Ереже

ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ жарғысы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – қоғамдық бірлестік) ерікті мүліктік жарналардың негізінде құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Қоғамдық бірлестік бастамашы азаматтардың 2008 жылғы 16 тамыздағы құрылтайшы жиынының хаттамасы негізінде құрылған.
1.3. Қоғамдық бірлестік заңды тұлға құқықтарын оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап алады, өз атауы көрсетілген мөрі, дербес теңгерімі, банкте шоттары, фирмалық бланктері болады, шарауашылық дербестік негізінде әрекет етеді.
1.4. Қоғамдық бірлестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырады, оның мүшелерінің еріктілігі, тең құқылылығы, есептілігінің заңдылығы және өз қызметінің жариялылығы негізінде құрылған және әрекет етеді.
1.5. 1.5. Заңды тұлғаның толық атауы:
• қазақ тілінде - «Өрт сөндiрушiлер және құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бiрлестiгi;
• орыс тілінде - общественное объединение «Спортивная федерация пожарных и спасателей».
• Заңды тұлғаның қысқаша атауы:
• қазақ тілінде - «Өрт сөндiрушiлер және құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ;
• орыс тілінде - ОО «Спортивная федерация пожарных и спасателей».
1.7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай Батыр даңғылы, 4-үй.
1.8. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің әрекет ету орны - Қазақстан Республикасы.
2. МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
2.1. Қоғамдық бірлестік қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасындағы өрттік-құтқарушылық спорттың және құтқарушылық көпсайыстың дамуына ықпал ету;
• халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;
• өрттік-құтқарушылық спортты және құтқарушылық көпсайысты насихаттау және жариялау;
• шетелдердің ұлттық федерацияларымен, сонымен қатар, халықаралық федерациялармен және бірлестіктермен халықаралық ынтымақтастықты орнату және дамыту;
• өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында оқыту (жаттықтыру) үрдісін ұйымдастыру;
• өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында халықаралық тәжірибені меңгеру.
2.2. Қоғамдық бірлестік қызметінің мәні келесілер болып табылады:
• барлық жастағы спортшыларды өрттік-құтқарушылық спортқа және құтқарушылық көпсайысқа дайындау;
• Қазақстан Республикасында өрттік-құтқарушылық спортын және құтқарушылық көпсайысты кеңінен насихаттау және жан-жақты дамыту;
• халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарды, сонымен қатар, өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс бойынша басқа іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
• қоғамдық бірлестіктің материалдық базасын құру және нығайту.
2.3. Қоғамдық бірлестік, оның жарғылық мақсаттарға қаншалықты сәйкес келуіне байланысты, соншалықты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстар бірлестіктің құрылтайшылары арасында таратыла алмайды және олар жарғылық мақсаттарға жіберіледі. Қоғамдық бірлестіктің өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына рұқсат етіледі.
2.4. Лицензия алу талап етілетін қызметтерді жүзеге асыруға тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған лицензиялар мен рұқсаттардың болуы барысында ғана рұқсат етіледі.
3. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕСІ.
3.1. Қоғамдық бірлестік Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған уәкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін өзінің басшылық органдары арқылы құқықтарды алады және өзіне міндеттерді қабылдайды.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте Қоғамдық бірлестіктің жарғылық міндеттерді жүзеге асыруы үшін құқығы бар:
• Қазақстан Республикасында да, сол сияқты, оның сыртында да мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасауға;
• соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық, оның ішінде, шетелдік ұйымдарда бірлестіктің және өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік етуге және қорғауға;
• өз қызметіне қажетті ғимараттарды, орынжайларды, сондай-ақ, жылжитын және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, меншігінен шығаруға, құрылысын салуға, жалға алуға және беруге, кепілге алуға және беруге;
• өз қызметін қамтамасыз ету үшін ерікті жарналарды және қайырымдылық жәрдемдерін, заңнамалық актілермен тыйым салынбаған басқа түсімдерді тартуға;
• қоғамдық бірлестіктің мақсаттарына және қызметінің мәніне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілерді құруға, басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға;
• өз қызметі туралы ақпараттарды таратуға;
• халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
• бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жиындар өткізуге;
• баспа қызметін жүзеге асыруға;
• лекциялар, көрмелер, мейрамдар және басқа іс-шаралар өткізуге;
• орнатылған заңнамалық тәртіпте секциялар, мектептер және өрттік-құтқарушылық спорты және құтқарушылық көпсайыс, әрі спорттың басқа түрлері саласында басқа да оқыту-білім беру сипатындағы мекемелер құруға;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өз бейнелемесінің болуына;
• Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыруға.
