын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік артады;
• барлық мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сенімхатсыз Қоғамдық бірлестіктің мүдделерін қорғайды, қоғамдық бірлестіктен өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
• Қоғамдық бірлестіктің Құрылтайшы жиынының алдында істелген жұмыс туралы есеп береді;
• Қоғамдық бірлестіктің жұмыс жоспарларының жобаларын, бағдарламаларды, сметаларды әзірлейді және бекітеді;
• шарттар жасайды, банктерде шоттар ашады;
• Қоғамдық бірлестіктің бухгалтериясын, кассасын ұйымдастыруды жүзеге асырады, есептер, теңгерімдер жасайды, олармен Құрылтайшы жиынының танысуын қамтамасыз етеді;
• Қоғамдық бірлестікті қаржыландыру көздерін іздеуді жүзеге асырады, сөйлесулер жүргізеді әрі қаржылық және техникалық жәрдем көрсетуге келісімшарттар жасайды;
• қызметкерлерге қатысты – штаттық кестені, қызметкерлерді қызметке тағайындау, оларды ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды бекітеді, еңбек төлемінің жүйесін белгілейді, лауазымдық еңбекақылардың көлемдерін және дербес үстеме ақыларды орнатады, тәртіптік жазалар қолданады, ынталандыру шараларын қабылдайды, еңбек шарттарын жасайды, бірлестік қызметкерлерінің ішкі жұмыс регламентін әзірлейді;
• Қоғамдық бірлестік мүшелерінің жарналарын қабылдайды;
• Қоғамдық бірлестіктің қаржылық және басқа құжаттарына қол қояды;
• Қоғамдық бірлестіктің өндірістік-шаруашылық қызметі үшін жауапкершілік артады;
• Қоғамдық бірлестіктің бейнелемесін әзірлейді;
• Қоғамдық бірлестік қызметінің басқа мәселелерін, сонымен қатар, шешімі Құрылтайшы жиынның айрықша құзыреттілігіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, оған Құрылтайшылық жиынның шешімімен берілген мәселелерді шешеді.
4.10. Атқарушы комитеттің директоры, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктің Жарғысын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұза отырып, қабылдаған шешімінің салдарынан келтірілген оның шығындары үшін жауапкершілікке тартыла алады.
4.11. Қоғамдық бірлестік қаржылық-шаруашылық қызметке жылына кем дегенде бір рет тексерістер жүргізеді. Тексерістер ревизиялық комиссиямен жүзеге асырылады.
4.12. Құрылтайшы жиыны Ревизиялық комиссияны қоғамдық бірлестік құрылтайшыларының немесе олардың өкілдерінің ішінен, бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды. Ревизиялық комиссия Құрылтайшы жиынның алдында есеп береді әрі Атқарушы комитеттің директоры және бірлестіктің бухгалтері бола алмайды.
4.13. Ревизиялық комиссияның Қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы кез-келген қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
4.14. Ревизиялық комиссия, егер Қоғамдық бірлестіктің маңызды мүдделеріне қауіп төнген болса, кезектен тыс Құрылтайшы жиынын шақыруды талап етуге міндетті.
5. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕГІ МҮШЕЛІК.
5.1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық бірлестіктің мүшелері (қатысушылары) Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне қабылдау жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асылады.
5.2. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің қабылдануы және одан шығарылуы Құрылтайшы жиында шешіледі.
5.3. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің келесілерге құқықтары бар:
• Қоғамдық бірлестікке ерікті түрде кіруге және одан орнатылған тәртіпте шығуға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысуға;
• Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарына сайлауға және сайлануға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметін жақсарту, оның органдарының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
• Қоғамдық бірлестіктің атқарушы, бақылау және басқа органдарының олардың мүдделерін қозғайтын шешімдеріне сот тәртібінде шағымдануға.
5.4. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері:
• осы Жарғыны және Қоғамдық бірлестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
• Құрылтайшы жиынның, Атқарушы комитет директорының және Қоғамдық бірлестіктің басқа органдарының шешімдерін орындауға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысуға, оның мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал жасауға;
• Қоғамдық бірлестік мүшелерінің реестрінде тұрған өз мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уақытында Қоғамдық бірлестікке хабарлауға;
• мүшелік жарналарды уақытында төлеуге;
• жыл сайын Қоғамдық бірлестіктің атқарушы органына өзінің спорттық қызметі туралы мәліметтерді тапсыруға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне зиян келтіруі мүмкін барлық әрекеттерден (әрекетсіздіктерден), сонымен қатар, Қоғамдық бірлестікке материалдық шығын келтіретін әрекеттерден аулақ болуға міндетті.
5.5. Қоғамдық бірлестіктің мүшесі (қатысушысы) қоғамдық бірлестіктен Құрылтайшы жиынының шешімі бойынша шығарыла алады:
• Қоғамдық бірлестіктің Жарғысын бұзғаны үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүргізгені үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің беделін түсіргені үшін, оның абыройына зиян келтіретін, материалдық шығын әкелетін әрекеттер жасағаны үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатыспағаны үшін;
• мүшелік жарналарды төлемегені үшін.
5.6. Қоғамдық бірлестіктен оның мүшесінің (қатысушысының) шығуы немесе шығарылуы жағдайында төленген кіру, мүшелік және мақсаттық жарналар қайтарылмайды, Қоғамдық бірлестікке берілген мүлікке қатысты наразылықтар қабылданбайды.
5.7. Бірлестіктің істері бойынша барлық даулар Құрылтайшы жиынмен немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
6. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МҮЛІГІ.
6.1. Қоғамдық бірлестіктің ақшалай және басқа нысандардағы мүлігін заңнамалық актілерге сәйкес қалыптастыру көздері келесілер болып табылады:
• құрылтайшылардан түскен қаражаттар;
• ерікті мүліктік жарналар және қайырымдылық жәрдемдері;
• кіру жарналары және мүшелік жарналар;
• өндірістік және басқа шаруашылық қызметтен түскен табыстар;
• заңнамамен орнатылған жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен ақшалар (табыстар);
• көріністік, мәдени-ағартушылық, спорттық, қайырымдылық және басқа іс-шараларды жүргізуден түскен қаражаттар;
• демеушілік, ерікті инвестиция және қайырымдылық жәрдем түрінде қоғамдық бірлестікке жеке және заңды тұлғалардың салымдар салуы;
• заңнамамен тыйым салынбаған басқа түсімдер.
6.2. Қоғамдық бірлестік негізгі және айналымдық қаражаттарды, сонымен қатар, құны бірлестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін құндылықтарын құрайтын жекеленген мүлікке иелік етеді.
6.3. Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің (қатысушыларының) олардың осы бірлестікке берген мүлігіне, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын Қоғамдық бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қоғамдық бірлестік өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
6.4. Қоғамдық бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.
6.5. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстары Қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында таратыла алмайды және олар жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуы тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына рұқсат етіледі.
6.6. Қоғамдық бірлестік өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілерге сәйкес өтелуі талап етіле алатын, тек өз мүлігі шегінде ғана жауапкершілік артады.
6.7. Орнатылған заңнамалық тәртіпке сәйкес құрылған Қоғамдық бірлестіктің ұлттық, сол сияқты, шетелдік валютадағы табысы материалдық шығындарды жабуға, салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеуге, қоғамдық бірлестік қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеуге жұмсалады. Таза табыс қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындауға жіберіледі.
6.8. Қоғамдық бірлестікте резервтік капитал, дамыту, материалдық ынталандыру, әлеуметтік дамыту қоры және басқа қорлар құрылады.
6.9. Қоғамдық бірлестіктің болуы мүмкін шығындары резервтік капитал есебінен жабылады.
6.10. Қоғамдық бірлестік қаражаттарының көлемдерін, көздерін, құру және жұмсау тәртібін бірлестіктің атқарушы органы белгілейді.
6.11. Мүшелік жарналар кіріс, жылдық және мақсатты болып бөлінеді.
6.12. Кіріс және жылдық мүшелік жарналардың көлемдері, төлеу тәртібі мен мерзімдері жылына бір рет Құрылтайшы жиынмен, мақсатты мүшелік жарналар Атқарушы комитеттің директорының шешімімен белгіленеді. Мақсатты мүшелік жарналарды төлеуді қоғамдық бірлестіктің мүшелері ерікті түрде жүргізеді.
6.13. Қоғамдық бірлестіктің мүшесі алдын ала кез-келген мерзімге мүшелік жарналарды төлей алады.
 

