IMG_7519

2013 жылғы 26тамыздан 28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтында күндізгі оқу факультетінің 2, 3, 4 курстарының жеке құрамымен үлгерім және әскери-қызметтік тәртіп  мәселелері бойынша жиналыстар өткізілді.
Жиналысты жазғы демалыстан келген курсанттар үшін оқу-саптық бөлімімен бірге оқу-әдістемелік бөлімі, күндізгі оқу факультеті, тәрбие және психологиялық жұмыс бөлімі ұйымдастырды.

IMG_0024 Ресей ТЖМ МӨҚ Санкт-Петербург университетімен ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімнің негізінде мандаттық комиссия шешімімен   Институттан Е.О. Байшоқан, Б.Е.  Бижігіт,  Е.А. Зияда, А.Н. Қабыкенов, Б.Б.Өтешов - 5 курсант жіберілді. Санкт-Петербургке оқуға Институттан курсанттардың алғашқы жіберілуі. Курсанттармен бірге жүруге және ұйымдастыру мәселелерін  шешу үшін Институттан күндізгі оқу факультетінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Данияр Қажыбайұлы Бекенов іссапарға жіберілді.

IMG_7205

2013 жылғы 26-28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтында күндізгі оқу факультетінің 2, 3, 4-курстарының жеке құрамымен үлгерім және әскери-қызметтік тәртіп мәселелері бойынша жиналыстар өтті.
Жиналыс жазғы демалыстан келген курсанттар үшін оқу-саптық бөлімімен бірге оқу-әдістемелік бөлімі, күндізгі оқу факультеті, тәрбие және психологиялық жұмыс бөлімімен ұйымдастырылды.

IMG_6787

2013 жылғы 16 тамызда «Достар» Мәдениет үйінде институтқа іріктеу және қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жиналыс ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы ТЖМ Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры - Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты Қабылдау комиссиясының төрағасы Ержігіт Құлтаевтың және Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының бастығы - қабылдау комиссия төрағасының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпхановтың төрағалық етуімен өтті.

IMG_6412

2013 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау қаласының техникалық институтына, оқуға қабылдау мен іріктеу кестесімен сәйкес сырттай оқуға түсетін үміткерлер келді.
Олар еліміздің барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан келді. Барлығы 243 үміткер тіркелді.