3.3. Қоғамдық бірлестік:
• Қазақстан Республикасының заңнамасын, сонымен қатар, Жарғымен қарастырылған нормалар мен ережелерді сақтауы;
• өз мүшелерін олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуі;
• өз мүшелеріне ақша қаражаттарының түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруі;
• тіркеуші органға үнемі әрекет ететін басшы органның орналасқан жерінің және басшылар туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бірыңғай мемлекеттік регистрге енгізілетін мәліметтер көлемін мәлімдеуі қажет.
3.4. Қоғамдық бірлестік мемлекеттік органдармен ынтымақтаса және өзара әрекеттесе алады, олармен келісімдер жасай алады. Қоғамдық бірлестіктің істеріне мемлекеттің, мемлекеттің істеріне қоғамдық бірлестіктің заңсыз кірісуіне рұқсат етілмейді.
4. БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ.
4.1. Қоғамдық бірлестіктің органдары мыналар болып табылады:
Жоғарғы орган – Құрылтайшы жиын;
Өкілдік орган – Президент;
Атқарушы орган – Атқарушы комитеттің директоры;
Бақылаушы орган – 3 адам құрамындағы ревизиялық комиссия.
4.2. Құрылтайшы жиынның айрықша құзыретіне мыналар кіреді:
• қоғамдық бірлестіктің басқару органдарының уәкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату, олардың уәкілеттік мерзімдерін белгілеу, олардың қызметтері туралы есептерді тыңдау;
• бірлестіктің Жарғысын бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• атқарушы органның қаржылық есептілігін тапсыру тәртібі мен кезеңділігін, сонымен қатар, бақылаушы органның тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін белгілеу;
• атқарушы орган қызметіндегі жарғылық мақсаттардың орындалу тиімділігіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
• қоғамдық бірлестіктің мүшелерін қабылдау және шығару;
• бірлестіктің қаржылық есептілігін бекіту;
• бірлестіктің ерікті таратылуы және жойылуы туралы шешім қабылдау, жою комиссиясының төрағасын және мүшелерін сайлау, әрі жою теңгерімін бекіту;
• Құрылтайшылар құрамын өзгерту;
• бірлестіктің Президентін және Атқарушы комитетінің директорын сайлау;
• қоғамдық бірлестіктің бейнелемесін бекіту;
• орнатылған заңнамалық актілер шеңберінде басқа заңды тұлғалардың құрылуына, сондай-ақ, өз филиалдары мен өкілдіктерінің құрылуына және қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау.
• заңнамамен орнатылған басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
4.3. Құрылтайшы жиында құрылтайшылардың 2/3 дауысынан кем емес білікті көпшілігімен (қарапайым көпшілігімен) шешімдер қабылданған болып саналады.
4.4. Президент 5 жыл мерзімге сайланады.
4.5. Президенттікке сайланушы тұлғаның тек қана бірлестіктің құрылтайшысы болуы міндетті емес.
4.6. Президент мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сенімхатсыз Қоғамдық бірлестіктің мүдделерін қорғайды, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спортын насихаттайды.
4.7. Президент қатысушы елдерді өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты бойынша халықаралық жарыстарға шақырады.
4.8. Атқарушы комитеттің директоры бес жыл мерзімге сайланады.