Басшылар туралы мәлімет

 
Danaev Данаев Дәурен Төлегенұлы
Лауазым: «Өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы комитетінің директоры
Туу датасы: 18.08.1962ж.
Туған жері: ҚазССР; Алматы облысы; Талғар ауданы; Кзыл-Ту ауданы
Білім, мамандық (біліктілік):
СССР Ішкі істер министрлігінің Алматылық өрт сөндіру-техникалақ училищесі (1986);
Қазақ ұлттық техникалық университеті (2006);
Өрт сөндіру технигі, инженер-механик
Еңбек өтілімі:
Алматылық калалық атқарушы комитетінің Ішкі істер басқармасының МӘӨСБ-1 өрт сөндірушісі;
Қаскелен АІІБ МӨҚБ қабылдау реттеуші инспекторы, инженері, аға инженері, бастығы (1986-1993);
Алматы облысының Ішкі істер басқармасының ӨКБ, МӨҚБ бөлімінің бастығының орынбасары, бөлімшенің бастығы, бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары (1993-1997);
Алматы облысының МӨҚ бастығының орынбасары (1997-1999);
Қазақстан Республикасының ТЖА Өрт қауіпсіздігі және АҚ арнайы ғылыми-зерттеу орталығының бастығы (1999-2001);
Алматы облысының МӨҚБ бастығы (2001-2005);
Қазақстан Республикасының ТЖА Алматы облысының ТЖ саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы (2005);
Алматы облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі басқармасының бастығы (2005-2008);
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (09.2008 бастап);
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасының орынбасары (07.2011-12.2014)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сияқылар, құрмет атақтар:
II дәрежелі «Айбын» одені;
Медалдар: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10-жыл»», «Астана қаласына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», Ресей Федерациясының «Святого Владимира» ІІІ дәрежелі, «Отличник пожарной охраны» төс белгісі, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының ардагері», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгісі.
 

