P6030002 Көкшетау техникалық институтының сырттай оқу және біліктілікті арттыру факультетінде «Өрт сөндіру бөлімдері бастықтарының орынбасарлары» санаты бойынша  жер-жерден келген 37 тыңдаушылары оқып жатыр.  Сонымен қатар, қазіргі кезде Институтта сырттай оқудың 2 курс тыңдаушылары оқу-емтихандық сессияны тапсыруда.

IMG_1686

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқытушылар және күндізгі оқу бөлімінің 1-2 курс курсанттарының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. Қонақ ретінде бұл жиналысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметтен өту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлаз Жайықбаев мырза қатысты.

DSC_0033 Қазақстан Президенті Н.Назарбаев айтқандай: «Қазақстандық патриотизмді барынша дамыту керек». Ал патриотизм сияқты белгі – бұл  тарих білімімен, туған өлкенің мәдениетімен құнарландырылған Отанға деген сүйіспеншілік.
30.05.2013ж. жатақхананың дәріс залында 1-ші курс курсанттарымен «Тәуелсіздік Қазақстан бойынша сапар» өлкетану сайысы өткізілді. Бұл іс-шара курсанттарда Қазақстандық отаншылдықтың, бейбітшіліктің, ұлттық ынтымақтың, сүйіспеншіліктің және намыстық сезімінің тәрбиесі үшін, өз елінің бай тарихын, жеңіл емес тағдырды, және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында  өткізілді.

IMG_1500

Мамырдың 27-нен 31-не дейінгі аралықта Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру аумақтық орталығында «Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметіндегі іскерлік коммуникациясы» тақырыбына семинар өтті. Семинарға қалалық, аудандық, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшылары мен мамандары қатысты.

1vv

2013 жылдың 30 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техниалық институтының сырттай оқу факультетінің 5-курс тыңдаушылары үшін емтихандық сессияның ең жауапты кезеңі- диплом  жобаларын қорғау басталды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен биыл мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы болып  Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Данаев Дәурен Төлегенұлы тағайындалған болатын.