4564-1

Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға үміткерлерді іріктеу және қабылдаудың 2013 жылға арналған кестесіне сәйкес,  ағымдағы жылғы 3 шілде күні кешенді тестілеуге құжаттарды тапсыру үшін күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша оқуға үміткерлер тіркелуге келді.
Аумақтық жинақтаушы органдардан барлығы күндізгі оқу бөліміне 122 жеке іс, сырттай оқу бөліміне 31 оқу ісі келіп түсті, оның ішінен 4 үміткерге оқуға түсуге рұқсат берілген жоқ.

IMG_3250

2013 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Салтанатты жиналысқа Институттың басшылығы, ішкі саясат басқармасының төрағалары, күндізгі оқу факультетінің бірінші және үшінші курс курсанттары, оқу топтарының тәлімгерлері және оқытушылар белсенді түрде қатысты.

IMG_1618

16 маусым күні Көкшетау техникалық институтының қызметкерлері команданы қалыптастырудың ұмытылмас тренингіне қатысты.
Команданы қалыптастырудың арқан тренингі немесе тимбилдинг – қызметкерлер командасы шытырманнан өтіп, ағаштардан секіріп, тартылған арқан бойынша жүретін арнайы жасалған бөгеттер жолағындағы оқиғалар. Барлық жаттығулар белсенді түрде өтіп, «Бірге бәріне қол жеткіземіз» принципі бойынша құралған.

IMG_1933 2013 жылғы 10 маусымда 2012-2013 оқу жылының оқу үрдісі кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты күндізгі оқу факультетінің 4-ші курс курсанттарының дипломдық жобаларды қорғауы басталды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің Институт түлектеріне мемлекеттік қорытынды аттестаттау жүргізу бойынша мемлекеттік аттестаттау коммиссиясын құру туралы бұйрығымен төраға болып Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Дәурен Төлегенұлы Данаев бекітілді. Дипломдық жұмыстарды қорғауға 123 курсант жіберілді.

IMG_1868 Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтында 27 мамыр мен 8 маусым аралығында «Облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖД «ӨСжАҚҚЖ» ММ өрт сөндіру бөлімшелері бастықтарының қызмет бойынша орынбасарлары» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Барлығы курсқа Қазақстанның әртүрлі аумағынан  37 тыңдаушы келді.