kti9

Жылдық оқу жүктеме, өздік дайындықтар, спорттық секциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары тек қана уақытты алмай жалпы шаршағанды арттырып, ашушандыққа, жұмыс қабілетін төмендетіп және қойылған мәселелерді орындауда әскери дайындықты төмендетеді.
 2016 жылдың 29 мамыр күні оқу-сап бөлімшесі күндізгі оқу факультетінің 2 курсын «Алтын орман» демалыс аймағына шығарды. Аталмыш іс-шарада медициналық қызметкерлер, тәрбие бөлімінің қызметкерлері және оқу топтарының кураторлары қатысты.
8 км ұзақ қашықтықта жүгіргеннен кейін белсенді демалыс бағдарламасы командалық «Тeam-building» тренингтерден, психологиялық  релаксациялардан, спорттық ойындар мен командалық сайыстардан тұрды. Сондай-ақ курсанттар тәжірибе жүзінде ландшафтық кедергілерден тұратын автономдық өмір сүру әдістерін көрсете алды.
Курс басшылығының, кураторлар мен тәрбие бөлімнің жұмыстары курсанттардың оқудан тыс демалыс уақыттарын ұтымды пайдалану  мақсатында ұйымдастыруға бағытталған. Ұжымның моральдік-психологиялық климаты курсанттардың табысты және жемісті оқу іс-әрекетінің кепілі болып табылады.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің Көкшетау техникалық институтындағы жаңа дәстүрлердің біріне айналды.
Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун іспетті Үкімет, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер мен қарапайым азаматтардың барлығы ұлттың саулығы үшін күреске жұмыла қатысуы тиістігіне сенімдіміз.
Осыған орай біз күндізгі оқу факультетінің 1-3-курс курсанттарының қатысуымен «Здоровая пятиминутка» атты акция жүргізілді. Акцияның негізгі ұраны: «Дені сау ұлт – дені сау ел».
Белгіленген уақытта сағ.10.20-да мерзімде қатаң тәртіппен орналасқан 360-қа жуық курсант бір ретпен гимнастикалық жаттығулар кешенін үйлесіммен орындап шықты.
Дүниежүзілік денсаулық күнінде жүргізілген алдын алу акциясы жастардың  салауатты өмір салтын ұстануға қосымша уәждеме алуға және өз денсаулыққа деген жауапты және саналы көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.
Адам денсаулығы – адамдағы бар нәрсенің ең қадірлісі. Денсаулықпен еш бір нәрсені салыстыруға келмейді: байлықты, қоғамдағы дәрежені, абыройды. Табиғат сый еткен нағыз құндылық. Әрбіреуіміз өз денсаулығын жастайынан сақтауы тиіс, тек сау адам ғана мықты елді қалыптастырады.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ
Өрт-құтқару және дене шынықтыру кафердасы
kti Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен қазақтың келіні – отбасының, елдің болашағы, босағаның беріктігі, өмірдің қызығы.
2016 жылғы 15 наурызда көктемнің шуақты мерекесі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Достар» мәдениет сарайы қазақ келініне тән қасиеттерді сақтау, отбасы құндылығын нығайту, қазақ халқының мәдениетін жаңғырту мақсатында Көкшетау қаласының түрлі салада қызмет ететін әйелдері арасында «Босағаның құдіреті – келін» атты қалалық байқауын өткізді.

Байқау ұлттық киімдегі дефиле, өзін және отбасын таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс, ұлттық тағамдарды дайындау сияқты қызықты кезеңдерден құрылды.

kti_vybory 2016 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпхановтың төралығымен оқытушы-профессорлық құраммен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауына арналған кеңес өткізілді.
Елбасы айтқандай: «Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек».
Оқу мекемесінің басшысы алдағы сайлаудың аса жоғары маңыздылығы мен оған барлық қызметкерлердің, отбасы мүшелерінің және курсанттардың қатысқанда заңнаманы және жоғары тәртіпті сақтауларына байланысты жауапкерлішікке баса назар аударды.
2016 жылдың 19 ақпанда Беларусь Республикасы ТЖМ  «Гомель инженерлік институты» мемлекеттік оқу мекемесі «Төтенше жағдайларды алдын-алу және жоюға арналған техникалық құралдар» тақырып бойынша өткізген, халықаралық ғылыми-тәжірбиелік online конференцияда  «Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» қатысты.
Конференция әр түрлі мемлекеттегі төтенше жағдайларды алдын-алу және жою саламен айналысатын ғылымдар арасында ынтымақты нығайту шеңберінде өткізілді. Конференцияға қатысуға оқыту мекемедегі профессорлық-оқыту құрамы, жас ғылымдармен төтенше жағдалар органдағы және бөлімшелердегі тәжірбиелік қызметкерлер шақырылды.