4.9. Атқарушы комитеттің директоры қоғамдық бірлестіктің келесі қызметтерін орындайды:
• Қоғамдық бірлестіктің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, қоғамдық бірлестікті құру мақсаттарына қол жеткізуге байланысты барлық өндірістік және техникалық мәселелерді шешеді; тікелей Құрылтайшы жиынға бағынады, заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық бірлестікке жүктелген міндеттерді орындау және оның өз мақсаттарын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік артады;
• барлық мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сенімхатсыз Қоғамдық бірлестіктің мүдделерін қорғайды, қоғамдық бірлестіктен өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
• Қоғамдық бірлестіктің Құрылтайшы жиынының алдында істелген жұмыс туралы есеп береді;
• Қоғамдық бірлестіктің жұмыс жоспарларының жобаларын, бағдарламаларды, сметаларды әзірлейді және бекітеді;
• шарттар жасайды, банктерде шоттар ашады;
• Қоғамдық бірлестіктің бухгалтериясын, кассасын ұйымдастыруды жүзеге асырады, есептер, теңгерімдер жасайды, олармен Құрылтайшы жиынының танысуын қамтамасыз етеді;
• Қоғамдық бірлестікті қаржыландыру көздерін іздеуді жүзеге асырады, сөйлесулер жүргізеді әрі қаржылық және техникалық жәрдем көрсетуге келісімшарттар жасайды;
• қызметкерлерге қатысты – штаттық кестені, қызметкерлерді қызметке тағайындау, оларды ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды бекітеді, еңбек төлемінің жүйесін белгілейді, лауазымдық еңбекақылардың көлемдерін және дербес үстеме ақыларды орнатады, тәртіптік жазалар қолданады, ынталандыру шараларын қабылдайды, еңбек шарттарын жасайды, бірлестік қызметкерлерінің ішкі жұмыс регламентін әзірлейді;
• Қоғамдық бірлестік мүшелерінің жарналарын қабылдайды;
• Қоғамдық бірлестіктің қаржылық және басқа құжаттарына қол қояды;
• Қоғамдық бірлестіктің өндірістік-шаруашылық қызметі үшін жауапкершілік артады;
• Қоғамдық бірлестіктің бейнелемесін әзірлейді;
• Қоғамдық бірлестік қызметінің басқа мәселелерін, сонымен қатар, шешімі Құрылтайшы жиынның айрықша құзыреттілігіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, оған Құрылтайшылық жиынның шешімімен берілген мәселелерді шешеді.
4.10. Атқарушы комитеттің директоры, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктің Жарғысын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұза отырып, қабылдаған шешімінің салдарынан келтірілген оның шығындары үшін жауапкершілікке тартыла алады.
4.11. Қоғамдық бірлестік қаржылық-шаруашылық қызметке жылына кем дегенде бір рет тексерістер жүргізеді. Тексерістер ревизиялық комиссиямен жүзеге асырылады.
4.12. Құрылтайшы жиыны Ревизиялық комиссияны қоғамдық бірлестік құрылтайшыларының немесе олардың өкілдерінің ішінен, бес жылдан аспайтын мерзімге сайлайды. Ревизиялық комиссия Құрылтайшы жиынның алдында есеп береді әрі Атқарушы комитеттің директоры және бірлестіктің бухгалтері бола алмайды.
4.13. Ревизиялық комиссияның Қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы кез-келген қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
4.14. Ревизиялық комиссия, егер Қоғамдық бірлестіктің маңызды мүдделеріне қауіп төнген болса, кезектен тыс Құрылтайшы жиынын шақыруды талап етуге міндетті.
5. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕГІ МҮШЕЛІК.
5.1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық бірлестіктің мүшелері (қатысушылары) Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады. Қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне қабылдау жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асылады.
5.2. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің қабылдануы және одан шығарылуы Құрылтайшы жиында шешіледі.
5.3. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің келесілерге құқықтары бар:
• Қоғамдық бірлестікке ерікті түрде кіруге және одан орнатылған тәртіпте шығуға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысуға;
• Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарына сайлауға және сайлануға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметін жақсарту, оның органдарының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
• Қоғамдық бірлестіктің атқарушы, бақылау және басқа органдарының олардың мүдделерін қозғайтын шешімдеріне сот тәртібінде шағымдануға.
5.4. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері:
• осы Жарғыны және Қоғамдық бірлестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
• Құрылтайшы жиынның, Атқарушы комитет директорының және Қоғамдық бірлестіктің басқа органдарының шешімдерін орындауға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысуға, оның мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал жасауға;
• Қоғамдық бірлестік мүшелерінің реестрінде тұрған өз мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уақытында Қоғамдық бірлестікке хабарлауға;
• мүшелік жарналарды уақытында төлеуге;
• жыл сайын Қоғамдық бірлестіктің атқарушы органына өзінің спорттық қызметі туралы мәліметтерді тапсыруға;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне зиян келтіруі мүмкін барлық әрекеттерден (әрекетсіздіктерден), сонымен қатар, Қоғамдық бірлестікке материалдық шығын келтіретін әрекеттерден аулақ болуға міндетті.