Тарихы

 
Қазақстан Республикасында өрт-құтқару спортын дамыту тарихы
 
Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби жұмысының негізгі түрлерінің бірі өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сөндіру құралдарын барынша тез өрістету, адамдарды құтқару, мүлікті эвакуациялау, биіктікте, түтіннің ішінде және жоғары температура кезіндегі жұмыс, қиын жағдайларда әртүрлі кедергілерден өту жеке құрамнан өзінің міндетін саналы түрде түсінуден басқа мықты денсаулықты, күшті, шыдамдылықты, батылдықты, шапшаң қимылды талап етеді. Өрт сөндіріші спортшылар осы қасиеттерге ие.
Өрт-құтқару спорты оқу-жаттықтыру сабақтары процессінде ағзаны, кәсіби білімді, шеберлік пен дағдыларды жан-жақты және үйлесімді дамыта отырып, денсаулықты нығайтумен қатар жігерді қатаяды, өрт сөндіруші-құтқарушы кәсібіне қызығушылық пайда болады, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Осылайша, өрт-құтқару спорты өртке қарсы қызметтің жеке құрамын ұйымның мамандандырылған нысаны, дене және жауынгерлік дайындығын жүргізу болып табылады.
Қазақстанның өрт-құтқару спорты жиырмасыншы ғасырдың 50 жылдары басында Кеңес одағы уақытынан бастау алады. ҚазССР-дың алғашқы чемпионаттары 1959 жылы өтті. ҚазССР құрамасы одақ чемпионатының бірнеше дүркін қатысушылары және жүлдегерлері атанды.
Қазақстан Республикасында өрт-құтқару спорты біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алған күннен бастап дамып келеді. Осы кезең аралығында ерлер арасында 24 жазғы және 25 қысқы чемпионат, әйелдер арасында 3 жазғы, 3 қысқы чемпионат, жасөспірімдер арасында 6 жазғы және 2 қысқы чемпионат өткізілді, оларға 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтынан, «Өрт сөндіруші» АҚ және Тараз мамандандырылған колледжден командалар қатысады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аумағында өрт-құтқару спорты бойынша 19 ерлер, 12 әйелдер және 13 жасөспірімдер секциялары бар. Өрт-құтқару спорты бойынша жаттықтырушылар құрамында 24 адам бар, олар ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командаларын жаттықтырады.
Қазақстан Республикасында қысқы уақытта өрт-құтқару спортымен жаттығу үшін Астана, Өскемен қалаларында екі жабық спорт кешені, сондай-ақ ашық спорт алаңында қалалар, аудандар мен облыстардағы өрт сөндіру деполарының аумақтарында орналасқан кедергілері бар жүз метрлік жолақ және спорттық техникалық жабдықтармен жабдықталған 106 оқу мұнарасы орнатылды.
Осы кезең аралығында өрт-құтқару спорты бойынша жарыстардың нәтижесі бойынша спорт шеберінің 169 кандидаты,262 спортшы, соның ішінде:
 Халықаралық сыныптағы спорт шеберлері – 17 спортшы;
 Спорт шеберлері - 60 спортшы;
 Спорт шеберіне кандидаттары – 92 спортшы;
 1 разрядта – 113 спортшы;
 2 разрядта – 69 спортшы;
 3 разрядта – 80 спортшы дайындықтан өтті.
2001 жылы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы құрылғаннан бастап қолданбалы спорт Еуропа мен Азияның Беларусь, Болгария Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Қазақстан Республикасы , Корей Республикасы, Иран, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Словак Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина, Чех Республикасы, Хорватия, Эстония сияқты дамыған 20 елінен спорттық командаларды тарта отырып халықаралық деңгейдегі мәртебеге ие болды, онда қазақстан құрамасы жалпыкомандалық және жеке есептерде де жоғары нәтиже көрсетті.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясына кіреді, 2004 жылғы 25 қыркүйекте № 8 сертификаты берілді, 2001 жылдан бастап Халықаралық турнирларда, Еуропа және Әлем чемпионаттарында өнер көрсетеді.
2008 жылы «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ құрылғаннан бастап ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасында өрт-құтқару спортында маңызды процесс болды.
2010 жылдан бастап өрт-құтқару спорты бойынша құрама командасы Қазақстан Республикасы спорт резервінің штаттық ұлттық командасының дирекциясына кіреді. Осылайша, ҚР ІІМ ТЖК құрамасы Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша құрама командасы мәртбесіне ие. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 71 бұйрығымен өрт-құтқару спорты Қазақстан Республикасы спорт түрлерінің реестріне енгізілді.
