IMG_7025

Ұлы жеңістің 68 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Найкин Есенбек Мейрамұлымен Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінің курсанттарының кездесуі болды. Кездесуді топ кураторлары – А.Мұсайбеков, Д.Шаяхимов, Д.Жармағанбетов, А.Мейрамова және Б.Саденова ұйымдастырып өткізді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты институт курсанттарын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады.

P1011595

2013 жылғы 26 сәуір күні Көкшетау техникалық институтының аумағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 68 жылдық мерейтойына орай өрт-құтқару спортынан гарнизондық жарыс өткізілді.

Жүлделі орындарға күндізгі оқу бөлімінің 1,2,3-курс құрама командалары, Көкшетау қаласының МӨСБ-1, ӨСБ-2 және ӨСБ-3, сондай-ақ «Көкше» академиясы студенттерінен құралған 8 адамнан тұратын жеті команда сайысқа қатысты. Қатысушылар саны ағымдағы жылы 61 адамға ұлғайтылды.