5.5. Қоғамдық бірлестіктің мүшесі (қатысушысы) қоғамдық бірлестіктен Құрылтайшы жиынының шешімі бойынша шығарыла алады:
• Қоғамдық бірлестіктің Жарғысын бұзғаны үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүргізгені үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің беделін түсіргені үшін, оның абыройына зиян келтіретін, материалдық шығын әкелетін әрекеттер жасағаны үшін;
• Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатыспағаны үшін;
• мүшелік жарналарды төлемегені үшін.
5.6. Қоғамдық бірлестіктен оның мүшесінің (қатысушысының) шығуы немесе шығарылуы жағдайында төленген кіру, мүшелік және мақсаттық жарналар қайтарылмайды, Қоғамдық бірлестікке берілген мүлікке қатысты наразылықтар қабылданбайды.
5.7. Бірлестіктің істері бойынша барлық даулар Құрылтайшы жиынмен немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
6. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МҮЛІГІ.
6.1. Қоғамдық бірлестіктің ақшалай және басқа нысандардағы мүлігін заңнамалық актілерге сәйкес қалыптастыру көздері келесілер болып табылады:
• құрылтайшылардан түскен қаражаттар;
• ерікті мүліктік жарналар және қайырымдылық жәрдемдері;
• кіру жарналары және мүшелік жарналар;
• өндірістік және басқа шаруашылық қызметтен түскен табыстар;
• заңнамамен орнатылған жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен ақшалар (табыстар);
• көріністік, мәдени-ағартушылық, спорттық, қайырымдылық және басқа іс-шараларды жүргізуден түскен қаражаттар;
• демеушілік, ерікті инвестиция және қайырымдылық жәрдем түрінде қоғамдық бірлестікке жеке және заңды тұлғалардың салымдар салуы;
• заңнамамен тыйым салынбаған басқа түсімдер.
6.2. Қоғамдық бірлестік негізгі және айналымдық қаражаттарды, сонымен қатар, құны бірлестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін құндылықтарын құрайтын жекеленген мүлікке иелік етеді.
6.3. Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің (қатысушыларының) олардың осы бірлестікке берген мүлігіне, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар мүшелері (қатысушылары) ретінде қатысатын Қоғамдық бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қоғамдық бірлестік өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
6.4. Қоғамдық бірлестіктің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.
6.5. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметінен түскен табыстары Қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында таратыла алмайды және олар жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуы тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына рұқсат етіледі.
6.6. Қоғамдық бірлестік өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілерге сәйкес өтелуі талап етіле алатын, тек өз мүлігі шегінде ғана жауапкершілік артады.
6.7. Орнатылған заңнамалық тәртіпке сәйкес құрылған Қоғамдық бірлестіктің ұлттық, сол сияқты, шетелдік валютадағы табысы материалдық шығындарды жабуға, салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеуге, қоғамдық бірлестік қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеуге жұмсалады. Таза табыс қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін орындауға жіберіледі.
6.8. Қоғамдық бірлестікте резервтік капитал, дамыту, материалдық ынталандыру, әлеуметтік дамыту қоры және басқа қорлар құрылады.
6.9. Қоғамдық бірлестіктің болуы мүмкін шығындары резервтік капитал есебінен жабылады.
6.10. Қоғамдық бірлестік қаражаттарының көлемдерін, көздерін, құру және жұмсау тәртібін бірлестіктің атқарушы органы белгілейді.
6.11. Мүшелік жарналар кіріс, жылдық және мақсатты болып бөлінеді.
6.12. Кіріс және жылдық мүшелік жарналардың көлемдері, төлеу тәртібі мен мерзімдері жылына бір рет Құрылтайшы жиынмен, мақсатты мүшелік жарналар Атқарушы комитеттің директорының шешімімен белгіленеді. Мақсатты мүшелік жарналарды төлеуді қоғамдық бірлестіктің мүшелері ерікті түрде жүргізеді.
6.13. Қоғамдық бірлестіктің мүшесі алдын ала кез-келген мерзімге мүшелік жарналарды төлей алады.