2012 жылы өрттен құтқару спорты бойынша ҚР төрешілерінің жиын-семинары өтті, оның қорытындысы бойынша 107 қызмеркерге «Спорт төрешісі» атағы берілді және 2014 жылы Астана қаласында өрттен құтқару спорты бойынша төрешілермен Халықаралық жиын-семинар өтті, оның қорытындысы бойынша өртке қарсы қызметтің 47 қызметкеріне өрттен құтқару спорты бойынша ұлттық және халықаралық сайыстарға төрешілік етуге қатысу үшін халықаралық сертификаттар табысталды.
Әлем Чемпионатына төрелік ету қорытындысы бойынша Спорт федерациясының бес өкілінде өрттен құтқару спорты бойынша «Халықаралық санаттағы төреші» атағы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Федерацияның сегіз облыстық филиалы облыстық және қалалық мәдениет және спорт басқармаларында аккредитациядан өтті. ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде аккредиттеу туралы 2016 жылғы 10 наурызда №0033 куәлігін алды.
Федерация халықаралық турнирлерге ұлттық құраманы дайындау мақсатында жыл сайын ӨҚС бойынша ұлттық жасөспірімдер, жастар, әйелдер және ерлер құрама командалары мүшелерімен сегіз оқу-жаттығу жиынын (бұдан әрі - ОЖЖ) ұйымдастырады, онда жаттығу процесінен басқа, кейін амбулаторлық ем қабылдаумен, профилактикалық медициналық тексеру және психологиялық әңгімелесу жүргізіледі.
Қазақстанның Ұлттық құрамалары XII Әлем Чемпионатында және XVI Халықаралық жарыстарға қатысып, жалпы командалық және жеке есепте де жүлдегер атанды.
2011 жылы VII Әлем Чемпионатында өрттен құтқару бойынша Котбус қаласында (Германия) жалпы командалық жүлделі үшінші орын алдық.
2014 жылы Х Әлем Чемпионатында Алматы қаласында өрттен құтқару спорты бойынша ҚР ерлер ұлттық құрамасы жауынгерлік өрістету бойынша әлем чеспионы атанды. ҚР әйелдер ұлттық құрамасы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атағын иеленді.
2015 жылы 18-20 мамырда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Кешенді қауіпсіздік-2017» Халықаралық салоны шеңберінде ерлер және әйелдер құрама командалары өрттен құтқару спорты бойынша жарыстарға және «Дружба» кубогына, «Золотая штурмовка» жүлдесіне де қатысты. Нәтижесінде ұлттық ерлер және әйелдер құрамасы жалпы командалық үшінші орынды иеленді және осы жарыстардың қола жүлдегерлері атанды.
2015 жылы өрттен құтқару спорты бойынша ХІ Әлем Чемпионатында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) ҚР ерлер ұлттық құрамасы жауынгерлік өрістету бойынша екі дүркін Әлем чемпионы атанды, ҚР әйелдер ұлттық құрамасы жауынгерлік өрістету бойынша қола жүлдегері болды.
2016 жылы VII Әлем Чемпионатында Қазақстан Республикасының құрамасы өрттен құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының бір күміс пен үш қола медалын иеленді. Бұл халықаралық чемпионаттағы жасөспірімдер арасында спорт тарихында болған ең үздік нәтиже. Осындай нәтижеге қол жеткізу оңай болмады, алайда табандылық пен үнемі жаттығудың, режимді сақтаудың арқасында әлемдік аренада Қазақстан Республикасын тиісті деңгейде көрсету және жалпы командалық 4-орынды алу мүмкін болды. XII Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ерлер арасында Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрамасы жалпы командалық 6-орынды иеленді.
Жалпы Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының әлем чемпионатындағы деңгейі өрттен құтқару спортын дамыту ісінде Қазақстан беделінің айтарлықтай өскендігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Алматы облыстары мен Астана қаласы ТЖД, сондай-ақ «Өрт сөндіруші» Ақ ұжымдары Қазақстан Республикасында өрттен құтқару спортын дамытуға және дәріптеуге, ұлттық құрама командаларды жинақтауға үлкен үлес қосуда.
Өрттен құтқару (қолданбалы) спорты – бұл ойлап шығарылмаған, күштеп енгізілмеген жарыстың түрі, ол біздің өмірімізден, адамдарды күн сайын өрттен құтқаратын кәсіби мамандардың өмірінен туындаған. Бұл спорт түрі өрттен құтқару ісіндегі білім мен дағдыларды жетілдіруге, командада тез әрі үйлесімді жұмыс істей білуге көмектеседі, себебі жарыста да, өмірде де әрбір секунд маңызды. Спорттың бұл түрі ширақ, мәні зор. Бұл қызық ойын ғана емес, адамдардың өмірін құтқару жолындағы спорт түрі. Ол біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де танымалдылыққа ие болып келеді, бұл өрт-қолданбалы спорттың беделі мен қажеттілігін көрсетеді.
ҚР ІІМ ТЖК
«Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ
 

