kti1

2014 жылғы 3-8 қараша аралығында «Облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖД орталық аппараты, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің телекоммуникациялық жүйе және байланыс бөлімдерінің қызметкерлері» санаты бойынша оқу ұйымдастырылды.      
Оқуға Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК, облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖД, азаматтық рғаныстың әскери бөлімдерінен 20 тыңдаушы келді. 
Оқу барысында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК басқару органдарында қолданатын байланыс және хабарландыру жүйесін ұйымдастыру принциптері бойынша, сонымен қатар ТЖҚ байланыс және хабарландыруды ұйымдастыру принциптері және ерекшеліктері бойынша қосымша теориялық және практикалық дайындалды.

2014 жылғы 13-25 қазан аралығында «Орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖД ТЖ алдын алу бөлімдерінің қызметкерлері» санаты бойынша оқу ұйымдастырылды.     
Бекітілген ұсынысқа сәйкес оқуға Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖД ТЖ алдын алу бөлімдерінің 17 тыңдаушысы келді. 

kti1

2014 жылғы 4-5 қазан аралығында Люберцахта «Спартак» спорт кешенінде Мәскеу облысы ЖОО-дары арасында бокс бойынша біріншілік өтті. Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының командасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.
Шетел мамандарын даярлау факультетінің (ШМДФ) бірінші курс курсанты қатардағы Қайрат Дәрменов 64 кг салмақ санатындағы жеке есепте екінші орынға ие болды.

kti1
2014 жылғы 26 қыркүйек күні кәсіптік бағдар жұмысы аясында және Көкшетау техникалық институтында патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ашық есік күні болып өтті. Оны ұйымдастырушылар: «Қызметтегі бір күн» акциясы аясында «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп  кафедралар, тәрбие және психологиялық жұмыстар бөлімі өткізді.
Іс-шараға Көкшетау қаласының 18 мектептерінің 9-11 сыныптарының 156 оқушылары  қатысты. 
Экскурсия басталмас бұрын институттың мәжіліс залында мектеп оқушыларын профессорлық-оқытушы құрамы институттың қызметі жайлы жалпы ақпарат, оның факультеттері мен кафедралары, сондай-ақ оқу орнына түсу шарттармен таныстырып, әңгімелесу жүргізілді. Қызықты да, тартымды түрде слайдтар мен бейнероликтердің ілесуімен балаларға курсанттардың патриоттық тәрбиесі, мәдени-көпшілік спорттық, үйірмелік және секциялық жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әңгімеленді. 

kti1

2014 жылғы 8 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтта сырттай оқу және біліктілікті арттыру факультетінде сырттай оқудың 5-курс тыңдаушылар саны 50 адам оқуға келді. Тыңдаушылардың оқу сабақтары 9 қыркүйек және 1 қазан аралығында, емтихандарды өткізу  2-17 қазан аралығында жоспарланды.
Интитуттың мәжіліс залында Институт басшылығының қатысуымен жалпыкурстық жиналыс өтеді. Жиналыста Институт бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі С.Д. Шәріпханов, оның орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі М.С. Омаров және сырттай оқу және біліктілікті арттыру факультетінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Д.К. Бекенов тыңдаушыларға оқу үрдісінің тәртібі, институттың ішкі тәртібі және әскери-қызметтік тәртібінің талаптары түсіндірілді.