2015 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында қызметкерлермен және сырттай оқу факультетінің тыңдаушыларымен қызметтік дайындық шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу бойынша шаралар туралы» тақырыбына Ақмола облыстық прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалының өкілдері шақырылып кезекті кеңес өтті.
Жуық арада осыған ұқсас іс-шара күндізгі оқу факультетінің 4-ші курс түлектерімен өткізілді.

ktinov1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыру бойынша нұсқаулығына сәйкес ағымдағы жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінде кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыру бойынша оқу жылы ашылды.

kti_obw1

Көкшетау техникалық институты соңғы үш жылдың аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына шетел мамандарын шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда.

Ағымдағы оқу жылында институтқа Ресей, Украина және Беларусь Республикасы ТЖМ бейінді жоғары оқу орындарынан 8 шетел маманы келді. Бұл ғалымдар ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметте тәжірибелері мол, оқу құралдары авторлары, өрт-техникалық құралдар және зертханалық қондырғылар ойлап шығарушылар. 

ktid1 Қазіргі уақытта ҚР ІІМ ТЖК және Ресей Федерациясы ТЖМ жоғары оқу орындарының арасында қарым-қатынас туралы келісімге сәйкес Көкшетау техникалық институтында Ресей ТЖМ Өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетінен ғалымдар тәжірибелік сабақтар өткізіп, дәрістер оқылуда. Шақырылған қонақтар ішінде – қауіп-қатер психологиясы, қысылтаяң және дағдарыс жағдайлар кафедрасының бастығы Д.Н.Церфус және қылмысты тексеру әдістері туралы ғылым мен инженерлі-техникалық сараптамалар кафедра бастығының орынбасары Ф.А.Дементьев.

jhkti5

Егеменді Қазақстанда халықаралық қарым-қатынастардың дамуы төтенше жағдайларды алдын алу және жою аумағында мамандарды дайындауға шетел жоғары оқу орындарында да мүмкіндік берді, онда біздің курсанттар өздерінің дарындылықтарыноқуда ғана емес, мәдени тұрмыс-тіршілікте де көрсете біледі.

2014 жылғы 3 желтоқсанда Минск қаласындағы Белорус мемлекеттік университетінің лицейінде ІV жоғары оқу орындары арасындағы ұлттық мәдениеттердің фестивалі өтті, оған  жыл сайын шетел азаматтары қатысады. Фестиваль көпмәдениетті білімнің дамуы, әр-түрлі рухани және эстетикалық құндылықтарға төзімділікқарым-қатынастың қалыптасуы, және де жоғары оқу орындары арасындахалықаралық байланыстардың дамуы  мақсатымен өткізілді.