Чемпионаттар және жетістіктер

Әлемнің, Европа және Азия халықаралық жарыстарда және чемпионаттарда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер ұлттық құрама командаларының
ТАЛДАУЫ
р/б

 

Жарыстардың мәртебесі,

қайда өткені 

 

Шабуыл сатысы бойынша көтерілу

 баспалдақ

(уақыт, иелінген орын)

100 метрлік жолақты бағындыру 

(уақыт,  иелінген орын)

4х100 метрде өрт сөндіру эстафетасы

(уақыт,  иелінген орын)

Әскери өрістету

(уақыт,  иелінген орын)

Жалпы командалық орын
1. І Әлем чемпионаты (Ресей Москва тамыз 2002 жыл) - - - - 11 орын
2. I Европа Чемпионаты (Ресей Санкт-Петербург тамыз 2003 жыл) 95,83 сек. 114,41 сек. 60,61 сек. 54,75 сек. 6 орын
3. II  Әлем Чемпионаты (Беларусь  Республикасы Минск тамыз 2004 жыл) 94,01 сек. 105,46 сек. 60,93 сек. 44,81 сек. 7 орын
4. III Әлем Чемпионаты (Тегеран Иран қазан 2006 жыл) 89,04 сек. 104,10 сек. 59,84 сек 44,81 сек. 6 орын
5.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

( Украина Одесса мамыр 2007 жыл)

92,23 сек. 104,38 сек. - - -
6. II  Европа Чемпионаты (Чехия Острава тамыз 2007 жыл) - - - - 11 орын
7.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

 ( Украина Луганск мамыр 2008 жыл)

92,21 сек. 111,01 сек. - - -
8. IV  Әлем Чемпионаты (Болгария София тамыз 2008  жыл) 91,14 сек. 104,95 сек.

61,21  сек.

11 место

34,00 сек. 8 орын
9. V  Әлем Чемпионаты (Ресей Уфа тамыз 2009 жыл)

90,90 сек.

5  орын

104,25 сек.

6  орын

60,30 сек.

5  орын

40,42 сек.

11  орын

7 орын
10. Халықаралық турнир (Ресей Омск ақпан 2010 жыл)

90,57 сек.

7 место

102, 26 сек.

5 место

- - 7 орын
11.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

( Украина Чернигов мамыр 2010 жыл) 

87,62 сек.

(ҚР рекорды)

9  орын

103,64 сек.

11  орын

59,60 сек.

( ҚР рекорды )

12  орын

32,66 сек.

(ҚР рекорды)

5  орын

10 орын
12. VI Әлем Чемпионаты (Украина Донецк тамыз 2010 жыл)

87,80 сек.

5  орын

 

101,05 сек.

5  орын

57,95 сек.

( ҚР рекорды )

5  орын

33,66 сек.

6  орын

5 орын
13. Халықаралық турнир  (Ресей Омск ақпан 2011 жыл)

88,86 сек.

7  орын

99, 97 сек.

(ҚР рекорды)

3  орын

- - 3  орын
14.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

( Украина Вишневый мамыр 2011 жыл)

87,71 сек.

 

 

103,24 сек.

67,02 сек.

12  орын

31,09 сек.

(ҚР рекорды)

2  орын

7  орын
15. VII Әлем Чемпионаты (Германия Коттбус тамыз-қыркүйек 2011 жыл)

87,55 сек.

(ҚР рекорды)

5  орын

99,00 сек.

(ҚР рекорды)

5  орын

57,83 сек.

(ҚР рекорды)

3  орын

28,11 сек.

(ҚР рекорды)

7  орын

 

3  орын
16.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

( Украина Одесса мамыр 2012 жыл)

88,89 сек.

13  орын

100,75 сек.

14  орын

 

58,91 сек.

9  орын

35,62 сек.

6  орын

9  орын
17.

Польшаның Ашық чемпионаты (Польша Ченстохов  

шілде 2012 жыл)

88,73 сек.

4  орын

101,32 сек.

5  орын

61,02 сек.

6  орын

30,95

3  орын

 

5  орын
18. VIII Әлем Чемпионаты (Туркия Анталия қазан 2012 жыл)

89,17 сек.

4  орын

104,01 сек.

9  орын

59,05 сек.

8  орын

33,75 сек.

11  орын

8  орын
19.

Чернобыльдың батыр өрт сөндірушілерді еске алу  Халықаралық жарыстары 

(Украина Ивано-Франковск мамыр 2013 жыл) 

89,33 сек.

11  орын

100,57 сек.

9  орын

68,77 сек.

17  орын

35,28 сек.

6  орын

13  орын
20

IХ Әлем Чемпионаты

Оңтүстік Корея  Чинджу қ.

қазан 2013 жыл

95,83 сек. 100,51 сек. 60,22 сек. 30,61  сек. 5 орын
21

Достық кубогына ӨСҚС бойынша халықаралық жарыстар

4 қабат ерлер құрамасы

2 қабат әйелдер құрамасы

РФ Мәскеу қ. мамыр 2014 жыл

 

 

44,77 сек.

26,13 сек.

