2013 жылғы 2 қазанда институт қабырғасында күндізгі оқу факультетінің 4-курс курсанттары мен облыстар ТЖ департаменттерінің өкілдерімен, кезекті зертханалық - емтихан сессиясына келген сырттай оқу факультетінің 5-курс тыңдаушыларымен  кездесуі өткізілді.

P9120032

2013 жылғы 12-14 қыркүйек аралығында Астана қаласының 15 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскери қолбасшысының кубогына қоян-қолтық ұрысы бойынша Халықаралық сайысына  Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінің 9 курсантынан құралған  құрама командасы қатысты.

DSC_3188

2013 жылғы 12-13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде «Тілдарын» және «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқаулары өтті. Осы іс-шараға Көкшетау техникалық институты атынан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының доценті, өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ.Ә. Нарбаев және күндізгі оқу факультетінің 2-курс курсанты Д.Таранов қатысты.

IMG_7566

Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлау қарсаңында 2013 ж. 29 тамыз күні Көкшетау техникалық институтында салтанатты мәжіліс өткізілді. Іс - шараға жеке құрам, курсанттар мен шақырылған қонақтар қатысты.
Көкшетау техникалық институтының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі, техника ғылымдарының докторы С. Шәріпханов өзінің баяндамасында: «Тәуелсіздікті алған күннен бастап, осы жылдары бойы Қазақстан Республикасы ТЖМ жүйесінің дамуы мен қалыптасуын  атап өту керек.

IMG_7627

1 қыркүйек бүкілхалықтық білім күні, Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында жаңа оқу жылының басталуы. Бұл керемет мереке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін кадрларды дайындайтын біздің Институтты да айналып өткен жоқ.
Жаңа оқу жылы Институт бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпханов бастаған дәстүрлі салтанатты сапқа тұрудан басталды, ол Институттың жеке құрамын құттықтап, табысты ынтымақтастық пен өзара сыйластық тіледі, курсанттарға - табандылық, өз күшіне сенімділік, жетістік, оқытушыларға даналық пен шыдамдылық, шығармашылық ниет, бақыт, табыс тіледі.