kti1

2014 жылғы 27 тамыз және 3 қыркүйек аралығында Көкшетау  техникалық институтының  күндізгі  оқу  бөлінің 4-курс курсанты Тұран  Асылхан «Көкшетау» ұлттық ансамблінің құрамында Румынияда өткен ұлттық  әндер,  билер халықаралық түрік-татар фестиваліне қатысты.
«Көкшетау» ансамблі 4 бимен сахнаға шықты, соның ішінде «Қара Жорға» биі орындалды.
Фестивальде 5 елден 20-дан астам топ қатысты: Румыния, Македония, Турция, Грузия, Қазақстан.
Асылханның айтуынша, фестиваль жоғары деңгейде өтті, көптеген қызықты және ерекше әндер мен билер орындалынды, біздің тобымыз сахнаға лайықты шығып, шетелдіктерде масаттанушылық шақырды.

arst1

Көкшетау техникалық институтының өкілдері ынтымақтастықты нығайту және Республиканың оқу орындарының бұдан әрі байланысты күшейту үшін мамандырылған «Арыстан» лицейіне барды.
Институт бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д.Шәріпханов және күндізгі оқу факультетінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Д.К.Бекенов лицейдін басшылығы оның бастығы педагогика ғылым докторы генерал-майор Сәбит Сәуменбайұлы Таулановпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі оқу орнының арасындағы қарым қатынас жасау бағыты мен түрі талқыланды, болашақтағы даму туралы ақпаратпен алмасты, «Арыстан» лицейінің оқу және материалды- техникалық базасымен танысты.
Институттың бастығы С.Д.Шәріпханов С.С.Таулановқа 15-ші түлек курсанттарын шығару бойынша мерейтойлық кітабін табыс етті.

Қазіргі уақытта, оқу орындарының білім беру үрдісінде үлкен көлемде инновациондық әдістер қолданылады. Осы бағытта Көкшетау техникалық институты да қатысып келеді.
Институт қызметкерлері Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Украинаның бейінді ЖОО-ның білім беру үрдісіне түрлі бағдарламалық өнімдерді дайындау және енгізу жайлы тәжірибелер зерттеді. Осылайша, 2013 жылдан бастап Көкшетау техникалық институтында ақпараттық технологиялар, байланыс және техникалық оқытудың құралдары бөлімі «Азаматтық қорғаудың ақпараттық –логистикалық жүйелерінің зерттемесі» атты ғылыми – зерттеу жұмысының орындалуымен, психологиялық әсерлер шартындағы бағдарламалық – аппараттық кешені – ТЖ өрт сөндіру және  жоюдағы жұмыспен өтеу дағдыларының басқару шешімдерін қабылдау жаттығу құрылғысының  әзірлеуінің бірінші кезеңді бастады.

4353453_2

Көкшетау техникалық институтқа түсу шарттары
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандықтар тізіміне сәйкес жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
2014 жылы Институт оқуға келесі үш мамандықтар бойынша қабылдайды «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күші».
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен қабылдау, мандаттық және аппеляциялық комиссиялар құрылады.

IMG_1899 2014 жылғы 18 ақпанда күні оқу-саптық бөлімінің 4-ші курс басшылығымен өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Айтеевтің бастауымен Көкшетау техникалық институтының мәжіліс залында 4 курс жеке құрамымен біліктілікті арттыру факультетіне келген институт түлектері арасында кездесу өтткізілді.