     

 

 

3 орын

3 орын

22 Х  Әлем Чемпионаты ҚР Алматы қ. қыркүйек  2014 жыл
  Ерлер құрамасы 86,12 сек. 5 орын 98,47 сек. 5 орын 57,70 сек. 7 орын 29,73 сек. 1 орын 5 орын
  Әйелдер құрамасы 50,83 2 орын 112,4 сек 2 орын о 65,52 2 орын 32,54 3 орын 2 орын
23 ХI Әлем Чемпионаты РФ Санкт-Петербург қ.  қыркүйек 2015 жыл
  Ерлер құрамасы 86,09 сек. 4 орын 101,5 сек. 4 орын 63,06 сек. 10 орын 26,75 сек. 1 орын 4 орын
  Әйелдер құрамасы 47,98 сек. 4 орын 107,5 сек. 4 орын 64,61 сек. 4 орын 29,06 3 орын 4 орын
  «Достық» кубогы және «Алтын Штурмовка» жүлдесі РФ Москва қ. мамыр 2016 жыл
  Ерлер құрамасы 3 орын       3 орын
  Әйелдер құрамасы 3 орын       3 орын
25 ХII Әлем Чемпионаты Чехия Республикасы  Острава қ. тамыз 2016 жыл
  Ерлер құрамасы 85,26 сек 4 орын 97,47 сек 5 орын 60,06 сек. 6 орын 27,93 сек. 8 орын 6 орын
26 ӨСҚС 80 жылдығына арналған ӨСҚС Беларусь федерациясының кубогына Халықаралық турнир Минск 2017 жыл екі қоссайыс бойынша
  Ерлер құрамасы 3 орын 2 орын * * 2 орын
  Әйелдер құрамасы 3 орын 3 орын * * 3 орын
27 «Достық» кубогы және «Алтын Штурмовка» жүлдесі РФ Москва маусым 2017 жыл
  Ерлер құрамасы 86,90 сек 3 орын 113,21 сек 3 орын 61,35 сек 3 орын 29,85 сек 2- орын 3 орын
  Әйелдер құрамасы 46,95 сек 3 орын 107,98 сек 3 орын 66,89 сек, 3 орын 32,40 сек 3 орын 3 орын
28 XIII ерлер арасында Әлем чемпионаты және IV әйелдер арасында Әлем чемпионаты өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша  Туркия Республикасы Измир қ.  
  Ерлер құрамасы 87,82 5 орын 110,26 5 орын

56,54 5 орын

(ҚР рекорды

43,23 11 орын 7 орын
  Әйелдер құрамасы 47,70 3 орын 107,81 4 орын 63,31 3 орын 29,07 2 орын 3 орын

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ кубогы
ҚР ІІМ ТЖК жас өрт сөндірушілер слеты
2000-2017 жылдар ішінде «Өрт сөндірушілер және құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ
өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының өткізілген чемпионаттардың
ГРАФИГІ
 
р/б Жарыстар рангі 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж.
1.

 

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қыс чемпионаты 

 

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

ШҚО,

Өскемен қ.

 

2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж.

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Павлодар облысы,  Павлодар қ.

 

Астана қ.
2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж.

ШҚО,

Өскемен қ.

 

 Астана қ.

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Астана қ.

ШҚО,

Өскемен қ.

 

Астана қ.
    2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж.
2.

Еркектер және әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты 

 

 

Атырау облысы,

Атырау қ.  

Қарағанды облысы, Қарағанды қ.

ОҚО,

Шымкент қ.  

Қызылорда облысы,

Қызылорда қ.

Алматы облысы,

Талдықорған қ.

Ақмола облысы,

Көкшетау қ.  

2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж.

Қостанай облысы,

Қостанай қ.  

СҚО,

Петропавловск қ.

БҚО,

Орал қ.

 

Астана қ.

Жамбыл облысы,

 Тараз қ.

---
2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж.
--- Алматы қ.

Алматы облысы,

Талдықорған қ.

БҚО,

Орал қ.

 

Қарағанды облысы, Қарағанды қ. Маңғыстау облысы,  Ақтау қ.
    2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж.
3.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жас өспірімдер чемпионаты 

 

БҚО,

Орал қ.

 

 Астана қ.

ОҚО,

Шымкент қ.  

СҚО,

Петропавловск қ.

Жамбыл облысы,

 Тараз қ.

Ақмола облысы,

Көкшетау қ.  

2017 ж. 2018 ж 2019 ж. 2020 ж. 2021 ж. 2022 ж.

Қызылорда облысы,

Қызылорда қ.

         
           
4. ӨСЖәнеҚСФ ҚБ кубогы 2017 ж.          

ОҚО,

Шымкент қ.  

         
5 Жас құтқарушылар слеты   2017 ж.          

Қызылорда облысы,

Қызылорда қ.

         
 
 
 

Құрама командалар

2018 жылғы арналған Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының
ТІЗІМІ 
Негізгі құрамы (еркектер)
1 Дуйсеков Мирас  Сагитович 02.02.1988ж.

СШК

 

арнайы

орта 

ӘМ чемпионы ӘМ чемпионы Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Орынбаев С.Т.

 

2 Агафонов Дмитрий Владимирович 12.12.1987ж.

ҚКСШ

 

жоғары ӘМ чемпионы ӘМ чемпионы Орал қ. БҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
3 Шарипханов Ержан Адильгазыұлы 25.06.1994ж.

СШК

 

орта

ҚРЧ қатысушы

 

ӘЧ жүлдегері  Семей қ. ШҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
4 Казакбаев Вахиджан Рахимжанович 23.09.1993ж.

ҚКСШ

 

жоғары ӘМ чемпионы ӘМ чемпионы  Шымкент қ. ОҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

 

Бурекешев Е.С.

5 Ильясов Асылзат Бисембаевич 22.05.1990ж.

