020315kti

2015 жылғы  26-27 ақпан күндері «Тұран – Астана» универститетінде «Білім, ғылым, инновация -  жас зерттеушілердің үлесі» атты жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің ЖОО аралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясыөтті.

Пленарлық отрысты «Тұран – Астана» универститетінің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры э.ғ.к., профессор, Мұхамбет Қалиұлы Шайжанов жүргізді. Арнайы комиссия шақырылып, ең үздік деп танылған мақалалар реттеліп, пленарлық отырысқа ұсынылды. Үздіктердің ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ өртке қарсы қызмет подполковнигі, ӘГПТжәне ПД кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Дәулет  ҚуандықұлыШаяхимовтың ғылыми жетекшілігімен күндізгі оқу факультетінің  3 -курс курсанты Бексұлтан-Али Ержарықұлы  Рахымбаевтың «Жастар – Қазақстан болашы» тақырыбындағы баяндамасы танылды.
seminar2

2015 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Көптілді сөздік құрастыру барысындағы педагогикалық қарым-қатынас – білім беру үрдісі тиімділігінің маңызды жағдайы» атты семинар ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараның мақсаты - «ЕХРО-2017» өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысатын аумақтық органдарға көмек ретінде ағылшын тілінде арнайы тілашар құруды талқылау, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында қолданылатын көптілді сөздік құрастырудың кейбір мәселелерін анықтау.

novyi1 2015 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитет төрағасы бұйрығымен «Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты» РММ-нде Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің бөлімшелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың 2015 жылға арналған жоспар-кестесі бекітілді. Аталған жоспар-кестеге сәйкес біліктілікті арттыру және қайта даярлау 6 санат бойынша жоспарланды.
Тыңдаушылардың бірінші санаты «Төтенше жағдайлар бойынша аудандық (қалалық) басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары» оқуы 2015 жылғы 16 ақпанда басталды. Оқыту 28 ақпанға дейін жалғасады.

ktii1 Жыл сайын оқу орнына жаңадан шыққан өрт және құтқару техникасы түседі. 2014 жылғы қарашада Институттың оқу-техникалық базасына суды жіңішкелеп бүрку жүйесімен жабдықталған «КАМАЗ» АЦ–3 (43502) автомашина базасындағы өрт автоцистернасымен толықты.
2015 жылғы 9 ақпанда жаңа техниканы толық зерделеу, тактикалық-техникалық мүмкіндіктерімен танысу және жеке құрамды оқыту мақсатында Көкшетау техникалық институтының оқу өрт сөндіру бөлімі кешендік нұсқау сабағын жүргізді.

ktii3

Бүгінгі күнде Қазақстан көп елдерге бірлік пен келісімнің үлгісі болып табылады. Қазақстан халықы Ассамблеясы бірегей қоғамдық  институтыреспубликаның барлық жетістіктеріне көп үлесін қосқан.

Республикамыз биыл Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуде. Қазақ жеріндегі бірлік пен келісімге арналған барлық жерлерде іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осылайша,2015 жылғы 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған біздің еліміздің барлық қалаларында мерекелік синхрон-акция өткізілді. Дәстүрлі бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатысты.