ring6

2016 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істтері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің жоғарғы оқу орындары оқушыларының арасында «Брейн-ринг» атты зияткерлік ойынын ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің жалпыға қол жетімділігін көрсету, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке тең құқықтары мен өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сай» мансаптық өсуін насихаттау; мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту болды.
Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының ғимаратында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Гуманитарлық-техникалық академиясы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының топтары жиналды.
«Сәлемдесу», «Капитандар сайысы» және «Шешуші» сынды үш турдан құралған ойын өте қызықты және тартысты өтті. Ал жанкүйерлер топтарына арналған тақпақтарды айқайлап, топтардың аттары жазылған түрлі плакаттарды жоғары көтеріп қолдау білдіріп отырды.
Күрделі күрес барысында «Огнеборцы» тобына жиналған Институт күндізгі оқу факультетінің курсанттары: Хамза Заңғарбек, Қапбаров Еркін, Қағабаев Бақберді, Жұмабеков Аслан мен Серік Әділет, тиянақты дайындықтары мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадағы терең білімдерін көрсетіп, бірінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар Институтқа «Брейн-ринг» кубогымен және құнды сыйлық ретінде берілген сұйықкристалды телевизормен оралды.
Біз жігіттерге алда болуға, биік шыңдаға жетуге және білімдерін одан әрі жетілдіруге тілектеспіз.

КТИ баспасөз қызметі