ҚКСШ

 

арнайы

орта 

ӘМ чемпионы ӘМ чемпионы Астана қ. Маңғыстау облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
6 Буторин Николай Александрович 05.07.1995ж.

СШК

 

орта ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С..
7 Пузиков Даниил Васильевич 21.09.1998ж. СШ студент ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері  Тараз қ. Тараз мамандандырылған колледж Орынбаев С.Т.
8 Саликов Марат Талгатович 12.01.1994ж.

СШК

 

арнайы

орта 

ҚРЧ қатысушы

 

ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
9 Магау Нуралы Бекенұлы 22.03.1993ж.

СШК

 

орта ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
10 Кайсарбеков Жасулан Намазбаевич 02.05.1984ж.

ҚКСШ

 

жоғары ӘЧ жүлдегері ӘЧ жүлдегері  Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
11 Снегирев Дмитрий Валерьевич 08.05.1998ж. СШ орта ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Өскемен қ. ШҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
12 Демесинов Ерасыл Толеубекович 18.01.1992г.

СШК

 

жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Талдықорған қ. Алматы облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
13 Елемесов Алмас Болатович 08.12.1994ж.

СШК

 

орта ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Талдықорған қ. Алматы облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
14 Олжабаев Темирлан Муваракович 02.01.1994ж.

СШК

 

арнайы

орта 

ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
15 Духанбаев Ислам 27.06.1992ж.

СШК

 

орта ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Алматы қ. Алматы қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
16 Сатыбалдиев Махамбет Есетович 21.09.1987г.

ҚКСШ

 

жоғары ӘМ чемпионы ӘЧ чемпионы Ақтөбе қ. Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
17 Абзалов Ералы  Рисанұлы 20.12.1995ж. МС орта ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Өскемен қ. ШҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
18 Көкенов Мұрагер Қайратұлы 19.06.1995ж.

СШК

 

арнайы

орта 

ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері  Семей қ. ШҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
19 Черносвитов Максим Николаевич 08.11.1997ж.

СШК

 

арнайы

орта 

ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Өскемен қ. ШҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
20 Досмұратов Азамат Еркінұлы 05.06.1996ж.

СШК

 

жоғары ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
21 Омаров Дунай Нурланович 16.08.1994ж.

СШК

 

орта ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астана қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
22 Бекетов Азамат Раштдұлы 15.06.1996ж.

СШК

 

орта ҚР чемпионы ӘЧ жүлдегері Орал қ. Орал қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
23 Чакенов Айдын Муратбекұлы 10.051994ж.

ҚКСШ

 

жоғары ӘМ чемпионы ӘЧ чемпионы  Степногорск қ. Ақолма облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
24 Макеев Василий Викторович 21.03.1989ж.

ҚКСШ

 

жоғары ӘМ чемпионы ӘЧ чемпионы Павлодар қ. Павлодар қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
25 Сулейменов Бахыт Исатаевич 17.08.1983ж. СШ жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Талдықорған қ. Талдықорған қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
26 Картель Сергей Александрович 28.04.1988ж. СШ жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Орал қ. Орал қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Бурекешев Е.С.
27 Фатихов Александр Ринатович 17.03.1993ж. СШ жоғары ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері  Ақтау қ. Маңғыстау облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Орынбаев С.Т.
 
2018 жылына өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының
жас өспірімдер құрама командасының кандидатураларының
ТІЗІМІ

Аты жөні

 

Туған жылы Спорттық атағы Білімі Ең үздік нәтижесі Жоспарланған нәтижесі Тұрғылықты жері Жұмыс орны

Тренердің

аты жөні

1 Снегирев Глеб 2003ж. - оқушы ҚР чемпионы ӘЧ чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

2 Ершов Илья 2003ж. - оқушы ҚР чемпионы ӘЧ призеры Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

3 Красовский Дмитрий 2004ж. - оқушы ҚРЧ қатысушы ӘЧ призеры Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

4 Анварбек Рахат 2000ж. - оқушы ҚРЧ қатысушы ӘЧ чемпионы Павлодар қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

5 Азизов Артур 2003ж. - оқушы ҚР призеры ҚР чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

6 Андрющенко Роман 2002ж. - оқушы ҚР призеры ӘМ чемпионы Орал қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

7 Шамшоллаев Ансар 2000г. - оқушы ҚР призеры ӘМ чемпионы  Астана қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

8 Подгородетский Петр Николаевич 2001ж. - оқушы ӘЧ қатысушы ӘЧ призеры Астана қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

9 Асылов Мурагер Талгатулы 2000ж. - студент ӘЧ қатысушы ӘЧ призеры Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

10 Мешков Валентин Александрович 2001ж. - оқушы ӘЧ призеры   ӘЧ чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

11 Кулмахамбет Нурдаулет 2003ж. - студент ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Тараз қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

12 Ахмет Максот 2003ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Орал қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

13 Волынский Артем 2002ж. - оқушы ӘЧ қатысушы ӘМ призеры Ақтөбе қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

14 Мейрамбеков Еламан 2001ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

15 Худайбергенов Бахром 2001ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Шымкент қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

16 Избасаров Ильдар 2001ж. - оқушы ҚРЧ чемпионы ӘЧ призеры Шымкент қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

17 Лунин Даниил 2002ж. - оқушы ҚРЧ призеры ӘЧ призеры Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р

18 Бактигалиев Мейрасыл 2002ж. - оқушы ҚРЧ қатысушы ҚР чемпионы Орал қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

19 Толепбергенов Ильяс 2003ж. - оқушы ҚРЧ қатысушы ҚР чемпионы Көкшетау қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

20 Штепа Владислав 2001ж. - оқушы ҚРЧ қатысушы ҚР чемпионы Көкшетау қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

21 Шаймуратов Быржан 2001ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

22 Тлеужанов Санжар 2000ж. - студент ҚРЧ қатысушы ҚР чемпионы Өскемен қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

23 Кусманов Даурен 2002ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Ақтау қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

24 Добранюк Кирилл 2001ж. - оқушы ҚРЧ призеры ҚР чемпионы Қызылорда қ. -

Филатов М.В.

Утебаев А.Р.

 

Қазақстан Республикасы әйелдер құрама командасының мүшелерінің тізімі 

Негізгі құрамы (әйелдер және жас өспірімдер)
  Колотова Марина Сергеевна 14.11.1989ж. - жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Абдухаликов Д..
  Бекмухамбетова Виктория Сергеевна 04.12.1990ж. - жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері  Ақтөбе қ.

Ақтөбе облысының

ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Еркибаев Ж.
  Гептина Елена Владимировна 11.10.1990ж. - жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астаны қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Омиргалиева Назерке Жумабековна 05.04.1995ж. -

арнайы

орта

ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Қызылорда қ. Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Галетовская Кристина Андреевна 06.02.1995 ж. -

арнайы

орта

 

ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Өскемен қ.

ШҚО

ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Еркибаев Ж.
  Герасименко Наталья Сергеевна 26.05.1996ж. - студент ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚМУ студенты Абдухаликов Д..
  Мосеева Бажена Ивановна 28.11.1990ж. - жоғары ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚО №2 ОРМБЖМ Абдухаликов Д..
  Сайдиганиева Надира Искандаровна 25.04.1996ж. - студент ӘМ қатысушы ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚМҚА студенты Абдухаликов Д..
  Токарева Татьяна Александровна 03.12.1997ж. - оқушы ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Шымкент қ. ОҚО №5 ОМ оқушысы Абдухаликов Д..
  Гуляева Раиса Николаевна 11.07.97 ж. - студент ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Өскемен қ. Өскемен қ. студенты Абдухаликов Д..
  Сулейменова Нургуль Сенбайкызы 16.01.1995 ж. -

арнайы

орта

 

ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астаны қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Алимова Айнур 15.02.1999 - оқушы ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Астана қ. Астаны қ. №65 ОМ оқушысы Еркибаев Ж.
  Тулеген Еркежан Ержанкызы 06.04.2000   оқушы ҚР жүлдегері - Астана қ. Астаны қ. №56 ОМ оқушысы Еркибаев Ж.
  Сабитова Адема Сунгатовна 06.07.2002   студент ҚР жүлдегері - Астана қ. Астаны қ. студенты Еркибаев Ж.
  Сагипулова Айнура Кайратовна 15.12.2001   оқушы ҚР жүлдегері - Астана қ. Астаны қ. №65 ОМ оқушысы Еркибаев Ж.
  Альмуханова Айрина Ринатовна 17.10.2001   оқушы ҚР жүлдегері - Астана қ. Астаны қ. №65 ОМ оқушысы Еркибаев Ж.
  Кулахмедова Лаура Кенесовна 11.09.1989 - жоғары ҚР жүлдегері - Астана қ. Астаны қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Дегерт Наталья 17.08.1995 - жоғары ҚР жүлдегері -  Алматы қ. Алматы қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Шемпель Анастасия 17.07.1991 - жоғары ҚР жүлдегері -  Павлодар қ. Павлодар қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Молжанова Махаббат 14.05.1996 - жоғары ҚР жүлдегері - Алматы қ. Алматы қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Алматова Галия 14.05.1994 - жоғары ҚР жүлдегері - Қостанай қ. Қостанай қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Бугатаева Диана 10.02.1996 - жоғары ҚР жүлдегері - Қостанай қ. Қостанай қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
  Макатревич Мария Александровна 16.05.1993 - жоғары ҚР жүлдегері - Шымкент қ. ОҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Абдухаликов Д..
  Славина Алина 23.06.2003 - оқушы ҚР жүлдегері - Шымкент қ. ОҚО №5 ОМ оқушысы Абдухаликов Д..
  Караманова Гаухар Жумабеккызы 18.07.1995   жоғары ҚР жүлдегері ӘЧ жүлдегері Алматы қ. Алматы қ. ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Еркибаев Ж.
 

Байланыс

 
Мекен-жай:  Қазақстан Республикасы, Астана қ., Керей, Жәнібек хандар к-сі, 8
Индекс:     010000
Телефон:   8 (7172) 20-45-28
Ұялы телефон:  8 (747) 541-82-81
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.